Мәтін түзуші құралдар және мәтін тұтастығы

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар – мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу әлі де өте маңызды мәселелердің бірі.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді.Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – тыңдаушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы тыңдаушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтіннің стильге қатыстылығы да ескеріледі . Сондықтан мәтінмен жұмыс істеудің стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстарына ерекше тоқталып өтсек. Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан 20 Вестник ПГУ №2, 2010 танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық- стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі. Осы айтылғандарды қарастырып көрелік. Біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екеңдігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер – синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер. Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері мүмкіңдігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың мол болуына мүмкіндік беретіңдей күйде жасалады. Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтіңде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады. Үшіншісінде, мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функционалды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіңдік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек. Төртінші, мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функционалдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады: серия ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ 21 Мәтіннің бесінші белгісі – сөйлеудің функционалдылығы. Сөйлеуде сипаттама, хабарлама түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық- жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады. Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі – оның эмоционалдық бояулылығы. Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіңдер: а) ресми, ә) ресми емес, б) бейтарап болып бөлінеді. Экспрессивті мәтіндер өз ішінде: 1) экспрессивті-стилистикалық белгілері бар және 2) бейтарап мәтіндер болып бөлінеді. Осының ішіңде, экспрессивтік- стилистикалық белгісі бар мәтіндерге: көркем, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, ғылыми (пікірталастар), құттықтау, қарсы алу сөзі сияқты ресми мәтін түрлері жатады. Ал бейтарап мәтіңдерге: ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық стильдің кейбір жанрлары, хроника жатады. Әдістемеші- мамандар әдістемелік тұрғыдан мынадай етіп бөлуді ұсынады: 1) оқуға; 2) тыңдауға; 3) ауызекі сөйлеу тілін дамытуға; 3) жазба сөйлеу тілін дамытуға арналған мәтіндер. Тұжырымдай келгенде, тыңдаушылардың дүниетанымын дамыту мен қалыптастырудың арнайы мақсаттары көзделіп, түрлі өмір, ғылым салаларынан арнайы мәтіндер талданады. Ғылыми мақсат та сол бағытта болады. Ал тіл дамыту мәтіңдер бойынша шығарма, мазмұндама, жоспар, эссе, мәтіңді талдау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі стильдердің қайсысын болсын, тыңдаушы мүмкіңдігінше жетік меңгеруі керек. Ал жазбаша тіл ұстарту жұмыстары стиль тармақтарының ерекшеліктерін тани отырып, сол бағытта құра білу дағдысын қалыптастырады.

Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты.

ДЕБИЕТТЕР

1. Т.М. Әбдікәрімова. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы. - Павлодар, 2007, 27б.

2. А. Жапбаров. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері. -Алматы, 2007. - 120-122 бб.

3. З.И. Клычникова. Психологические особенности обучения чтению на иностранных языках. - Москва, 1983 - с. 159.

4. А. Жапбаров. Қазақ тілі стилистиксын оқыту методикасының негіздері. - Алматы: «Қазақ университеті», 1991. - 10б.

Наши рекомендации