З бетінше оқуға арналған сұрақтар. 1. Эмпедокл және төрт «негіз»

1. Эмпедокл және төрт «негіз». Әлемнің қорғаушы күштері: Махаббат және Өштесу.

2. «Гомеомериялар»- заттың тұқымдары, бөлшектері ретінде.

3. Элей мектебі: Парменид және Зенон Болмыстың ойлауға қатысы.

№5-№6. Дәріс. Орта ғасырлардағы христиан философиясы

Сабақтың мақсаты:

Орта ғасырлардағы христиан философиясының ерекшеліктерімен таныстыру.

Ортағасырлық ойлаудағы догмалық схоластикаға сыни көзқарас. Августин Аврелий, Фома Аквинский, Уильям Оккам.

Жоспар:

1.Ортағасыр кезенінің ерекшеліктері.

2. Патристика және схоластика.

3. Номинализм және реализм.

4. Исламның негізгі бағыттары: суннизм және шиизм.

5.Ортағасырлардағы мұсылман философиясының өкілдері және олардың тұжырымдамалары.

Құлдық және бурж. қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (латын тілінде Schola-мектеп ) деп атаған. Қазір схоластика деген ұғым өмірден алшақ практикалық жағынан пайдасыз, құрғақ, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философиясы тарихында бұл таласты әмбепаптар, яғни универсалдар (лат. Universalia - жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғатты жайлы айтыс деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі - жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталды. Бұған қарама - қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деп жалпы айту - тек нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады. (лат. Nomina атау). Реализм өкілдері - Альберт Больштетский, Фома Аквинский, Дунс, Скотт, Раймунд Лулий, т.б. мәселен, Алберттің пікірінше жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүреді. Олар: 1) заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2) заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3) заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф. Акфинский (1225-1274) орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінің рухани пірі, әулиесі, ол Аристотельдің идеалистік философиясындағы жіберілген кемістіктері өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды, деді. Былайша айтқанда әрбәр заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі (формасы)құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде ешнәрсе жоқ. Фома философиясы мен (essentia) және өмір сүру (existentia) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Одан соң , Фоманың пікірінше, дүниеде себепсіз ешнәрсе жоқ, олай болса бірте-бірте басты себеп құдайды мойындау өзінен-өзі туындайды. Оның пікірінше, біздің ойымыз бен нақтылық (шындық) арасында сәйкестік жоқ. Жалпылық біздің миымыздың жемісі, бірақ оның нақты, біздің санамыздан тыс өмір сүретін шыңдыққа қатысы бар. Осыдан келіп, Фома жалпылық өзінен -өзі заттардан тыс құдай санасында өмір сүреді дейді. Фоманың пікірінше, мемлекеттік өкімет құдайдан туындайды, ал басқару түрі нақты жағдайға байланысты қалыптасады. Ол шіркеудің азаматтық қоғамнан жоғары екенін уағыздайды. Мемлекет басшысының билігі - ең жоғары рухани билікке бағынышты. Көкте ол биліктің иесі - Христос, жерде - Рим папасы, дейді. Фома құрған философия екі жұп категорияларға: акт (нақты шындық) пен потенцияға (мүмкіндік) және эссенция (мән) мен экзистенцияға (өмір сүру) негізделген. Реалистерге кері бағыт ұстанған номаналистер материалистік ұғымды таратты. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1294), Ульям Оккам (1300-1350), Николай Оразмский (1313-1382), т.б. Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек қана нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалыпының да, жекенің де керегі жоқ, деді Ульям Оккам. Әмбебаптар - олар үшін - тек белгілер (терминдер), бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, ертедегі тілдерді білу қажет деді. Николай Оразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.

Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едеуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (Ренесанс) Батыс елдерінен 5 -6 ғасыр ерте, яғни IX-XII ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақтыЖібек жолы басып өтетін, Құрлықаралық Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейтіп, экономикасын дамытуға әсерін тигізді. Ол кезде кемінде бес жүз, әйтпесе мың, мың жарым түйеден тұратын керуендер ерсілі - қарсылы үздіксіз жүріп жатты. Олармен бірте түйе айдаушы болып елшілер, жыршылар, діншілдер, оқымыстылар, зергер-ұсталар сапар шегетін. Керуендер екі-үш күн үздіксіз жүрістен соң, көгалды, саялы, сулы жерге тоқтап, дем алатын болған. Ол орындар Керуен - сарай аталып, айналасында үйлер, дүкендер салынып, қалаларға айналған. Керуен-сарайларда жер-жерден келген адамдар әңгіме - дүкен құрып, неше түрлі жаңалықтар, ертектер, діни ғылыми қағидалар айтқан. Бүкіл әлем дүниесінің рухани байлығы - «Мың бір түн», Әбілқасым Фирдауси жазған «Шахнама» сюжеттері осы Керуен - сарайларда дүниеге келген. Ол кезде Орта Азия мен таяу шығыста астрономия, математика, медицина ғылымдары тез дамыды. Өйткені, бұл ғылымдар оған дейін Қытай, Үнді елдерінде дамыған болатын. Бұл жағдай орта Азия, таяу Шығыс елдері ғылымдарына тікелей әсерін тигізді. Әрине, орта ғасырда бұл жерлерде де діни идеология үстемдік құрды. Бірақ сол кездерде де халық діншілдердің шолақ пікірін, саудагерлердің дүниеқорлығын сықақтап, мазақтай білді. Оған дәлел Қожанасыр әңгімелері. Бұл кезеңде схоластика мен дін қиғадаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1040-1123) өмір сүрді. Ол рубаилармен қатар математика, астрономия ғылымдарына үлкен із қалдырды. Ол кездегі атақты ғалымдарды бірі - Әл-Хорезми (IX ғ.). Ол математика, астрономия жағрапия ғылымдарының көрнекті өкілі болды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдарының ішінде әл - Фараби, Әл - Бируни, Ибн - Сина (Авиценна) ерекше орын алады. Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан әл- Фараби (870-950 ж ж) әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Ол аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны екінші ұстаз (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Философияда идеалист болғанымен құдайға сенсе де, әл - Фараби ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты бөлшектен тұрады, деді. Олар жәй бөлшектер, минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады, ал танымды тудыратын сезім мүшелері, деді. Әл - Фараби көптеген құнды еңбектер жазып қалдырды. Сондай-ақ ірі ғалым әл-Бируни (973-1048) - «Ертедегі ғылымдархронологиясы», «Үндістанның жазба бейнесі» деген т.б. ірі еңбектердің авторы. Оның туған жері Орта Азия ол әрі математик, әрі астроном, минеролог, философ, тарихшы болған. Көзқарасты жағынан идеалист болған мен әл-Бируни ғылымдарды салалап дамытуда өзінің материалист екенін айқын байқатты. Ол табиғаттың объективті өмір сүретінін, оның даму заңдылықтары екенін мойындады. Дүние ұдайы қозғалып, дамып отырады, оның барлық өзгерістері материяға байланысты, деді ол. Жан тәннің жемісі деген пікір айтты. Материя өзін-өзі тудырады деген ұғымғы жүгінді. Орта ғасырда өмір сүрген ірі ғалымдардың бірі - Ибн-Сина (980-1037) А в и ц е н н а. Ол әл-Бирунидің замандасы болған. Туған жері Бұхара. Ибн - Синаны энциклопедиялық ғалым дейді, бірақ ол медицина мен философия ғылымдарына зор үлес қосты. Оның басты еңбегі - «Дәрігерлік ғылымдар каноны» Батыс Европада бес ғасыр бойы әрбір дәрігердің анықтама кітабына айналды. Одаг басқа ірі еңбектеріне жататын «Дониш - Намэ» (Білім кітабы). Философияны Ибн-Сина үш бөлімге бөледі: 1) Физика (табиғат жайлы ілім); 2) логика (ғылымтану жолдары туралы ілім); 3) метафизика (жалпы болмысты тану ілімі).

Орта ғасырда Батыс Европа елдерінде ғалымдарға қатаң шабуыл жасалды. Оларды инквизаторлар түрмеге отырғызды, тірідей отқа жақты, адам айтқысыз азапқа салды. Осының бәрі христиан діні атынан жүргізілді. Крест жорықтарын ұйымдастырды. Мақсаты- ислам діні әсіресе қарсылық көрсету еді. Өйткені, Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философтя мынадай төрт бағытта болды: 1) «таза ағайындар» ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), әл-Кинда(800-870), Ибн - Рушд (1126-1198) А в е р р о э с; 3) суфизм (софылық, IX-XII ғғ.) Түркістанда өмір сүрген Ахмет Иассауи софылықтың ірі өкілі болған. Ол әрі ақын, әрі ғалым, ислам дініне берілген адам. Софылық өз заманындағы қоғамдық - әлеуметтік теңсіздікті, дүниеқоңыз болып арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық - зомбылығына, харам іс-әркеттеріне наразылықтан өмірден безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты. 1083 жылдары дүниеге келген Иассауи 63 жасқа шыққанда дүниеден безіп, қалған өмірін жер астында өткізген. Оның қалың ел арасында беделі сонша, оны халық әулие тұтқан. Сондықтан да Иассауи құрметіне арнап XIV ғасырдың аяқ кезінде бүкіл Орта азия сәулет өнерінің керемет туындысы, Қожа Ахмет Иассауи ескерткіш - мавзолейін салдырды. Софылықтың дұрыс ты, бұрыс та жақтары болды; 4) мұсылмандық философияның нағыз жақтаушылары Аристотель, Птоломей, Евклид ілімдерін араб тілінде шығарып, шығыс ғалымдарының еңбектерін уағыздады. Авероэс Испания жеріндегі Кордова халифатында өмір сүрген. Ол Аристотель ілімін жалғастырды. Дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынадай үш түрлі қорытынды жасады: а) материалдық дүние мәңгі; ә) барлық құбылыстар себепті байланыста; б) әрбір жеке зат өлдеі, адам өлмейді, деген пікірді ол жоққа шығарды.

Наши рекомендации