Ижмали және тафсили иман 3 страница

9. Камал дәлелі.Декарттың (1596-1650 жж.) қуаттаған аталған дәлел былай түсіндіріледі. Менде кемелдік ұғымы бар. Мұнда ешқандай да күмән жоқ. Бұл ұғым маған өзімнен келмеген. Өйткені, мен кемшілігі бар болмыспын. Бізді қоршап тұрған әлем де кемшілікке толы болғандықтан әлгі кемелдіктің әлемнен туындауы да мүмкін емес. олай болса аталған кемелдік маған кемел болмыс болып табылатын Ұлы Жаратушыдан келеді. Бұл дәлелді Декарттан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген әл-Фараби қуаттаған және оны «акмал болмыс дәлелі» деп атаған.

10. Намутанахи дәлелі.Менде соңсыздық, мәңгілік идеясы бар. Мен соңы жоқ болмысты ойлаймын. Бұл түсінік өзімнен туындамаған. Өйткені мен уақытшамын ғана. Ол менен тысқары заттардан да туындамайды. Себебі, олардың өздері уақытша дүниелер. Мәңгілік себебі мәңгілік болып табылатын болмыстан бастау алады. Демек осы соңсыздық идеясымен мені рухтандырған соңсыз болмыс бар. Ол – Алла Тағала. Намутанахи дәлелі мен камал дәлелі арасында мәнділік айырмашылық жоқ.

11. Ахлақи дәлел мен өнегелік дәлелі. Әлемді бірі табиғи, екіншісі моральдық деп аталатын екі тәртіп бар. Табиғи тәртіп күштер, моральдық тәртіп қалаулар жүйесінен тұрады. Күштердің заңдылығы міндеттіліктен, қалаудың заңдылығы адамның өз қалауымен жүзеге асады. Халықтар арасындағы өнегелік және салт-дәстүрлік құндылықтар адамды үнемі өнегелікке тәрбиелейді. Осы моральдықт құндылықтардың түп төркіні Ұлы Алланың қойған моральдық заңдылықтарымен астасып жатыр. Демек, өнегелік, моральдық құндылықтар Алланың бар екендігін дәлелдейді.

Моральдық заңдылықтар адамды өнемі бақытты, ізгілікті өмірге жетелйді. Бақытқа жетелейтін қасиеттерді істеу бізге тән болғаныменоның жемісін көру бізге байланысты емес. Ол ұлы Алланың мәрімен жүзеге асады. Демек, бұл Алланың бар екендігін дәлелдейді.

12. Суфилердің пікірі бойынша Алланың бар екендігі.Суфилер Алланың бар екендігін ойлауды дұрыс деп таппанағн. Олар адам ақылы қателікке алып деп білген. Керісінше олар ирфан, мағрифат және мағифатуллаһ деп аталатын және кашфке негізделетін рухани-мистикалық практика нәтижесінде қол жеткізілген Алламен байланысты танымдарға ерекше көңіл аударған. Суфилердің пікірі бойынша адам тарапынан танылатын болмыстардың ең айқыны – Алла. Адам Алла жайлы танымнан да анық, айқын танымға қол жеткізуге қауқарсыз. Осыған орай адамның исбат уажибаға қажеттілігі жоқ. Өйткені, аныққа түсініктеме жасау жолында талпыныс бос әурешілік қана. Оның үстіне Алланың ұлылығын қарапайым логика мен саналық қалыпқа түсіру де Алла алдында әбестік болып табылады. Кемшілігі бар, кейіннен жаратылған болмысқа сүйене отырып, абсолюттік, кемел және азали болмыстың шынайы мәнін ашу мүмкін емес.

13. Бүгінгі күні Алланың бар екендігін дәйектейтін дәлелдердің кейбірі. Қазіргі заманғы ұсынылған дәлелдер негізінен материализм мен кездейсоқтық идеясын жоққа шығару, эволюцияның табиғатьта қаншалықты деңгейде әсері бар екендігін түсіндіруді мақсат етеді. Осылардың бірнешесіне тоқталып өтер болсақ:

Логикалық қағидалар аясында әлемнің бар екендігін негізге ала отырып мына мүмкіндіктерді қарастыруға болады:

1. Әлем өздігінен бар болған, өздігінен жоқтық әлемінен бар әлемге шыққан, жаратылған. Әлем туралы бұлай қуаттаудың ешбір мәні жоқ. Себебі, иллиат (себеп пен салдар) заңдылығына қарағанда әрбір салдардың бір себебі, әрбір туындының бір авторы, әрбір жаралытыстың бір жаратушысы бар екендігі даусыз. Олай болса әлем де бар болса, оның бар қылған бір себеп те бар. Әлемнің өздігінен бар болуы суретшісіз көркем бір сурет туындысының дүниеге келуі, ұшқышсыз ұшақтың ауада ұшуы, басқарушысыз кеменің суда сәтті жүзуі сияқты ақыл мен логика қабылдай алмайтын ойлау түрі болып шығады.

2. Әлемнің және әлемде орын алған тәртіп пен үйлесімділіктің кездейсоқтықтың туындысы ретінде пайда болуы мәселесі: кейбір оқиғалардың пайда болуында кездейсоқтықтың болатынын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, жер бетін, адамдарды, жан-жануарларды, өсімдіктер мен жансыз жаралытыстарды жаратқан, миллиондаған жылдар бойы бір милиметр де болса өз орбитасынан ауытқымай қозғалысы, аса үлкен және аса көп болғанына қарарамастан жұлдыздар мен планеталардың бір-бірімен соқтығысып қалмай, бір жүйе мен тәртіп ішінде қозғалуын ақылы түзу кез келген адам кездейсоқтық деп айта алмасы анық.

Алланың бар екендігін бүгінгі ғылыми жаңалықтармен байланыстырар болсақ, бүгінгі ғылыми жаңалықтар мен Құрандағы үйлесімділікті анық байқай аламыз. Қазіргі ғылымдардың дәлелдегеніндей, тірі организм үшін, судың аса зор маңызы бар. Бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін су қажет. Су – бүкіл табиғаттың, әлемдегі өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі. Жердің 75 %-і, адам клеткаларының 80 %-і судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендер, теңіздер, мұхиттар арқылы жердің температурасын тұрақты ұстап тұрғанын айтуға болады. Судың мұндай ғаламдық қасиеті Алланың құдіретін, хикметін көрсетеді.

«Ал күн белгіленген жағына қарай, жылжып кете барады. Мұның өзі – әрі үстем, әрі дана Аллаһтың алдын ала белгілеген ісі. Айдың да тұрақтайтын орнын белгіледік, Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін, ол да аспанды кезіп жүредің(Ясин-38-39).

Жердің күнді белгілі бір жүйемен айналып қозғалатыны ІХ ғасырда Бируни, ХҮ ғасырда Коперник ашты. Ал күннің қозғалатындығы, ғылымға ХІХ-ХХ ғасырда белгілі болды. Оған дейін күн түгіл жер қозғалмайды деп келген. Құранның ҮІІ ғасырда түскенін ескерсек, бұл кітаптың әлемді жаратқан Алланың сөзі екендігін көрсетеді.

Әлемдегі заттардың тепе-теңдігі жайлы Аллаһтың кітабында тағы бір ұлы, әлемдік заң бар: "Ол (Аллаһ) барлық нәрсені өлшеп, мөлшерлеп тұрады" (Рағыд-8).

Сондықтан Құран Кәрім адамдардың табиғат жаратылысына қарап, Алланың бар екеніне ой жүгіртуін ұсынады.

«Анығын айтайық, аспанның жердің жаратылысында түн мен күннің алмасып тұруында, пайымдаған пендеге, әрине айқын ғибрет бар. Зерделі жандар тұрса да, отырса да тәңірін ұмытпайды, аспан мен жердің жаратылысына ой жібереді. Сон соң: «Ей Тәңірім! Бұларды бекер жаратқан жоқсың. Сен пәксің, бізді тозақтың тауқыметінен сақта.» (Әли Ғимран, 190-191).

Алланың есімдері.

Алланың арнайы есімдері. Араб тілінде де, басқа да тілдерде де «Аллаһ» (الله)атауының орнын ешқандай атау баса алмайтынын мұсылман ғалымдары бір ауыздан қолдаған. Өйткені Аллаһ құдайдың ерекше атауы болып табылады. Осы арнайы есім өзге тілдерге аударылмайды. Тіпті араб тіліндегі өзге сөз де мұның орнын баса алмайды. Бірақ Құранда Алла сөзін нұсқайтын «Илаһ»(اله), «Маула»(مولي), «Рабб» (رب) сияқты есімдер қолданылған. Осыған орай парсы тіліндегі «Худа» мен «Яздан», қазақ тіліндегі «Құдай» мен «Тәңір», «Жаратушы Ием» сияқты есімдер Алла деген арнайы есімнің орнын баса алмағанымен Илаһ, Маула, Рабб сияқты аяттар мен хадистерде орын алған Алланың өзге есімдерінің орнына қолданыла береді.

Исми Азам (Алланың ең ұлы есімі/اسم اعظم).Бір топ ислам ғұламалары Алла Тағала есімдерінің барлығы ұлы және жоғары екендігін қуаттап, бірін келесісінен бөліп қарастырмаған. Ал келесі топтағы ғұламалар хадистерді негізге ала отырып, Алланың кейбір есімдері өзгелерінен жоғары екендігін алға тартқан. Осы топтағы ғұламалар «Аллаһ», «әл-Хаййу-л-Қаййум» (الحي القيوم/Тірі және жаратқандарды аяқта тұрғызған), «Зу-л-Жалали уа-л-Икрам» (ذوالجلال والاكرام/ұлылық және құрмет сипаттарының иесі) есімдерінің қайсысы Алланың ең ұлы есімі екендігі турасында әртүрлі көзқарастарды қолдаған.

Асма Хусна (اسماء الحسني/Алланың көркем есімдері).Алла Тағалаға тән барлық есімдер «асма хусна» деп аталады. Ең көркем есімдер Аллаға ғана тән. Өйткені барлық кемелдік тек оған ғана тән. «اَللهُ لاۤ اِلٰهَ اِلا هُوَ لَهُ الاَسْمَاۤءُ الْحُسْنٰى» (Алла одан басқа құдай жоқ. Оның көркем есімдері бар) (Таха 20/8).

«هُوَ اللهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الاَسْمَاۤءُ الْحُسْنٰى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمٰوَاتِ وَالاَرْضِ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ» (Алла – жаратушы, жоқтан бар етуші, бейне беруші, ол көркем есімдер иесі. Жер мен көктегі жаратылыстардың барлығы оны дәріптейді. Ол – үстем, әрі данышпан) (Хашр 59/24). Асма Хустна «асма илаһия» деп те аталады.

Алла Тағаланың Құран Кәрімде және Сахих хадистерде көптеген есімдері орын алады. Ұлы Алла Құран Кәрімде: «وَلِلهِ الاَسْمَاۤءُ الْحُسْنٰى فَادْعُوهُ بِهَا» (Алланың көркем есімдері бар. Олай балса, Алланың сол көркем есімдерімен дұға жасаңдар) (Араф 7/180), - деп Алланың көркем есімдері арқылы дұға жасауға болатынын алға тартады.

Асма Хуснаның көптігіне байланысты оның затын (субстанциясының) бірден көп деп түсінбеген жөн. Ардақты Пайғамбарымыздың бір хадисінде былай деген: «Алла Тағаланың 99 есімі бар. Осы есімдерді санаған (жаттап, мағынасын түсінген) Адам жаннатқа кіреді. Алла – жалғыз және жалғыз болуды ұнатады» (Бухари Даауат 68; Шурут 18; Таухид 12; Муслим Зикр 2; Тирмизи Даауат 83.). Асмаи Хусна 99 есімнен ғана құралмайды. Оның аяттар мен хадистерде басқа да есімдері бар. Осыған қарай отырып, Алланың тек қана 99 есімі ғана бар, олардан басқа жоқ деп түсінбеген жөн. Оның осы есімдері 99 деп жеке қарастырылуы осы есімдерінің атақты болуына байланысты. Жоғарыда хадисте орын алған «ихса» (санау) сөзіне байланысты Алланың 99 есіміне «ихсаи есімдер» деген атау да берілген. Тирмизи мен ибн Мажаның риуаят еткен бір хадисте осы 99 есімге жеке-жеке тоқталған (Тирмизи Даауат 83; Ибн Мажа Дуа 10).

Асма Хуснаны түрлі топтарға жіктеуге де болады:

а) Алланың бар екендігін дәйектейтін есімдер: «شَيْءٍ», «ذات», «نفس»;

ә) Алла болмысының сапасын білдіретін есімдер: «قديم», «اَزَلي», «اَبَدي», «باقي», «دائِم»;

б) Ақиқат сипаттарын дәйектейтін есімдер: «عالِم», «قادِر», «حَيّ», «سَميع», «بَصير»;

в) Изафи (салыстырмалы) сипаттарды білдіретін есімдер: «اَوَّل», «آخِر», «ظاهِر», «باطِن»;

г) Салби (танзиһи/пәктеуші) сипаттарын білдіретін есемдір: «قُدُّوس», «سَلام»;

ғ) Затынан шыққан әрекеттерінен тарайтын есімдері: «خالِق», «رَزَّاق».

Насстарда баяндалған құдайлық есімдерден (тауқифи) басқа есімдермен Алланы атауға бола немесе болмай ма мәселесі бойынша мұсылман каламшылары бір тоқтамға келе алмаған. Мутазила каламшылары адам ақылымен үйлесетін есімдерді Аллаға қолдануға болады деп есептеді. Мутазилиттердің пікірі бойынша сөздікте белгілі мағынасы бар кез келген сөздің Алла Тағалаға есім ретінде берілуі, араб тілінде немесе басқа тілдерде сол сөздің синонимі немесе сол мағына сәйкес келетін басқа бір атаумен Алланы атау жайыз. Осыған байланысты Құран мен Сүннетте орын алмаса да Алланы «уажибу-л-вужуд», «вужуду-л-мутлақ», «уажиб таала», «сани таала» сияқты есімдермен атауға болады. Әһли Сунна ғұламаларының пікірі бойынша Алланың есімдерін тек Құран мен Сүннетте орын алған атаумен (тауқифи) ғана атау қажет. Ақал дұрыс деп тапқан, қиястың үкімімен қандай да бір есімді Аллаға беру жайз емес. Басқаша айтар болса, насстарда орын алмаған есіммен Алланы атауға тиым салынады. Алайда кейінгі кезеңдерде әһли сунна каламшылары да насстарда орын алмаған «маужуд», «қадим», «уажиб» т.б. сияқты кейбір сөздерді Алланың есімі ретінде қолданыла бастады.

Алланың сипаттары

Сипаттар мәселесі исламдық сенім тарихының ең проблемалық тақырыптарының бірін құрайды. Адамға тән сипаттарды Аллаға қолдануға бола ма? Алланың сипаттары оның затымен (субстанциясымен) бірге ме әлде бөлек пе? Алланың сипаттары қадими (әуелден бері бар) ме? Осы және осыған ұқсас сұрақтар күрделі тартыстарға, пікірталастарға жол ашты.

Құдайлық сипаттар мәселесінің пайда болуы. Кейбір авторлар құдайлық сипаттар тартысының пайда болуын сыртқы себептермен байланыстырады. Батыс зерттеушілердің кейбірі құдайлық сипаттар мәселесін христиандардан мұсылмандарға өткен проблема ретінде санайды. Бейкер, Вон Кремер, Макдональд, Вольфсон, Шахт сияқты авторлар құдайлық сипаттар мәселесінің христиан теологы Қасиетті Юоан ад-Димашқи (Азиз Юхан ад-Димашқи) мен шәкірті Феодор Әбу Қурраның кітаптары арқылы мұсылманғарға әсер еткенін алға тартты. Макдональд былай дейді: «Құран Кәрімнің махлуқ емес екендігіне сену христиандардағы құдайлық сөздің Әке құдайдың жүрегінде орын алғандығы және жаратылмағандығы сенімінен алынған.

Мұсылман авторларының кейбірі құдайлық сипаттар тартыстарын иудаизмнен бастау алатынын қуаттады. Құран – махлуқ идеясы иудаизмдегі «Таурат – жаратылған» деген көзқарасқа ұқсайтыны алға тартылады. Ибн Кутайба Құранның жаратылғандығын айтқан алғашқы адам Муғира бин Саид әл-Ижидің тегі еврей Абдуллаһ бин Сабаның жақтасы екендігін мәлімдеген. Хатиб әл-Бағдадидің пікірі бойынша Құранның жаратылғандығын айтқан Бишр әл-Мариси мутазила және муржия мазхабына жататын адам болатын, ал оның әесі еврей болған.

Кейбір авторлардың пікірі бойынша мутазилиттер философтардың ықпалымен құдайлық сипаттарды жоққа шығаруға бет алған.

Ал кейбір авторлар құдайлық сипаттар мәселесін ішкі себептермен байланыстырады. Вендик пен Ваттың пікірі бойынша құдайлық сипаттар проблемасы харижиттердің ортаға тастаған үлкен күнә мәселесімен бірге пайда болған. Қаза мен қадар проблемасын дүниеге әкелген тартыстар табиғи түрде Алланың сипаттары мәселесін де ортаға шығарды.

Осы пікірлер арасында өзге дін өкілдерінің шабуылдарына қарсы Алланың бірлігін насихаттау мақсатында жасалған ғылыми талпыныстар құдайлық сипаттар проблемасының дүние келуінде маңызды рөлді ойнағанын қуаттау жоғарыда пікірлерге қарағанда анағұрлым шындыққа жанасатын сияқты. Себебі, құдайлық сипаттар мәселесін алғаш күн тәртібіне алып келген адамдарға және осы тақырып жайлы идеяларына талдаулар жасалғанда аталған идеялардың жат діни сенімдерге қарсы реакция ретінде пайда болғандығы анық.

Осы жағынан Алланың сипаттарын теріске шығарған және Құранның жаратылғандығын ортаға тастаған алғашқы ойшылдар Жад бин Дирхам мен Жахм бин Сафуан екендігі белгілі. Ал мутазила да осы идеяны одан ары жалғастырды. Осылардың ішінде Жад бин Дирхам мұсылмандар арасында Құранның махлуқ екендігін дәріптеген және Алланың сипаттарын жоққа шығарған алғашқы ойшыл ретінде танымал. Оның осындай тұжырымға баруында иудаизм теологиясына реакцияның әсері бар. Жад білімін кемелдендіру және Алланың сипаттары мәселесі бойынша сұхбаттасу мақсатында тегі еврейлік Уахб бин Мунаббихқа жиі баратындығы және Уахбтың оған былай дегендігі баяндалады: «өкінішті, ей Жад бұл тақырыпты одан ары созба, қысқа қайыр. Дұрысын айтсам сенің құрдымға кететініңнен қорқамын. Алла өз кітабында қолының болғандығын хабарламағанда, мұны айтпас едік. Көзінің, өзінің (нафсінің), есту мүшесінің бар екендігін бізге мәлімдемегенде бұларды айтпаған болар едік». Демек, Жад исраилиатқа негізделген антропоморфтық Алла түсінігіне қарсы шыққан. Оның өліміне себеп ретінде көрсетілген «Алла Мұсамен сөйлеспеді және Ибраһимді дос қылмады», - деген сөздерінде де осы қарсылықты байқауға болады. Жад осы сөздерімен яһудилерге тән Алланың Мұсаға дене бітімімен көрінгендігі және онымен ауызша сөзбен сөйлескендігі туралы түсінікті жоққа шығаруға талпынған. Жадтың осы жерде айтқысы келгені Алланың Мұсамен сөйлескені емес, оның азали каламмен сөйлемегендігі және сол мезетте сөйлеген сөзі жаратылған жаңа сөз екендігі болып табылады. Оның бұл ойы Құранның жаратылғандығын қуаттауға алып барды.

Жахм бин Сафуан да Алланың адам кейпінде көрінетіндігіне қарсы шықты. Осы себепке байланысты құдайлық сипаттарды жоққа шығарып, тауил жасауға бет бұрған. Куфада Жад бин Дирхаммен кездесіп, одан сабақ алған Жахм кейінірек ташбихтық көзқарасымен танылған Муқатил бин Сулайман мекендейтін Балх қаласына қоныс аударады және онымен сипаттар мәселесінде тартысады. Жахм Муқатил бин Сулайманның ташбих идеясын насихаттап жүргенін байқап, өзі құдайлық сипаттарды теріске шығаратын ойларын халық арасында дәріптеді. Осы тартыстар екі теолог арасында бір-біріне деген дұшпандыққа ұласып, олар өз көзқарастарын қолдайтын кітаптарды жарыққа шығара бастады.

Осылай Жахм бин Сафуан Алланы жаратылғандарға ұқсасатын барлық сипаттарды теріске шығарды. «Мен шай, маужуд, хайй, мурид сияқты Алладан басқа жаралыстарға тән сипаттарды Аллаға тән деп есептемеймін», - деп Жахм Алланы қадир, мужид, фаил, халиқ, мухи, мумит сияқты сипаттармен дәріптеуді дұрыс деп білген. Өйткені бұл сипаттар тек Аллаға ғана тән. Нашшардың пікірі бойынша Жахм бин Сафуан Алланың сипаттарын толықтай жоққа шығармаған. Ол тек иудаизм мен христиандық әсерімен таралған ташбихтық идеяларды ғана жоққа шығарды. Осы ойларымен қатар Жахм бин Сафуан Құранның махлуқ екендігін қуаттады, Алланың көзге көрінбейтінін және жұмақ пен тозақтың мәңгілік болмайтынын алға тартты.

Кейінгі кезеңдерде мутазила мазхабы да жат жұрттық ойларға қарсы шығу мақсатымен осы идеяларды қолдады. Уасыл бин Ата «кімде кім қадим сипатты қуаттауға тырысса, ол екі құдайдың бар екендігін қабылдаған болып шығады», - деп есептеген. Уасыл Алланың кейбір сипаттарын жоққа шығару мақсатымен зороастризм, маздакизм және манихеизм діндеріне ортақ дуалистік (санауия) сенімге шабуыл жасайтын. Шәкіреттері де ежелгі парсы діндері кең таралған Хорасан, Армения және басқа да аймақтарға сапар шегіп, олармен күрес жүргізді. Нашшардың пікірі бойынша Уасыл бин Ата сипаттарды жоққа шығарумен христиандықтағы үштік сенімге қарсы шығуда мақсат еткен болуы мүмкін.

Сонымен қатар Уасыл жолын берік ұстаған мутазила ғұламалары христиан сенімін жоққа шығаруға тырысқандығы байқалады. Осы мәселеде халифа Мамун мутазилиттерге қолдау көрсеткен. Олар ислам сенімінің христиандыққа ұқсамауын қадағалады. Мамун Бағдат күзет басшысы Исхақ бин Ибрахимге жазған хатында Құран Кәрімнің қадим және жаратылмағандығын айтқан фақихтардан емтихан алуды сұраған және оған былай деген: адамдар «Құран – махлуқ емес» деген сеніммен христиандардың «Мариямұлы Иса махлуқ емес, өйткені, ол құдай сөзі» деген көзқарастарын жақтаған болып есептеледі».

Мутазилиттердің пікірі бойынша құдайлық заттан (субстанция) бөлек қадим сипаттарды мойындау мұсылмандарды христиандар тап болған бәлекетке алып барады. Христиандардың мойындаған қадим негіздер сенімі оларды үштік құдай сеніміне (таслис) қалай алып барса, мұсылмандардың құдайлық қадим сипаттарды қабылдауы да солай қадим болмыстарды көбейтуге (таддуду қудама), одан соң ширкке жетелейді.

Мутазила мектебі Жад бин Дирхам мен Жахм бин Сафуанның салған сара жолымен жүріп, қоғамға таралған ташбих және тажсим идеяларына қарсы күрес жүргізді. Алланың денесі бар есептеу немесе оны адам сияқты елестету алғашқы дәуір шиизм ішінде кең таралғандығы байқалады. Мысалы, алғашқы шииттік каламшыларының бірі Хишам бин Салим әл-Жауалики адамға тиесілі деп есептелетін қасиеттердің көпшілігін Аллаға да тән деп білген. Ол Алланың адам кейіпінде екендігін, бірақ ет пен қаннан құралмағандығын, жарқыраған нұрдан тұратынын, бес сезім мүшесі, қолы, аяғы, аузы, мұрны, құлағы және қара шаштары бар екендігін қуаттады. әл-Жауакилидің құдай жайлы осындай ойын Нуман әл-Ахуал (ө. 777 ж.) мен Али бин Мисам сияқты шииттік қайраткерлер де қолдады. Шиизмнің ең құрметті каламшыларының бірі ретінде саналатын Хишам бин әл-Хакам әл-Жауалики мен жақтастары ташбихтық идеяларды сынға алғандығы байқалады, алайда, құдайлық дене туралы көзқарастарына байланысты олардың көзқарастары да таухид принципіне қайшы деп есептелген. Хишам бин әл-Хакамның Алланы ұзындығы, кеңдігі және тереңдігі бар бір дене сияқты елестеткендігі және оған мекен тән деп есептегендігі баяндалады. Алланы денелер сияқты дене немесе Алла денелерге ұқсамайтын бір дене деген әртүрлі формадағы түсініктемелері ислам ойлау жүйесінде ең көп тартысқа салынған тақырыптардың бірі болып табылды. Кейінгі имамия авторлары оның көзқарастары тажсимдік, ташбихтық ойларға үйлеспейтінін алға тартқан. Бұған қайшы түрде қарсыластары, әсіресе, мутазилиттер тарапынан оның көзқарастары таухид сеніміне қайшы деп есептелген.

Наши рекомендации