Ашығуымның II-ші кезеңі

22 қаңтар, сенбі. Ашығуымның 1-ші тәулігі

Өзімді онша жақсы сезінбеймін. Себебі, кеше түсте аузымды ашқанмын. Бүгін ашығуды ары қарай жалғастырайын деп отырмын.

Таңғы 6-40. 0,5 л шалап іштім. Іле-шала ыстық 0,5 л ыстық қайнаған суға бал мен лимон қосып ішіп алдым. Мақсатым табиғи қалыпта ішімді өткізіп, ішек жолдарын, бүкіл ағзаны (организм) тазалау.

Таңғы сағат 6-00;

Салмағым – 93,4 кг.

Қан құрамындағы қанытым – 224 екі есе артық!

Сол қолымның қан қысымы –144 /102: Пульс – 80:

Оң қолымның қан қысымы –

АШЫҒУ КҮНДЕЛІГІМ

21 тамыз, 40 тәуліктік ашығу. Жұма 2009 жыл.

Ашығуымның бірінші тәулігі

20-шы тамыз кешкілік ниет етіп аузымды бекіттім. 21-ші тамызды таңертеңгі 4-тте өзім білетін Құран сүрелерінен аяттар оқыдым. Аузымды аштым. Аузымды 40 тәулікке бекітемін деп ниет еттім. Жаратушыдан пайғамбарлар ұстайтын 40 тәуліктік аштық ұстауыма жәрдем сұрадым.

Таңертең сағат 6-да салмағым 98,1 кг болды. Стадионға барып жүгіріп дене жаттығуларын 30 мин жасадым. Күні бойы қалада тыным таппай шапқылап жұмыстарымды реттедім. «Дәуір» баспасына «Өз тағдырың – өз қолыңда» атты кітабымның ақшасын төледім. 104 000 теңге. Қалғаны 163 000 теңге. Жиыны 590 000 теңге. Қалғанын алдында төлеп 1000 кітапты алып алғанмын. Қалғаны 1000 кітап.

Қан құрамындағы қанытым 133. Әлі жоғарлау. Кешкі сағат 18-де салмағым 96,1 кг болыпты. Түсте үлкен дәретке отырдым. Кіші дәретім анда-санда аз мөлшерде ғана келеді. Таң қаларлық жайт: 12 сағат аралығында 2 кг салмақ жоғалттым!

Сол қолымның қан қысымы: 128/83. Қан тамырымның соғысы – 1 минутта 73;

Оң қолымның қан қысымы: 119/87. Қан тамырымның соғысы – 1 минутта 72;

Өзімді сезінуім: Керемет жақсы сезінемін. Шаршаған жоқпын. Темекіні тартып жүрмін. Кешке тамақ та, су да ішкім келмейді. Тынымсыз қозғалыс өзіме жағады.

Ғазиз жаныммен байланысқа шығуды толық меңгеріп алдым. Бүгін Рахпар мен Қастердің ауруларының Ғазиз жандарындағы бағдарламаларын өзгертіп бердім. Рахпардың асқазаны, Қастердің жүрегі мен белі ауырады екен. Алдында Ләйла Смағұлованың жүйкесінің, Науалыда Жұматай Абылханның аллергиясының ауру себептерінің бағдарламаларын өзгертіп бергенмін. Бұлардың бәрі де, жүректеріндегі өздерінің Ғазиз жандарымен байланысқа маятник арқылы шығуды үйреніп алды.

Кешке өзіміздің ауылда тұратын Камшат пен күйеуі Махамбетәлиге маятникпен сөйлесуді үйретіп, Камшаттың бүйрегінің ауыратын бағдарламасын өзгертіп бердім.

Кешкі 20-да 1 литр озанатордан тазаланған су іштім. Онан кейін таң сусынын іштім. Түнгі 12-де ішім өтіп, қап-қара жаман исті қоқыстар шықты.

22 тамыз, сенбі. Ашығуымның екінші тәулігі

Таңертең бесте тұрдым. Ұйқым тамаша, жата салысымен қатып қалыппын. Таңертең өзімді жеңіл, сергек сезіндім. Тұрғаннан кейін 1 литр таза суық су іштім.

Қан құрамындағы қанытым 133. Әлі жоғарлау. Таңғы 6-да салмағым салмағым 96,1 кг болыпты. Кешкі сағат 18-де 94,7 кг болды. 12 сағат аралығында 1,4 кг салмақ жоғалттым! Кіші дәретім анда-санда аз мөлшерде ғана келеді.

Таңертең сағат 7-де стадионға 2 кг гантел ала барып 20 минуттық дене жаттығуларын жасадым. Біраз ғана жүгіру ырымын жасадым.

Кешкі сағат 19-да өлшегенде:

Сол қолымның қан қысымы: 124/83. Қан тамырымның соғысы – 1 минутта 77;

Оң қолымның қан қысымы: 141/100. Қан тамырымның соғысы – 1 минутта 75;

Қан құрамындағы қанытым: 99 өте тамаша!

Күні бойы қалада жүрдім. Ләйла Смағұловаға 11 кітап, Тілеуберді Құлиевке 25 кітап 800 теңгеден, ал Рауфаға (кітап сататын дүкені Райымбек-Абылайхан қиылысындағы жер асты өткелінде орналасқан) 12 кітап 600 теңгеден сатуға бердім.

23 тамыз, жексенбі. Ашығуымның үшінші тәулігі

Таңғы 3-те тұрып қытайдағы қазақ оқырмандарына арнап Рахат, Қастер үшеуміздің атынан шығатын кітапты реттедім.

Қан құрамындағы қанытым 106 тамаша! Салмағымда өзгеріс жоқ. Күні бойы таң сусынын ішудемін. Таңертең біраз ғана жаттығу жасап, 1 км жүгірдім.

«Ақ ана» ордасына барып 4 кітабымды саттым. «Алтын орда» базарынан азық-түлік алдым. Себебі, кешке ауыз аштырамыз. Сағат кешкі 5-те: Тілеуберді, Аманжол-Қарлығаш, Сәуле, құрбысы Гүлжан, күйеу баласы Серік, немересі Алпамыс, Қамбар-Үміт келді. Сағат 20-дан аса қытайдағы кәсіпкер Рахат Қадыр мен Қастер Сарқытхан, бауырлары Нұрлат келді. Осы үшеуміз түнгі сағат 2-ге дейін болашақты қытайдың Үрімжісінде шығатын кітапты талқыладық.

24 тамыз, дүйсенбі. Ашығуымның төртінші тәулігі

Таңғы 8-де тұрдым. Салмағым 94,1 кг. Қанытым 106. Стадионға барып жаттығу жасап, 1,5 км жүгірдім. Өзімді жақсы сезінемін. Күні бойы Рахпар екеуміз үйде болып, бағдарлама беруге жаттықтық. Сағат 17-де демалып кино көрдім.

25 тамыз, сейсенбі. Ашығуымның бесінші тәулігі

Таңертең тұрып, стадионға барып жаттығу жасап жүгірдім. Қарным ашу сезімі жоқ. Шашым қарая бастады. Неше күн болды, «Таң» және «Тандем» сусынына су қосып ішімді өткізіп жүрмін. Бүгін үлкен дәретімнің сасық исі жоғалды.

26 тамыз, сәрсенбі. Ашығуымның алтыншы тәулігі

Таңертең 4-те тұрып кітап өңдедім. Бұл кітапты қытайда тұратын қазақтарға арнап реттеп жатырмын.

Салмағым 93,7 кг. Қанымдағы қант құрамым 97 тамаша!

Таңертең 20 мин стадионға барып дене жаттығуларын жасадым.

Бір ғажап жайт, жазу жазып шабытым келгенде қан қысымым өлшенбейді! «Таң» және «Тандем» сусындарын ішіп ішімді өткізудемін. Ылғи су ғана шығады. Исі кешеден бері жоқ, яғни тазаланып қалдым. Есесіне тілімді ақ қоймалжың басып алды. Ішекке жабысқан улар бөлініп жатыр. Жаман емес. Күні бойы кешкі 17-ге дейін кітаппен жұмыс істедім.

27 тамыз, бейсенбі. Ашығуымның жетінші тәулігі

Таңертең 6-да тұрып стадионға барып жүгіріп жаттығу жасадым. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқым тамаша.

Салмағым 93,6 кг. Қанымдағы қант құрамыым 79 өте тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 142/102, тамыр соғысым 1 минутта 70.

Оң қолымның қан қысымы 154/104, тамыр соғысым 1 минутта 64.

Жаттығудан келгеннен кейін душқа жуынып, 1,5 л «Тандем» сусынына салқын озанатордан тазаланған суды қосып іштім. Күні бойы ішім өтті.

Бүгін кешке таман Рахат, Қастер үшеуміздің атымыздан жазып жатқан «Жасару құпиясы» атты қытай қазақтарына арнаған кітабымды қайта өңдеп біттім.

28 тамыз, жұма. Ашығуымның сегізінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Салмағым 92,7 кг. Қанымдағы қант құрамым 87 өте тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 139/102, тамыр соғысым 1 минутта 68.

Оң қолымның қан қысымы 143/103, тамыр соғысым 1 минутта 67.

Жаттығудан келгеннен кейін душқа жуынып, ата-баба әруақтарына бағыштап Құран сүрелерінен аяттар оқыдым.

29 тамыз, сенбі. Ашығуымның тоғызыншы тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Салмағым 94,4 кг. Қанымдағы қант құрамым 77 өте тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 156/105, тамыр соғысым 1 минутта 70.

Оң қолымның қан қысымы 166/105, тамыр соғысым 1 минутта 68.

Бұны кешкі 20-да өлшедім. Алдында суға, «Тандемге» тойып алғанмын. Екі «Тяньши» офисіне лекция оқыдым. (Рахпар мен Гүлшара Смағұлова).

Шаршап келдім. Ішім суша сарылдап өтуде. Өзімді жақсы сезінемін.

30 тамыз, жексенбі. Ашығуымның оныншы тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 93,2 кг. Қанымдағы қант құрамым 78 өте тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 156/101, тамыр соғысым 1 минутта 60.

Оң қолымның қан қысымы 168/103, тамыр соғысым 1 минутта 61.

Сағат 10-да «Ақ ананың» ордасына барып жаңа шыққан: «Өз тағдырыңды – өзің қалай өзгертуге болады» деген кітабым жайлы жаңадан келген адамдарға айттым. 5 кітап қолма-қол сатылып кетті.

31 тамыз, дүйсенбі. Ашығуымның он бірінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,8 кг. Қанымдағы қант құрамым 64 өте тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 121/105, тамыр соғысым 1 минутта 82.

Оң қолымның қан қысымы 162/105, тамыр соғысым 1 минутта 72.

Күні бойы отырып, қытайда басылып шығатын желілі бизнес жайлы кітапты өңдедім.

1 қыркүйек, сейсенбі. Ашығуымның он екінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,1 кг. Қанымдағы қант құрамым 75 тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 153/91, тамыр соғысым 1 минутта 67.

Оң қолымның қан қысымы өлшенбей қойды.

2 қыркүйек, сейсенбі. Ашығуымның он үшінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,1 кг. Қанымдағы қант құрамым 77 тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 143/101, тамыр соғысым 1 минутта 70.

Оң қолымның қан қысымы 131/106, тамыр соғысы 1 минутта 68.

3 қыркүйек, сәрсенбі. Ашығуымның он төртінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 93,3 кг. Қанымдағы қант құрамым 75 тамаша!

Сол қолымның қан қысымы 158/101, тамыр соғысым 1 минутта 92.

Оң қолымның қан қысымы өлшенбей қойды.

4-5-6 қыркүйек. Ашығуымның 15-16-17-ші тәуліктері.

Бәлендей өзгерістер жоқ. Өзімді жақсы сезінемін.

7 қыркүйек, дүйсенбі. Ашығуымның он сегізінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 89,4 кг. Қанымдағы қант құрамым 88.

Сол қолымның қан қысымы 111/94, тамыр соғысым 1 минутта 70.

Оң қолымның қан қысымы 157/105, тамыр соғысы 73.

8 қыркүйек, сейсенбі. Ашығуымның он тоғызыншы тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 93,3 кг. Қанымдағы қант құрамым 85.

Сол қолымның қан қысымы 132/85, тамыр соғысым 1 минутта 72.

Оң қолымның қан қысымы 159/106, тамыр соғысым 1 минутта 70.

9 қыркүйек, сәрсенбі. Ашығуымның жиырмасыншы тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,2 кг. Қанымдағы қант құрамым 85.

Сол қолымның қан қысымы 139/86, тамыр соғысым 1 минутта 74.

Оң қолымның қан қысымы 153/81, тамыр соғысым 1 минутта 74.

10 қыркүйек, бейсенбі. Ашығуымның жиырма бірінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,1 кг. Қанымдағы қант құрамым 72.

Сол қолымның қан қысымы 155/101, тамыр соғысым 1 минутта 85.

Оң қолымның қан қысымы 154/106, тамыр соғысым 1 минутта 77.

Күні бойы жеміс сорпасына кілегей қосып іштім. Анда-санда қатықты суға езіп ішіп жүрмін.

Таң алдында түс көрдім. Түсімде есік пен төрдей зор арғымаққа мініп алыппын. Онымен желе жортамын. Қасымда жәй атқа мінген Науалыда бригадир болған дала «академигі» Семейхан Нұғымарұлы. Екеуміз де өте көңілдіміз. Жерде аунап бір шопан жатыр, ол да көңілді. Семейхан Нұғымарұлы екеуміз әзілдесіп-қалжыңдасып күліп, мәз-мейрамбыз.

Жоруы: Беделім өсіп, ауылдың халқы, жалпы ел-жұрт мені мойындап, көпшілік арасындағы беделі бар: менің кітаптарымды оқыған ақылды, жүректері таза адамдар мені қолдап-қолпаштайды екен.

11 қыркүйек, жұма. Ашығуымның жиырма екінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,3 кг. Қанымдағы қант құрамым 104.

Сол қолымның қан қысымы 121/88, тамыр соғысым 1 минутта 75.

Оң қолымның қан қысымы 130/104, тамыр соғысым 1 минутта 75.

Кешке 1,5 литр шұбатты кілегей қосып ішіп, құрт жедім. Сонан кейін кілегейдің әсерінен жүрегім айнып, құсқым келді. Кілегейді көп жеп қойыппын. Біраздан кейін ішім өтіп қалпыма келдім. Ішімнен сап-сасық сұйық кілегей аралас қоқыс шықты.

12 қыркүйек, сенбі. Ашығуымның жиырма үшінші тәулігі.

Айнұрдікіне қондық. Таңертең 5-те тұрып Аллен Каррдың «Легкий способ бросить курить» атты кітабын оқыдым, дене жаттығуларын жасаған жоқпын. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ. Арсений памидордан сұйық көже жасапты, соны іштім. Өте жақсы екен.

Кешке Сәуленің шақыруымен «ауыз ашарға» Арсений, Айнұр, Анна төртеуміз бардық. Барсақ Қамбар, Үміт немерелері Камила; Асқар, Әсембала, Әділ апасы Жұмабала шешей; Тлеужан, Жомарт, Гүлмира; Бауыржан, Нұржиян; көрші келіншек; Берік, Аяулы және өздері – Серік, Әсел, Алпамыс, Сәуле.

Бұл ағайын арасындағы сирек ұшырасатын, өте көңілді отырыс болды. Біраз силықтар апардық. Айнұр Әселге 100 доллар берді. Мен 1000 теңге Алпамысқа ұстаттым. Біз: Арсений, Айнұр, Аннушка, Рахпар және мен кешкі сағат 21-де кеттік. Қамбар, Үміт немересі Кәмила; бажасы мен балдызы Серік пен Мираштар түнгі сағат 2-ге дейін, өздері: Бауыржан, Нұржиян, көршісі және Тлеужан балаларымен; Берік пен Аяулы (Қаншайымның қызы мен күйеу баласы) таңғы 4-ке дейін көңілді, шабыттанып отырып, сәресін ішіп бірақ кетіпті.

13 қыркүйек, жексенбі. Ашығуымның жиырма төртінші тәулігі.

Айнұрдікіне қондық. Таңертең 5-те тұрып Аллен Каррдың «Легкий способ бросить курить» атты кітабын оқыдым, дене жаттығуларын жасаған жоқпын. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ. Аллен Каррдың «Легкий способ бросить курить» атты кітабын оқып бітірдім. Темекі тартуды бірден тастап кеттім.

14 қыркүйек, дүйсенбі. Ашығуымның жиырма бесінші тәулігі.

Таңертең 6-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертең 6-да өлшегенде:

Салмағым 90,3 кг. Қанымдағы қант құрамым 119.

Сол қолымның қан қысымы 121/86, тамыр соғысым 1 минутта 75.

Оң қолымның қан қысымы 142/103, тамыр соғысым 1 минутта 90.

Аллен Каррдың «Легкий способ бросить курить» атты кітабын оқып бітірдім. Темекі тартуды бірден тастап кеттім. Темекі шекпегеніме 2 тәулік болды. Тенмекі жайлы тіптен ойыма кітіп-шықпайды.

Күні бойы памидор көжесіне тұзсыз капуста қосылған (Поль Брэгтің әдісі бойынша дайындаған) ішудемін.

15 қыркүйек, сейсенбі. Ашығуымның жиырма алтыншы тәулігі.

Бүгін 15-нен 16-на қараған түн: Қыдыр түні.

Таңертең 6:30-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертеңгі сағат 6 :40-та өлшегенде:

Салмағым 90,1 кг. Қанымдағы қант құрамым 110.

Сол қолымның қан қысымы 132/93, тамыр соғысым 1 минутта 62.

Оң қолымның қан қысымы 137/83, тамыр соғысым 1 минутта 66.

Аллен Каррдың «Легкий способ бросить курить» атты кітабын оқып бітіргеннен кейін темекі тартуды бірден тастап кеттім. Темекі шекпегеніме 3 тәулік болды. Темекі жайлы тіптен ойыма кітіп-шықпайды.

Түнде біраз Құран кітабын оқыдым. (Саблуковтың аудармасы).

Бүгін Ғазизаға бір чемодан киім-кешек және сату үшін 10 кітап, 48 000 (қырық сегіз) мың теңгенің шөп дәрілерін бердік.

Түстен кейін Айнұрлардың достары ерлі-зайыпты адамдар бір ұл, бір кішкене қыздарымен келіп қонды. Сенбі күні Индияға ұшады екен.

16 қыркүйек, сәрсенбі. Ашығуымның жиырма жетінші тәулігі.

Кеше 15-нен 16-на қарағанда Қыдыр түні болды.

Таңертең 6:30-да тұрып жүгіріп, дене жаттығуларын жасап қайттым. Өзімді жақсы сезінемін. Денем жеңілдеп қалғанын бар болмысыммен сеземін. Ұйқым тамаша. Қарын ашу сезімі мүлдем жоқ.

Таңертеңгі сағат :40-та өлшегенде:

Салмағым 90,5 кг. Қанымдағы қант құрамым 144. Жоғарылап кетті!

Сол қолымның қан қысымы 134/102, тамыр соғысым 1 минутта 62.

Оң қолымның қан қысымы 118/87, тамыр соғысым 1 минутта 73.

Қан құрамындағы қанытымның көтерілу себебі, кілегей мен құрт және майға қуырлған памидорды көп ішуім.

Таң ата жақсы түстер көрдім. Көбісі ақша алу туралы.

Наши рекомендации