Фил-ның негізгі функциялары.

Философия және дін.Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі дүниеге қарастың қоғамдық – тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен міңез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мындаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың сны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қаблетті болды. Ал адамдардын басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дің мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік міңез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандық құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені жіне ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.

Философия және саясатСаясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қоғамдық қатынастар саласы.Саяси идеологияның ерекшелігі сол, ол күресуші таптардың негізгі, түпкі мүддесі — экономикалық мүддесін бейнелей отырып, олардың бір-бірімен қатынасын, мемлекетгік өкіметке деген көзқарасын, сол қоғамның сол даму сатысындағы әлеуметтік-саяси қүрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекетгерге деген көзқарасын т.б. көрсетеді. Әрбір таптың саяси көзқарасы сол таптың мүдцесінің рухани көрінісі болып табылады. Тапсыз саяси идеология болған емес және болмайды да. Кез келген қанаушы таптың түпкі мақсаты өзі үстемдік жасап отырған кездегі экономикалық базисті сақтап, нығайта беру, демек, қаналушы таптың қарсылығын басып, қанауды күшейте түсу. Үстем таптың саяси санасының мазмүнын анықтайтын, міне, осымақсат. Мәселен, буржуазияның саяси идеологаясына капиталистік қоғамның экономикалық және саяси қатынастарын, буржуазия өкіметін нығайту идеясы тән.Қоғамда таптар жойылса, онда саяси идеология мен қүқық та жойылады. Ол кезде қүқық пен моральдық нормалардың арасында айырмашылық болмай қалады да, қоғамдағы төртіптерді орындау моральдық нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады. Мәселен, алғашқы қауымдық коғамда дәл солай болды.Саяси идеология мен қүқық қоғамдык, сананың барлық формаларына күшті әсер етеді. Саяси идеология таптардьщ түпкі мақсатынын тікелей керінісі, экономиканың түйдектелген көрінісі болғандықтан, ол қоғамдық сананың барлык формаларын біріктіріп, олардың коғам дамуындағы роліне бағыт береді.

Философиялық козқарастар ерекшелігі. Философия – дүниеге көзқарас.Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көз қарас алуан түрлі.Мәселен,жай,қарапайым,күнделікті өмірден,тұрмыстан туған “отбасы, ошақ қасы” дегендей көз қарас.Ол көзқарас – негізінен дұрыс,ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан.Дегенмен, көзқарастың бәрі бірдей бола бермейді.Діни,идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды.Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер,негіз болады.Иланудың да екі түрі бар – ғылыми және ғылыми емес жақтары да бар.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп – оңай өзгере бермейді дедік. Мұндай адамдар құбылыстың негізіне әбден түсінген соң ғана бірте – бірте түсуі мүмкін.

Философияның негізгі функциялары.Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибеформасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялықформасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді

Фихтенің субъективті идеализміИогани Готлиб Фихте Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамытуға күш салды.Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді.Ол дүниенің түпнегізі етіп субъектіні немесе «Менді» таңдады.Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады.Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар-дамудың, әрекеттің көзі.Фихтенің «Мені» өзәнәң қарама-қарсылығына айналады, содан кейін олар біртұтастыққа бірігеді.Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес,жалпы әлемдік«Мен».Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды:бүкіл әлем- ой тербейтін «Мен» өз санасынығ жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.

Фома Аквинскийдің фил/сы.Ф.Аквинский(1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бұл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды,оның құдайға қатынасын зерттеуге негізделді.«Тән туралы ой жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға,ал бұл құдай туралы ойға жетелейді»,-дегенФ.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық фил. Дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады.Ф. Аквинскийдің ілімі-христиандық діни ілім мен перипатетизм фил/ның, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.

Француз ағартушыларының философиясыИдеялық тұрғыдан жаңа философия, 17ғасыр философиясының дәстүрін жалғастырушы және оның нақтылаушысы. Философиялық ойлардың эволюциялық ерекшеліктері айқындала бастады. Ағылшын ойшылы Бэкон мен Локктың философиясын жалғастырушы француздар Дидро мен Гольбах болды. Ал Декарттың идеяларын неміс философы Кант жалғастырды. Франция бұл кезде буржуазиялық революцияны қарсы алу барысында бұрынғы феодалдық және клерикалық идеяларды терістеуде философтардың белсенді әрекетін қажет етті. Францияда философия университет қабырғасынан тысқа шығып, тыйым салынған баспаларда жариялана бастады. Философия идеологтар мен саясаткерлердің ісіне айналды. 18 ғасырда философиялық тербелістер Англияда басталып, Франция, Германияға ығысты. 18 ғасырда Франциядағы философия қоғамдық мәдени қозғалыстың дамуындағы ағартушылықтың негізгі күшәне айналды. Философ ағартушылар философиялық сананы көптеген сұрақтардың базистік инстанциясы деп түсінді. Бұл тұрғыда ұлы француз революциясының идеологтары Жан-Жак Руссо мен Вольтердің еңбектері ерекшеленеді. Вольтер ең алғаш діни фанатизмді, феодалдық абсолютизмді, наным сенім мен адасушылықты, билік пен заңның қателіктерін сынға алады. Вольтер шынайы діннің жақтаушысы болды. Шынайы дін деп, ол жалпы адамзатқа ортақ моральдік принциптерді айтады. Вольтердің ойынша, моральдің басты принципі моральдің басты принципі ертедегі данышпандардың «Өзіне тілемегенді, басқаға жасама» атты нақыл сөзіне негізделген. Вольтер шығармашылығыфилософияны басқа ғылымдар сияқты қолданбалы сипатының бар екенін айқындауға негізделеді. Вольтер 1791 жылы Париждегі ұлы адамдарға арналған Пантионда жерленді.Жан-Жак Руссо да Вольтер сияқты француз ағартушылар өкілінің бірінші толқыны. Ол адамдар арасындағы теңсіздікті жеке меншік пен мемлекеттік құрылымның теріс жағынан көреді.Ол адамдарға табиғатқа оралуды ұсынады.Ғылымды жақтаушы – цеинтист, жақтамаушы – антицеинтист.Бірақ кейіннен көзқарасын біршама өзгертіп, қоғамдық келісім шартты орнату адамдар арасындағы теңсіздікті жоя алады деді. Заң шығарушы билік, оның ойынша, халықтың иелігінде болуы керек. Бұл жерде ол халық тәуелсіздігін қорғайды. 18 ғасыр Француз ағартушылар философиясының шыңы Дидро және Гольбах болып саналады. Дидроның 35 томдық идеясы ағартушылық шығармасфының айқын белгісі. Гольбах пен Дидро сияқты алғашқы энциклопедистер 1770 жылы «табиғат жүйесі» атты еңбегі библияның материализмі есебінде қабылданды.Гольбах материалист болғандықтан, материяны рухани өмірден тәуелсіз өмір сүреді деді. «Ең қиын феномен адам санасына түсіндірме бермек болғанда, оны табиғаттың модификациялануы», - деп түсіндіреді(Гольбах).«Материяның өмір сүруі - қозғалыс» (Гольбах). Қозғалысты ол механистік, химиялық, биологиялық деп бөлді.Оның ойынша, табиғат – бүтіндік, ол себеп салдардың жалғасы деп түсіндіреді.Сондықтан бұл жерде дінге орын жоқ деген. Гольбах – атеист. Барлық құбылыстар қажетті және де ол заңдар объективтілігінің салдары дейді. Оның ойныша, кездейсоқтық табиғатта жоқ. Заттардың тәртіппен орналасуынан жер бетінде өмір пайда болды. Ең жоғарғысы Адам өмірі деген. Оның ойынша, идеялар адамның тәжірибелік іс әрекетінен туындайды.

Фрейд фил.дағы “сублимация” ұғымы.ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физио-психолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, - тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды (әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс-әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері: "Түс көруді жору" (түс – ұғынылмаған құштарлық көрінісі), "Күнделік өмірдің психопатологиясы" (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).

Хайдегер ф-ясы туралыИррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі дамытқан экзистенцмализм. Оның негізгі өкілдерінің бірі болып Хайдеггер жатады(1889-1976).Экзистенциализм үш бағытта дамыды.Соның біріншісіне жататын – Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде ұалыптасқан эк.онтологиясы.Оның ойынша болмыс деген материалдыұ құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптығынан туындайтын белгісіз нәрсе.Адам оны таным процесінде қарастырады, ол туралы терең ойланады, оны түсінуге тырысады, осыдан ол адамның мән мағынасына айналады дейді.Оның ойынша болмыс туралы ойлар адам болмысы туралы мәселеге айналады.

Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары.Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.

Шәкәрім «үш анық» туралы.«Үш анық» д.а. трактатын жазуға 30 жыл уақыт кетті. Мақсаты:ар түзейтін бір ғылымды табу.«Еңбекпенен,өрнекпененӨнер ойға тоқылса,Жайнар көңіл,қайнар өмірАр ілімі оқылса».Басты мәселе-ар ілімі, моральдың төңірегінде.«Адамдағы:ынсап,әділет,мейірім-3-і қосылып ұждан деген ұғым шығады. Орысша совесть д.а...бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым,өнер,ешбір заң тазарта алмайды...ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе,оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»-деп жазған фил-лық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.

Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы.Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

Шәкәрім философиясы.Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғанын бірі – Шәкірім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере іңісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардаң дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатар қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеуің басты шарты – туған елдің барлық тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізднісіне ежелгі сақ-түрік заманнынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясыҚазақ ағартушылығының көрнекті өкілі педагог –жазушысы Ы Алтынсарин(1841-1889)Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уалиханов сияқты Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылық деп сенді және Қазақстандағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араластыЫ Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналғаншығармаларында дүнеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды Ыбарайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелері оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз Өзен өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес сонымен бірге оны адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы екіншіден Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп білген.Бұл ойды ол көптеген шығармаларында келтіріп отырады. Мысалы Жаратқан мұнша тасын жаббар құдай!Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым! Деген өлең шумақтарында,Мұсылманшылдық тұтқасы ! бүкіл дүниені , жан жануарларды атай келіп Мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ , ққсасы жоқ бір Құдайдың барлығына , бірлігіне хәм кеміл жаратушы халық – қадір екеніне дәлел болса керек деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды сонымен бірге дүниені жаратушы Құдай деп біледі Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Кей зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материялист дінге қарсы болған деп айтып жүр. Нақтвы қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардң уағыздайтын дінің озбыр түріне қарсы болған НИ ИЛьиминскиге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдадаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.Мұндай дүмше молдалардың ақыл парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.

Экзистенциализм фил.сы адам туралы.Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Адамдар өзара байланысқа ұмтылу коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбаланумен т.б. сөзіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін тұлға болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік.Туғаннан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнына көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өз үшін де жауапты.(Стартр).Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Ал, адамды меншіктің, заттардың езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады? Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта,«құрбандықта», иеленуді болмыс деңгейіне көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.

Экзистенциализм философиясыЭкзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧ ғасырдың 20 жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс, Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады. Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне, шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды. Адамның ғұмыр кешуі (экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады, оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады. Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады. Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі — қорқыныш. Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады. Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек. Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.

Эмпиризм және рационализмРационализм Р.Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц, негізгі өкілдері. Олар конституциялық монархияны жақтады. Т.Гоббс « Левиафан » мифологиялық кітабы. Гобс – адамдар практикалық қажеттілігіне философияны пайдаланып, дінге тәуелсіз өмір сүруі керек. Олар: « Адамдар құдайды өзі ойлап тапты», -дейді. Дж. Локк ақылда тұрған ештеңе жоқ, барлығы сезімде, адамның жады таза тақта, туғаннан бастап, оған өмір бойы тәжірибеде жинаған білім жазылады. Туа біткен ой жоқ, білім 2 түрлі: қарапайым және күрделі. Қарапайымға-жарық, жылу түстерді қабылдау жатады. Күрделі білім – салыстыру бақылау, қарапайым білімді біріктіру қалып.Осы эмпиризм синсуализмнің және солипсизмнің тууына себепкер болады. Солипсизм негізін қалаушы Дж. Берклий және Д. Юм.Солипсизм – философиялық көзқарас заттар мен құбылыстарды жеке адм сезідерінің жиынтығы дап санайды. Декарт екі субстанцияны мойындайды: 1) Материалды субст. – басты қасиеті кеңістікте орын алу. 2) Материалды емес субс. – басты қасиеті ойлау. Декраттың философиялық формасы: «Мен күмәнданамын, яғни ойлаймын, ойлаймын яғни өмір сүремін. Рационализм танымның бірден - бір көзі ақиқатты ашатын құрал-зерде немесе ақыл дейді. Ғылыми таным тәсілі- дедукция дейді. Ал таным процесі жалпыдан жекеге бағытталуы дейді.

Наши рекомендации