Практикалық сабақ 7.

1.И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

2. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі және диалектикалық методы.

3. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

4. И.Фихте философиясындағы субьектінің белсенділігі проблемасы.

Шелингтің натурфилософиясы.

Әдебиет:

1. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың мақсаты: Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің дүниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау.

Берілген тақырып игеруге күрделі және маңызды болып саналады, сондықтан дайындық процесінде ерекше салмақтылықты талап етеді. Келесі мәселелерге назараудару қажет:

И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Кант гносеологиясы: априори (тәжірибеге дейін) білім түсінігі – тәжірибені ақыл мен трансценденталды категориялар көмегімен түсіну. Таныпбілімбейтін дүние “өзіндік зат” ретінде. Канттің антимониялар туралы ілімі. Кантттің категориялық императиві – ақылды практикалық қолдану. Кант адамның парызы мен абыройы туралы. Кант этикасы және қазіргі заман.

Гегельдің XIX-XXғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолютттік идея, Логос-тұтас, барлық бардың негізі ретінде. Рух – абсолюттік идеаның жүзеге асуы ретінде. Триада формасында даму. Гегельдің диалектикалық әдісі. “Бақытсыз сана” туралы түсінік.

Л.Фейербахтың антропологиялық материлизмі: адам – табиғи тіршілік етуші. Л.Фейербахтың сенсуализмін танып теориясындағы антропологизм ретінде түсіну. Адам – махаббат обьектісі. Фейербахтың гуманизмі: адамды жаттанудың әр түрлі формаларынан азат ету.

Практикалық сабақ 8. XVIIIғ.соңы - XXIғ. басындағы философия

1. Карл Маркстің ілімі.

2. Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. Огюст Конт. Неопозитивизм.

3. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм.

4. С.Кьеркегер, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше шығармашылығындағы пессимизм мен иррационализмнің философиялық негіздемесі.

5. Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары және ерекшеліктері.

6. Герменевтиканың негізгі мәселелері.

Әдебиет:

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы Батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

К.Маркс: жаттанған еңбектің мәнін ашу. Жаттану және жеке меншік. әлеуметтік проблематика – марксизмнің ядросы. Материалдық базис – қоғамдық өмірдің бүкіл жүесінің басты звеносы. Маркс ілімі және әлемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф.Энгельс табиғи ғылымдардың философиялық негіздемесі туралы.

А.Шопенгауэр – XIX-ғ. Философиясының басты бағыттарының бірі – “өмір философиясының” негізін салушы. “Өмір философиясының” рационализмді сынауға бағытталғандығы. Дүниенің мәнін ақылсыз ерік, соқыр күш ретінде түсіну: адам өміріндегі болып жатқанның барлығы тарих пен табиғат заңдары еріктің обьективтенуінің сатылары болып саналады,бейсаналыққа бағынады. Шопенгауэрдің пессимизмі: өмірдің бәрі – азап.

Ф.Ницше – Шопенгауэрдің “өмір философиясын” жалғастырушы және өзгертуші. Христиан құндылықтарын қайта бағалау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты – оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордың экзистенциализмі мен “өмір философиясының” ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдық таңдау мәселесі оның философиясының орталық проблемасы ретінде.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О.Конт: философияның міндеті – обьективті өмір сүретін материалдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпылау және жүйелеу. Махизм: әлем “түйсіктер комплекстері” түрінде. Неопозотивизм. К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

XX ғ экзистенциализмі Европадағы терең әлеуметтік дағдарыстардың бейнесі ретінде. Философиялық талдау обьектісі – адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сезімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М.Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К.Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің “шекаралық жағдайларда” ашылуы. Француз экзистациализмі. Ж.П.Сартр: экзистенциализм гуманизм ретінде. Адам тек “проект” қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А.Камю:адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенциализм. Н.Аббаньяно: экзистенциализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика – түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі. В.Дильтейдің гременевтика рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г.Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) туралы. Түсіну – диалог процесінде өмірді “ұстап алу”. Мәтін философиялық рефлексия феномені ретінде.

Практикалық сабақ 9.Қазақ философиясы

1.Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.

2. Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.

3. Ағартушылық философиясы: Ш.Уәлихановтың. Ы.Алтынсарин. Абай Құнанбаевтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары.

4. Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері.

5. XX-ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының философиялық көзқарастары.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлем: әлеуметтік-философиялық талдау. Алматы, 2000.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001

4. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

5. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.

Сабақтың мақсаты: Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін,даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Қазақ философиясы дамуының негізгі сатылары. Қазақ философиясының бастаулары – ежелгі түркі ойшылдарының философиясы.

Әл Фараби философиясы. Антикалық даналықтың әл Фараби шығармашылығында дамуы: философияның зерттеу обьектісін анықтау; болмыстың негізгі заңдары мен категорияларын; танудың формаларын, сатыларын және тәсілдерін сараптау; логика бойынша зерттеулер. Екінші Ұстаздың әлеуметтік-этикалық доктринасы: “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”.

Ж.Баласұғынның “Құтадғу білік” еңбегіндегі адамгершіліктік категориялар.

Қ.А.Иасауидің “Диуани Хикмет” еңбегіндегі түркі суфизмінің еркшеліктері.

Ш.Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеу.

Ы.Алтынсарин: халықтың болашағы – білімге деген ұмтылыста. Адмгершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсариннің гуманизмі: адам біртұтас адамзат тегінің өкілі ретінде. Адал еңбек пен шаманы білу – адам бақытының негізі.

Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциализмі. Абайдың “Қара сөздері” және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі.

Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан – адам өлшемінің критериі.

Практикалық сабақ 10. Онтологияның негізгі мәселелері

1.Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері.

2. Материя категориясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алмты, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: онтологияның зерттеу обьектісін анықтау, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, даму категорияларын талқылау.

Тақырыптың маңызды сұрақтары: Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Монизм, дуализм және плюрализм концепцияларындағы субстанция проблемасы. Субстанция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя философиялық категория ретінде.Материя категориясы туралы антикалық түсінік. XIX-ғ. соңы-XX-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі рөлі. Материяның лениндік анықтамасы қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалыстың бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф.Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Қозғалыс, кеңістік және уақыт – материяның өмір сүру формалары.Кеңістік пен уақыт қозғалыстағы материяның атрибуттары ретінде. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

Практикалық сабақ 11. Даму принципі: диалектика және синергетика.

1. «Тұтастық», «жүйе», «кұрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары.

2. Синергетика методологиясы.

Практикалық сабақ 12.Эпистемология. Таным теориясы

1. Таным – шындықты бейнелеу формасы

2. Адам – таным субьектісі

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және тағы басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеу мәселелерін, танымның формалары мен тәсілдерін талқылау.

Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субьектісі мен обьектісі. Бейсубьектілі таным теориясы. Адам танымының субьектісі ретінде. Адамның танымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат,адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

Практикалық сабақ 13.Философиялық антропология

1.Философия адамның мәні туралы. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.

Практикалық сабақ 14.Әлеуметтік философия

1.Қоғамның типтері. Қоғамның әлеуметтік кұрылымы. 1. Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерінің қарастыру және қоғамның тарихи дамуы туралы концепцияламен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу обьектісі – тарих қозғалыстың бағытталғандығы мен кері айналмайтындығын танып-білу. әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. “Қоғам прогресі” түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К.Маркстің қоғамдық - экономиколық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин – тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Практикалық сабақ 15.Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау.

1.Негізгіжаһандық мәселелер.

2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Н.Ә.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-катері туралы.

3.Тұрақты даму - әлеуметтік прогресстің ұтымды түрі.

Наши рекомендации