Ашығу – радиоактивтi элементтердi қатты тiндерiңiзден, сүйектерiңiзден керемет шығарады

Ашығу – адамның қорғанысын (иммунитет) реттейтiн табиғи ем. Осының көмегiмен әртүрлi ауруларға қарсы тұру қабiлетiмiздi арттыра аламыз. Егер бiз ауыра қалсақ, басқа себептермен қатар, қорғаныс қабiлетiмiздiң де төмендегенi.

Бiз қазiр адамның қорғаныс қабiлетiн арттыратын көптеген нәрселердi бiлемiз. Қорғаныс қабiлетiмiздi күшейтетiн, керек болса тұқым қуалаушылық қасиеттерiмiздi де өзгертетiн, толып жатқан әртүрлi химиялық дәрi-дәрмектер де бар. Бiз осыларды ұзақ уақыт бойы қолдана аламыз ба?

Мысалы, қазiргi күштi химиялық дәрi-дәрмектердi қолданып, жағдайымыздың жақсарғанын байқаймыз. Егер де белгiлi бiр себептермен осыларды iше алмай қалсақ, баяғы «таз қалпымызға» қайта түсемiз.

Жиi ауыратын адамдардың қорғаныс қабiлеттерi нашар, егерде оларды ашықтырсақ – қорғаныс қабiлеттерi күрт артады. Адамның бүйрегi ауырса немесе бездерi шошынса ашығу сөзсiз жеңiлдiк әкеледi. Бұны ешқандай да химиялық дәрi-дәрмектермен алмастыру мүмкiн емес.

Ашығу – табиғи антибиотик. Антибиотиктердiң не екенiн сiз бiлесiз бе? Оларды қандай болмасын қабыну ағымында (суық тиiу) қолданады. Егер бiз химиялық антибиотиктердi жиi қолданатын болсақ, бұған тәуелдi болғанда неше түрлi жанама жаман әсерлерiн ала бастаймыз. Кейбiр адамдарда аллергия пайда болады. Пенциллиндi көп iшкен сырқаттардың осыдан өлгендерi де белгiлi жайт. Стрептомициндi iшкен көптеген сәбилер саңырау болғандары да ақиқат. Бiздiң айтатынымыз – химиялық қолдан жасаған антибиотиктердi көп қолданбауға тырысыңыз.

Ашығу табиғи антибиотик

Көзiң ауырса қолыңды ти,

Iшiң ауырса аузыңды ти.

Қазақ мақал-мәтелдерi

Ашығудың жанама әсерi жоқ. Қабыну ағымдарын ары қарай дамытпайтын қасиетке ие. Осы қасиеттерiн көптеген ауру әкелетiн бактерияларға, әсiресе өкпе ауырғанда жұмсайды. Осыны кiмнiң де болмасын қолдануына болады.

Қабыну ағымы сырқатына шалдыққан көптеген аурулар, басы ауырғандар, қызуы көтерiлген адамдар ашықса – бiрнеше тәулiктен кейiн құлан таза сауығып кетедi. Ашығуды үзбей ұстасаңыз ешуақытта ауырмайсыз. Ашығу әдiсi көптеген химиялық дәрi-дәрмектердi алмастырып, ағзадағы қабыну ағымын қалпына келтiредi.

Ашығу – сүйектердiң қақсауына (ревматизм), суық тигенде, қабыну ауруларына, сондай-ақ шаршағанда, ауа жетiспегенде көмектесетiнi, қан тамырларын кеңейтiп, тiптi қанды да тазалайтыны тәжiрибе жүзiнде дәлелденген

Ашығу – қуатыңызды қалпына келтiредi, осыны ұстағаннан кейiн, өзiңiз де күш-қуатыңыздың артқанын байқайсыз.

Ашығу – өкпе мен бүйрек ауруларына да жағымды

Егер тән ауырса көңiлдiң күрт түсуi – табиғи құбылыс.

Әл - Фараби

Ашығу – өкпе ауырғанда жөтелдi басады, дұрыс тыныс алуға жәрдемдеседi. Ол микробтарды және улы заттарды шығаратындықтан, бүйрек ауруларының да жұмысын қалыптастырады.

Ашығу – бүйректiң жұмыстарын тамаша реттейдi.

Ашығу – табиғи антибиотик, қорғаныс қабiлетiн керемет арттырушы, сансыз зиянды бактериялардың (пневмококк, стрептококк, алтын түстес сатафилококк); қабынуына қарсы әрекет жасайды және бiртiндеп қан тамырларын да кеңiтедi. Тыныс алу жолдары, көксау, өкпе қабынуы, демiкпе (астма), қан-тамырлары, бауыр, сары ауру (гепатит), бауыр циррозы, қан, қатерлi iсiк (рак) ауруларына шипа.

Ашығу – қызуды керемет түсiредi. Әсiресе сәбилер мен жас балаларға: себебi, оларға аспирин iшуге болмайды

Аштықты ұстау – тiнiмiздегi сұйықтың (лимф) айналысын жақсарту үшiн қажет. Ашыққан кездегi iшкен ыстық суыңызға аздап бал мен лимон қоссаңыз дәрiгерлер бұны табиғи тамызғыш (капельница) деп айтады. (Ескерту: егер сусумыр (қант диабетi) ауыруымен ауырсаңыз бал қоспаңыз, қанытыңыз көбейiп кетедi. Ыстық суға тек лимон ғана қосып iшiңiз). Бұл тәнiмiздегi сұйықтардың ағынын күшейтедi. Осының есебiнен әр жасаушамызды шаятын сұйық (лимфа) оны тамаша тазалайды, жуады, ағзамыздағы барлық тiндердi (ткань) қоректендiредi. Ашығу – жасаушалардағы артық қоқыр-соқырды тазалағандықтан оттегi жақсы барып, дұрыс қоректенедi.

Ашығудың тағы бiр қасиетi – кеудесiне қақырық толып қалған демiкпе науқас (астма) дұрыс тыныс ала алмай қиналады, осыны тазалайды, қақырық түсiредi, кеудесi тазаланады.

Сондай-ақ, аштықты ұстау – көксауларға (туберкулез) өте пайдалы.

Наши рекомендации