Абайдың дінге көзқарасы 1 страница

Қазақтың ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениет тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл – демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды(1845-1904). Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, ф.ялық аудармалар, проза мен әндерден тұрады.Абай сыншыл болды.Ол дүниетанымдық мәселеде Алтынсарин секілді, деизмге жақын болды. Ол құдайды оз заңдары бойынша дамып жатады деп түсінеді.Ол дінбасылар мен діни надандықты, фатализмді атеизм тұрғысынан емес «нағыз»дін немесе рационалдандырылған дін позициясы тұрғысынан сынады.абай бір жағынан Құдй бар деп, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективті заңдылығы бар деп түсінді.Діңбасылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.

31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі Абай Құнанбаев (1845-1904).Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы.Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – АБАЙ тұжырымдамасындағы негізгі идеялары.өз шығармаларында ол адамға мейірмандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.

Адамның әр түлілігі жайлы айта келіп, АБАЙ әр адамның өмірде өз табудың мағыздылығын атап көрсетеді.Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан кейін адам бол деген АБАЙ этикасының негігі принципінің маңынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.

32. Француз ағартушыларының философиясыИдеялық тұрғыдан жаңа философия, 17ғасыр философиясының дәстүрін жалғастырушы және оның нақтылаушысы. Философиялық ойлардың эволюциялық ерекшеліктері айқындала бастады.Ағылшын ойшылы Бэкон мен Локктың философиясын жалғастырушы француздар Дидро мен Гольбах болды.Ал Декарттың идеяларын неміс философы Кант жалғастырды.Франция бұл кезде буржуазиялық революцияны қарсы алу барысында бұрынғы феодалдық және клерикалық идеяларды терістеуде философтардың белсенді әрекетін қажет етті.Францияда философия университет қабырғасынан тысқа шығып, тыйым салынған баспаларда жариялана бастады. Философия идеологтар мен саясаткерлердің ісіне айналды. 18 ғасырда философиялық тербелістер Англияда басталып, Франция, Германияға ығысты. 18 ғасырда Франциядағы философия қоғамдық мәдени қозғалыстың дамуындағы ағартушылықтың негізгі күшәне айналды. Философ ағартушылар философиялық сананы көптеген сұрақтардың базистік инстанциясы деп түсінді. Бұл тұрғыда ұлы француз революциясының идеологтары Жан-Жак Руссо мен Вольтердің еңбектері ерекшеленеді. Вольтер ең алғаш діни фанатизмді, феодалдық абсолютизмді, наным сенім мен адасушылықты, билік пен заңның қателіктерін сынға алады. Вольтер шынайы діннің жақтаушысы болды. Шынайы дін деп, ол жалпы адамзатқа ортақ моральдік принциптерді айтады. Вольтердің ойынша, моральдің басты принципі моральдің басты принципі ертедегі данышпандардың «Өзіне тілемегенді, басқаға жасама» атты нақыл сөзіне негізделген. Вольтер шығармашылығы философияны басқа ғылымдар сияқты қолданбалы сипатының бар екенін айқындауға негізделеді. Вольтер 1791 жылы Париждегі ұлы адамдарға арналған Пантионда жерленді.

Жан-Жак Руссо да Вольтер сияқты француз ағартушылар өкілінің бірінші толқыны. Ол адамдар арасындағы теңсіздікті жеке меншік пен мемлекеттік құрылымның теріс жағынан көреді.Ол адамдарға табиғатқа оралуды ұсынады.Ғылымды жақтаушы – цеинтист, жақтамаушы – антицеинтист. Бірақ кейіннен көзқарасын біршама өзгертіп, қоғамдық келісім шартты орнату адамдар арасындағы теңсіздікті жоя алады деді. Заң шығарушы билік, оның ойынша, халықтың иелігінде болуы керек. Бұл жерде ол халық тәуелсіздігін қорғайды. 18 ғасыр Француз ағартушылар философиясының шыңы Дидро және Гольбах болып саналады. Дидроның 35 томдық идеясы ағартушылық шығармасфының айқын белгісі. Гольбах пен Дидро сияқты алғашқы энциклопедистер 1770 жылы «табиғат жүйесі» атты еңбегі библияның материализмі есебінде қабылданды.Гольбах материалист болғандықтан, материяны рухани өмірден тәуелсіз өмір сүреді деді. «Ең қиын феномен адам санасына түсіндірме бермек болғанда, оны табиғаттың модификациялануы», - деп түсіндіреді(Гольбах). «Материяның өмір сүруі - қозғалыс» (Гольбах). Қозғалысты ол механистік, химиялық, биологиялық деп бөлді.Оның ойынша, табиғат – бүтіндік, ол себеп салдардың жалғасы деп түсіндіреді.Сондықтан бұл жерде дінге орын жоқ деген. Гольбах – атеист. Барлық құбылыстар қажетті және де ол заңдар объективтілігінің салдары дейді. Оның ойныша, кездейсоқтық табиғатта жоқ. Заттардың тәртіппен орналасуынан жер бетінде өмір пайда болды. Ең жоғарғысы Адам өмірі деген.Оның ойынша, идеялар адамның тәжірибелік іс әрекетінен туындайды.

33. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы. Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының (З.Фрейд) көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды.Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды.Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенін байқайды.Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды.Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады.Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с.көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді.Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер» деген ұғыммен береді.Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуу механизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.

34. Артур Шопенгауэр философиясы. XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың қалыптасуына үлкен әсер етті.Сезімдік түйсінуді, немесе ақыл-ойды өз концепцияларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағытгар пайда болды.Осы ағымдардың көрнекті өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.). Негізгі еңбектері: "Әлем жігер(ерік) және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер туралы"," Афоризмдер мен максималар" т.б.Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект, немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін зерттей келе таным субъектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды.Жігер әр уақытта рухани акт.Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер; 2) әркімге белгілі — саналы жігер, яки дененің өзіндік болмысы. Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жігер объективті тұрғыда — табиғат және адам денесі ретінде бейнеленсе, субъективті тұрғыда — саналы жігер ретінде көрінеді.Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мәні.Мысалы, өсімдіктің өсуін жетелеуші күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, барлық материалдық деңелерге тән салмақтылықтың арқасында оларды жерге тартатын күш те — жігерге жатады.Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр.Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып білуге болмайды.Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілетіндіктен кеңістік пен уақытта индивидуациялық қағидада (әмбебаптық жалпылықты жігердің жеке және ерекшеленген денелерге бөлгеннен кейінгі олардың өмір сүруі) бағынады және соның арқасында өмірлік жігерге айналады.Өмірлік жігер рухани акт болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі, немесе өзіндік себептерді (мотив) таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді.Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса өзін-өзі құртатын, өзіндік себептерді таңдап алуы мүмкін.Мұндай қарама-қайшылық ивдивидуациялық қағидадан туындайды.Индивидуацияға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды түсінгенде, адамға әділеттілік пен жанашырлық қасиеттер пайда болады.Ал жанашырлық әдеіттіліктің негізі.Жанашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән.Ал, индивидуацияның салдары өмір қасіреттеріне әкелсе, онда одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол өмірге құштар жігерді құртып, индивидуациялық қағидадан құтылу.Жігер өз алдына жете алатындай мақсат қоймайды және түпкілікті қанағаттанарлыққа, бақытқа жетуге қабілетсіз, сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның жалғыз мәні ғана.Кеңістік пен уақыт арқылы белгіленген объектілерді, себептілік қағидасын басшылыққа алған ғылымдар қарастырады.Ал өнер данышпандары, өздерінің фантазия күшінің арқасында мәңгілік идеяларды танып-біліп, оны поэзияда, бейнелеу өнерінде, музыкада көрсете алады.Ал музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше бөлек, себебі онда тек идея ғана бейнеленбейді, сонымен қатар, ол әлемдік жігердің бізде тікелей объективтендірілуі болып табылады.

35 Ақиқат,тәжірибе теориясы Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс.Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті.Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты.Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі.Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

36 Дін және ғылым Дін.Марксизмге дейінгі атеистер ─ XVIII ғ. Француз материалистері Гольбах, Гельвеций,Дидро т.б, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауъшан шықты деп түсіндірді. Сондықтан оны діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.Марксистік тарихи материализм діннің шығуын,оның мәні мен қоғамдық рөлін бірден-бір ғылыми түрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты діннің де шығу себебін адамдардың материалдық түрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс қүралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды, төуелді болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, қақыраған аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық,қуаңшылық,түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат қүбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғатган, адамнан тыс түратын ғаламат күштердің салдары деп білді. Сөйтіп,адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп,"Қүдайға" айналдырды.Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Ғылымды қуғынға салды.Ғылым.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі.Ғылымның мәнін тусіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелендіру ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролін білу қажет.Ғылым дегеніміз табиғат және қогам күбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтерілген білімдер.Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес.Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүралдарын да қам-тиды.Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пөнімен анықталады.Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар.Ғылымның міндеті осы зандарды танып білу.

37 Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі педагог –жазушысы Ы Алтынсарин(1841-1889) Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уалиханов сияқты Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылық деп сенді және Қазақстандағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араластыЫ Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналғаншығармаларында дүнеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды Ыбарайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелері оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз Өзен өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес сонымен бірге оны адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі.Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы екіншіден Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп білген.Бұл ойды ол көптеген шығармаларында келтіріп отырады. Мысалы Жаратқан мұнша тасын жаббар құдай!Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым! Деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдық тұтқасы !бүкіл дүниені , жан жануарларды атай келіп Мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ , ққсасы жоқ бір Құдайдың барлығына , бірлігіне хәм кеміл жаратушы халық – қадір екеніне дәлел болса керек деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды сонымен бірге дүниені жаратушы Құдай деп біледі Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.Кей зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материялист дінге қарсы болған деп айтып жүр. Нақтвы қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардң уағыздайтын дінің озбыр түріне қарсы болған НИ ИЛьиминскиге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдадаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.Мұндай дүмше молдалардың ақыл парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.

38 Сцентизм және антисцентизм ХХ ғасыр – ғылыми техникалық революция дәуірі Осы ғылымдық дамуға байланысты 2 бағыт пайда болды .Біріншісі сцентизм деп атайды(лат ғылым) ол бағыт ғылымға ғылыми тех прогресске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді оның өмірін жеңілдетіп жақсарьады. Бұл бағыт ХХ ғас 2 жартыснда дүниеге келді .Оған көптеген жаңа ғылымдардың жаңа техникалардық технологиялық әдістерін компьютердің т,б. Дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентризм деп аталды.Ол ғылымғы сенбейді.Ғылыми техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тотолитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың сансын ол қыспақта ұстайды ойлау жүйесіне шектеу салады деп есептейді. Техника адамдардың барлық іс қимылын ойын бақылайтын автоматтарды есептегіш машиналарды жасанды интелектіні дүниеге әкеледі. Осылардың бәрі адамды тірі , жанды автоматқа айландырды. Оның ерекшілік қасиеттрін сөндіреді дейді. Бірақ сол ғылыми тех прогресс капитализмге дем беріп оны тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше капитализм – мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл – мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселе басқа тұрғыдан келсек бұл екі бағыттың екуі де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана .Сөйтіп ирационализм сайын келгенде мистикаға жоққа сенуг де ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап жақтауға не даттауға болмайды.

39.Философия және саясат Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қоғамдық қатынастар саласы.Саяси идеологияның ерекшелігі сол, ол күресуші таптардың негізгі, түпкі мүддесі — экономикалық мүддесін бейнелей отырып, олардың бір-бірімен қатынасын, мемлекетгік өкіметке деген көзқарасын, сол қоғамның сол даму сатысындағы әлеуметтік-саяси қүрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекетгерге деген көзқарасын т.б. көрсетеді. Әрбір таптың саяси көзқарасы сол таптың мүдцесінің рухани көрінісі болып табылады. Тапсыз саяси идеология болған емес және болмайды да.Кез келген қанаушы таптың түпкі мақсаты өзі үстемдік жасап отырған кездегі экономикалық базисті сақтап, нығайта беру, демек, қаналушы таптың қарсылығын басып, қанауды күшейте түсу.Үстем таптың саяси санасының мазмүнын анықтайтын, міне, осымақсат.Мәселен, буржуазияның саяси идеологаясына капиталистік қоғамның экономикалық және саяси қатынастарын, буржуазия өкіметін нығайту идеясы тән.Қоғамда таптар жойылса, онда саяси идеология мен қүқық та жойылады.Ол кезде қүқық пен моральдық нормалардың арасында айырмашылық болмай қалады да, қоғамдағы төртіптерді орындау моральдық нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.Мәселен, алғашқы қауымдық коғамда дәл солай болды.Саяси идеология мен қүқық қоғамдык, сананың барлық формаларына күшті әсер етеді.Саяси идеология таптардьщ түпкі мақсатынын тікелей керінісі, экономиканың түйдектелген көрінісі болғандықтан, ол қоғамдық сананың барлык формаларын біріктіріп, олардың коғам дамуындағы роліне бағыт береді.

40 ФНицшефил.ның ирроционолистік сипаты. (1844-1900)ШопенгауэердіңжігертуралыілімінарықарайдамытыпөзініңБиліккеұмтылғанжігердегенконцепциясынқұрды. Негізгі еңбектері: Музыка рухынан трагедияның туындау, Билікке ұмтылған жігер, Зара туштра осылай деген т.б. Оның пікірінше өркениет пен мәдениетте құлдырау процессі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес жалпы қоғамтану. Ілімінің қоғамда болып жатқан құб дұрыс түсіне алмауы басты себеп тердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің Өмір дегеніміз күрес заңын алды. Осы идеяны ары дамытып отырып осы деген тұжырым жасады.Осы өмірдің қиыншылықтарына соқпақтарына қарсы тұра алатындай АСА КҮШТІ АДАМ идеясын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты.Тек осындай адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке қмтылуға құқылы, сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін қоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерін мойындамай жақсылықтан да жамандықтан да аулық жүреді. Оарды тобырдан ерекшелейтін қасиеттері – алғырлық , жан жақты дамықан әдемілік, өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігерлік. Билікке жету, өз мақсаты мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін адамшылдыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы өажымас күрес жүргізулері керек.Оның ойынша абсолютті болмыс жоқ.Болмыс дегеніміз – бұрын болған сансыз қайталанған құбылыстарың мәнгілік айналымда болып қалыптасуы.Осы тұрғыдан ол Гегельдің абсолюттік идеясын аза ақыл ойын сынңа алып, адамның иррацональдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі.Олар инстинг пен жігер.Осы қасиеттердің ең маңыздысы – жігер.Себебі ол әрі әмбебап жалпылық аболют, әрі барлық денелердің түпнегізі.Демек материалдық денелердің өмір сүруі осы түпнегіз бен абсолют жігердің арқасы.Идеялары кеиінгі кездрі саяси оилар мен практикаға үлкен әсер етті.Мысалы Гитлер Ницшенің ілімін езінің іс әрекеттерінің теориялық негізі деп есептеді.

41.Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды.Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды.Абайдың дүниеге көз қарасы ойы мен қыры мол, күрделі.Оны біржақты бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес.Дүние туралы пікіріне келетін болсақ, диезмге жақын дедік. 1- ден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігің қуаттайды. Мысалы, 43- қара сөзіңде адам «..көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді. Сонымен бірге көптеген өлендеріңде, 38-і сөзіңде жан-жануарларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды алла жаратты деген екен.Өлендері мен қара сөздеріңе зер салып қарасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіңдік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз.Ендеше, философияның негізгі мәселесі Абай шығармалрында кенінен талқыланды деуге болады.

Наши рекомендации