XIX ғ. волюнтаризмі: А. Шопенгауэр, Ф.Ницше

Волюнтаризм – болмыстың түпнегізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт.

Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.

Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан — 1900ж. 25 тамыз) — ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Басты философиялық идеялары "Үстемдік еркі", "Бірегей", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі", "Tschandala", "Тіршілікті ұлықтау", "даралықтың тәуекелшілдігі", "Ақырласқан адам", "Дегдарлық және құлдық мораль" қатарлы ұғымдармен байланысты. Ф.Ницше бойынша адам, бір жағынан тек жәндік қана, ("жер бетіндегі бір түрлі ауыру түр"), ал екінші жағынан алғанда әрі бағалаушы, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Оның шығармалары дінді, этиканы, эстетиканы, қазіргі мәдениет пен философияны, өнер мен ғылым салаларын жалпы беттік сынау мен қайта таразылауға негізделген. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып[1] , түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды. Оның қазіргі заман мәдениетіне ықпалы ерекше болды, әсіресе XX ғасырдағы экзистенциализм , постмодернизм, постструктурализм (Деконструкция), Герменевтика ағымдары Ф.Ницшені өздерінің тікелей ұстазы деп біледі және кейінгі көптеген философиялық, психологиялық, мәдени, әдеби, саяси теория жасаушылар арасында Ф.Ницшенің ықпалына ұшырамағандары кемде-кем. Ф.Ницше идеялары кейінгі неміс фашизміне тікелей қатысы жоқ, әйткенмен олардың Ницше идеяларын өз мақсаттарына бұрмалап пайдаланғаны байқалады.

№76. XIX Ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары: Cлавянофилдік және батысшылдық

Орыс философиясының ерекшелігі мен дәстүрі. Славянофилдер мен еуропашылдықтар. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-ХVІІ ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-с Кезеңі Қарастырған мәселесі Өкілдері көптеген идеяларын бойына сіңірді.

Алғашқы кезеңі – XI – XҮІІ ғғ. бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесе орыстың ортағасырлық философиясы деген атауларға ие болады. Кезеңнің Ерекшелігі КиевтікРусьтің 988 ж. христиандық дінді қабылдауымен байланысты. Орыс философиясы славян халқының мәдениеті мен дүниетанымының ерекшеліктерімен және Византиялық православиялық философия және Антикалық философиялық идеялармен байланысты болды. * адамгершілік және мораль; * христиандықты уағыздау; * мемлекет, құқық, * табиғат * орыстық руханиятты сақтау; * азатттық үшін күрес; * мемлекет құрлысы, * таным. Орыс мәдениеті мен философиялық дәстүрінде ІХ ғасырда Кирилл мен Мефодий

жасаған жазба тілі өзіндік рөл атқарды. Иоанн Дамаскийдің «Білім қайнары», Иоанн Болгарскийдің «Алты күн» Владимир Мономах «Поучение» митрополит Илларион «Ізгілік пен заң туралы сөзінде» Монах Филарет (ХVІ) «Москва – үшінші Рим» Климент Солятич «Пресвитер Фомаға жолдама» Филипп Пустынник «Плач»

Екінші кезеңі XVIII ғ. ағартушылық дәуір философиясы * саяси-әлеуметтік мәселелер * соғыс және бейбітшілік; * таным; * құндылықтар; * ағартушылық, * деизм, * басыбайлылыққа қарсылық. Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, Дмитрий Кантемир, М.В. Ломоносов «Жер қабаттары туралы», «Жылу мен ыстықтың себебі туралы толғаныстар», А.Н. Радищев «Тобылдағы досқа хат», «Еркіндік ордасы» «Ф.В. Ушаковтың тұрмысы», «Петербургтен Москваға саяхат», «Адам, оның өлімі мен мәңгілігі»

Үшінші кезеңі ХІХ ғ. орыс философиясы Декабристер, батысшылдар мен словянофилдер, революцияшыл-демократиялық, либералды философия Декабристер: * табиғи құқық, * құқықтық құрлыстың қажеттілігі, * басыбайлылықты жою, * адамның жееке бас бостандығы, * самадержавиені республикамен алмастыру Декабристер: П.Пестель Н. Муравьев, М.Лунин, В. Кюхельбекер, И. Кереевский Тарих философиясы * Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тарихына әсер ететін алғышарт – география деп санады. * крепостнойлықтың, орталық биліктің деспоттығының тереңінен тамыр жаюы Ресей территориясының кеңдігінен П.Я. Чаадаев Философиялық хаттар“ „Жындының апологиясы“. деп есептеді. * католиктік Батысты Ресейге үлгі ретінде ұсынды және Ресейдің Батыстан ерекшелігі оның ғаламдық миссиясында жатыр деп есептеген. Славянофильдер * Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді. Ресей ешқашан Батысқа бет бұрмай, ондағы индивидуализм, рационализм, екіге бөлінушілік сияқты идеяларды ескермеуі қажет дегенді ұсынды. * қоғамдық дамудың принципі православия, халықтық самодержавиясы болуы керек. * Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой. * қоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмірқоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмір. * Ресейдің ерекше рөлі христиандық шіркеудің ақиқат ілімі, православияны ұстануында жатыр. Әрбір А.С. Хомяков, К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин, А.Н. Островский. мәдениет халық ұстанатын дінмен айқындалыды. Батысшылдар * Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды. * Олар Батыстық даму жолы - бұл жалпы адамзат өркениетінің жолы деп айқындады. Олар үшін рухани идеал –католиктік сенім. * Батысшылдар арасынан орыстың революцияшыл демократтары шықты. П.Я. Чаадаев, Грановский, К.Д., В.Г. Белинский А.Г. Герцен «Кім жазықты», «Табиғатты зерттеу туралы хат», «Табиғаттағы адамның орны туралы» Революцияшыл-демократиялық философия * әлеуметтік-саяси бағытылығы болды. * саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды Н.Г.Чернышевский «Философиядағы антропологиялық принцип», Ф.М. Добролюбов, Д.И. Писарев, т.б. Халықшылдар ХІХ ғасырдың 60-70 жж. * орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясы * Орыс социализмінің экономикалық және рухани негізі орыс шаруаларының қауымы деп есептеді. Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров Діни философия * орыстың келешегі

капитализмде, социализмде де емес ұлттық дәстүрде деп түсінді. * Дін –мемлекет тарихымен қатар, адам тағдырында да маңызды рөл атқарады. Ф.М. Достоевский «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар», Л. Н. Толстой * еркіндіктің жолы – Жаратушының бұйрығына мойынсыну. * Құдай әлемдегі адамгершіліктің түпкі негізі болып табылады. (Достоевский( Либералды философия * Ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы болды. Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық – София кейпімен түсіндірген. софия – бұл әлемнің жаны. Әлем жаны Жаратушы мен жаратылысты байланыстырып, Құдай, Әлем және Адамзатты біріктіреді. * Құдайадам идеясы барлық индивидттер ұмтылатын мұрат болуы тиіс. * соборлық, біртұтастану және адамның абсолютті құндылығы. Соборлық дегеніміз-адамдардың бір-біріне және құдайға деген сүйіспеншілігі негізінде бірігуі. * адамның діни және әлеуметтік өмір сұраныстарын христиандық дін атқаруы тиіс деп есептеді. В. Соловьев (1853-1900 жж.) “Өмірдің рухани негізі”, “Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, “Табиғаттағы сұлулық”, “Сүйіспеншіліктің мәні”

Төртінші кезеңі ХХ ғ философиясы Діни философия * дін мәселесі, шіркеуге біріктіру, бұл арқылы қайғы-қасіреттен арылу (С.Н. Булгаков) * Шіркеу қоғамның рухани орталығы ретінде адамдарды діни негізде біріктіреді. Бірқұдайлық пен аскеттік өмір салтына жасау арқылы, әлемді өзгертуге қабілетті рух бостандығына үміт ету (Н.А. Бердяев) * дүние өзара байланыстар мен қайшылықтардын Діни филсофиясы (ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. басы) өкілдері С.Н. Булгаков, П.А.. Флоренский, Н.А. Бердяев : “Бостандық философиясы”, “Шығармашылықтың мәні”, “Өзіндік таным”. тұратын тұтастық бұл – Құдайдың жалғыздығы мен беріктігінің белгісі (П.А.. Флоренский) Космизм * адам мен ғарыштың берік байланысы * тіршілктің үздіксіз эволюциясы * адамның ғарыштық табиғаты және жасырын рухани күщі, * адамның рухани мәнәнің ажалсыздығы; * ғарыш сансыз көп монадалардан тұрады, жер бетіндегі өркениет монадалардың өзара байланысы, өмірі арқылы іске асады (Н.В. Бугаев) * ноосфера – адамзат пен табиғат арасындағы байланыстан туындағын ақыл-парасат сферсы. Ноосфера кеңейеді, болмастың басқа сфераларын қамтып, ғарышқа таралады (В.И. Вернадский) * болмастың жоқтан бар болмайтынды, материяның мәңгілігі және негізі атомдар. Жер бетіндегі өркениеттен де басқа өркениеттер бар, өйткені космос – жанды. Адамзаттың космосты толық игеру, болашақта планетааралық өркениеттердің қатынасы болатындығына сену (К.Э. Циолковский) * космостық биология - тіршілк сферасы дамудың ішкі себептері, ғарыштық сфера сыртқы себептері болады. Жер бетіндегі өзгеріске әсер ететін – Күн. (А.Л. Чижевский) Н.В. Бугаев, В.И. Вернадский, К.Э. Циолковский, А.Л. чижевский Маркстік философия * қоғамдық саяси құрылымды өзгертуге байланысты практикалық бағыт * диалектикалық материализмді насихаттау * тарихтың материалистік түсінігін жалғастыру * әлемнің танылатындығы мен объективті шындықтың тіршілік принциптерін ұстану. Г.Плеханов «Социализм және саяси күрес” В.И. Ленин Ғылыми-жаратылыстық философия * Материалистік – болмысты жаратылыстану ғылымдар тұрғысынан қарастырды. Атаомдар құрылысының күрделігін, көптүрлілігін анықтады. Сананы материалистік тұрғыдан тұсіндірді. * Саяси-әлеуметтік бағыты қоғам мен табиғатты көпфакторлы біртұтас құбылыс деп қарады. Қоғам дамуына ықпал ететін географиялық, климаттық, экономикалық және т.б. факторлар, қоғам объективті заңдарға тәуелді. Материалистік бағыт Сеченов, Менделеев, Тимирязев. Саяси-әлеуметтік бағыт Мечников, Ковалевский Кеңестік дәуір философиясы * кеңестік дәстүрдің мықтылығы Н.И. Бухарин, А.Багданов, А.Ф. Лосев, Л. Гумилев, М. Мамардашивили. В. Асмус, Ю.Лотман.

Славяншылдық, словянофилдер — 19 ғ-дың 40 — 50 - жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық ағым. Славяншылдық қоғамдық ой-пікір ретінде Ресейдің өзіндік тарихи даму жолы, ұлттық ерекшеліктері бар екендігін дәлелдеп, қорғау мақсатын көздеді. Олардың қарсыластары батысшылдар болса жалпыадамзаттық тұтастық көзқарасы тұрғысынан жалпыға ортақ тарихи даму үрдісі бар, сондықтан Ресейдің де батыс жүріп өткен жолды басып өтуі тиіс деп білді. Бұл өзара қарсы көзқарастар олардың арасындағы негізгі қарама-қайшылық болғанымен, бұл ымырасыздықтың терең философиялық тамыры, саяси мәні болды. Славяншылдық пен батысшылдық арасындағы тартыс бірімен-бірі ымыраға келмейтін жеке-жеке екі дүниетанымдық көзқарас қайшылығы болды. Славяншылдық дінді тарихи даму мен қоғамдық тұтастықтың негізі деп білген діни ілім болса, батысшылдар тарихи және филос. ғылымдардағы секуляризмге табан тіреген дінсіз көзқарас еді. Славяншылдық өз бастауын 19 ғ-дың 30 — 40-жылдарындағы И.В. Киреевскийдің, А.С. Хомяковтың, Ю.Ф. Самариннің еңбектерінен алып, [[Мәскеу]дегі] орыс ақсүйектері арасындағы талас-тартыстарда қалыптасты. Бұл пікірталастарға А.И. Герцен, Ш.Аксаков, А.И. Кошеловтар да қатысып, осы тақырыпқа өз шығармаларын арнады. Славяншылдық философиясының негізгі сипаттары, біріншіден, ақиқатты тану мүмкіндігі тек сезім арқылы, ақыл немесе сенімді жеке алғанда жүзеге аспайды, олардың тұтастығына жеткенде ғана мүмкін. Ақиқат ілімге жеке адам емес, шіркеулік топтың санасы ғана жетеді. Екіншіден, Славяншылдық адамның ерік-жігеріне назар аударып, адамдардың ар-ұятын тәрбиелеуге ден қойып, мемл. құқықтық реттеуді жоққа шығарды. Үшіншіден, тарихи дамуды, тұрмысты, мораль мен ой-пікірді анықтайтын тек діни сенім деп білді. Сондықтан ақиқат дін және шіркеу ұғымы олардың негізгі көзқарасы болды. Олар тек христиан дүниетанымы мен проваслав шіркеуі ғана адамзатты құтқарып, шындыққа бастай ал ады деп білді.

Батысшылдық бағыты Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт- бұл батысшылдық.Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен,Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин , Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский,И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.Батысшылдар Ресейдің «Еуропаланды ру» идеясын насихаттады және қорғады.Олардың пікірінше , ел Батыс Еуропада бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде зкономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық- идеологиялық ағымы болып табылады.Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді.Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.Славянофильдіктің негізін қалаушылар:А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды.

Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» яғни православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» ғана православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды.Жоғарыда аталғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші ролін бекіту болып табылады.Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.

Наши рекомендации