Ріс. Орыстың революционер - демократ философтары. 2 страница

Дегенмен XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

Позитивизм дұрыс пікір болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты - ғалымдарды толып жатқан алдын орған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айиқанда, әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат, дейді позитивистер, солардың тек дұрысын, пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ондағы ойы-француз революциясының теориялық негізі болған XVIII ғасырдағы француз материализмінен бас тарту. Олай болса, позитивизм - идеалистік философия, оның ішінде субъектиітік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата бет бұрды.

Позитивизм эволюциясы осы дәуірдің ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі - позитивизм, екінші кезеңі - эмпириокритицизм, үшінші кезеңі - неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері: алдымен позитивизмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идалогтары содан қауіптенді. Диалектика метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезде дейінгі философия ғылымдардың ғыоымы делініп келді. Бірақ нақты ғылымдардың тез ғылымы делініп философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін дәлелді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады.

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды. ол эмпириокритицизм деп аталды. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы (кешені), деді. Эмпириокритицизм позитвизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшық. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдарды.

Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немес логикалық позитивизм. Ол XX ғасырдың 20-жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филип Франк, т.б. Бұлар өз ойларын қатаң ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақәрбір сөздің мағынасын ашу (Б.Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б категориялар проблемасы туындады. Неопизитивистер ғылыми пікір айтудың екі жолы: эмпирикалық және логикалық - математикалық жолы бар, деді. Мәселен, «менде төрт қалам бар» делік, немесе «мына жылқы ауру не сау», оны қалай білеміз? Тек қарап, көзбен көру қажет. Бұл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық -матетикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін көріп, білгіңіз келсе ұғымды белгілі қалыптасқан ұғымға жүгіндіру. Біріншісі - сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификаци деп атайды. Екіншісі - бекерге шығару арқылы дәлелденді. Оны фальсифкация деп атайды. Ол ойдың қисынды, не қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Мәселен, «қар ақ, егер де ол ақ болса» деген сияқты. Егер қар күйе аралас жатса, оны ақ деп айтсақ қисынға келмейді. міне фальсификация әдісі осылайша қисынсыз ұғымдардың тұрлаусыздығын шығарады, дейді неопозитивизм өкілдері.Ал қалған көзбен көрмейтін, ой қисынына салынбайтын ұғымдардың бәрі аласталуын ұсынады. Айталық, дүниенің негізі «су» деп дүние материядан тұрады деген материалист - философтар пікірі, т.б жаңағы екі әдіспен тексеруге әдіспен тексеруге келмейді., олай болса олардың бәрі метафизикалық ойлар, олардан арылу қажет. Неопозитивистер ғылымдардың объективті заңдылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары абсолют емес, дейді олар. «Ғылым заңдары, - Белфаст университетінің профессоры Дэвид Гунинчтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы оқымыстылардың пайымдауы немесе дәлірек айтсақ, дүниенің олар үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі». Сөйтіп, неопозитивистер ғылымдарды ғалымдарды субъективті топшылауы деп тұжырымдады. Неопозитивизмнің түрі көп: семантика, прагматизм, инструментализм, т.б. Семантика философиясы бойынша тіл өмірден гөрі жұтаң да, өмір одан бай. Мәселен, Напалеон кім? Ол Иенада жеңіске жеткен Наполеон ба, жоқ әлде Ватерлеода жеңілген Наполеон ба?

Немесе Кенесары кім? Патша өкіметінің қазақ жерін отарлау үшін жүргізген саясатына қарсы қарсы азаттық қозғалысын бастаған қолбасшы ма, әлде патриархиалдық - феодалдық үстем шыққан кертартпа хан ба? міне, осындай да сұрау қоюға болады. Оған бір сөзбен баға бере алмаймыз. Біздің тіліміз кедей, сондықтан түсінбеушілік, қарсыласу пайда болады. Мақсат - тілді дамыту қажет, әлеуметтік қайшылықтар тіл жұпынылығынан дейді неопозитивист - семантиктер Л.Витгенштейн: «Менің тілімнің шегі - менің дүниені түсіну шегім», - дегені осының дәлелі. Джемс Вильям прагматизмнің негізін салып, Джон Дьюи оны ілгері дамытты. Бұл философия ойынша шындықтың дәлелмесі - оның пайдалығында қандай пікір, ой болса да, егер ал пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Бұдан прагматизмнің қандай философия екенін түсіну қиын емес.

Германевтика бағыты тағы бар. Ол - белгілі ойды түсіндіру теориясы, не сәулет ойды жеткізе білу әдісі.

Неотомизм -католик шіркеуінің діни философиясы. негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүрген әулие августин және Фома Аквинский Өкілдері: Жан Маритен, Э.Жильсон, Г.марсель, В.Соловьев, Н.Бердяев, И.Бохенский т.б. Бұл философияның мақсаты - адамдар жүрегіне жол салу.

неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге қарсы да қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. Өйткені, адамдар жаратушы құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан, дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негіделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомист Джордани: «Марксизге Құдай орнатып, тәртіптелген заттарға қарсы, адамдық емес, адуын жындай құпия күш бар», - деп біледі. Боурктің пікірінше, «іштарлық, қызғаншықтық, менменсу, билікке жетуді көксеу - жалпы адамзатынның кемшіліктері, оны ешқандай экономикалық ілім өзгерте алмайды», деді. Неотомизмнің басты мәселесі үшеу: құдай адам, адамгершілік Жаратушы жайындағы проблемаға келсек, ол былай дейді: қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді. а) қажеттілік пен кездейсоқтықтықты билейтін Құдай; б) барлық салалардың да, сәйкестіктің де себебі - Құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі- Құдай, ал жамандық пен жақсылықты жарататын адамдар. Бірақ Құдай жамандық жасағанды жазалайды, дейді. Ал енді солай -ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлемсімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Философияда құдайшылықты, жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа жатады. Ол теодиция деп аталды. Бірақ адамды мадақтауға антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан, адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді,. Енді адамды арнайы зерттейтін кез туді. Адамға, оны зерттеуге бетбұрыс жасалды. Философияда ол экзистенциализм деп аталды. Бірақ бұл да субъективті идеализмге жатады. Н.Бердяев айтқандай, «бәлкім антроподиция теодицияға баратын бірден - бір жол, бірден - бір өшпеген және шексіз - бітпес жол шығар». XIX ғасырда пайда болған жалпылық диктатын бас тартуы нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы құптарлық, болашағы өз дамуын тапты. Оның мақсаты классикалық мән философиясын адамның өмір сүру Философиясымен алмастыру болды. Өіклдері: Н.Бердяев, Л.И Шестов (1866-1938), К.Ярс

В. И Ленин капитализмге өту диалектикасын аша келіп, Ресейдің нақты жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті олар: 1) буржуазиялық қарсылығын басу; 2) азамат соғысы; 3) ұсақ буржуазияны бейтараптандыру; 4) буржуазиялық мамандары пайдалану; 5) жаңа адамдар тәрбиелеу. Социализм таптарды жояды дей келіп, Ленин тап жөніндегі өзінің тұжырымдамасын жасады. Барлық таптық, антагонистік қоғамдарда Маркс пен Ленин ілімі бойынша қандай бір іс болса да ол мәселе таптық көзқарас тұрғысынан езілген таптар мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс болды. Ол принцип Кеңес одағы тарихында кең орын алды. Еңбекке, саясатта, тұрмыста, мәдениетте – бәрінде де кімнің мүддесін қорғайтынына: еңбекшілер иүддесі үшін болса, оған бір баға, ал үстем тап мүддесін қорғайтын болса, басқа баға беріліп, өзгеше қорытынды жасалды. Кезінде бұл принцип дұрыс болды, өз мақсатынан шықты. Бірақ кемшіліктер де орын алды. Көп жағдайда мәселелер күрт, метафизикалық әдіспен шешілді. «Ленин біздің бабамыз, Саясында жатамыз, Қарсы келген дұшпанды, Қақ жүректен атамыз» деген сияқты тақпақтармен мектепте жастар оқыды, солақай, тік мінезділікке байлынды. ал кейінгі кездерде жалпы адамгершілік мәселелерді баса айтатын болдық. Өйткені, жалпы адамзаттық проблема – ауқымды мәселе, ал таптық мүдде тек оның бір бөлігі. Жағдай өзгергендіктен, сол басты, ауқымды проблема енді алдыңғы қатарға қойылып отыр. Ол экологиялық проблема, халық санының дүмпуі, ядролық соғыс апатына жол бермеу, т.б. Бірақ бұдан таптық проблема енді айтылмайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Таптар болған жерде таптық проблемалар да болмақ. Одан бас тарту қисынсыз. Бірақ ол бұрынғыдай басты проблема емес, қосымша рөл атқарады.

В.И Ленин диалектикалықө логика тұрғысынан экономика мен саясат арақатынасын көрсетіп берді. «Тағы да кәсіподақтар туралы( еңбегінде ол «саясат экономиканың жинақталған бейнесі» деп атап көрсетті. Бұл еңбегінде В.И Ленин саясат экономикаға қарағанда екінші болғанмен, қоғамда атқаратын қызметі жағынан керісінше, экономикаға пәрменді ықпал жасайды деп пайымдайды. Бұл Ф. Энгелсьтің 1890 жылдарындағы тарихи материализм туралы хаттарындағы пікірін дамыту болған еді. Одан соң аталған еңбекте В.И Ленин диалектикалық логиканың төрт принципі бар екеніне тоқталады, олар: біріншіден – затты жан-жақты алып қарау, екіншіден-дамуда қарау, үшіншіден-практика шындықтың тірегі, төртіншіден-абстракты шындық жоқ, шындық нақты. Айталық, осы еңбекте Ленин қандай заттың болсын, сонын бірі стаканды мысал ретінде алып, әртүрлі сипаттары, қасиеттері, жақтары болатынын көрсетіп берді. Мәселен, стакан әдемі, көркем зат ретінде алынатын болса, оған қойлатын талап бір бөлек, су ішетін ыдыс ретінде алынып қаралса, оған қойылатын талап тағы да бөлек, айталық, стаканның бүтін болмауы қажет, ал ол стакан лақтырылатын зат ретінде қаралса, оған қойылатын талап мүлде басқаша. Сондықтан қандай затқа болса да сыңаржақ қарауға болмайды деген диалекикалық қорытынды жасады. Сөйтіп, В.И Ленин диалектикалық логиканың формальды логикадан айырмашылығын талдап көрсетті. Бірақ кейінгі кеңес өкіметі жалдырында өмірде даилектикалық логика тұрғысынан мәселе шешудің орнына формальдық логика, метафизикалық әдіс көбірек, басым қолданылды. Барлық қоғамдық құбылыстар тек екі түрлі бояумен боялып, «ақ»-«қара» деп тікелей екіге бөлінді. «Ақ» дегеніміз кеңес еліне адал, социалистік құрылысқа берілгендер, «қара» -дегенімізбіздің жауларымыз. Оларға қатаң шаралар қолданылды. Тіпті социалистік құрылысқа қарсы емес, тек кейбір іске күмән келтіргендер де, балама пікір айтқандар да «қара» деп табылып, қыршынынан қиылды. Сонда әрбір заттың толып жатқан қасиеттері, қырлары, қатынастары бар деген диалектикалық логика принципі қайда қалды? Кеңес өкіметті жылдарында жасалған қателіктердің мәнінде де осы метафизикалық, сыңаржақты әдіс жатыр. «Қара» мен «Ақ» арасында көк, қоңыр, қызыл, жасыл, сары, бозғылт түстер бар емес пе? Олар қайда? Міне диалектикалық логиканы дұрыс түсінбеу деген осы, ал шығатын қорытынды тіпті басқаша . В.И Ленин диалектикалық логиканы дұрыс, терең, жан-жақты түсінбек болып, арнайы конспектілер жасады, оның ішінде оған ерекше әсер еткен Гегельдің «Логика ғылымы» деген еңбегі болған. Бұл еңбектің конспектілері Лениннің философиялық дәптерлеріндегі ең елеулілеріне жатады. Амал қанша, өмірде көп нәрсе Ленин атымен жүргізілсе де, ғылымға қалай қарсы келетін әдіс болса, метафизикалық әдіс, формальдық логика диалектикалық логикаға сондай кертартпалық ықпал жасады. Лениннің қандай еңбегі болса да, олардың бәрінде де диалектикалық логика шығармашылықпен айтылғанын көреміз. Қазір социализмді, марксизм-лениннизмді сынаушылар көп. Бірақ бұрынғы Кеңес одағында жасалған қателер негізінде диалектикалық логиканың тұрлаусыздығы емес, оны іске асыруда кеткен солайқайлық пен дөрекілік жатыр.

Қорытып айтқанда Лениннің философияға қандай үлес қосқанын қайталап айтар болсақ, олар мынадай: империализмге берген анықтама, Лениндік социалистік революция теориясы-таптарға берген анықтама пролетариат диктатурасына берілген анықтама-саясат пен экономика диалектикасы, т.б. Осы мәселелердің қайсысында болса да, Ленин марксизмге дамытты. Бұл теория тұрғысынан алып қарағанда, Мақсат оны-догматизм мен схоластикадан тазартып сақтап, марксизм шынайы творчестволықпен дамыту, өмірде, практикада шеберлікпен қолдану. Сонымен марксизм – ленинизм – ғылым. Оған басқаша қарау-ғылымды түсінбегендік, білмегендік. Ғылыыми көзқарасы қалыптасқан адам оған алалық жасамайды, көзқарасын ол оңай өзгертпейді. Оны нақтылаудың керегі жоқ. Оған дәлел-ғылымдар тарихы, ғалымдар өмірі. Бірақ өмірде, өкінішке орай, бастапқы да көруге болады. Мәселен, бұрынғы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің кафедрасын меңгерушісі А. Латышеытің құбылмалы өмірі. Күні кеше ғана жазған еңбектрінің бірінде ол былай деген болатынды: «Лениннің еңбектерін, оның өмірін және іс-әрекетін үйренген жас адамдар өздерін қобалжытқан ең күнделікті сұрауларға жауап табады. Олар Лениннің аты төңірегінде, Қазан революциясы төңірегінде тау-тау болып өтірік пен өсектің үйілгенін түсіне бастайды» Осы пікірін ұмытып, бүгін ол тіпті басқаша тіпті басқаша сайрайтын болды. Айталық Ресей Конституциялық сотына берген қорытындысында: «Керек етесің бе, естпейсің бе, бірақ Ленинді Гитлермен теңдестіру қажеттілігі туындайды»,-деп жазды ол (Правда, 1992, 4 шілде). Осындайларға не айту керек? Мұндай адамдарды ғылымның жолбикелері, сатқындары деу екен. Мұндай адамдар қашанда ғылымның беделін төгеді. Ғылымның релері ондай емес, басқа, табанды, адал адамдар. Халықта: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген нақыл сөз бар. Мұның өзі адам өз ойын ірікпей айтатын болсын деген сөз: Әйтпесе ол екіжүзді болады, опасыздық жасайды. Джордано Бруно, Н.Г Чернышевский, генерал Д.М Карбышев, К.Маркс, Ф.Энгельс өздерінің алдына қойған принциптеріне табандыболған адамдар. В.И Ленин де сондай адам. Ондай адамдардың өмірі өнеге.

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. К.Ясперстің тарих философиясы

2. О.Конттың позитивизмі

3. Структурализм. К.Леви-Стростың концепциясы

№16-18. Дәріс. ҚАЗАҚТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ-ПІКІРІ

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді Қазақтың қоғамдық ой-пікірімен

таныстыру.

Жоспар:

1.Қазақ философияның қалыптасуыныың әлеуметтік- мәдени алғы шарттары. Айтыс- поэтикалық-философиялық диалогтың формасы

2.Асан қайғы шығармашылығындағы экзистенциалистік сарын. Бақыт мәселесі және жертұйықті іздеу

3.Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінік

Қазақ халқының дүниетанымы

Қазақ халқының арғы тегі ежелден келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жылдары қамтиды. Оған санас, өмір сүруі, шаруашылығы. Қазақ халқының тек киіз үйі соңғы мың жылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған. Сонда сол киіз үй қай заманда дүниеге келген, қалай дамып, жетілген. Тіпті басқаларын былай қойғанда, қонақ күту, дастарқан басына отыру, табақ тарту, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналап бөлу, бас тарту кәдесі Атилла заманында да дәл қазіргідей болса, оған не деуге болады? Мұның бәрі тегін емес, арнайы зерттеулерді керек ететін проблемалар.

Қазақ халқы мақал-мәтелдерге өте бай. Еңбектің өмірдің қай саласы болмасын, оның әр қайсысына да түрлі жағдайына сай тиісті мақал-мәтелдерді бар. Олардың әлеуметтік, танымдық, тәрбиелік проблемаларын, қырларын байқау қиын емес. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал-мәтелді халық қашанда әңгіменің желісі ретінде де, ой тоқтамына келтіру үшін де, уәжге дәлел етіп те қолданып отырған. Осылардан біз халқымыздың соқыр-сезім, діни нанымдардан гөрі, ой елегінен өткізілген, өмірде талай дәлелденген, әбден сұрыпталған тұжырымдарды жоғары бағалағанын көреміз. «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік», дейді халық. шешен адамдар қашанда ойын мақалдап айта білген. Мақалдардың түрі көп. Солардың кез келгенін алайық: «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас»; «Аузы қисық болса, бай баласы сөйлесін»; «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады»; «Ат шаптайды, бап шабады»; «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді,» ; «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» Осы келтірілген мақалдарда қашанда әлеуметтік пікірлер жатыр? Біріншіден, қоғамдық таптарға бөлу, тегінде ерте заманнан басталғаны айқындалып отыр. Екіншіден, қаумдасып өмір сүру тиімді екені, үшіншіден, қоғам дамуы үшін әртүрлі топтардың да, шаруашылық түрлерінің де бірдей қажет олатындығы, ақырындағ ойдың істен шапшаң екені, одан жүйрік ешнәрсе жоқ екені паймдалған. Әрине, сол мақалдардың қайсысы қай заманда дүниеге еклгенін кесіп айту қиын, бірақ ертеден келе жатқаны даусыз. Бұдан басқа жұмбақтар, жаңылтпаштар кең тараған. Олардың адамды ойлауға үйреткен, тіл ширатуға тигізген әсері мол болған. Қазақ халқында тіпті оның арғы аталарынан бастап жазба әдебиеттен гөрі ауыз әдебиеті көбірек дамыған. Қазақтарда бір естігенін ұмытпай, жаттап алып, сол күйінде бұлжытпай қайталап отыру кезінде дағдыға айналған. Мәселен, қазақ дерінде кең тараған айтыс өнері. Ол әрине, тез, ұтымды ойлауды, дәлелді ой-пікірін ұйқастырып айтуды ғана керек етпеді. Ол сонымен қатар керемет сөз байлығын, қарсыласының пікіріне тез өлеңмен жауап қайтарып ойдың логикасын байқап, алдын алып, орап отыруды қажет етеді. Оның үстуне тағы бір ғажап құбылыс – айтыс ақынның кейде бірнеше сағатқа созылған сөз таласында қарсыласының не дегенін, өзінің не деп жауап қайтарғанын магнит таспасына жазып алғандай жаттап алып, қайталай алатынында. Ол тыңдағандарын да солайша бір естігеннен жаттап алып отырған. Қазақ халқының біл байлығының бір ерекшелігі - әрбір істің, қимылдың, атаудың ондаған баламасы болады. Мәселен, XIX ғасырдың аяқ кезінде Орынбордан, Қазаннан, Ташкенттен отаршыл үкімет талабына сай «Орыс-Қырғыз (қазақ - Редакциясы) сөздіктері» («Қырғыз - Орыс» сөздігі емес) жарық көрді. Мысалы, орсы тіліндегі «облик» деген сөздің «шырай», «Жүз,» «сымбат», «түс», «әйбат», «қабақ», «келбет», «сиық», «ажар», «назар», «сүлде», «кейіп», «пошым», «еңсе», «мүсін», «бейне» сияқты баламалары бар екені атап көрсетілген. Ондай баламалар сол сөздіктерде жиі кездеседі. Әрине, мұндай ерекшеліктер қандай тілде болса да азды-көпті кездесіп отырады және оны түрліше түсінуге болады. Мәселен, «Философиялық дәптерлерінде» В.И Ленин Батыс елдерінде қолданылып жүрген философиялық терминдерге, олардың баламасы ретінде бірнеше орыс сөздерін қабат келтіреді. Ал қазақ тіліндегі баламалардың әрқайсысы әртүрлі жағдайды бейнелейді. Бірі бірімен ауыстырылса мәні түбірімен өзгеріп кетеді. Мәселен, «Сымбаттың» орнына «сиқы», «ажардың» орнына «сүлде» сөздері қолданылса, мүлде қарама-қарсы мәнге ие болады. Айтыс беріп, қашанда орнын тауып пайдаланған. Әйтпесе, сөз бекерге кетеді. Тіл байлығы мен ой байлығы қанашда бір. Тіл арқылы адам ой тереңдігін, рухани мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Қазақ халқының діни көзқарасына келсек, ол да әлқилы. Қазақтар мұсылман халқына жатады. Бірақ қазақ даласына ислам діні VIII ғасырда ғана келе бастады. Ол араб елдердің Еділ бойын, Орта Азияны, қазақ жерінің Оңтүстік аймақтарын жаулап алуына байланысты еді. Солармен бірге араб дінін таратушы миссионерлер, саудагерлер келе бастады. Олар Сунақ ата, Сауран, Яссы, Отырар, Талас (Тараз), Баласағұн қаларының, т.б. тұрғындарына айналды. Кейін сырттан келушілер қазақ жеріне әбден сіңісіп, жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпын бойына сіңірген де, қазақ болып, қожа атанып кетті. Қожалар молдалық жасап, ел аралап, балалары сүндетке отырғызып, мектеп ашып, ислам дінін таратты. Кейін бұл жұмысқа Батыстан татарлар, Түркістаннан өзбектер араласты. Бірақ қазақ еліне ислам діні сіңбеді. Аты мұсылман болғанмен, бұрынғы рулық, бұтқа сиыну, Айға, Күнге табыну, шамандық дінді ұстау, бақсыларға сену, әулиелерге түнеу қазақтарда кең таралды. Оның себебі, ислам дінінің әдет-ғұрыптарын бұлжытпай орындауға ұдайы кедергі жасаған көшпелі тұрмыс еді. Мал соңында ылғи көшіп-қонып жүрген елге күніне бес мезгіл дәреталып, намаз оқу, мешіт ұстау, бала оқыту, сауат ашу қиын болды. Сондықтан қазақтар түгелдей дерлік сауатсыз қалды, намаз оқып, ораза ұстай алмады. Олар сондай-ақ кендерге, ескі қорымдарға, ұсталық-дүкендерге, жапан далада өскен жалғыз ағашқа сиынды. Әулиеге түнеп, садақа беріп, ағаш басына шүберек байлап, оған ақша түйіп отырған. Дәл осы ағаштарға шүберектер байлау кәдесі бүгінгі жапондарға да сақталған.

Наши рекомендации