Неміс классикалық философиясы.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушысы – Иммануил Кант. Оның атақты еңбектері «Таза зердеге сын», «Практикалық зердеге сын», «Талқылау қабілетіне сын». Бұл еңбектерінде Кант трансцендентальды философияидеясын және жүйесінқарастырады. Трансцендентальды деп тәжіребиеге сүйенбейтін және тәжіребиеден тыс танымды айтамыз. Бұл сұрақтың төңірегінде И.Кант философияда «Коперникалық төңкеріс»жасайды.

Кант философияның негізгі сұрақтары туралы жазғаны: «Көптен бері ойлап жүрген жоспардың бірі – философияның маңызды мәселелерін қалыптастыру еді. Олар келесі сұрақтарға негізделеді: 1. Мен нені біле аламын? (метафизика) 2. Не істеуім керек? (мораль) 3. Не нәрсеге үміттенуім керек? (дін), және осыдан туындайтын 4-ші сұрақ: адам дегеніміз кім? (антропологияға мен жиырма жыл бойы оқыған дәрістерім арналады» ([7, 634]. «Кемелденген Канттың бірінші және соңғы сөзі – адам туралы. Кант критикасы тұлға өміріне қызығушылықтан туған. Коперниктік төңкеріс адам тағдыры туралы ойлаудан басталды» [8, 101].Кеңістік пен уақыт мәселесін зерттей отыра, Кант олардың субъективті екенін көрсетеді және априорлығын дәлелдейді. Канттың ойынша біз феномен мен ноуменді айыра білуіміз керек: біздің танымымыз феномендермен (құбылыстармен), яғни «біз үшін зат»-пен шектелген, ал ноумендер - «өзіндік зат»-тар - әлемін тану мүмкін емес. Канттан кейінгі неміс ойшылдары ноумен мен феноменнің арасындағы дуализмді анықтауға тырысты.

Канттың этикасы категориялық императив түсінігіне негізделген. Бұл – адамның қоғамдағы өз-өзін ұстау ережелері деп есептеуге болады. Адамның әр іс-әрекеті бүкіл қоғамға үлгі болу керек – осы максимаға сүйенсе адам категориялық императивті ұстанады.

Иоганн Готлиб Фихте философия тарихына субъективті идеалистік диалектиканың негізін қалаушысы ретінде кірді. Фихтенің философиясы бойынша Канттың «өзіндік заты» адамның «Мен» деген түсінігіне қатысты бола алмайды, өйткені ол тек ойлау қабылетіне тән түсінік. Фихте «Мен» және «Мен емес» категорияларын қарама-қарсы қоя отырып, оларды абсолюттік Мен-нің көрінісі деп есептейді. Жүйе түсінігі Фихте философиясында алғашқы рет даму ұғымымен байланыстырылады.

Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингтіңфилософиясы әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, өзінің жүйесіне келген жоқ. Фихтенің философиясынан кейін Шеллинг диалектикалық натурфилософияға кез болды да, көзқарасын иррационализмге келтірді. Шеллинг бойынша танымның ең жоғары деңгейі – бұл өнер. Шеллингтің философиясын трансценденталды идеализм деп атауға болады.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель Шеллингтің философиясына анализ жасай отырып, ойлау мен болмыс және субъект пен объект категориясының абсолютті екенін айқындады. Гегельдің философиясы панлогизмформасындағы пантеизм болып келеді. Шын мәнінде Гегель абсолюттік идеализмнің нақты және жүйелі түрін жасады. Гегель идеализмінің диалектикалық мінездемесі бар, сондықтан Гегельді объективті дииалектиканың негізін қалаушы деп атайды. Оның атақты триадасы (үштігі) келесі элементтерден тұрады: тезис – антитезис – синтез. Гегельдің абсолюті - рух немесе тірі субстанция болып келеді.

Гегельдің идеализмі мен рационализмін Людвиг Фейербах сынға алды. Фейербахтың ойынша, табиғатты логикадан шығаруға болмайды. Табиғат рухтың бейнесі емес, керісінше, рух табиғаттан шығады деп есептейді. Сезім арқылы қабылданатын материалды дүние логикаданда, теорияданда әлде қайда толығырақ болып келеді. Фейербах философия тарихына антропологиялық материализмнің негізін салушы ретінде кірді. Анропологиялық материализм негізінде адам мен табиғат жатыр, сондықтан, Құдай емес, адам философияның басты мәселесі болу керек.

Неміс классикалық философиясыабстрактілі философиялық мәселелерді қарастырумен шектеледі. Неміс классикалық философиясында философия,ғылыми таным теориясы, методология,логика диалектика ретінде қарастырылып,дамыды.Неміс философиялық философиясы-И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель және Л.Фейербах ілімдерінен туатын философиялық кезең. Неміс классикалық философия ХУІІІ ғ. аяғынан бастап ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін созылады және ол марксизмге дейінгі философиялық ой-пікірдің дамуындағы ең жоғары саты болып табылдаы. Оның қайнар көздері-неміс ағартушылығының идеялық мұрасы, Декарттың, Спинозаның, Лейнбництің рациолнализмі.Неміс классикалық философиясының негізгі бағыттары: дуалистік (И.Кант), субъективті-идеалистік (И.Г.Фихте), объективті идеализм (Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель) және материализм (Л.Фейербах) көрініс тапқан.

Неміс классикалық философиясы негізін салушы И.Кант болды. Оның басты еңбектері: «Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» , «Әлемнің табиғи тарихы мен теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау».Канттың творчествосы екі кезеңге бөлінеді:сынға дейінгі кезең (1770 ж. Дейін),сын кезеңі. Бұл кезеңнен бастап адам қалай дүниені танып біледі деген мақсат қояды.Сынға дейінгі кезеңде Кант атақты астроном, биолог, табиғи зерттеуші идеясын дамытты. Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болғаны жайында гипотеза жасады. Физикада Кант қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы туралы ілім жасады.

Канттың философиясы үш ілімге бөлінеді: этика, эстетика және таным білім теориясы. Кант философияда, таным теориясында «коперниктік төңкеріс» жасады. Кант таным объектісін оның субъектісінен бөлді. Субъектіде таным екі дәрежеде болады деп санайды. Олар эмприкалық (адамның психологиясының ерекшеліктері) және трансцендентальды.

Ол ой пікірлерді аналитикалық, синтетикалық деп екіге бөлді. Аналтитикалық білім жаңадан білім бермейді. Синтетикалық ойлар алдын-ала жасалған тәжірибеге сүйенген ой-пікірлер болуы мүмкін. Сыни кезіңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын адамның танып білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алу керек. Таным объектісін анықтау үшін Кант дүниені екіге бөледі:

1. Өзіндік зат (ноумен).

2. Біздік зат (Феномен).

«Өзіндік затты» адам ешқашан танып біле алмайды(агностицизм). «Өзіндік зат» объективтік шындық. Адам «құбылыстар әлемін»,яғни біздік затты ғана танып біледі.Құбылыстар әлемі объективтік шындыққа жатпайды, адам санасында өмір сүреді.Канттың дуалистік позициясы осында.Бұл позицияны материалистерде, идеалистер де сынаған.

Кант тәжірибеге дейінгі білімді априорлық білім деп атады. Ал, тәжиребеден алынған білімді апостериолык білім деп есептеді. Кант бойынша, таным - аса күрделі, қайшылықты, диалектикалық процесс. Кант бойынша, таным процесі үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Сезімдік түйсіну сатысында біздің білім сезім мүшелерімізге "өзіндік заттардың" қөріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде туйсіктердің бей-берекет жиынтыгы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістікпен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі. Сараптаушы парасат сатысында - априорлық категориялар себептілік, сапа, сана, қажеттілік арқасында жаңа ғана реттелген туйсіктер жиынтығы түжырымдалып, өзіне тистілі зандылыққа бағынып, жана білім пайда болады. Кант таным процессінің екі сатысының негізінде алынғаи білім трансцендентальдык білім деп атайды. Танымның үшінші сатысы - трансценценттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екінін білуге, басқаша айтқанда, өзіндік заттардың" табиғатын, мәнін түсінуге үмтылады да, антиномияларға тап болады Канттын төрт антиномиясы :

1. Құдай бар ма , әлде жоқ па?

2. Дүниені танып білуге бола ма?

3. Дүние шексіз және біртұтас – Дүние шекті және бөлінеді.

4. Еркіндік бар ма?

Кант бойынша, таза ақыл-ой адамның ерік-жігірін практикалық іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке түлға ретінде табиғат заңдылықтарынын төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшіліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу кабілетіне қарасақ, ол - өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барлық жүртқа бірдей әдептілік заңы -үзілді-кесілді императивті (категорический императив) басшылыққа алады. Бұл әдептілік қағидасы: «Өзіңе қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама»;”Адам үшін екінші адам- әулие” Үзілде-кесілді императив өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Үзілді-кесілді императивке Кант қүқық, мемлекет, саясат мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-кайшылық елеулі орын алады.

Кант адамды «дүниедегі ең басты зат» деп есептеп, философиялық негізін қалады. Философ негізгі еңбектерімен адам баласын толғандырып келе жаткан төрт мәселеге баса назар аударды.

1. Мен нені біле аламын?

2. Мен нені істеуім керек?

3. Мен неге үміт арта аламын?

4. Адам деген не?

Фихте Иоган Готлиб (1761-1814 жж.)

Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім», «Адамның міңдеті»,суб.идеалист. Фихте Кант философиясындағы «өзіндік заттты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтайтын, анықтаушы нақтылық – «абсолюттік Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекеттінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеніндегі /сана -субъект/ ақыл-ойдын нақтылығына қарама-қарсы Менге /табиғат - объект/, одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеунің өзара қарам-қатынасына айналады.

Шеллинг Фридрих Вильгельм (1775-1854 жж.)

Негізгі еңбектері: «Транцендентальдық идеализмнің жүйесі, адам бостандығының мәні туралы»,объективті идеалист.

Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірак, санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасыз табиғаттан саналы адамға айналу процессі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның озіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады.

Гегель Георг Вильгейм Фридрих(1770-1831жж). Негізгі еңбектері: «Рух феноменологиясы», «Логика-ғылым», «Құқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы».

Гегельдің философиялық жүейсі объективтік идеализмге жатады. Гегель өз философиясының бастамасы ретінде абсолют идеяны алды. Абсолют- құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі тән, болады. Абсолюттік идея- нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебапжалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әректшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір суре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады жөне сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің шын болмыс қалпынан басқа болмыс қалпына көшіп, озінің диалектикалық мәнін корсетеді. Таза ақыл-ой дамуның диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр түрлі даму кезін абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі, Гегель пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылауды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі - антитезис, ал қүйреп бара жатқан денелердің озінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы - синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар қезі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

Гегель пікірінше, сезімдік тәжиребе арқылы кездейсоқ, бір-бірмен байланыссыз нақты қүбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тән жалпылықты, мәнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда, адамдар емес, олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы рухани тәжірибенің арқасында біле аламыз

Гегель дамудың үш заңын ашты.

Қарама қарсылықтың бірлігі мен қүрес заңы. Бұл заң дамудың қайнар көзін көрсетеді.

Терістеуді терістеу заңы. Бүл заң даму процесі калай алға басатынын қөрсетеді. Бұл заң бойынша даму процесі спираль /бұранда/ тәрізді алға басады.

Санның сапаға ауысуы заңы. Сапа, Гегель бойынша, заттардың айқын белгісін, тек осы арқылы зат тек белгілі бір зат бола алатындығын көрсетті.

Субъективтік диалектика Гегель бойынша, ол ойлау диалектикасы. Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің және Ф.Шеллингтің идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Гегель философиясынан тапты. Гегельдің диалектикасы неміс классикалық философиясының жоғарғы жетістігі болып табылады..

Фейербах Людвиг(1804 - 1872 жж). Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын».

Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегелшілер қатарында болды.

Фейербах материализмінің ерекшелігі - антропологизм.
Антропологизм бойынша, адам- философияның, ең басты бірден бір
және әмбебап пәні, ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербахта адам
мәселесін толық материалистіқ көзқарас жүргізе алмады. Фейербах
бойынша,адам - жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Фейербах Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп тұжырымдайды. Құдай - адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз мәні ретінде қалыптасқан ұғым деді. Шындап келгенде, қүдай деп жүргеніміз адамның өзі. Фейербах материализмінің ең күшті жағы – оның дінмен ашық қүресуінде, діннің гносеологиялық түптамырын ашып беруінде болды. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Адамның мәні - ақыл-ой жігер, жүрек және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік ерекшіліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тағыз байланысты. Адам - табиғаттың ең жоғары нәтижесі, соңдықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. О дүниеде ешқандай өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы дүниеде қалай жақсы өмір сүрүге болатын жолдарды іздестірулері керек. Фейербах құдайы бар дінді жойып, онын орнына құдайсыз жаңа дін жасауды колдады, ол адамға деген шын сүйіспеншіліктің өзі дін болуы тиіс деді. Осындай жақсылыққа апаратын жол, құдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді «Адам сүйіспеншіліктің объектісі, себебі, ол сана қабілеті бар және не сүйіспеншілікке қабілетті тірі организм. Бұл- ұрпақтар заңы» дейді Фейербах.Таным теориясында Фейербах эмпиризм және сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты.

Марксизм философиясы.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Европа елдерінің көпшілігінде капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар буржуазия мен жұмысшылар келді. Буржуазияның жүгенсіз байлыққа ұмтылуы халықтың жағдайын төмендетіп жіберді. Бұл өз кезегіндегі шиеленіске әкеліп соғып, көптеген саяси-философиялық ілімдердің пайда болуына әсер етті. Солардың бірі марксизм. Негізгі өкілдері: Карл Маркс(1818-1883 жж.) (негізгі еңбегі: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар»), Ф.Энгельс пен К.Маркс екеуінің бірігіп жазған еңбектері: «Неміс идеологиясы», «Қасиетті отбасы», «Фейербах туралы тезистер», «Философияның қайыршылығы» т.б. Марксизмнің келесі өкілі Ф.Энгельс (1820-1895 жж.) (негізгі еңбегі: «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг» т.б.). К. Маркс пен Ф.Энгельстің идеяларын басшылыққа алып, оны ары қарай дамытуға тырысқан В.И.Ленин болды. Негізгі еңбегі «Философиялық дәптерлер», «Материализм мен эмпириокритицизм» т.б.

К.Маркс ,неміс ойшылы диалектикалық және тарихи материализмнің ғылыми саяси экономиканың негізін қалаушы. Маркстың Л.Фейербах шығармаларымен танысуы оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. 1842 жылы «Рейн газетінде» жұмыс істеп, кейін сол газеттің редакторы болған. Газетте жұмыс істеп жүріп ол қоғамдағы материалдық қатынасты, жеке меншік мәселелерін жақсы ұғады. Бұл Гегельдің «құқық философиясын» сыни қарауға итермелейді. Соның нәтижесінде «Гегельдің құқық философиясына сын» жөніндегі мақаласында саясат экономиканы емес, экономика саясатты анықтайтын және пролетариаттың тарихи рөлін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революцияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылыми дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді.

1844-1848 жж. К.Маркстің философиялық шығармаларының қауырт кезеңі болды. Бұл кезде К.Маркс адам мәні мен оның өмірінің мәні, гуманизм, еңбектің рөлі, еңбектің жаттануы, дін мен философияның қоғамдағы рөлі, сана мәселесі және т.б. мәселелерді қарастырады. Бұл проблемалардың бәрі қосылып марксизмде «Жас маркстың гуманизмі» деген атпен белгілі. К.Маркс өзінің «Философиялық-экономикалық жазбаларында», «Фейербахтың тезистері», «Неміс идеологиясында» адамның әлеуметтік және тарихи табиғаты жайлы, оның мәні жайлы былай дейді: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда адамды абстрактылы түсінгені үшін Фейрбахты сынаған. Марксизм адам мәнінің ұғымын оның жұмыс істеуі мен дамуының қоғамдық шарттарымен, саналы қызыметімен байланыстырды, бұл еңбектің барысында адам тарихтың әрі алғышарты, әрі жемісі болып шығады.

Маркстің философияға қосқан негізгі екі жаңалығы болды: тарихты материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы.

К.Маркс өзінің «Саяси экономикаға сын» туралы еңбегінде тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді анық көрсеткен. К.Маркс пен Ф.Энгельс ескі материализмді метафизикадан, диалектиканы идеализмнен аластатып, материализм мен диалектиканы қосып материалистік диалектика жасады.. Сол арқылы тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру мүмкін болды. Маркске дейінгі философтардың бәрі де, соның ішінде материалистер де қоғам өмірін түсінуде сыңаржақ көзқараста болды, өйткені олар соқыр күштер әсер ететін табиғатқа қарағанда қоғамда өз істерінде идеалдық сезім-түйсіктерді басшылыққа алатын саналы адамдар өмір сүретіндігін баса айтып, негізінен солармен шектелді. Тарихи материализмнің жасалуы қоғамдық ойдың дамуындағы түбірлі төңкеріс болды. Ол бір жағынан, тұтас дүниеге-тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамға да жүйелі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік берді. Қоғам дамуы табиғи-тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырады. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал-жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-заң қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратындығын көреміз.

Қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін, одан тәуелділігін тұжырымдағанда Маркс пен Энгельс мынадай жағдайды басшылыққа алды: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналысу үшін алдымен ішуі, жеуі, киінуі, баспанасы т.б. болуы тиіс, ал бұлар болу үшін оларды өндіру керек. Бірақ олар бұл қарапайым ақиқатты тұжырымдау мен тоқтап қалған жоқ, өйткені ол Маркс пен Энгельске дейінгілерге әлдеқашан ақ белгілі еді. Сондықтан Маркс пен Энгельс ол қарапайым ақиқаттың астарында не жатқанын, оның ішкі мәнін аша білді: адамдардың бүкіл өмірі, тіршілігі сайып келгенде материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екенін ашты. Олай болса, бұл қоғам өмірінің негізі-еңбек. Өндірістік еңбексіз қоғам өмір сүре алмайды, тіпті ол пайда болмаған да болар еді. Марксизм еңбекті эпистемалогиялық ұғым ретінде негіздеді. Адам еңбектің арқасында ойлауға, тануға, санасының қалыптасуына және дамуына қабілетті болды.

Өндіріс процесінде адамдар арасында орнайтын қатынастар (өндірістік қатынастар) адамның еңбек қызметінің нәтижесі және формасы. Олардың даму заңдылығы адамның санасымен анықталмайды, сайып келгенде өндіргіш күштердің даму сипатымен деңгейімен анықталады. Өндірістік қатынастар адамдардың өндірістік қызметінің процесінде қалыптасқанымен олардың санасы мен еркіне тәуелсіз болады. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрайды.

К.Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты еңбегінде еңбектің жаттануы жайлы және оны тек коммунизм кезеңінде жоюға болатыны туралы идеясын ұсынады.

Еңбектің жаттануын Маркс төрт қырынан қарастарды.

І. Жұмысшылар өндірістік процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы - еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады.

ІІ. Еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің, еңбектен бос уақыттағы жануарлардыкі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі - еңбектену, одан ләззат алу -қасіретке айналады.

ІІІ. Еріксіз еңбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс, жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан «әулеттік өмірдің», адамдық мәнінің аластатылғандығы.

ІҮ. Еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан- жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан – олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да болатын құбылыс.

К.Маркс пен Ф.Энгельс жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын жасады. Олар жұмысшы табының ұйымдаспаған, бытыраңқы стихиялық көтерілістерін ұйымдасқан сананы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ол үшін жұмысшы қозғалысын ғылыми-социалистік теориямен біріктіру керектігін және мұны біріктіретін ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жұмысшы партиялары екенін дәлелдеді.

Пролетарист өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат ету қажеттігін, ол үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостандыққа жеткізуге болатыны жайлы қорытынды жасады.

Ф.Энгельс (1820-1895 жж) Маркспен бірігіп марксизмнің негізін жасаған. Ф.Энгельс «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде қоғамдағы отбасымен әйел статусының меншік формаларымен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Энгельс отбасымен ,неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенін жан-жақты ашып берді. Ф.Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рольдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікір талас қалыптасуына ықпал етіп әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісімен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтерді. Ф.Энгельс сондай-ақ табиғат диалектикасы, болмыс субъстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды материя қозғалысы формаларының классификациясын материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды. («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»). Ф.Энгельстің пікірнше диалектика бұл табиғаттың қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысымен дамуы туралы ілім. Диалектикалық даму-бұл материалдық үдер істердің, қоғамдық жүйелердің, сондай-ақ теориялық иедеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үдемелі үдерісі. Сонымен, бүкіл әлем бұл өзгерістер мен алмасулардың үнемі және шексіз үдерісі, ал осы өзгерістердің қайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» диалектикалық дамудың жалпы заңдары сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы.

Марксизм ілімі бойынша ,дүние жүзілік мәдениеттің дамуы 5 қоғамдық –экономикалық формацияға бөлінеді:

1.Алғашқы қауымдық кезең..

2 Құл иеленушілік кезең.

3. Феодалдық кезең

4. Капиталистік кезең.

5. Коммунистік кезең.

Маркс ілімі бойынша формацияның қалыптасуы процесінде негізгі ролді өндірістік қызмет атқарады..

К.Маркспен Ф.Энгельс ілімін марксизм жауларынан қорғай отырып ғылым мен қоғамда болған өзгерістерге терең философиялық талдау жасай отырып ары қарай ілгері дамытқан В.И.Ленин (1870-1924 жж.) болды.

В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» материалистік диалектиканың заңдарымен категорияларын жете зерттеудің тамаша үлгілерін көрсетеді. Марксистік философияда Ленин тұжырымдаған диалектика, логика және таным теориялары бірлігінің принципі диалектиканың негізгі элементтерін талдау идеализмнің гносеологиялық тамырлары туралы, ғылыми абстракциялардағы шындықты бейнелеудің қайшылықты сипаты туралы ілімі, диалектикалық материализмнің таным теориясын одан әрі дамыту бағдарламасы-мұның бәрі шын мәнінде марксистік философия қазынансына қосылған баға жетпес үлес болып табылады.

Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ. Ол 1917 жылы қазан революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «Практика ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек, марксизмнің қоғам дамуы туралы тұжырымдамаларының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейн өміршеңдік көрсетуі, марксизмге тек біржақты қарауға болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.

Тестер:

1. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, сыншыл философ:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

2. «Трансценденталды идеализм жүйесі», «Өнер философиясы», «Философия және дін» шығармаларының авторы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Ф. ШеллингD) И. Фихте

3. Диалектиканың жалпы заңдылықтарың дамытқан ойшыл:

А) Г. ГегельС) И. Кант

В) Ф. ШеллингD) И. Фихте

4. «Категориялық императив» түсінігін еңгізген философ:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

5. Гегель бойынша «Абсолюттік сана» деңгейлері:

А) өнер, дін, философия С) ғылым, өнер, философия

В) мифтер, дін, философия D) ғылым, өнер, дін

6. Кант бойынша түйсіктің априорлық формалары:

А) кеңістік және уақытС) қозғалыс жіне даму

В) өозғалыс және ойлау D) ойлау және тәжірибе

7. Антропологиялық материализм бағытының негізін қалаушы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. ФейербахD) И. Фихте

8. Адамның ойлау қабылеттілігін сынға салған неміс философы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

9. Гегель триадасының соңғы элементі:

А) тезис С) отрицание

В) антитезис D) синтез

10. «Ғылым-ілім» шығармасының авторы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

Қосымша әдебиет:

1. Кант және Гегель философиясы.ӘФМ.20 томдық. 8 том. Алматы. 2006.

Наши рекомендации