Гуманизм идеясын насихаттап тарату 2 страница

Билет

1.Онтология бұл – Болмыс туралы

2.Антропоцентризм қай дәуірдің философиясына тән принцип? Қайта өрлеу

3. «Ойлаймын,яғни өмір сүремін» тезисінің авторы? Р.Декарт

4. Күнделікті сана – бұл: Адамдардың әртүрлі қоғамдық құбылыстарды күнделікті өмірдегі түсінуі

5.Қазақ мәдениеті қай өркениеттік болмысқа жатады? Көшпенділік

6. «Қара сөздердің авторы?» Абай Құнанбаев

7. Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды?

Әл-Фараби

8.Апорийлердің авторы («Ахилл мен тасбақа», «Жебе» және т.б.) Зенон

9.«Қайырымды қала тұрғындары»трактатын авторы, орта ғасырдағы мұсылман философы: Әл-Фараби

10. Ф.Бэконның «Жаңа Органон» еңбегінде қандай төрт идол (елес), туралы айтылады?

Ру,үңгір,нарық,театр

1.Утопия ілімінің негізгі идеялары және оның өкілдері.XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.

Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.

2.Классикалық және классикалық емес философияның негізгі айырмашылықтары қандай?

Классикалық философияда ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді. 17-19 ғасырларда Классикалық философия жалпы алғанда – рационализм бағыты өзінің кемеліне келіп, философияның негізгі іргетасына айналған. 19-20 ғасыр соңындағыРационалистік ойлау әдісіне деген теріс пікірлер оянып, оларға қарсы бағытталған философиялық ағымдар туындаған. Бұл көшті бастаған неміс философы А. Шопенгауер мен Дания ойшылы С. Кьеркогер болды. Осы екеуінің бастаған философиялық ойлау бағытын классикалық емес философия бастамасы деп айтуға болады. Жалпы классикалық емес философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы. Иррационализм –табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисының негізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойыншанша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу.

3. Философиядағы негізгі мәселесінің екінші жағы: дүниені танып білуге болама?Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол

философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.

Билет

1. Идеалды билеушінің бейнесін жасаған «Құтты білік» еңбегінің авторы? Ж.Баласағуни

2.Прогресске қарсы қоғамның өздігінен дамуы :Регресс

3.Құдай мен табиғаттың теңдесуі: Пантеизм

4.Әлемді жаратқаннан кейін,құдай іс-әрекетінің бар болатынын жоққа шығару: Деизм

5.Натурфилософия қандай ұғымды білдіреді? Табиғат философиясы

6. «Монаданы» рухани болмыстың бірлігі ретінде енгізген,жаңа заманның ұлы философы? Г.В.Лейбниц

7. Шортанбай,Дулат,Мұрат сияқты ақын-жыраулардың акылдық дәстүрі қалай аталады?

Зар-заман

8.Өзіңнің «Адам адамға құдай» деген принциптерімен белгілі неміс классикалық философиясының өкілі: Фейербах

9. Теология - : Құдай және ол жаратқан тіршілік иелері туралы ілім

10.Антикалық философияда болмысты философияның басты мәселесі деп қарастырған кім? Парменид

1. Даосизм философиясындағы негізгі идеяларды көрсетіңіз

Даоцизм дүниенің пайда болуын осылай түсіндіреді. Барлық заттардың, құбылыстардың дамуы шеңбер түрінде жүзеге асып отырады. Олар даодан пайда болады, өседі, дамудың шарықтау шыңына жетеді. Содан соң бейболмысқа айналады. Бейболмыстан соң қайтадан болмыс пайда болады. Барлық әлем – Даоның жемісі. Даоцизм ілімінде дүниенің бәрі қарама-қарсылықтан тұратынын, оның бір-біріне айналып жататынын көрсетеді. Ал, адамдар оны өздерінің іс-әрекетінде, өмір сүруінде ескеру керек екендігі айтылады. Қарама- қарсылыққа айналу даоның қозғалысы тәрізді деуге болады. «Қиындықтан өту үшін, жеңілден бастау керек. Ұлы нәрсе кішіден тұрады. Бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек. Кім өлшемді сақтаса, сәтсіздікке ұшырамайды. Кім жеңілдікті іздесе, қиындықтар өз-өзінен пайда болады». Даоцизмнің бұл нақыл сөздерінен дүниенің, өмір сүрудің мәнін терең түсінетінін көреміз. Даоцизм өздерінің моралдық, әлеументтік – саяси ілімдерінде адамдардың өмірлік қажетті заттары тамағы, киімі, тұратын жайы болса, олардың өмірі жақсы болатынын айтады. Елді әділеттікпен басқару қажеттілігін, билік басындағы адамдардың байлыққа, қымбат заттарға қызықпау керектігін айтады. «Ең бақытсыздық – өз құлқының шегін білмеу, ең қауіптілік – асқан байлыққа жетуге ұмтылу». Соғыстың қай түріне де қарсы болып, соғысты жазықсыз адамдарды өлтірумен бірдей деп бағалайды. Билік басындағыларды көрші елдермен тату, достық қатынаста тұруға, қайшылықтар пайда бола қалған жағдайда оны бейбіт жолмен келісім арқылы шешуге шақырады.

2. Қайта Өрлеу дәуірі кезеңдегі негізгі идеялар мен көзқарастар. Осы кезеңнің философтарын атаңыз.

Қайта өрлеу дәуірі дүниетанымының ең маңызды белгісі оның өнерге, мәдениетке қарай бет бұруы. Егер, Орта ғасырды – дін ғасыры деп атасақ, ал, Қайта өрлеуді – көркем эстетика ғасыры деуге болады. Қайта өрлеу философиясында адам тек табиғаттың өмір сүрушісі ғана емес, сондай- ақ, ол өзін – өзі жасаушы. Осы қасиетімен ол табиғаттағы басқа өмір сүрушілерден ерекшеленеді. Адам табиғаттан жоғары тұрады, оны өзіне бағындырады. Ренесанс дәуірі философиясында табиғатқа деген көзқарастың өзіндік ерекшелігі болды. Философия жаратылыс тану ғылымдарымен тығыз дамыды. Осы ғылымдардың жетістігі негізінде философия дүниенің жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты. Табиғат пен Құдай бірлігін негіздеп, оларды бір ұғым ретінде қарастырды. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия да дами бастады. Өкілдері : Томас Мор әйгілі «Утопия» еңбегінің авторы, Т. Компанелла басты еңбегі «Күн қаласы», Н.Макавелли – еңбегі «Билеуші».

3. Қоғамдық сана дегеніміз не? Оның құрылымы мен формалары қандай?

Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірі, адамдардың қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық көзқарастары. Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана, құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана. Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі мақсатын көрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді. Құқықтық сана – ол экономикалық және саяси мүддені жақтайды, нығайтады. Мақсаты: қоғамдық меншікті, демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау. Мораль – қоғамдық сананың ең көне формасы. Мораль – адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы. Эстетикалық сана – объективті шындықты көркем образдар арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді. Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі ақиқат.

Билет

1. Тазару,сезімнің нұрлануы,құндылықтың эмоциялық жоғарғы формасы: Катарсис

2.Құндылықтар теориясы: Аксиология

3.Мемлекет пен азаматтық қоғамды адамзаттық құндылықтардың ең жоғарғысы деп санаған, «Левиафан» еңбегінің аты? Т.Гоббс

4. «Менің білетінім ештеңе білмейтінім» - кредосының авторы: Сократ

5. Материализмге қарсы философиялық ағым? Идеализм

6. Білімнің қайнар көзін тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт: Эмпиризм

7.Ақиқаттың өлшемі болып табылатын: Практика

8.Дат философы экзистенциализмнің негізін салушы: С.Кьеркегор

9.Қазақ халқының манифесесі – «Оян қазақ!» өлеңінің авторы кім? М.Дулатов

10.Психоанализдің негізін салушы: З.Фрейд

1.Сократ есімі антика философиясындағы антропологиялық өзгеріспен байланысты. Сократтің пікірінше адам өмірінің мәні неде және оның негізгі мақсаты қандай?Сократтың айтуынша, философия табиғатты зерттеп, танып білу үшін емес, адам туралы, қалай өмір сүру, ақиқатты іздеу туралы ілім. Философияның басты объектісі – адам. Оның мақсаты – адамды ізгілікке тәрбиелеу, адамның моральдық табиғатын, жақсылық пен жамандықтың, әділеттіліктің мәнін ашу. Сократ білімділікті адамгершілікпен байланыстырады. Оның айтуынша, ешбір адам жамандықты өз еркімен әдейі жасамайды. Жамандықтың не екенін, оның салдарын білмегендіктен жасайды. Сол үшін алдымен адамға білім керек. Білім адамға жақсылық пен жамандықты ажыратуына көмектеседі. Білімділік – ізгілікке, даналыққа жетелейді, ал, білімсіздік – жамандыққа, адасушылыққа апарады. Өмір – бұл өнер десек, өнерді жетілдіру үшін өнер туралы білім қажет.

2.Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философияның арасындағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?

Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды, яғни орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна) (980-1037). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді тану құралы. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал метафизика деп кейде теологияны, кейде философияны атайды. Қорытындылай келгенде, Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге сүйенеді.

3.Кеңістік пен уақыт және олардың негізгі сипаттамалары. Кеңістік пен уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Оларды қозғалыстың көріну формалары немесе сыртқы өлшемі деуге болады. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның құрамды бөліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. Кеңістік –ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын көрсетеді. Ол үш өлшемді, кез-келген 97 кеңістіктік қатынастар үш өлшем (ұзындығы, ені, биіктігі) арқылы сипатталады. Уақыт – қозғалыстың формалары мен құрамдас бөліктерінің (не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы. Материя болмысының заңды, объективті формасы. Уақыт бір өлшемді, бір бағытты, үнемі алға қарай жүреді, қайта оралмайды. Материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни, материяның кеңістікте аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан мәңгі деудің мәні – ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта жоғалып кетпейді. Материя тек бір формадан екінші формаға ауысып, өзгеріп кетіп отырады. Бұдан шығатын қорытынды – материя қозғалыс, кеңістік, уақыт формаларының бәріне қатысты.

Билет

1.Орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық бағыт: экзистенциализм

2.Феноменологияның негізін салушы: Э.Гуссерль

3.Ф.Бэконның тұжырымдауынша «танымға кері әсер ететін төрт түрден тұратын...» қандай құбылыс? Елестер

4.Абай философиясындағы маңызды мәселе: Адам

5.Материяның болмыстық түрі – Кеңістік және уақыт

6. «Адамның өмірі – абсурд » қай философтың басты тезисі: А.Камю

7. «Философия» ұғымын алғаш рет қолданған грек ойшылы: Пифагор

8. «Адамның жаны таза тақта» деген қағида жаңа заман философиясының қай өкіліне тән: Дж.Локк

9. «От» әлемнің түп негізі деп санаған:Гераклит

10.Араб тілді философиясында кімді «Екінші ұстаз» деп атады? Әл-Фараби

1.Ежелгі қытай философиясының негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Ежелгі Қытай елінің әлеуметтік өміріндегі әр-түрлі өзгерістердің бола бастауы, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуы әртүрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің пайда болуына алып келді. Ежелгі Қытай мемлекеті шығыстық деспоттық мемлекет болды. Мемлекет басшысы қоғамдық өмірде барлығынан жоғары тұрды. Аристократтар әртүрлі мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін рубасылар орын алды, ал, құлдар әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Оларда ешқандай құқық болмады. Адамдар арасындағы қатынастар әртүрлі ритуалдық қатынастарға негізделді. Қытайлардың дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У Цзин) деген кітапқа жазылды. Математика, астрономия, медицина секілді ғылымның кейбір салалары пайда болып, күнтізбені, уақыт есептеуді ойлап тапты. Ай мен күннің тұтылу мезгілін анықтай алды.Қытай философиясы негізінен этика және саясат төңірегінде ой қозғайды. Білім адамгершілікті жетілдіруге апаратын жол деп бағаланды. Ең жоғарғы білім ұлы адамдардың қайырымдылығы және қоғамның барлық сатысындағы жүріс- тұрыс ережелері туралы білім болып табылады. Мемлекетті басқару өнеріне, әскери өнерге үлкен мән берді. Қытай философиясы дінге бағынышты болмады. Алайда, мифологиямен тығыз байланыста дамыды. Мифологиямен тығыз байланысы қытай философиясындағы жүйеліліктің және ғылыми ойлаудың біраз жетіспеушілігінің негізгі себебі болды

2. Г.В. Гегель философиясындағы идеализм мен диалектика (дамудың заңдары мен қағидалары туралы ілім). Гегель философиясы – сана, рух алғашқы, ал, материя, табиғат екінші, тәуелді дейтін объективті идеализм. Сондай-ақ, Гегель философиясының аса маңызды жақтарының бірі – оның диалектикасы. Диалектика Гегель философиясында идеалистік сипатта өз дамуының жоғары сатысына көтерілді. Дамудың диалектикалық теориясын жасады. Оның айтуынша, даму белгілі бір жүйемен жүреді. Олар: Тезис – Антитезис -Синтез. 1) Тезис – денелердің, құбылыстардың өздігінен пайда болуы. 2) Антитезис – ол денелер дамып, пісіп, жетіліп, содан соң жоққа айналуы. 3) Синтез осы жойылып бара жатқан денелердің кейбір элементтері сақталып, басқа денеге айналуы. Барлық дамудың қайнар көзі – Абсолюттік идеяның өзіндік дамуы. Ол үнемі қозғалуда, өзгеруде және дамуда болады. Оның диалектикасында материя мен қозғалыс бірлігі, кеңістік және уақыттың өзара байланысы, қарама – қарсылықтының күресі мен бірлігі, сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы жан-жақты мазмұнын ашады

3. Философия тарихында адам мәселесі қалай қарастырылады?Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен - рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы - шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.

Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі -адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырады екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Ноmо Sapiens» - саналы адам, яғни ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Ол да - адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі - адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатынды. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады.И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Ноmо Morales» деген анықтама берген болатын.

Билет

1. Философияда «Антропоцентризм» қай кезеңге тән: Қайта өрлеу

2. «Сяо» принципі Конфуцийлердің қандай қарым-қатынасына байланысты айтылады?

Үлкендерді сыйлау

3. Сана дегеніміз не? Дүниені жинақтап және мақсатқа сай бейнелеумен, тілмен байланысты, жоғарғы,тек адамдарға тән мидың қызметі

Наши рекомендации