Болмыс. Онтологияның орталық категориясы.

10.1 Болмыс ұғымы. Болмыс үғымының тарихи қалыптасуы.

10.2 Материя түсінігі. Материяның негізгі өмір сүру формасы: қозғалыс, кеңістік және уақыт.

10.3 Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыттың бірлігі.

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

Болмыстың негізгі түрлері:

• Заттар (денелер), процестер болмысы:

А) бірінші табиғат;

Б) екінші табиғат.

• Адам болмысы:

А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

Б) адамның өзіндік болмысы.

• Рухани болмыс:

А) жеке адамның рухани болмысы;

Б) қоғамның рухани болмысы.

• Әлеуметтік болмыс:

А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;

Б) қоғам болмысы.

Заттар (денелер), процестер болмысы

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.

Адам болмысы

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

Рухани болмыс

Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

Әлеуметтік болмыс

Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды. Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі. Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен тұратын ерекше тірі жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек. Үшіншіден, бұл-адамдардың рухани іс-әрекетінің өзара қарым-қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста. Төртіншіден, бұл-руханилық әлемі. Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкен-сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп бағаланған бейсаналық та орын тепкен. Руханилық-бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйеніп, өмір сүреді, физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Болмыс - адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді деп көзделген.

Материя, оның жалпы қасиеттері мен өмір сүру тәсілі

Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”. Яғни, материя дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

Материяның басты қасиеті — қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозға-лыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді.

Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.

Кеңістік және уақыт — материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік — материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.

Наши рекомендации