Таным денгейлері мен әдістері
Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады.
Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін кұрайды. Олар - эмпирикалықжәне теориялықбілім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Қайсыбір зерттеу эмпирикалык сатыдан, яғни ғылыми деректерді жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі, өйткені ол «tabula rasa» - таза тақта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін объект жөнінде белгілі бір пікір, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.
Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелік білімді ұғым, тұжырьш, заң т.с.с. ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялык таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз.
Енді теориялыкбілімінің құрылымынакелер болсақ, оларға проблема(мэселе), гипотеза(болжау), теория, заңдыжатқызуға болады.
Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді.
Сондықтан кейбіреулер проблеманы - білмейтінімізді білудейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс жөнінде екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы кайшылык т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі - оны дұрыс қоя білумен байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, проблеманы айқын сезіну қажет. Шешілген проблема ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады.
Гипотеза (болжау)-- белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол - осы Дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде - адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы - осы Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс» (Grand Explsion) гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын сияқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі гравитация күші арқылы тартылып, яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады. Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптыләғын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нэрсе - осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos - құдай, sofia - даналық) Е.Блаватская өзінің «Құпия дикторина» деген еңбегінде айтқан болатын.
Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп гипотезалардың ішінен академик Опариннің «каоцерваттық», яғни алғашқы көп минералдық тұздар еріген жылы мұхитта күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі гипотезаларды біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.
Әрине, жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметгік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты гипотезалар ғылым дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.
Теория- зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі мән-мағынасын ашатын, практика аркылы дәлелденген, кайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі.Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдык моделін (үлгісін) жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың аркасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, кұкықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Танымның практикалық табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді канағаттандырып кана қоймайды. Оның негізгі мақсаты өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты орасан-зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.
Заң - зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарынкөрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.
Енді таным методологиясынталдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
1. Жеке ғылым әдістері
2. Жалпы дүниетану әдістері
3. Ең жалпы (универсалды) методологиялар.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. Ол - оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с, бар, физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласыңда белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.
Ғылымныңэмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз (107-6.)- Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдала-нылады.
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, модельдеу, тарихтык және қисындық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады.
Абстрактілеудегеніміз зерттеліп жаткан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалпылау- жинақталған жактардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде үғымдану.
Анализ - зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Синтез- заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция- белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу аркылы жекеліктен жалпылықка өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әркашанда толық емес.
Дедукцияжалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика,
юриспруденция, қисында қолданылады.
Экстраполяция- белгілі бір жеке ғылымнын әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы турде).
Модельдеу- кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Тарихтықжәне қисындықәдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда баска заттардың оның даму жолын қалай бұрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен коғам өмірін зерттегенде кеңінен колданылады. Мысалы, тарихи әдіс аркылы Қазак елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілер-дін болғанын, бүгінгі танда қандай деңгейге көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз қыскартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.
Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеуәдісі - ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннін бәрін біз түйсіктеріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.
Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін абстрактілік ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін категориалық (ұғымдық) жүйе жасалуы кажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі оның абстрактілігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы бар абстрактіліқ демократия теориясы бар. Ал осы демократия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес менталитеті (ой өрісі) т.с.с. бар. Сондыктан Қазақ еліндегі демократиялық үрдістің нақтылы теориялық моделін жасау үшін, сол абстрактіліқ ұғымдарды пайдаланып, абстракті-ліктен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.