Саналы түрде өз еркiңмен ашығу деген не?

Бiздiң пайымдауымызша, қазiргi адамзаттың ашқан ұлы жаңалығы, ерiктi түрде ашығу арқылы өзiнiң тәнiн, санасын, рухын тазалау. Ашығуды ғылми негiздей отырып, солмайтын жастыққа ие болу. Адам ашығу арқылы, мезгiлсiз қартаюдың алдын алады. Қартайып масылға айлану қорқынышы әркiмнiң жүрегiнiң түбiнде ұялап жатыр! Осы кiтаптан алған мағлұматтың көмегiмен сiз мезгiлсiз қартаю мен уақытынан бұрын өлу қауiпiнен құтыласыз.

Ашығу – тазаланудың әдiсi. Тамақ жеген кезiмiзде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан арылғысы келедi. Бiрақта, ағза осыларды үнемi ажырата алмаса, iшекте, буын-буындарда, бас қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала бередi. Тiптi таза тағамдардың да қалдықтары қалып отырады, сондықтан да ағза тазалау жұмыстарын жүргiзуi үшiн, ара-тұра ашыққан пайдалы. Ашығу – табиғаттың бiздi үйрететiн әдiсi. Жануарларға, хайуандарға қараңызшы: олар ауырған уақытта ашығуға кiрiседi; бiр жерге тығылып алып тазаланып, өзiне шипа болатын шөптердi тауып, емделiп жазылып жатады. Сiз үйiңiз бен жићаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау керек екенiн бiлесiз. Бiрақта, өз ағзаңызды жоқ дегенде аптасына бiр қабат тазалап отыру қажет екендiгiн және жұмыс жасап жатқан миллиондаған жасаушыларыңыздың (клетка) да дем алғысы келетiнiн түсiне алмайсыз. Егер де өзiңiздi-өзiңiз тазалағыңыз келмесе, онда дене мүшелерiңiз сiз үшiн осы жұмыстарды атқаруға мәжбүр. Осы тазалану барысында адамның қызуы көтерiлiп, танауынан су, көзiнен жас ағып, түшкiрiп-мүшкiрiп, терiсi бөртiп берекесi кетедi.

Ашығу – денсаулыққа жетелейтiн салауатты өмiр сүрудiң әдетi, егер жағдайы келсе кiмнiң де болмасын аптасына 24...36 сағат ашыққаны дұрыс болар едi. Осы мезетте рухани iстермен ғана шұғылданыңыз: ¤зiңiздi шабыттандыратын жақсы кiтап оқып, жанға жайлы әуен тыңдап, сезiмiңiз бен ойыңызды тазалаңыз.

Ашығудың мәселелерi өзiңiз көз алдыңа елестетуге, көңiлiңе келтiруге зауқың жоқ өткен кезеңдерде жатыр. өткен кезеңдердегi настық, ластық адамға бейнет шеккiзедi. Әрбiр күнәң, әрбiр қателiгiң шоғырланып жинала бередi. Барлық бақытсыздық, шарасыздық осы жойылмаған настықтың салдарынан болады. Ашыққан уақытта адам осы зиянды қалдықтардан құтылады, нұр құйылып өзiн бақытты, жеңiл сезiне бастайды. Сондықтан да, ораза тұтып ашығу әлемдегi бүкiл дiн ағымдарында орын алған.

Ашығу – өзiңдi бiрдеңеден тежеу емес, керiсiнше тамақтану. Сен өз тәнiңдi тамақтан тежеген мезетте: нәзiк денелерiң, рухың, жаның ғарыштан қорек, қуат алып, жұмыс iстей бастайды. Ашығу – тек тамақтан бас тарту емес, кейбiр сезiмдерден, өзiңдi мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан да бас тарту. ‡немi жеу, iшу, шоғырлауға құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды да үйрену қажет. Топтастырып, жинау – керi кетуiңдi үдетедi. Әрбiр жаман ойың, сезiмiң және қалауың, қыстағы ағаштың бұтағына жабысқан қырау сияқты. Қырау еру үшiн көктемгi күннiң шуағы қажет, сол мезетте бiз өзiмiзбен-өзiмiз боламыз. Бiз өзiмiздiң денемiздегi шоғырланып қалған керексiзден құтылған кезде, Жаратушының құдiреттi лебi, өзiмiз арқылы өтiп, рухани әрекетiмiзге жан бiтiргенiн сеземiз.

Әр адам не үшiн жаралса, соған ғана ылайықты өмiр сүредi.

Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.г.с.)

Кiм де кiм өзiнiң басына, жүрегiне керексiз нәрселердi топтастырып алса, өзiнiң рухани дамуына жол таба алмай қалады. Сен өзiңнiң тәнiң, басың, жүрегiң, өкпең, асқазаның, iшек құрлысың, бауырың, бүйректерiң т.б. мүшелерiң өзара үйлесiмдi қызмет атқарулары үшiн еңбектенуiң қажет. Ашығудың нақ шындығы осында жатыр.

Бiздiң бiр дәрiгер жолдасымыз айтады: «үнемi ораза тұтып, ашығуды қалт жiбермейтiн адамдардың үлкен дәреттерiнде жағымсыз иiс болмайды. Егер өзiңiздiң үлкен дәретiңiз бен жiпсiгенде шығатын терiңiздiң иiсi сасып кетсе, онда сiздiң тәнiңiздiң не жүйкеңiздiң ауыратынының белгiсi. Мүмкiн сiз қарсы болып, бүгiнгi жеген жаман тамақтың салдары деп айтарсыз. Жоқ, олай емес. Тағы бақылау жүргiзiп көрiңiз: егер өзiңiз бiрнеше күн аралығында мазасыз, күйгелек, қызғаншақ т.б. болсаңыз исiң өзгерiп кетедi. Осының бәрi денеңнен сасық, күлiмсi иiс арқылы бөлiнiп шығады».

Бiрнеше тәулiк бойы ашығу пайдалы, бiрақ осы кезеңге сәйкес қолайлы жағдайың болу керек. Ашығуды демалыс күндерi не айларында ұстаңыз. Ашыққан кезiңiзде ауа тамақты алмастырады, сондықтан да ашығуды таза ауасы бар жерде өткiзуге тырысыңыз, саяжайыңызға жалғыз кетiп қалсаңыз тiптен жақсы, ал ауылды жерлерде тұратын ағайындарда осы мүмкiншiлiктердiң бәрi де бар. Көпшiлiгi байқайды, ашығу барысында арқасы, басы ауырып, жүрек соғысы жиiлеп кетедi. Бiз табиғаттың арнаулы сыбырлаған даусын ести алмағанымыздан: «Мен ендi ешқашанда ашықпаймын!». Бұл дұрыс емес. Осы белгiлер болашақта дәл осы мүшелерiңнiң ауруға шалдығатынын айтып тұрған табиғаттың ескертпесi. Егер өзiңiздiң осал жерiңiздi бiлгiңiз келсе бiрнеше тәулiк ашығып көрiңiз: егер де белгiлi бiр мүшең ауыра бастаса, онда осы жерден кесел шығуы мүмкiн, сондықтан да алдын ала алу шараларын қарастыра берiңiз. Егер дұрыс ашықсаңыз, онда қауiптi емес, сiзге пайдасынан басқа зияны жоқ. Осының дәлелi: бастапқы екi тәулiкте өте ауыр болып, сонан соң келеңсiздiктер мен қарын ашу сезiмi жоғалып кетуiнде. Егер осы ашығудың салдарынан болса, ауруыңыз өрши түсер едi, жоқ, керiсiнше сiз тыныштық пен алаңсыздық күйге енесiз.

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйқтаған ойды кiм түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүрiп күнелтпек. Абай

Әлi күнге дейiн ара-тұра ашықаннан бiр де бiр пенде өлген жоқ, керiсiнше миллиондаған адамдар қомағайлықтан өлiп жатыр. Бастапқыда ашығу бiр сұмдық боп көрiнуi мүмкiн, себебi ағза үшiн мұндай тазалану өзi әдеттенбеген аласапыран жәйт. Бiрақта бастапқы әсермен баға беруге болмайды. Керiсiнше ауырып жүрген адамдардың тазалануы қажет, аурудың себебi артық қоқыс пен қалдықтардың, улардың кенеттен қанға араласып кетуiнен.

Адамдардың басым бөлiгi ашығу әлсiретiп, жүдетiп жiбередi деп ойлайды. Бастапқыда дұрыс шығар, ал бiрнеше тәулiк ашықаннан кейiн өңiңiз нұрланып, көз жанарыңыз жалтылдап, қимылыңыз да, денеңiз де жеңiлдеп құлпырып шыға келесiз. Ашығам деушiлер бәрiн басқаша түсiну керек. Қолайсыздық сезiлсе, осы мазасыздық жоғалғанша жасқанбай ашығуды ары қарай жалғастыра бергенi жөн. Егер сiз ашығуды жарты жолда тоқтатсаңыз, ыстығы көтерiлген науқастың, ыстығын түсiру үшiн дәрi iшкенiмен бiрдей. ¤зiнен-өзi түсiнiктi, олар бiрден өзi жақсы сезiнiп кетедi, бiрақ олардың түсiнбейтiнi, келешекте өзiн белгiлi бiр қатерлi, созылмалы ауруға дайындап жатқандығы.

Өзiңiздiң ағзаңызға еркiндiк берiңiз, ағза лықа қоқысқа толып тұрғанда, өзi барлық қалдық пен қоқыстарды шығарып тастауға не ерiтiп жiберуге тырысады. Денемiздiң қызуы көтерiлетiнi осыдан. Осы, ағзаның тазаланып жатқанының дәлелi, бұған шыдау керек. Ағзаның (организм) жұмысына көмектесу үшiн ыстық қайнаған су iшуiңiзге болады. Бiрiнен кейiн бiрiн, жеделдете бiрнеше кесе ыстық су тартып жiберсеңiз қызуыңыз тез түседi: қан айналымы жақсарып, тамырлары кеңiп қалдықтар мен қоқыстарды табиғи шығару жолдары мен терi тесiктерi арқылы шығара бастайды.

Ашыққан кезеңде ыстық су iшу өте пайдалы. Қайнағаннан кейiн тұндырып барып iшiңiз. Суық сумен майлы ыдысты жуған кезде толық тазаланбайды, таза жуу үшiн ыстық су қажет. Ағзада да осылай болады, ыстық су, суық су шая алмайтын талай қоқыстарды ерiтiп оларды бүйрек, тесiктер т.б. арқылы шығарып тастағанда, сiз өзiңiздiң тазаланып жасарғаныңызды сезесiз. Ыстық суды ашыққан кезде үзбей iшуiңiзге болады. Ыстық су түтiктердiң бәрiн тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен буын ауруларына таптырмайтын дауа. ‡йренбегендiктен бастапқыда ыстық суды iшу бiртүрлi жағымсыз, бiрақта бiртiндеп рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз дәрi, бiрақ арзан және қарапайым болғандықтан ешкiм де салиқалы түрде қабылдамайды. Баяғыда бiреу ыстық судың көмегiмен дәрiгерлер дәрiмен жаза алмаған ауруын жазып алған. Күдер үзген дәрiгер осы ауруды көруге келгенде ол өзiнiң қалай жазылғанын айтады, сол кезде дәрiгер былай дейдi: «Мен ыстық судың шипалық талай қасиетiн бiлемiн, бiрақта мен ыстық суды сата алмаймын ғой!».

Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады. А. Н. Радищев

Тағы бiр айтайын дегенiмiз, көп күндiк ашығуды қалай аяқтау жөнiнде, егер де бiрден бұрынғы тамақтанғандай бiрден ыңқия тойып алсаң, iшегiң түйiлiп өлiп кетуiңiз де мүмкiн. Сондықтан да: бiрiншi күнi жеңiл жемiс, көкөнiстерден дайындалған салат пен сұйық көже, келесi күнi салат пен осы көжеге аздап кептiрiлген нан қосып iшiңiз, үшiншi күнi аз мөлшерде қалыпты тамаққа көше беруiңiзге болады. Осы жайында төменiректе кеңiнен тоқтала кетермiз. Осы нұсқауларды мүлтiксiз сақтасаңыз ғана қауiп-қатер болмайды. Осындай ашығудан кейiн сезiмiңiз ұшқырланып, ақыл ойыңыз нұрланып, өзiңiзге тылсым дүние ашылып, жасарып, бұрынғы нас басып, қалдық толы тәнiңiздегi қоқыстардың күлi де қалмай жанып кеткенiн сезесiз.

20 сәуір, сәрсенбі. Ашығуымның 3-ші тәулігі. Таңғы сағат 5-30 (құрғақ ашығу яғни су ішпей ашығу)

Кім тамақты көп ішпейді, сол ерінбейді. Даналық дарбазасы ешуақытта жабылмайды. Бенджамин Франклин

Салмағым 92, 5 кг. Бір тәулікте 1,5 кг салмақ жоғалттым. Түні бойы кіші дәретке барған жоқпын.

Сол қолымның қан қысымы 159/101. Пулсь – 80;

Кешегі сеанстың әсері ме, әлде кеш жатқандықтан ба білмеймін ұйқым шалалау болды. Өзімді орташа сезінемін. Кіші дәретім сарғайып, тілімді қоймалжың ақтаңдақтар басып алды. Бұл дегеніңіз денемнен улы қалдықтардың бұрқырап шыға бастауының көрсеткіші. Кіші дәреттің сарғаюы – екі бүйрек қарқынды жұмыс істеп кіші дәрет арқылы тәнімді улы қалдықтардан тазалауы, ал тілдің ортасын жауып алған қоймалжың ақтаңдақ улардың ішегімнің бетіне шыққанының көрсеткіші.

Наши рекомендации