Позитивизмнің негізін салушы О. Конт қарастырған философиялық мәселелер қандай?

Конттың ойынша, ғылым - белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр. Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - XIV-XVIII ғғ; 3. позитивтік саты - XIX ғ. бастан пайда болады.«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизикалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілікпайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактіліқ алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, pyx т.с.с.) Үшінші позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшілдік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.

3. Болмыс - онтологияның пәні. Болмыстың негізгі түрлері және олардың арасындағы байланыстар. Болмыс туралы ілімді философияда онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс – бар болып, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын, құбылыстардың нақты өмір сүруін білдіретін категория. Болмыс категориясының ауқымы басқа ұғымдардан кең. Дүние бар, ол шексіз, өткінші емес, біртұтас. Дүние адамның санасынан тыс және оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде өмір сүреді. Әрине, бұл бірлік көптүрліліктен көрініп тұрады. Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ойлау – дүниенің бірлігі неде деген мәселемен шектелмейді. Болмыстың философиялық мәселесінің екінші қоры: табиғат, қоғам, адам, сана – бәрі де тұтас алғанда тең өмір сүреді. Ал, бұл өмір сүрушілер формалары жағынан әр алуан. Бар нәрсенің өмір сүруі – дүниенің бірлігінің алғышарты болып есептеледі. Болмысты жалпы түрде нақты және идеалды деп бөлуге болады. Нақты болмысқа кеңістіктік пен уақыттық сипаттағы заттардың, құбылыстардың және адамдардың нақты өмір сүруі жатады. Идеалды болмыс уақытқа тәуелсіз, өзгермейтін мәңгілік сипатқа ие. Оған: рухани құндылықтар, идеялар т.б. жатады.. Кейде идеалды болмысты ақиқат болмыс деп атайды. Қорыта айтқанда, «болмыс» категориясы, философияны басқа категориялар сияқты дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, карастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың бір бірімен өзара байланысты, негізі 4 түрі бар: 1. Заттар мен процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен адам жасаған заттар болмысына жіктеледі; 2. Адам болмысы – ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3. Рухани болмыс; 4. Әлеуметтік болмыс.

Емтихан билеті № 4

1. Діни-философиялық Буддизм ілімінің негізгі ұстанымдары(принциптері) қандай? Буддизм – ежелгі үнді философиясының басты бағыттарының бірі. Бұл - философиялық ілімнің негізін қалаған Сиддхарта Гаутама (б.э.д. 563-483). Гаутама жастық шағында бақытты өмір сүрген. Кейіннен өмірдің қайғы, ауру, қиыншылық секілді жағамсыз құбылыстарына тап болғаннан кейін, адам өмірінің азап, қайғыға толы екеніне көзі жетіп, оны қайғы – қасіреттен құтқару жолын іздейді. Буддизм ілімі негізі бойынша, өмірдегі азап, қасіреттен құтылу үшін төрт қасиетті ақиқатты білу керек. 1. өмір – қасірет. 2. Қасіреттің себебі бар. 3. Қасіретті жеңуге мүмкіндіктер бар. 4. Қасіретті жоюдың әдісін көрсететін жол бар. Қасіреттің басты себебі – құштарлық. Адам қасіреттен құтылу үшін алдымен, құштарлықтан құтылудың жолын тауып, нәпсісін тию керек. Ол үшін адам әр түрлі әдетілік қағидаларды сақтап, жанды тазарту керек. Адам адал еңбек етіп, дүниенің жалған, уақытша екенін түсініп, өтірік айтпай, біреуге жамандық жасамай, адам туралы жаман ойламай, өзін-өзі тазарту керек. өзімен – өзі күресу керек. Сонда адам құштарлықты жеңіп, нәпсісін тазарып, ең жоғарғы деңгей – нирванаға жетеді. Нирвананы - мокшаның (яғни босанудың) бір түрі деуге болады. Нирвана жанды осы дүниеде қасіреттен азат етеді. Оған жеткен адам ең құрметті, қадірлі адам. Нирвана – ең жоғарғы ләззат. Оны сезім мүшелерімізбен танып, сезе алмаймыз. Нирвананы тек дұрыс жолмен жүрген, алдамшы, өткінші қызықтан бас тартқан, ойын, жанын тазартқан адам ғана танып, сезе алады. Жайнизм – көне үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі.

2. Сезімдік және рационалды таным. Олардың негізгі түрлері. Философиялық концепцияларда танымның екі түрі бар: сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету) рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым). Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғагқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері: Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады. Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады. Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады. Рационалды таным түрлері: Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді. Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін. Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады

3. ХХ ғасырдағы класссикалық емес философиядағы З. Фрейдтің бейсаналық ілімін талдап көрсетіңіз. З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір невроз ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны бисаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің «психоанализ» әдістерін жасап, біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп, ол психоанализдің негізгі қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды. Сонымен бейсаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өміріне, қоғамға тигізетін әсерін зерттеу - Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тілектері мен құштарлықтары бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсінде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбір дене қозғалысында т.с.с. көрініп қалады. З.Фрейд бейсаналықтың шеңберінен екі негізгі инстинктерді бөліп алады. Олар - «өмір инстинкті» - эрос, «өлім инстинкті» - танатос. Егер эрос инстинкті өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты, іңкәрліктін тудырса, танатос адамды өлімге қа­рай итеріп, оның агрессивтік, қанішерлік, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған іс-әрекетін тудыруы мүмкін.Дегенмен 3.Фрейд бейсаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептеді. Әңгіме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркіне көндіруге мүмкіндік алуда болса керек. Сонымен бейсаналықтың екі негізгі инстинктін мойындау, бір жағынан, шығармашылық жолмен дүниені қайта құру, екінші жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтің ізін қуған ғалымдардың еңбектерінде неше түрлі қайшылықтарды тудырды. Олардың көбін З.Фрейдтің бисаналықтың өзегін жыныс энергиясына теңеуі қанағаттандырмайды.

Емтихан билеті № 5

Наши рекомендации