Ішекті ысқышты аспаптар
Қыл қобыз – ең көне музыкалық аспап, виола, скрипка, виолончель сияқтыеуропалық ысқышты аспаптардың арғытегі.[7]Қыл қобыз ағаштан бүтіндей ойып жасалады, төменгі ашық жеріне тері қапталады да, аққу тәрізді иілген мойнына аттың қылынан жасалған ішек тартылады. Садаққа ұқсайтын ысқышқа да осындай қыл тартылады. Қобыздың басына темірден жасалған сылдырлақтар, қоңыраулар ілінеді. Кеудесі сүйекпен әшекейленеді, ашық жеріне айна орнатылады. (Қызықтысы, бұрынғы бақсылар оны «айна» демей, «көруіш» деп атаған екен.Онысы – сол айнаға қарап аурудың емін көру, бағу деген мағынада болса керек).
Қазақтар қобыздың құрамына қол астындағы заттардың барлығын қолданған (ағаш, темір, тері, сүйек, қыл). Соған қоса, оның бойында әр-түрлі аспаптардың көрсеткіштері жинақталған: ішек пен ысқыш (ішекті аспаптар), тартылған тері (ұрмалы аспаптар), темір сылдырлақтары(соқпалы аспаптар), флажолет дыбыстары (үрлемелі аспаптар). Осы аспаптарда қолданылатын ойнау тәсілдерін де қобыз өз бойына сіңірген.[8]
Қыл қобыздың айрықша ерекшеліктері туралы А.Мұхамбетова былай дейді:«Инструмент-оркестр, обладающий исключительным богатством тембровых возможностей. Идеальное воплощение архаической концепции Музыкального Инструмента как Универсума. Звучание его обладает магической силой, музыка его священна. В традиции использовался баксы и жырау для сопровождения эпических сказаний».[9]
Қобыздың екінші түрі – нар қобыз.Нар, яғни үлкен қобыздың ұзындығы адам бойындай болған. Бұндай қобызда күй немесе басқа музыка орындалмаған, оның үнін тек қана әдет-ғұрыптарды атқарған кезде шығарған. Қарапайым халық өзінің күнделікті өміріндеқобыздың кішірек түрін қолданған. Бұндай қобыздабақсылардікіндей қоңырау, темір сылдырлақтар болмаған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қыл қобыздың құрылымы.
2. Қыл қобызды неге аспап-оркестр дейді?
3. Қыл қобыздың тағы қандай түрлері болады?
Ішекті шертпелі аспаптар
Домбыра– екі ішекті шертпелі хордофон, халықтың ең сүйікті аспабы. Домбыраның екі түрі болады: біріншісі – мойыны жіңішке және ұзындау келген, төкпе күйлерді орындауға лайықталғанбатыс Қазақстандық қауақ домбыра, екіншісі – орталық, шығыс және оңтүстік Қазақстанда тараған, мойынықысқаша, жуанкелген, шертпе күйлер мен әндерді орындауға ыңғайлықалақ домбыра. Бұрын шығыс Қазақстанның кейбір жерлерінде үш ішекті домбыра да кездескен. Онда орындалатын күйлер де ерекше болған.
Домбыраның дәстүрлі түрі ағаштан тұтас ойып жасалады. Ішектері қойдікі немесе ешкінікіболғандықтандауысы төмен,қою, обертондарға бай. Дәстүрлі домбыраның қоңыр дауысы киіз үйдің акустикасына үндес болған.
Құрақ деп аталатын кәзіргі кездегі домбыралар жұқа тақтайшалардан құрастырылып жасалады. Оның ішегіне кәдімгі балық аулауға арналған полимержібі(леска) тартылады. Сол себепті құрақ домбыраның дауысы жіңішкелеу болып келеді, бірақ алыстан естіледі. Кәзіргі домбыралар көбінесе оркестр мен ансамблдерде қолданылады.
Шертер– қобыз бен домбыраның негізгі көрсеткіштерін біріктірген көне аспап. Ол да домбыра сияқты тұтас ағаштан шауып жасалған, бірақ көлемі кішірек келген, бұрынғы, дәстүрлі түрінде пернелері болмаған, мойынына аттың қылынан жасалған үш ішек тартылған, кеудесінің бет жағы терімен қапталған. Кейбір мәліметтергеқарағанда, ертеректе шертерде ысқышпен де ойнаған. Көбінесе шертермен жырларды, әндерді сүйемелдеген. Кәзіргі кезде шертер оркестр мен ансамблдерде қолданылады.
Келесі ішекті аспап – жетіген. Ол ұзындығы бір метрдей тақтайдан жасалған қорап тәрізді болады. Жетіген деп аталуы қораптың үстінде тартылған жеті ішекпен байланысты.Тиек ретінде ішектердің астына асық қойылады, оны ары-бері жылжыту арқылы дыбыстардың биіктігін өзгертуге болады. Орындаушы дыбысты дірілдету (вибрациялау), немесе биіктігін аздап көтеру (микроальтерация) үшін ішекті екінші қолымен асықтың арғы жағынан басып отырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Домбыраның дәстүрлі және кәзіргі кездегі түрлері,
олардың құрылымы.
2. Шертердің құрылымы және орындаушылық ерекшеліктері.
3. Жетігеннің құрылымы.
4. Осы аспаптарда орындалған үнтаспаларды тыңда.
Рлемелі аспаптар
Сыбызғы– үрлемелі аспаптардың ішіндегі негізгі аспап. Ол ұзындығы 500-700 милиметрдей келетін қамыстан жасалады, саусақтармен басып ойнайтын 3-5 тесігі болады. Қарапайым құрылымына қарамастан сыбызғыда ойнау арнайы дайындықты қажет етеді. Дыбыс алу үшін орындаушы қамыстың тік кесілген жағын өзінің жоғары тістеріне тірейді. Аспаптан шыққан дыбыстар сол тістер арқылы ауыздың қуысына барыпұлғаяды.
Сыбызғының дыбыстары обертондарға бай, қоңыр дауысты, аздап ысылдаған үнімен ерекшеленеді. Күйлерде қолданылатын дыбыстардың қатары екі октавадан астам. Шығыс Қазақстан дәстүрінде орындаушы өзінің тамағымен алынатын төменгі, жуан дыбыстысыбызғының үніне қосып отырады, нәтижесіндекүй екі дауысты болып шығады.
Бұрынғы кезде сыбызғының ағаштан жасалған түрі де болған. Оны жасау үшін түзу таяқты қақ жарып, ішін қуыстап тазалаған. Қуысталған таяқтарды біріктіру үшін оған қойдың немесе ешкінің ішегін тартқан.
Кәзіргі кезде сыбызғыны ұзаққа сақтау үшін аллюминий мен пластикадан жасайды. Бірақ, олардыңдыбыс сапасы қамыстан жасалған сыбызғыға жетпейді.
Сырнайдеген сөз – үрлемелі аспаптардың жалпы аталуы. Жасалатын затына (материалына) байланысты сырнайдың түрлеріқамыс сырнай, мүйіз сырнай, саз сырнай, қос сырнай, қағаз сырнайдеп бөлінеді. Саз сырнай – саз балшықтан жасалған жұмыртқа тәрізді аспап; қос сырнай – екі қамыстыңқосақтала біріктірілгентүрі; қағаз сырнай деп қазақтар бұрынғы кезде гармонды айтқан.
Мүйіз сырнайдыңтемірден жасалған мундштугыболған, сондықтан оның дауысы қатты шыққан, көбінесе мүйіз сырнайды жорықтар мен аңшылықта қолданған.
Қамыс сырнай мен қос сырнайдың дауысы нәзік, әсем болғандықтан оларды көбінесе жастар пайдаланған.
Скірік Саз сырнай
Саз сырнай, үскірік, тастауық аспаптары саз балшықтан жасалады, содан соң ыстық пеште күйдіріледі. Сырт бейнелері әр-түрлі құс-жануарларға ұқсас болғандықтан олардың бірі «тастауық» деп аталып кеткен. Сырнайдың келесі түрініңүскірік деп аталу себебі – дыбыстары қатты аяздағы үскірік желдіңдауысын еске салады.
Керней– үрлемелі аспаптардың ең үлкен түрі. Ол ұзын таяқтан жасалады, қуысталған таяқтың екі жағын біріктіру үшін оған түйенің ішегін кигізеді. Кернейдің дауысы қатты болғандықтан оны алыс жерге белгі беру үшін пайдаланған.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Сыбызғының құрылысы мен дауыс ерекшеліктері.
2. Сырнайдың түрлері, олардың ерекшеліктері.
3. Керней.