Тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия

ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Тақырып. Философия мәдениет феномені хақында

Жоспар:

1. Философия туралы түсінік. Философияның пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары

2. Дүниетаным және философия

3. Философияның негізгі сұрағы, әдістері және функциялары

4. Философияның адам және қоғам өміріндегі, мәдениеттегі рөлі

Әдебиет тізімі:

1. Абдрасилова Г.З. Философия. А., 2008, 8-28 б.б.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. А., 2008, 7-15 б.б.

3. Әбішев Қ. Философия. А., 2001, 3-21 б.

4. Әлемдік философиялық мұра. А., 2005.

5. Мырзалы Серік. Философия. А., 2008, 3-40 б.б.

6. Нұрышева Г.Ж. Философия (лекциялар курсы) А.,2006, 12-16 б.б.

7. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А., 2005,9-26 б.б.

8. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. А., 2004., 6-11 б.б.

9. Зағыпаров Қ.Ф. Фиолософия. 1-бөлім. ПМПИ, 2008,4-15 б.б.

10. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдер сөздігі. ПМПИ, 2011.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Философия дегеніміз не?

2. Дүниетаным дегеніміз не?

3. Дүниетанымның қандай тарихи формалары (түрлері, типтері) қалыптасты және олардың ерекшеліктері неде?

4. Философиялық дүниетаным эволюциясының кезеңдері қандай?

5. Философияның пәні және объектісін қалай түсінуге болады?

6. Философиялық білімнің құрылымын көрсетіңіз

7. Философияның негізгі сұрағы және оның ерекшеліктері қандай?

8. Философияда қандай әдістер қолданылады?

9. Философияның функцияларын атаңыз

10. Философияның ғылымдармен байланысының ерекшелігі неде?

11. Адам мен қоғам өміріндегі, мәдениеттегі философияның рөлі қандай?

Рефераттар тақырыптары:

1. Философияның пайда болуы және оның тарихи-әлеуметтік алғышарттары

2. Философияның пәні және объектісі

3. Дүниетаным және философия, дүниетанымның тарихи типтері

4. Философиялық білімнің құрылымы және ерекшеліктері

5. Философияның негізгі сұрағы

6. Философияда қолданылатын әдістер

7. Философияның функциялары

8. Философияның басқа ғылымдармен байланысы және арақатынасы

9. Философия және адам, қоғам мен мәдениет

Білу керек негізгі терминдер (ұғымдар):

Философия, дүниетаным, мифология, дін, онтология, гносеология, космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм, материализм, идеализм, объект, субъект, диалектика, метафизика, догматизм, софистика, герменевтика, функция.

Тақырып. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

Жоспар:

1. Көне Үнді философиясы: қалыптасуы және негізгі бағыттары

2. Ведалар мен Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер. Буддизм

3. Конфуцийшылдық философиясының практикалық бағыты

4. Даосизм. Моизм. Легизм

Әдебиет тізімі:

1. Абдрасилова Г.З. Философия. А., 2008, 29-90 б.б.

2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. А., 2006, 7-18 б.б.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. А., 2008, 16-24 б.б.

4. Әлемдік философиялық мұра. А., 2005, 1т.

5. Мырзалы Серік. Философия. А., 2008, 41-64 б.б.

6. Нұрышева Г.Ж. Философия (лекциялар курсы) А.,2006, 23-36 б.б.

7. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. А., 2005, 6-64 б.б.

8. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. А., 2004., 11-18 б.б.

9. Зағыпаров Қ.Ф. Фиолософия. 1-бөлім. ПМПИ, 2008, 16-25 б.б.

10. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдер сөздігі. ПМПИ, 2011.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ежелгі Үнді философиясының қалыптасу ерекшеліктері қандай?

2. Ежелгі Үнді философиясы қандай даму сатыларынан өтті?

3. Ведалардың маңызы мен рөлі қандай?

4. Ежелгі Үнді философиясында қандай негізгі мектептер пайда болды және олардың негізін қалаушылар кімдер?

5. Ежелгі Қытай философиясының қалыптасу ерекшеліктері қандай?

6. Ежелгі Қытай философиясында қандай негізгі мектептер қалыптасты және олардың негізін қалаушылар кімдер?

Рефераттар тақырыптары:

1. Ежелгі Шығыс философиясының қалыптасу ерекшеліктері

2. Ежелгі Үнді философиясының даму кезеңдері

3. Ведалар: маңызы және түрлері

4. Үнді философиялық мектептерінің жалпы сипаты

5. Буддизм және оның негізгі қағидалары

6. Жайнизм – этикалық ілім

7. Чарвака-локаята – алғашқы материалистік көзқарас

8. Ежелгі Қытай философиясының қалыптасу ерекшеліктері

9. Даосизм философиясы

10. Конфуций ілімі

11. Легизм – заңгерлер мектебі

Білу керек негізгі терминдер (ұғымдар):

Атман, ахимса, брахман, варна (каста), джива (аджива), карма, сансара, мокша, нирвана, дао, дэ, жэнь, ли, и, сяо, ци, чжи, инь және ян.

тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия

Жоспар:

1. Антикалық философияның қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері

2. Ежелгі грек философиясының алғышқы кезеңіндегі натурфилософиялық мектептер

3. Софистер және Сократ. Платон және Аристотель философиясы

4. Эллинистік-римдік философия

Әдебиет тізімі:

1. Абдрасилова Г.З. Философия. А., 2008, 91-149 б.б.

2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. А., 2006, 19-51 б.б.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. А., 2008, 24-30 б.б.

4. Әлемдік философиялық мұра. А., 2005, 2, 3 т.т.

5. Батыс философиясының антологиясы. А., 2002, 7-45 б.б.

6. Мырзалы Серік. Философия. А., 2008, 64-102 б.б.

7. Нұрышева Г.Ж. Философия (лекциялар курсы) А.,2006, 36-41 б.б.

8. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. А., 2005, 65-177 б.б.

9. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2004, 18-142 б.б.

10. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А., 2005, 29-34 б.б.

11. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. А., 2004., 18-30 б.б.

12. Зағыпаров Қ.Ф. Фиолософия. 1-бөлім. ПМПИ, 2008, 26-42 б.б.

13. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдер сөздігі. ПМПИ, 2011.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Антикалық философия дегеніміз қандай ұғым?

2. Антикалық философияның қалыптасуының қандай алғышарттыры мен даму кезеңдері бар?

3. Ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңінде қандай натурфилософиялық мектептер пайда болды?

4. Көне грек философияның әрі қарай дамуына софистер мен Сократтың рөлі қандай болды?

5. Сократтың «ирония» (мысқыл) мен майэвтикасын қалай түсінуге болады?

6. Зенонның апориялары нені білдіреді ?

7. Протагордың «Адам – барлық заттардың өлшемі» деген нақыл сөзін қалай түсінуге болады?

8. Платон философиясы негізінен қай бағытқа жатады?

9. Аристотель философиясы неге грек философиясының шыңы деп есептелінеді?

10. Киниктердің көзқарасы қандай болды?

11. Эпикуреизм деп этика саласында нені айтамыз?

12. Стоиктер мен скептиктердің негізгі ұстанымдары қандай?

Рефераттар тақырыптары:

1. Антика философиясының әлемдік философиядағы орны мен маңызы

2. Көне грек философиясындағы алғашқы кезеңдегі натурфилософиялық мектептер

3. Парменидтің болмыс туралы ілімі

4. Зенонның апориялары

5. Гераклит іліміндегі диалектиканың элементтері және Логос идеясы

6. Грек философиясындағы атомизмнің қалыптасуы

7. Софистер және Сократ. Сократ мектептері

8. Платон философиясы

9. Аристотель философиясы

10. Эллиндік-римдік философия

Білу керек негізгі терминдер (ұғымдар):

Апейрон, апория, архэ, атомизм, майэвтика, болмыс, бейболмыс,монизм, дуализм, плюрализм, материя, форма, мән, субстанция, категория, логос, логика (Органон), мемлекет, метафизика, гедонизм, стоицизм, скептицизм, эпикуреизм.

Наши рекомендации