Платон бойынша идея,эйдос,зат 2 страница

19.Араб тіл фил өрендеуі

Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан, араб тілінің негізінде ежелгі шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты. Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани ортылыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғ. екінші жартысында орталық Пирней түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғ. мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінін негізі қалаңды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, аль-Кинди, әл-Фараби және ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, ибн Туфейл және ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіңдік алды.

20.Элинистік фил

Эллиндік философия - бұл Александр Македонский державасының пайда болып, оның ыдырау кезеңі мен одан кейінгі Рим құл иеленушілік қоғамының өмір сүрген кезеңіндегі философиялық ой- көзқарастар мен мектептердің жиынтығы. Бұл кезең, грек-македон және одан кейінгі Рим қоғамыныңшығыстың дәстүрлері мен ілімдерін өздеріне белгілі бір дәрежеде қабылдаған, сонымен қатар христиандық ілімдердің антикалық философияға ықпал етебастаған кезеңі еді. Эллиндік философияның көптеген бағыттары мен мектептері болды.

Соның алғашқыларының бірі Эпикур есімімен байланысты. Эпикур (б.д.д 341-270жж) гректің материалист-философы және атейсі. Эпикур Құдайлардың дүниеге араласуын жоққа шығарып, материяны мәңгі деп есептеді. Ол, материя қозғалғанда оның өз ішінде қозғаушы күш болады деді. Эпикур, Левкипп пен Демокриттің атомизмін дамыта келіп, атомдар кеңістікте қозғала отырып олардың салмағы әртүрлі болады, сондықтан олар бір сызықтан ауытқып отырады деді. Таным теориясында Эпикур сенсуалист болды. Сезім әрдайым өзінше бір ақиқат, себебі ол объективті шындықтан туындайды. Сезімдердің пайда болуынЭпикур былай түсіндіреді: денелердің жоғарғы қабатынан ұсақ бөлшектердің ағыны шығып, олар сезім органдарына барады да, заттар туралы бейнеқалыптастырады.

Эллиндік философияның тағы бір бағыты ол стоицизм. Ол көне грек философиясында кең тараған ағымдардың бірі. Стоиктер Құдай мен табиғаттың мәні бір, ал адам осы Құдай табиғаттың бір бөлшегі, барлық шындық пен қозғалушылардың денесі бар, бәрі ішкі және абсолютті қажеттіліке байланысты өмір сүреді деп есептеді. Бір жағынан Стоиктер ерік бостандығын мойындады. Сондықтан олар бостандық үшінтабиғатпен бірлесіп өмір сүруді дәріптейді. Адам санасы әлемдік сананың бір бөлігі болып есептелетіндіктен ол табиғатқа сай болуы тиіс, сонымен бірге өмір сүру - санамен бірге өмір сүруді білдіреді. Бақыт дегеніміз – құмарлықтан бас тарту, рухтың тыныштығы, селқостық. Өмірде бәрі де тағдырға байланысты. Шындық пен ақиқатты ажырата білу керек. Шын мәнінде тек қана денелер ғана өмір сүреді. Ал ақиқат денесіз және ол өмір сүрмейді.

Скептицизм (грекше skeptikos - қарастырушы, зертеуші, сынаушы дегенді білдіреді) объективті шындықты танып білуге күмән келтіретін философиялық тұжырым. Скептицизм ескі қоғамдық идеалдар бұзылып, жаңасы қалыптасып болмаған кезеңдерде қанат жаяды. Философиялық доктрина ретінде скептицизм антикалық қоғамның дағдарысы кезеңінде (б.з.б. V ғасырда) пайда болды. Скептиктер сезімдік дүниені ақылдың көмегімен бір–біріне қарама-қарсы қоя отырып түсіндіргісі келді. Скептицизм Пирронның, Аркесилайдың, Карнеаданың, Эмпириктің ілімдері кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Софистерге ұқсап бірінші скептиктер адам танымының салыстырмалылығын ғана атап көрсетті және оның әртүрлі жағдайларға тәуелді екенін де айтты.Неоплатонизм , неоплатондық – III – IVғасырларда туындап, Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім.

Неоплатонизмнің метафизика түсінігі болмыс бастауының бір екендігін, сол бір мен барды танудың апафатик. ілімін негіздеді. Неоплатонизм ілімі Аммоний Саккастан (III ғасыр) бастау алғанымен, тарихи дамуында оның бірнеше кезеңдері мен мектептерін атауға болады. Плотин негіздеген Рим мектебі (III ғасыр) Неоплатонизмнің теория жүйесін құрды. Кіші Азиялық Неоплатонизм (IV ғасыр) теор. құрылымдардан бас тартпағанымен, негізінен мистик. тәжірибеге сүйенді (Ямвлих, Феодор Асинский, Саллюстий, т.б.). Неоплатонизмнің жүйелеуші кезеңі (V – VI ғасырлар) афиналық, александриялық мектеп өкілдерімен (Плутарх, Сирион, Прокл, т.б.) тығыз байланысты. Неоплатонизм іліміндегі идеялар мен мұсылман және христиан монотеистік теологиясындағы өзара үндестік қазіргі дінтанушылардың да назарын аударуда.

21.Фил дүниетаным басұа дүн айыр

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»

Конф фил нег идеялары

Негізінде, соншалық жас бола тұра, Конфуций Қытайда алғашқы жеке мектептің, оның үстіне сол немесе басқа ғылым мен өнер оқытылған мектептің ғана емес, адам мінездерін тәрбиелеу мектебінің негізін қалаушы болды. Кун Цю өзінің шәкірттерін «соғыстың, жеккөрушіліктің және жоқшылықтың орнына бейбітшілік, жақсылық пен бақыт келетін бейбітшілік туралы арманымен» қызықтырды. Құң Ұстаз былай дейді: «Тіпті екі адамнан тұратын ортадан да мен олардан үйренетін нәрсені табамын. Олардың жақсы қасиеттеріне еліктеймін, олардың кемшіліктерінен өзіме сабақ аламын». ун Цю тек сөзбен ғана емес, бүкіл өмір бейнесімен және өзінің барлық кейпімен: қылығымен, көзқарасымен, келбетімен, тіпті үнсіздігімен оқытады. Ол, әрине танып-білуге күш салудан бас тартпайды, бірақ өмірге біліммен қысым көрсеткісі келмейді. Керісінше ол өмірден үйренуге кеңес береді.

Шәкірттерінің табыстары Конфуций үшін олардың білгірлігімен немесе мектептегі дағдыларымен емес, ақыл мен сезім үйлесімділігін сақтай отырып, өз жүрегіне құлақ сала білумен өлшенеді.

23. Ортодоксалды және орт емес философиялық мектептер

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды.. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі.

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі.Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Миманса – таным мәселесімен айналысты.. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіредіМимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теориямен қатар қарастырылады.

Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

Ортодоксалды емес философиялық мектептер

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

1. Азаптану.

2. Азаптанудың себебі.

3. Азаптанудан босану.

4. Азаптанудан босануға апаратын жол.

Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.

24. Қалам дегеніміз не

Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады. Xғ мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия(суфизм) иеленді. Калам VIII-XV ғ мұсылмандық философиядағы ағымның атауы(арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді). Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеаларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі европалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады.
Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам – философтардың метафизикасын терістеу үшін – Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді.
Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі:
Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы). Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады:
Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама?
Құдіреттің жазуы-ислам догматтары бойынша Алла әрбір адамның тағдырын ол туылғанға дейін белгілеп қояды. Құдіреттің жазуын мойындау адамның өзі жасаған әрекеті мен күнәләрі алдыңдағы жауап кершілік туралы мәселе қояды: “Адамның күнәға бататындығы Алланың жазуы болса, сол үшін адам жауапта ма? Жоқ па?”

25.Схоластика сенім мен ақыл тур

Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді. Заттардың мәні олардың түпнегізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

26.Материализм анық түрлері

Материализм - материя, табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.

Материалисттік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. Материализм адам санасын , ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып білуге болатынын дәлелдейді.

Ілімнің тарихи дамуының барысында Материализмнің 3 түрі айқындалады:

· антикалық Материализм,

· метафизикалық механисттік Материализм,

· диалектикалық материализм.

Материализмнің алғашқы басты формасы (антикалық Материализм) ертеде Қытайда, Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған шағында құл иеленушілердің прогрессивті топтарының дүниеге көзқарасы ретінде пайда болған. Ежелгі философтар (Лао Цзы, Ян Чжу, Ван Чун - Қытайда, локоята мектебі - Үндістанда, Фалес, Гераклит, Анаксагор , Демокрит, Эпикур - Грекияда) материалисттік көзқарасты ұстағанымен, өз қағидаларын ғылыми дәлелдеуге, негіздеуге мүмкіндік болмаған. Табиғатты еш қоспасыз өз қалпында қарайтын Материалисттік көзқарас олар үшін дәлелдеуді керек қылмайтын, өзінен-өзі түсінікті ақиқат болды. Олар сонымен қатар табиғатты мәңгілік өзгерісте, дамуда деп стихиялық диалектика тұрғысында қараған. Алайда табиғатқа тән жалпы байланыс терең дәлелденбеген, талданбаған. Қоғамды түсінуде идеалисттік тұрғыдан аспаған. Ежелгі материалисттер сол тарихи жағдайда материя мен сананың ара-қатынасын толық түсінбей, материя мен сананың сапалық ерекшеліктерін аша ламаған.

Материализмнің тарихи екінші басты формасы - 17-18 ғ-да буржуазияның көзқарасы болған метафизикалық механисттік Материализм (Бэкон, Гоббс, Джон Локк - Англияда, Гассенди - Францияда, Спиноза - Нидерландыда, және 18 ғ-дың француз материалисттері - Ламерти, Дидро, Гальвеций,Гольбах т.б.). Метафизикалық механисттік Материализм сол кездегі жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан ( механикалық детерменизм), бұл Материализм метафизикалық механисттік деп аталған. Метафизикалық механисттік Материализмнің даму шыңы - 19 ғ-ғы неміс философы Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.

19 ғ-дың 40-шы жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің диалектикалық материализмі - материализмнің жоғары сатысы болып есептеледі.

Материализмнің жоғарыда аталған басты тарихи үш түрімен қатар аралық қосалқы түрлері де бар. Олар:

· Көне Шығыстың диалектикалық материализмі

· Қайта өркендеу дәуірінің диалектикалық материализмі

· метафизикалық және диалектикалық диалектикалық материализмнің аралығындағы түрі. Мысалы, 18 ғ-дың Толанд, 19 ғ-да Сен-Симон, орыстың Белинский, Грецн, т.б. десократтары,

· орта ғасырдағы діни-идеалисттік философиядағы диалектикалық материалисттік тенденциялар ( әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд, т.б.)

Нирвана мокша тур

Нирвана -«жоғалу», «сөну», Күнделікті өмір — бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана — осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикадан және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғымы арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен байланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдық пен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.Мокша — торығып-түңілуден, жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы ілім.

Бу насыр фил ерек

Әбу Насыр әл-Фараби (Әбу Насыр Мұхаммад Ибы Тархан). Өмір сүрген жылдары — 870-950 жж. Фараб қа-ласында туған, Әл-Фараби философияны баяндаудың өз нұсқасын ұсынады. Әл-Киндиден айырмашылығы ол философияны — барлық білімдердің ішіндегі ең ұлысы деп есептеді. Философия — бұл адамның зерделік қызметінің жоғары көрінісі. Әл-Фараби ғылымдарды жіктеді, эмбебап философия жасады. Оның метафизикасы, логикасы, ғылым философиясы, этикасы, эстетикасы, әлеуметтік-саяси ілімі, музыка философиясы қабілеттіліктерінің эмбебаптығына дэлел болып табылады. Оның бүкіл ілімі пайдакүнемдік маңыздан асып түсетін метафизикалық мағынаға толыққан. Философияны адамның жоғары зерделік қызметі ретінде анықтады. Әл-Фараби философтар мен философ еместердің арасындағы айырмашылықты айқын белгіледі. Оның бұл ажыратуына мәңгі дүниені танудағы иерархия болып табылатын нышандық білім туралы теориясы дэлел. Нышандар, тұспалдаулардың көмегімен жүзеге асырылатын таным неғүрлым қарапайым болып табылады, өйткені ол эр түрлі түсіндірмелеуге үшырайды, таным болса философиялық түсініктер-категориялардың көмегі арқылы зерделік қызметтің жоғары формасы болып табылады, өйткені ол логикалық эдістермен жүзеге асырылады, сондықтан философия қол жеткізетін ақиқат барлығы үшін бірдей болады.

Гуманизм,антропо

Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол ЕуропалықЖаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады. Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Рационализм, эмпиризм

Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.

Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.

Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.

Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».

Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.

Наши рекомендации