ХҮІІІ ғ. орта тұсы – ХХ ғ. қазақ мәдениеті

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар:

1. Ресей империясы құрамындағы қазақ мәдениеті.

2. Қазақтың социалистік мәдениеті.

3. ХІХ ғ. қазақтарының музыкалық мәдениеті (реферат жазу).

Лттық мәдениет

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар:

1. Тәуелсіздік жағдайындағы ұлттық мәдениетті жандандыру және өркендету мәселелері.

2. Нарық және мәдениет

3. Рухани мәдениет аясындағы діни жаңғыру.

Мәдениеттану пәнінен бақылау сұрақтары

1. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы

2. Мәдениеттің құрылымы, құндылық мазмұны

3. Мәдениеттанудың гуманитарлық құлымдар жүйесінде алатын орны

4. Жеке адамның жалпы мәдениеті

5. З.Фрейдтің мәдениет жайындағы басты қағидалары

6. Н.Я. Данилевский кәрсеткен тарихи-мәдени үлгілер

7. О. Шпенглердің мәдениет типологиясының негіздері

8. А. Тойнбидің жергілікті өркениет тұжырымдамасының негізі

9. К. Ясперс әлемдік тарихтың кезеңдерін кәрсетуі

10. К. Юнгтың негізгі мәдениеттану идеялары

11. Ойын мәдениетінің батысеуропалық тұжырымдамалары

12. А. Швейцердің мәдениеттану тұжырымдамасының негізі

13. Мәдениеттің міндеттері

14. “Культ” (табыну) ж/е “мәдениет” түсініктерінің ара-қатынасы

15. Дәстүр-адамзат қоғамындағы мәдени өмірдің іргетасы

16. Мәдениеттік прогресс

17. Субмәдениет пен контрмәдениет

18. Бқұаралық мәдениет

19. “Белгі” және “рәміз” дегеніміз не?

20. Мифология – мәдениеттің бөлшегі ретінде

21. Дін – мәдениеттің маңызды құбылысы

22. “өркениет” (цивилизация) түсінігі

23. Мәдениет типологиясы

24. Білім - мәдениеттің элементі ретінде

25. Ғылым-адам қызметінің және мәдениеттің саласы

26. “Құқығтық” мәдениет

27. Ізгіліктік мәдениет

28. Мораль - қоғамдық сананың кәне формасы

29. Этикет деген не?

30. Саяси мәдениет

31. Мәдени-тарихи процестің басты сатылары мен заңдылықтары

32. П.Сорокиннің мәдениет типологиясының арқауы

33. Қазіргі мәдениеттегі “Шығыс-Батыс” түсінігінің орны

34. Әртүрлі мәдениет пен мәдени дәуірлерде сұлулық қалайша түсіндіріліп келді?

35. Мәдениеттанудағы әлеуметтік мектептің орны

36. Мәдениеттанудағы натуралистік мектептің орны

37. Мәдениеттанудағы рәміздік мектептің орны

38. Тіл және мәдениет

39. Мәдени коммуникация

40. Оғу орындарындағы этикет

41. Мәдениеттану пәні нені зерттейді?

42. Мәдениет түсінігін анқтайтын кәзғарастар

43. Мәдени динамиканың факторларын бөліп көрсету

44. өнердің түрлері (сәулет, мүсін)

45. өнердің түрлері (саз, әдебиет)

46. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің негізгі кезеңдері

47. Алғашқы діни формалар

48. Мифология - ежелгі адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы

49. Мәдениеттің қалыптасуының магиялық ғағидасы

50. Қауымдық қоғамдағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

51. Кәне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет. Құдайлардың иерархиясы

52. Перғауын Эхнатон – Ежелгі Египет ойшылы және реформаторы

53. Вавилон мәдениетіндегі мифтер

54. Шумер әркениеті

55. “Хаммурапи заңдары” және “Гильгамеш туралы эпос”

56. Кәне Үндістан мәдениеті. Ведилік мифологиясы

57. Индуизм, буддизм діндері

58. Конфуций ілімінің негізгі қағидалары

59. Қытай кескіндемесі

60. Қытай өркениетінің даму ерекшеліктері

61. Көне Жапония мәдениетінің ерекшелік белгілері

62. Иран мәдениеті. Зороастризм діні

63. Грек мәдениетінің жалпы адамзаттың белгілері

64. Кәне грек философиясы

65. Кәне грек мифологиясы

66. Рим мәдениетіндегі империялық кезең

67. Рим мәдениетіндегі республикалық кезең

68. Ортағасырлық мәдениеттің діни және көркемдік канондары

69. Христиан діні

70. Иудазим діні

71. Ортағасырдағы романдық, готтық стильдер

72. Ислам дінінің басты бағыттары мен негізгі қағидалары

73. Құран - Шығыстың орта ғасырдағы тарихи, әдеби ескерткіші

74. Араб философтары, лириктері

75. Көне орыс мәдениеті

76. Ресей мәдениеті

77. Қайта өрлеу мәдениетінің сипаты. Проторенессанс

78. Қайта өрлеу әдебиетінің ерекшелігі

79. Қайта өрлеу мәдениетінің алыптары (Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело)

80. ХУП ғасырдағы Рационалдық кезең

81. ХУШ ғасырдағы батысеуропалық ағартушылық мәдениет

82. Х1Х ғасырдағы Еуропадағы классикалық мәдениет

83. “Барокко”, “рококоның” қалыптасу алғышарты мен ерекшелігі

84. Романтизмге тән сипаттар

85. Импрессионизмнің негізгі түсінігі

86. Постмодерн мәдениеті

87. ХХ1№. ақпараттық мәдениеттің мәні

88. Реализмге тән сипаттар

89. Модернизмнің негізгі бақыттары

90. Классицизмге тән белгілер

91. Еуразиялық кеңістіктегі номадтар мәдениетінің негізгі белгілері

92. Түрік өркениеті. Мифологиясы, жазуы

93. Сақ мәдениеті, мифологиясы, өнері

94. Анахарсис - скиф философы

95. Орта ғасырлық Қазақстан мәдениетінің қалыптасу және даму ерекшеліктері

96. Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” түрік халықтарының рухани мәдениетіндегі орны

97. Махмұт Қашғари - дәстүрлі түрік мәдениетінің алғашқы зерттеушісі

98. “Қорқыт ата” кітабы-мәңгі өшпес мәдени мұра

99. Қазақ хандығының құрылуы - ұлттық мәдениеттің қалыптасуы

100. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері

101. Қазақ би-шешендері

102. Қазақ халқының шежірелік дәстүрі

103. Қазақ халқының материалдың мәдениеті. Ұлттық тағамдар, киімдер т.б.

104. Қазақтардың мәдениетіндегі киіз үй бейнесі

105. Ресей империясы құрамындағы қазақ мәдениеті

106. Зарзаман мәдениеті

107. Шоқанның мәдениеттанулық көзқарасы

108. Абайдың мәдениеттанулық көзқарасы

109. Ыбырайдың мәдениеттанулық көзқарасы

110. Қазақтың социалистік мәдениеті. Мәдени экспансия

111. Х1Х№. қазақтардың музыкалық, мәдениеті (Ақан сері, Жаяу Мұса, Құрманғазы т.б.)

112. ХХ№. 60-70ж.ж. қазақ мәдениеті

113. Қазақ халқының мәдениетінде ұлттық мерекелер мен ойындардың орны

114. Қазақстанның сахна өнері

115. ХХ№. мәдениетіндегі қазақ киносының рөлі

116. ІР-ның мемлекеттік рәміздері

117. Қазақ мәдениетіндегі діни жңйелер мен типтер

118. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері

119. Сопылық мәдени бағдар - Қожа Ахмет Иассауи

120. Ән-поэтикалық өнердің Қазағстанда дамуы

121. Маргиналдық мәдени тип

122. Мәңгүрттік мәдени тип

123. Архаикалық мәдени тип

124. Дәстүрлік пен жаңашылдық мәдениеттері

125. Қазақтың лиро-эпостық жырлары

126. Қазақтың батырлар жырлары

127. Қазақ мәдениетінің типологиясы, ерекшеліктері

128. Қазақтың музыкалық өнерінің типологиясы

129. Ортағасырлық мұсылмандық әлеміндегі ғалымдар тобы (Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ахмет Иассауи)

130. Қазақтардың космологиялық түсініктері

131. Ә.Қастеев - Қазақстанның халық суретшісі

132. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің әлеуметтік-тектік типтері

133. Қазақстан жеріндегі дәстңрлі шаруашылығ-мәдени типтер

134. Қазіргі қоғам мәдениетінің басты құндылықтары (азаматтық қоғам)

135. Қазіргі қоғам мәдениетінің басты құндылықтары (нарық)

Глоссарий

Ұғымы Мазмұны
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) Ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, Абайдың философиялық-танымдық көзқарасы сопылық толық адам іліміне жақын. Абай діни идеологиядан бойын аулақ салып, діни философияға аса мән берген.
Авангардизм, авангардшылдық (франц.) Қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.
Авеста Ежелгі Орталық Азияда, Иранда және оған көршілес аймақтарға кең таралған зорастризмнің (Әулие Заратуштраның ілімі-б.з.д. 6 ғ.). Қасиетті жазбалар жинағы.
Автокоммуникация Өзіндік қарым-қатынас. Ю.М. Лотманның семантикалық мәденитанушы шеңберінде қарастырылған ұғым.
Автохтонды мәдениет (грек.- жергілікті) Белгілі бір аймақтық ең ежелгі халқының мәдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет.
Аккультурация (лат.-білім, даму) Белгілі бір халықтық мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтық мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.
Аксиология (грек ) Құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған әлемнің құрылымы туралы философиялық ілім.
Анарыс, Анахарсис (б.э. 6-7 ғ.) Тарихта «Скиф анахарсисің деген атымен белгілі сақ тайпасынан шыққан ғұлама. Шыққан тегі-патша тұқымынан, анасы-элиндік.
Андеграунд өнері – (ағылш.) ХХ ғасырдың екінші бөлігінде батысеуропалық және орыс мәдениетіндегі ресми өнерге қарсы оппазициялық қозғалыс.
Анимизм (лат.- жан) Заттың дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин.
Антропоцентризм (грек –адам, орталық) Дүниенің орталығына адамды қоятын италияндық Қайта Өрлеудің концепциясы.
Артефакт (лат.-жасанды істелген) Табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі Адам ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады.
Аркетинг (грек-бастау, бейне) Алғашқы үлгі, түпнұсқа.
Аскеттік (грек-жаттығу, ерлік) Саналы түрде табиғи қызықтардан, өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету.
Ассимиляция (лат.-ұқсасу, сіңсу, сіңу) Үлкен этникалық ортада саны кем және саяси мәдениеті мен әлеуметтік жағдайы төмен халықтың өзінің ұлттық болмысынан айырылып, басым халық арасында сіңіп кетуі құбылысы.
Әдеп Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым
Әдет, әдәт Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне қойылатын бұлжымас қағидаларға айналған моральдық талаптар, жөн-жосық, жол-жоралғы
Баласағұн Жүсіп (1017 ж.-ө.ж. белгісіз) Қарақандар мемлекетінде өмір сүрген ұлы түркі данасы, ақын, «Құтты білікң атты дидактикалық-этикалық поэманың авторы
Барокко (итал.-біртүрлі ғажайып) Ақсүйектік мәдениеті дамуына байланысты ХV-XVІІІ ғ.ғ. Еуропа өнерінде қалыптасқан негізгі стильдік бағыт
Буддизм Ежелгі Үндістанда б.э.д. VІ-V ғ.ғ. пайда болған діни-философиялық ілім. Негізін салушы-Сиддхарта Гаутама Шакья –Муни, кматрийлер варнасына жататын ханзада буддаға айналған (тура мағ. –көзі ашылған, түсінген)
Бұқаралық мәдениет ХХ ғасырда Батыс елдеріне тән мәдени тип. Б.М. ұғымына қазіргі өркениетті елдерді қамтыған төмендегідей құбылыстар көрініс тапты: ақсүйектік мәдениеттен оның бұқаралық бітіміне ауысу, бұқаралық ақпарат бұлақтарының жан-жақты дамуы
Вандализм (лат.-талқандаушылық) Риммен қатігездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған, мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым
Ведалар (санскр.-білім) Үнді әдебиетінің ең көне (ІІ ғ. Соңы – б.э.д. І басы мыңжылдықтар) діни және философиялық мұралар
Вестернизация (ағыл.-батыстық) Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы
Генезис (грек-пайда болу, қалыптасу) Генетикалық-диахрондық әдістемеде дамушы құблыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы, қалыптасу сатылары
Герменневтика (грек- түсіндіру өнері) Алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі
Готикалық стиль (итал.-готтық, варварлық) Еуропада ХІІ-ХVІ ғғ қалыптасқан діни сәулет, мүсін және қолданбалы өнердегі көркем стиль. Г.с. үшін көкке ұмтылу, әшекейленген мұнаралар, жебеге ұқсас терезелер, күрделі орнамент тән болды
Гумандылық (лат.-адамдық, адамгершілік) Тұлға ретіндегі адамның, оның еркін даму және өз қабілеттерін жүзеге асыру құндылығын мойындау, адам игіліктерін қоғамдық қатынастарды бағалаудың өлшемі ретінде қабылдау
Дао (қыт. жол) Қытай философиясының ең басты ұғымы. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізгі, әрбір бастаманың басы
Дәстүр Әлеуметтік және мәдени құндылықтардың ұзақ уақыт қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық арқылы сұрыпталып келуін білдіретін және мәдениеттануға да кеңінен қолданылатын ұғым –термин
Декаденс (франц.-түңілу) ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғ. Басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы
Демонология (грек.-рух, құдай ілім) Зұлымдық жасайтын жын-шайтан басқа да күш туралы мифологиялық таным мен сенімнің жиынтық кешені, төменгі ілім
Диалог (грек.- сөйлесу, сұхбаттасу) Мәдениеттануда белгілі бір мақсат пен міндетті шешуде өзара қайшылықты көзқарасы болса да соған қатысушылардың байланысын, бірге жұмыс істеуін айтады
Дискурс (лат.-баяндау) Сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым-термин
Диссидент (лат.-келіспейтін) Мойындамайтын, басқаша ойлайтын адам
Дуализм (лат.-екі жақты) Материалдық және рухани мәдениетті екі қарама-қарсы, бірақ негзгі мәдени элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім
Дін (араб.-сенім, лат.- табыну, бірігу ) Дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Алланың (немесе бір жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін-өзі ұстау)
Еуроорталықтық Философия мен мәдениеттанудағы адамзат өркениеттілігінің басты құндылықтары тек Батыс Еуропада қалыптасты дейтін ұстаным
Заратустра-Заратуштра Гректерде Зороастрдеген атпен белгілі. Ежелгі азиялық данышпандықтың бірден-бір белгісі болды
Импрессионизм (фр.-әсерлену) өнерде ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. Басында пайда болған бағыт. Өкілдері – Э. Манс, О. Ленуар, Э. Дега т.б.
Инновация (ағыл.-жаңалық) Мәдениеттануда этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени құбылысты айқындайтын ұғым
Иррационализм (лат.-ақылға қонымсыз) Табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық
Ислам (араб.-бағыныштылық) әлемдік ірі діндерінің бірі
Иудаизм Негізінен еврейлердің арасында кең тараған, ең көне діндердің бірі
Компаративтік (лат.-салыстырмалы) Мәдениеттануда салыстырмалы зерттеу арқылы мәдениеттегі жалпы және дүние құбылыстарды анықтау
Конвергенция (лат.-жақындасу, түйісу) Этнографияда әртүрлі халықтардың мәдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин
Конфуцийшылдық Діни-философиялық ілім б.э.д.-гі VІ ғ-да Қытайда пайда болған
Космогония (грек.-дүние, әлем) Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мирте аңыз боп айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады
Культ, Ғибадат (лат.- құрметтеу) Ерекше тылсым күшке сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы
Маргиналдық (лат.-шет, шекарадағы) Қоғамдағы әртүрлі процесстердің нәтижесінде пайда болатын, өзге мәдениет
Мәдениет Адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметті және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері
Менталитет, діл (лат.-жан құрылымы) әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы
Мифология а) ол адамзат мәдениетінің барлық типтері мен бітімдерінің негізінде жатыр, адамның өзін таныту туралы құралы б) миф теориясы
Өркениет (лат.-азаматтық) Тарих, антропология, мәдениеттануда кеңінен қолданылатын ұғым. Ө. ұғымы антикалық қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің анықтакмасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды
Пантеон (грек.-барлық құдайлар) Антикалық діндердегі «барлық құдайлардың храмың
Петроглифтер Жартастарға қашалып салынған суреттер
Пиктограмма Белгілі бір тілге тәуелсіз ақпарат бере алатын күрделі суреттер немесе суреттер тізбегінен тұратын ең көне жазу түрі
Политеизм Көп құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну
Православия Христиан дінінің бір тармағы. Шығыс Еуропа және Таяу шығыста таралған
Протестантизм Христиан дінінің бағыты. П-нің негізгі идеясы әрбір діндәр адам Құдай мен тікелей сұхбаттасуға, уағыздар айтуға, діни парыздарды атқаруға құқылы деп білуде
Ренессанс, қайта өрлеу Батыс еуропа мәдениетінің даму кезеңі (ХІV ғ.-ХVІ). Антикалық идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты
Риторика (грек.-шешендік өнері) Дәстүрлі ұғымда риторика деп шешендік өнерді, сөзбен сендіру өнерін айтады
Рококо Тастар мен қабыршақтардан жасалған өрнек
Романдық стиль Х-ХІІ ғ. Батыс Еуропалық өнердегі стильдік бағыт
Сансара (санскр.-айналып оралу) Үнді философиясы мен діннің негізгі концепцияларының бірі. Сансараны мәңгілік қайта айналып келіп отыру идеясын жеткізетін ұғым деуге болады
Санскрит Көне үнділердің әдеби тілі
Семиотика Белгілер жүйесінің (табиғи тілдің, жасанды тілдің, әртүрлі белгілік коммуникация мен адамдар және жануарлар әлемінде қалыптасқан сигналдық жүйелердің, компьютерлік бағдарламалардың, т.б.) қасиеттерін зерттейтін философиялық ғылыми бағыт
Сублимация (лат.-көкке көтеру, биіктету, жоғары қою) Мәдениеттануға психологиядан З. Фрейд еңбектерінің ықпалының нәтижесінде енген термин
Сциентизм (лат.- ғылым-білім) Мәдениет жүйесіндегі ғылымның рөлін абсоюттен асыра мадақтап көрсету
Табу Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым
Талмуд (көне еврей. –кітап) Иудейлер дініндегі киелі кітап
Талнон (лат.-қайтару, өш алу) Қандас туыстар арсындағы қарым-қатынасты реттеуші алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан салт-дәстүр
Теогония Құдайлардың пайда болуы
Теология Құдай туралы діни ілім
Типология (грек.-үлгі, пішін, ілім) Мәдениеттануда мәдениет объектілерін жіктеу және жалпы модельге қарай біріктіру жатыр
Тотем Белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі
Унанишадтар Ведалдардың төртінші және соңғы бөлігі. Унанидтердің барлық саны-108. Унанидтер санксрит тілінде жазылған
Фетишизм Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінде тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну
Ян мен Инь Дәстүрлі Қытай мифологиясының һәм филсофиясының басты космологиялық түсініктері
Эзотеризм (ағыл.-жұмбақ, белгілі адамдарға ғана анық жасырын сыр) Ұстаздан таңдаулы шәкіртке ауызба ауыз таратылатын ілім
 
  ХҮІІІ ғ. орта тұсы – ХХ ғ. қазақ мәдениеті - student2.ru

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-47
01.09.2012 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Мәдениеттану

(пәнің атауы)

Кафедра философия және саясаттану

Тьютор К.Н.Аликенова

Мамандық барлық

Кредит саны: 3

Пән циклі таңдаулы

Студенттер саны

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада және кафедрада %
Негізгі Ч111Я73 F12 Мәдениеттану: Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық / Т. Ғабитов, М. Мүтәліпов, А. Құлсариева. - Алматы: Раритет, 2006. Кітапханада Баспадан
Ч111. 0Я73 F12 Мәдениеттану негіздері: Оқулық / Т. Ғабитов, М. Мүтәліпов, А. Құлсариева. - Алматы: Дәнекер, 2000. Кітапханада  
Ч111. Я73 З28   Затов Қ. Мәдениеттану: Оқу құралы / . Алматы : Қазақ университеті, 2005 Кітапханада  
Ч111. Я73 Қ35 Қанағатова А.М. Мәдениеттану негіздері: Оқу құралы. - Алматы: ҚазМЗА, 2001 Кітапханада  
  Ч111. Я73 А 12   Фи лософия және мәдениеттану Оқулық / Алтаев Ж.А.,Қасабек А.К., т.б Астана: , 2006. Кітапханада  
    Қосымша Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 1-том: ХХ ғасыр мәдениетінің антропологиясы / Құраст. Е. Исмаилов, т.б. - Алматы: Жазушы, 2005. Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 2-том: Мифология : құылымы мен рәміздері Алматы: Жазушы, 2005. - 568 бет. Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 4-том: Мәдениет және ориентализм / Құраст. Құраст. Ә. Наурызбаев, т.б. - Алматы: Жазушы, 2005. - 568 бет Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 10-том: Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары / Құраст.М.Әуезов, т.б. - Алматы: Жазушы, 2006 Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 6-том: Тіл мен мәдениет / Құраст. Ә.Б. Наурызбаева ,. - Алматы: Жазушы, 2005. Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 8-том: Постмодернизм және мәдениет / Құраст. Әуезхан Қодар. - Алматы: Жазушы, 2006. Кітапханада  
Ч111.1 Ә52 Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 10-том: Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары / Құраст. М.Әуезов , т.б. - Алматы: Жазушы, 2006. - 496 бет. Кітапханада  
  Қазақстан тарихы, 5 томдық. 3 том. А., 2001.   Кітапханада  
Ч111 я73 Т 41 Төкенов Ө.С.Мәдениеттану негізде-рі:Оқу құралы\ Алматы: Дайк-Пресс,2001 Кітапханада  
Ч 111я723 Н 15   Нағымұлы Шахман.Мәдениеттану: Оқулық .-Астана: Фолиант,2007 Кітапханада  
Ч111 я2 Қ77 Құралұлы А.Қазақ дәстүрлі мәденитетінің анықтамалығы.Алматы:Сөздік- Словарь,1998 Кітапханада  
Ч111 я2 м35 Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік \ Құраст. Т.Ғабитов.,А.Құлсариева және т.б.-Алматы:Раритет, 2004. Кітапханада  
Ч 111 я 2 Қ77 Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі: Құраст. Құралұлы А. - Алматы : Сөздік 1998. Кітапханада  
  Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. А., 1981. Кітапханада  
  Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет.Тегеран.,2000 Кітапханада  
  Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М.: Высшая школа, 1988; Кітапханада  
      Кун Н.А. Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары.    
  Марғұлан Ә. Ежелгі мәдениет куәлері. А., 1966. Кітапханада  
  Б.Мекішев.Әлемнің жеті кереметі. А.,1992. Кітапханада  
  Ривкин Б. Өнердің ықшам тарихы. А., 1988. Кітапханада  
  Әлікенова К.Н. Мәдениет философиясындағы дәстүршілдік,Талдықорған,2008 Кітапханада  
  Қоңыратбаев Ә. және Қоңыратбаева Т. Көне мәдениет жазбалары. Кітапханада  
  Нуржанов Б.Г. Культурология. Курс лекций. Алматы, 1994. Кітапханада  
  Р.Бердібаев Қазақ фольклорының тарихилығы.,Алматы,1993 Кітапханада  
  Т.Бурбаев.Ұлт менталитеті.Астана:”Елорда”, 2001 Кітапханада  
    Аликенова К.Н. Вестернизация және қазақ мәдени феномені., Талдықорған. 2014 ж. Кітапханада  
Электрондық     Мәдениеттану: Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық / Т. Ғабитов, М. Мүтәліпов, А. Құлсариева. - Алматы: Раритет, 2006. Кітапханада  

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1. ТақырыпКіріспе. Мәдениеттің теориясы. Мәдениеттану пәні, мақсаты және қызметтері

Жоспар:

1. Мәдениеттілік пен өркениеттілік

2. Адам және мәдениет

4. Шығыс пен Батыс: мәдениеттер сұхбаты

Мәдениеттану пәні ХІХ ғасырдың ортасында бтыста қалыптасты. Негізін салушы болып американ аптропологы Лесли Уайт болып есепетелінеді.

Мәдениеттанудың міндеттерінің орындалуына ортақ нәтижесі- қоғамдағы мәдениеттің рөлі деп атайды.

Мәдениеттің негізгі міндетеріне мыналарды жатқызуға болады:

- көндіктірушілік

- құндылықты-нормативтік

- әлеуметтендіргіш

- ұйымдық-реттегіш

- ізгілікті

- коммуникативті-ақпараттық

Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі.

Әлеметтендіргіш міндеті адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.

Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың, дәстүр мен әдеп-гұрыптың, мәдени үлгінің сақталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылықтыққа бейімделу, егер ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.

Мәдениеттің ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.

Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік, әлеуметтік, әлеуметтік саяси. Ұйымдық реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субъектілеріне тендестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты.

Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.

Коммуникативтік-ақпараттық міндет күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, ақпараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдың, дағдының жиынтығынан тұратын барлық ақпараттың сапасына, сәйкестігіне байланысты. Мәдениеттің осы міндетін іске асыратын маңызды құрал - тіл. Мәдениетте ақпараттың алмасуы белгі, бейне, символ арқылы іске асады. Олардың пайдаланылуы мәдениет пен адамды ажыратуы немесе біріктіруі мүмкін. Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі - ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп тусінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті “Жэнь” - адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнің А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. “Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі - өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықты сақтауды талап етеді”.

Кілт сөздер: ізгілік, құндылық, адамгершілік.

Наши рекомендации