Ріс. Ежелгі Шығыс философиясы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге шығыс философияның қалыптасуының өзіндік түрін

ұғындыру: ежелгі Үнді және Қытай өркениеттерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Жоспар:

  1. Ежелгі Үнді философиясы.
  2. Ежелгі Қытай философиясы.

Филофософияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі мифология, екіншісі жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланысты болды. XI-XVI Ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірінде эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды. Реформация дәуірі адам тағдырын, оның ішкі дүниесін зерттеуді алға қойды. XVII-XIX ғасырларда философия ғылымға сүйенді. Сондай-ақ, бұл кезеңде ағартушылық мәселесіне (XVIII ғ.) және санаға мән берілді. Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады. Мәселен,математик бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, зерттейтін болса, философтар болмысты солай таңдап, талдайтын болды. Алғашқы грек философтары дәстүрлі мифологияны сынаудан, айталық Гомердің поэмасындағы оқиғаларда, оның тұрақсыздығы мен әділетсіздігін сынаудан бастады. Бірақ сынды бастай отырып, олар өздері өмір сүрген қоғамдық құрылыстың әдет - ғұрпынан, мәдени дағдарысын қол үзіп кете алмады. Дегенмен философтардың тарихи тағдыры қашанда ауыр, қайғылы болатын. Өйткені олар қалыптасқан діни, мәдени көркемдік, саяси, құқылық дағдыланған болмыстық әдет-ғұрыптарға қарсы шығады. Философтардың бұлай імтейтіні неліктен? Себебі-шындықты білу, оған жету, көз жұмып, құлай сенуден бас тартып, әр нәрсенің себебін білу, неліктен деген сұрауға жауап іздеу. Өмір сүрудің мәні неде? Болмыс деген не? Оның үстіне философия алғашқы пайда болған кездерден бастап-ақ дүниеге көзқарас ретінде қалыптасты. Ол ертедегі грек философиясы (б.з.б VI ғ.) бұған дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбағандықтан басталды. Оған себеп болған, сан-сезімнің оянуына әкелген: экономикалық жағдайлар, теңіз саудасы арқылы гректердің басқа елдерге барып, олардан көп нәрсе көріп, үйренуі, оған ой жүгіртуі, өз елі шекарасының ұлғаюы т.б. Осыдан келіп жаңа өмір тұрғысы, жаңа қоғамдық сана қажет болды. Содан бастап ұстаздық ететін философтар, оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын орын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур мектебі деген ұғымдар сондайдан пайда болды. Сократта ешқандай мектеп болған жоқ, бірақ онаң төңірегінде де шәкірттер жиналды. Солардың бірі Платон, ал Платон шәкірттерінің бірі аристотель болса, ал атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Байқап отырғанымыздай, бәрі бір заманда өмір сүрген. Тек Сократ ойын қағазға түсірмеген. Әркіммен сөйлесіп, сұқбаттасып жүріп, философияны дамытқан. Ертедегігрек ұстаздары былай жаса, былай бол демейді. Олар өздерінің ойын, пікірін, болжамдары мен топшылауларын айтқан. Шәкірттері олардан ой өрнегін құруды үйренген, қорытынды шығарған. Философия солай дамып отырды. Ал оның дамуы нақты жағдайларға байланысты Оны тудырған тарихи жағдай.

Ертедегі Шығыс философиясы

Ол біздің заманымызға дейінгі X ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық - тайпалық құрылымның ыдырауы, товар-ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатынды. Сондай-ақ ертедегі Шығыс философиясы соған дейін қалыптасқан мифологияны, одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сезінуден басталды. Ертедегі Шығыс философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде жүргізілді. Бірі - Аспан, Көк, Ай, Күн, Жер, осылардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы екіншісі - адамгершілік, адамдық қатынас төңірігінде қалыптасқан. Бұл мәселелер мифологиялық ұғымдар негізінде де болды. Бірақ мифология олардың сбептерін ашуға тырысады, тек сенуді қажет етеді. Философия қашанда олардың себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі: материалистік және идеалистік түсіндіруге болады. Ол өз алдына жеке проблема.

Ертедегі Үнді философиясы. Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ердетегі Үндістан төрт қастаға бөлінген. Бірі - әскери, аристократиялық каста (кшатрии), екіншісі - абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі - басы бос қоғам мүшелері (вайшешиктер), төртінгісі - төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Олар қоғам ісіне араластырылмады. Олардың теңсіздік жағдайы діни ұғымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар әбден мысайрап, үстемдік құрып кетті, Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда оның төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дәріптеумен оларға арналған ғұрыптарға тіркелген болатын. Әрбір вела кейін өз алдына брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни - ареньяк (тоғай кітабы), оны таратқан шайқыларға, сондай-ақ - упанишада (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдау) дәстүрлеріне айналды. Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоағыр каста -бразмандар болды. Ең алдымен бұларға күмәндана қарап, қарсы тұрғандар өмірден безген диуаналар еді. Біздің заманымыздан бұрынғы VII - VI ғ. брахманизм ішінен ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайнизм мен буддизм еді. Кейін осылардың негізінде тұңғыш үнділік философия қалыптасты. Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм-материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат (атом, не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм бойынша - сана. Жан - мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол дегенмен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табслады. Материялдық бөлшектер, дейді ол, жанды белгілі бейнеге келтіреді. Құмарлық, құштарлық білмегендік болады. Олай болса жанды бұғаудан босату негізі танымда жатыр. Сондықтан джайнизмнің мақсаты жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру. Бұл аскетизмге, өмірден безуге әкеледі.

Буддизм - біздің заманымызға дейінгі VI - V ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы әділдік көксеген төменгі таптар арасында пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің діни құралы ретінде қолданды. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенді. Буддизм христиан, ислам діндерді сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхарта немесе Гаутама Будда. Ол б. з. б. VI ғасырда өмір сүрген. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т.б) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухина азаптан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмде төрт басты мәселе бар; 1. Өмір азапқа толы. 2. Ол азаптардың себебібар. 3. Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар. 4. Азаптан құтылудың жолы бар. Адам өмірі, оның сезімдік рахат, ләззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады. Буддизм бойынша азаптан құтылу, о дүинеге емес, осы дүниеде болмақ. Ол үшін адам тәнәбін, нәпсінін тарту керек. Оны «нирвана» дейді. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағым да боды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар: ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап, алғашында өзін құраған бөлшектерге айналады.-мыс. Ләззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ оны жеңілдетуге, азайтуға болады дейді. Олар жұмақ, тамұқ (тозақ) дегенге сенуді, құдайы бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады. Локаятаның шығу себебі- ежелгі рулық қоғам ыдырап, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік топтардың: сауда, қолөнер, жер өңдеумен айналысатындардың пайда болуы. Олар бұрынғы топтар: діни адамдарға (брахмандар), әскери адамдарға кері бағытта пайда болды. Сөйтіп буддизм джайниз, локаятадан басқа үнді философиясы сол кезден бастап, осы заманға дейін 6 бағдарда өмір сүрді. Олар: ведена, санкхья, йога,ньяя, вайшешик миманса Мәселен Санкхья - б. з. б. VI ғасырда пайда тұрад: бірі - зат, екіншісі - жан. Ол екеуі біріне себепкер, біріне -бірі бастама. Олардан басқа ешқандай себепкер жоқ. Йога бағытын санкхьядан шығады. Бірақ олар дүинеде жанды, рухты басты элемент деп есептейді. Олар құдай бар деп, соған сенеді. Йогтар тән талабын басуды уағыздап, ләзаттан бас татуға шақырады. Олар адамның тынысын, демін, тамақтануын реттеудің ережесін жасады. Йогтар екі түрге бөлінеді. Бірі- өмірден безу, екіншісі - этикалық қатаң тәртіпке жүгініп, өзін тек қыспаққа ұстау. Ньяя философиясы - таным ілімі, логикалық қорытындыларға негізделген бағыт. Олар дүниені тану, сезіну, оны логикалық қорыту арқылы қалыптасады дейді. Жалпы алғанда ньяя философиясы - тұрпайы материалистік бағытқа жатады. Ол б.з.б III пайда болды. Вайшешик философиясы б.з.б. VI- V ғасырларда дүниеге келді. Ол атомистік теорияға сүйенеді. Ньяя философиясы сияқты, Вайшешик философиясы да этикаға мән берді. Адамның «мәніне» бостандық бері үшін оны рухани азаптан, қыспақтан босату қадет дейді. Бүкіл әлем: от,су, жер, жел, атомнан құралады. Қозғалыс сапа емес, қасиет дейді. Бірақ бұл материалистік пікірді олар идеализмге жеңдірді. Өйткені атомды да билейтін ырық, күш бар екенін мойындайды.

Ертедегі Қытай философиясы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы - VI- V ғасырларда пайда болды. Оған лейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваториялық (керітартпа) және прогресшілдік, бірі -мистикалық, екіншісі - атеистік бағыттар. Алғашқы материалистер пікірінше, әрбәр зат бес түрлі бастапқы эелеметтерден (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, оның керісінше, идеалистер (Инь мен Ян) пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты деп атады. Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам Конфуции (б.з.б. 551-479 ж.ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, т.б) Бұл кітартарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: «барлық адамдар өздерінің табиғаты жағынанбір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды», - дейді. «Жаңаны білу үшін ескіні зерттеу», «Ойлаусыз оқу - бекер іс, оқымай ойлану - бос әрекет» жаңа бірдей, араласа кездеседі. Мәселен, ескі әдет-ғұрыптарды сақтау, патриаохиалдық -рулық қоғамды қайтару, жастың ұдайы тыңдауы, т.б сияқты әдет-ғұрыптарды дәріптеді. «мәселен, -дейді ол-адам өмірі - тағдырдан, ал байлық пен танымды білу - көк аспаннан». Бүкіл Шығыс философиясына тән пікірді Конфуций де қайталап, әлемді, адамдарды билеуші - Көк Аспан, дейді. Конфуций пікірінше, Аспан мен Жер үйлесімде, ал адам осы екеуінің ортасынан шығады. Конфуций ілімінде этика проблемелары да қарастырылағн. Конфуций іліміне қарам-қарсы Мо-Цзы (б.з.б 479-381 жж.) философиясы пайда болды. Олар күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдырынан, оның «жаппай сүйіспеншілігінен» туындады, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрседен: сезімнен (у-лу) және ойлаудан (син) туындайды дейді. Танымда көп жағдай ат қоюға байланысты екенін айтады. Мәселен, жалпы, рулық атау, жеке атау бар, дейді олар. Жеке атаунақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзылықтар янь (пікір айту) категориясын, былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады.

Идеализм мен мистакаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI- V ғ.) ілімі дүниеге келді, өмір сүрді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады. Дао - заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, деді. Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет. Ал кімді-кім оған араласып, оны жеке басының пайдасына икемдемекболса, ол адам сәтсіздікке ұщырайды, дейді. Лао-Цзыдің пікірінше, зиян мен сәтсәздәк адамның заттардың табиғи тіршілігіне араласуынан, өйткені, олар Дао заңын бұзады, деп түсінді.

Лао - Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды, дамуды қолдайды. Ертедегі Қытай философиясындағы тұрпайы материалзим өкілі Сюнь-Цзы (б.з.б 298-238 жж.) Конфуций ілімінің материалистік бағытын қолдады. Ол Көа Аспанды нақты заттар ретінде: жұлдыздар, күн менай, жыл мезгілдері жарық пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі құбылыстар бәлгілі заңдылықпен жүреді, деді. Таным сезімнен басталады, ал сезімді тудыратын табиғи заңдылықтар. Сана (син) сезімді билейді. Адам табиғатында не жақсы, не жаман қасиеттер жоқ. Олар кейін пайда болады. Ал данышпан адам Конфуций дағдысы бойынша жақсы қасиеттерді тәрбиелейді. Конфуций ілімін идеалистік бағытта да дамытқан философтар болды.

Сөйтіп Шығыс философиясы жайында қорытын айтқанда мына мәлелерге тоқталған жөн. Алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао данышпаны- Лао зы төңірегінде топталды. Егер ертедегі Үндістанда барлық философиялық ағымдар ведизммен байланысты болса, Қытайда олар Конфуций төңірегінде қалыптасты. Мәселен, болмыс пен биболмыс, олардың мәніжәне ара қатынасы жайында болды. Үнді философиясында Аспан мен Жерді жұбайлар ретінде қараса, Қытай философиясында, осы пікірді негізге ала отырып, Аспан ерлер, Жер әйел рухы ретінде қарастырылды. Қытай философиясы бойынша түрсіз, түссіз, бейнеленбейтін, ретсіз әлемде екі рух пайда болды: олардың бірі - Аспан, бірі - Жер. Үнді философиясында ерте бастан-ақ болмыс пен биболмыс арасында байланыспен қатар, айырмашылық та бар екені айтылады. Биболмыс-асот-ретсіз космос әлемін бейнелейді. Ең доғарғы Брахман - бұл мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын болмыс, ешқашан тумаған, өлмейтін құбылыс. Ол әрі мәнді, әрі мәнсіз, табиғи нәрселерден аулақ. Дәл осындай пікір Қытай философиясында да орын алған. Дао- мәнді, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Барлық тіршіліктегі болмыстар биболмыстан жаралған. Сөйтіп, болмыс биболмыстан тарайды. Даоның жүрмейтін жері жоқ. Шын данышпан білімді іздемейді, оны ойлап табады, біледі. Сөйтіп ертедегі Шығыс философтары көп нәрсені айтып қана қоймайды, оның себептерін іздейді. Брахман - дүниенің себептері деген Үнді философтарының пікірі де осыған ұқсас. Болмыс пен биболмыс, жекелік пен көпшілік, мәңгілік пен мезгіл, өзгеріс -ойды оятады, дінмен бірге күресте таным дамиды, дейді. Сонымен қатар ертедегі Шығыс философиясы мен мәдениетінде көтерілген мәселе - адам проблемасы. Адамдар мен құдайлар арасында белгілі бір заңдылық немесе байланыс бар деп есептеді олар. Жаратушы шектен тыс күш қана емес, ол сонымен қатар өкпешіл және кекшіл. Толып жатқан садақа, құдайы беру кәдесі содан шыққан. Үнді философиясы бойынша дүине бойынша мың басты, мың көзді, мың қолды, мың аяқты Пруш пайда болды. Ол алғашқы Рух - ғарыштың өзі. Оның ақылы -Ай, көзі Күн, ерні-От, өкпесі -Жел жасады. Перуш тек ғарыштың ғана емес, адам қоғамының да негізі. Оның аузынан - абыздар (брахмандар), қолынан - әскер, қабырғасынан - сауда (вайша), табанынан - қалған барлық адамдар (шудралар) дүниеге келді. Қытайда бәрі ганьгудан (алғашқы адам) пайда болды делінеді. Оның демінен - жел, бұлттар, басынан - күн күркіреу, сол көзінен - Күн, оң көзінен - Ай, денесінен - дүниенің төрт бұрышы қалпынан - өзен-су, терінен - жауын, шық, көз жанарынан - найзағай пайда болған. Қытайда осылардың бәрінің негізі Тянь (аспан) деп есептеген. Тянь (Аспан) біздіңше тәңір деген сөзге ұқсас. Философия негізі - Конфуций. Әдет-ғұрып, тәртіп-Ли. Ол болмаса - мемлекет, тәртіп, тазалық, әділеттік жоқ. Мемлекет, бір жағынан, адамдардың еркіндемеуі, екінші жағынан, сол адамдардың еркіндік күресінің тартысы. Қорыта айтқанда, сол Шығыс философиясы көтерген мәселелер кейін дүниеге келген Антик философиясында жан-жақты талдауын тапты.

Наши рекомендации