Ортағасырлық философияның ерекшеліктері

Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан XIV ғасырға дейін). Яғни бұл заман - құл иеленушілік коғамның Дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.

Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.

Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.

Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен айтып өтіп, әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.

Мүның негізгі себебі - Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік (кұдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды.

Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатырмыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды. Олар жартылай ғана тәуелді адамдар болды.

Ғылым мен техникада да белгілі жаналықтар болды. VI ғ. Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар шыға бастады, шараптан спирт шығарыла бастады.

1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды.XII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді.

1215 ж. Париж университінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде - 1725 ж., Қазақстанда - 1934ж.). XIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасала бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың бәрі де қоғам өмірінде алға жылжулықтың болғанын көрсетеді.

Ал Орта ғасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс - адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып,өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді. Ол - сенім шеңберіңдегі философия,рух саласын зерттеу философиясы.

Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.

Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі - монотеистік(бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.

Екінші ерекшелігі - креационизм,(сrеаturа - лат. сөзі, жасау, жарату). Бұл - Дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Грек философиясында Дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Аристотельдің «Мәңгілік қозғалтқышы» арқылы түсіндірілсе, Орта ғасырда Дүние мен адам Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.

Үшінші ерекшелік - Антропоцентризм(аntrороs - адам, сеntrum - орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі - ғылым. Адам мен ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, Ғарыш макрокосм болса, адам - микрокосм. Адамды қандай дәріптеп биікке қойған-менен, ол Ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады: мысалы Ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзкарас Орта ғасырда пайда болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды, өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. Олай болса, ол - жаратылған Дүниенің қожайыны, бәрінен де биік тұр. Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза үстауға тырысуы керек.

Төртінші ерекшелік - Құдайдын еркіне көну мәселесі.

Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім жасаған жок, ол мәнгі болатын болса, Орта ғасырда, керісінше, адамға заңды беретін - Құдай, адам оның еркіне көнуі қажет (ешқандай карсылықсыз). Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жок.

Иса пайғамбардын өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардаптан өтіп өлді. Олай болса, адам да езінің Құдайға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, Иса пайғамбар жасап кеткен жолмен жүруі керек.

Бесінші ерекшелік Құдайдың қүдіретті көрегендігі.Егер гректер тағдырға (фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен шығатын болса, Құдай өзі жаратқан бүкіл Дүниені басқарып қоймай, ондағы әрбір адамның – күнәлі, кемтар, данышпан болса да, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға «Сұраса - беріледі, іздесе - табылады, қақса - ашылады».

Алғашқы тектік күнә,оның салдары және одан құтылу -алтыншы ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам шайтанның «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар» деген ақылын тыңдап, күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның жасаған күнәсі бүкіл адамзат күнәсіна айналды, сонымен «өлім адамдың тағдарының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (апостол Павел ).

Сонымен алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін құдайдың қолдауы керек; бүл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен канша алшақ тұр десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар, олар жан-дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жанарып отыратына сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы өздерінін ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына күмән келтірмеген. Ал Орта ғасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз күнәліктің шеңберінен шыға алмайтьшына сенеді.

Жетінші ерекшелік - Рухани сенімнің дүниеге келуі.

Гректердің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылданатынның бәрі - жалған, өтпелі, өзгергіш т.с.с. сондықтан олар ақыл-ой арқылы (ерікіете) Дүниені тану, игеруге көп көңіл бөлді. Орта ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның әр жағында сенімнің бар екендігін мойындайды. Сонымен адамның үшінші өлшемі ашылады: егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір оған рухани сенім қосылып, «дене-жан-рух»адамның үш құрамды бөлігіне айналады.

Сегізінші ерекшелік - Құдайдың сүйіспеншілігі.

Егер Гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса, Орта ғасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») ол адамның жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол Құдайдың адамдарға түсуі. Ол адамдарға берілген сый және ол қайырымды талап етпейді.

Егер гректердің ойынша сүйетін — адам болса, жаңа рухани ахуалда - ол Құдай, оның сүйіспеншілігі - риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, кемтарды да – бәрін сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, бірін-бірі сүю керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз - ол сүйіспеншілік. Христиан діні жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап қояды.

Адамзат Тарихының жаңа мән-мағынасы -соңғы ерекшеліктердің бірі.

Гректердің ойынша, тарих Ғарыштың тағдырымен тығыз байланысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы жаңа Дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады.

Ал жаңа Дүниеге келген көзкарастың шеңберінде тарих қайталанбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы сонымен қатар жаратылған Дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот -Құдайдың патшалығының толыққанды келуіне тең.

Наши рекомендации