Мірі мен шығармашылық жолы. Дәулеткерей 1820 жылы дүниеге келген
Дәулеткерей 1820 жылы дүниеге келген. Оның арғы тегі қазақтың ақсүйектер табынан шыққан. Атасы Абылхайыр хан 1723-1748 жылдары Кіші жүзді билеген. Әкесі Шығай мен оның ағасы Бөкей 18 ғасырдың аяғында Еділ мен Жайықтың арасына көшіп барып, сонда Бөкей ордасын құрған. Бөкей хан қайтыс болғаннанкейін бұл орданы Шығай басқарған. Дәулеткерей алты жасқа толмай әкесінен айырылады, сондықтан әрі қарай ағасы сұлтан Меңдігерей Бөкейхановтың үйінде тәрбиеленеді. Бөкейханның ұрпақтары сол кездегіең білімді адамдар болған. Меңдігерей де өз балаларына жоғары дәрежелі білім беруге тырысқан. Мысалы, Дәлеткерейдің ағасы Құшағали орыс тілімен қоса француз, араб, парсы, түрік, татар тілін жетік білген. Онымен бірге тәрбие алған Дәулеткерей де осындай білімді болуы әбден мүмкін.
Дәулеткерейдің музыкалық қабілеті жас кезінен-ақ байқала бастайды. Ол кішкентай кезінде сұлтанның шақыруымен келген қазақ ақындары мен күйшілерді ұйып тыңдайтын. Солардың ішінде Дәулеткерейді ерекше тебіренткен Мүсірәлі күйшінің орындаушылық шеберлігі еді. Мүсірәлі арқылы ол Арынғазы, Жантөре, Әренжан сияқты атақты күйшілердің шығармаларымен танысады. Бірақ Дәулеткерейді келешекте ру басшысы болады деп көздеген Меңдігерей оның музыкамен айналасуына аса мән бермейді.
Кейбір тарихи деректерге қарағанда, Дәулеткерей орыс халқының классикалық музыкасымен де таныс болған. Бұндай музыканы ол Жәңгір ханның сарайында естуі мүмкін, өйткені Жәңгір хан музыканы өте жақсы көрген, үйінде рояль ұстаған, сол рояльда оның жұбайы және Ресейден арнайы шақырылған әртістер ойнаған.
1830 жылдардың ортасында батыс Қазақстан өңірінде Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарған үлкен ұлт азаттық көтеріліс болды. Көтеріліс басылған соң орыс патшалығы Бөкей хандығын жойып, барлық билікті өз қолына алады. Сол өлкенің генерал-губернаторыбоп Жәңгір хан тағайындалады, енді оған бүкіл орта жүз бағынатын болады. Осы саяси өзгерістерден кейін қарапайым халық екі жақтан қыспаққа түседі: бір жағынан орыс патшалығына салық төлеуге міндетті болса, екінші жағынан жергілікті бай мен сұлтандардың қанауына тап болады. Осыған куә болған Дәлеткерей Ноғай руының басшысы болып тұрған кезінде өзіне тәуелді адамдардың жағдайын жеңілдетуге тырысады.
Осы жылдары Дәулеткерей ауыл аралап көптеген домбырашылармен, әнші-ақындармен кездеседі, орыс және шет ел халықтарының зиялыларымен танысады (мысалы, суретші Р.Чередеев, француз саяхатшысы Паули).
1859 жылы Дәулеткерей қазақ делегациясының құрамында Петербор қаласына барып орыс патшасы ІІ Александрдың таққа отыру рәсіміне қатысады. Ресей астанасында екі апта болып театр мен концерттерге барады, сол арқылы орыс мәдениетімен жақынырақ танысады.
Дәлеткерейдің өміріндегі еркеше оқиғалардың бірі –ұлы күйші Құрманғазымен кездесуіболды. Кездесу кезінде олар бір біріне өз күйлерін орындайды. Құрманғазының орындаушылық шеберлігі Дәулеткерейге үлкен әсер қалдырды. Дәулеткерей өзінің жоғары қызметтік лауазымын пайдаланып Құрманғазыны билік өкілдерінің қудалауынан қорғап, көмек көрсете бастайды.
Өмірінің соңғы жылдарында Дәулеткерей өзінің білімі мен тәжірибесін жас орындаушыларға беруге тырысады. Шәкірттері оны құрметтеп «Бапас» (әке) деп атайды. Солардың арасында кейін атағы шыққан домбырашылар – Баламайсан, Әлікей, Мақар, Тұрып, Салауаткерей, Сейтек, Науша Бөкейханов, Қали Жантілеуов. Дәулеткерейдің музыкалық мұрасы осы шәкіртерінің арқасында біздің заманымызға жетіп отыр.
Дәулеткерейдің шығармашылық жолын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі – 1840-50 жылдар, бұл кезде ол «Қыз Ақжелең», «Қос алқа», «Қоңыр», «Желдірме», «Ысқырма», «Қос ішек» деген алғашқы күйлерін шығарған. Бұл күйлер құрылымы жағынан қарапайым, мазмұны жеңіл, орындауы ыңғайлы, сол себепті халық күйлеріне жақын болып келген. Кейбіреулерінде орындаушылық тәсілдердің арнайы әдістері қолданылған. Мысалы, «Қос ішекте» негізгі әуен екі ішекте алма кезек жүріп отырады. Осыған ұқсас тәсіл «Ысқырма» күйінде де кездеседі.
Көркемдік сапасы жағынан жоғары деңгейде тұрған «Бұлбұл», «Қара қожа», «Салық өлген», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты күйлерін Дәулеткерейдің шығармашылық жолының екінші кезеңіне жатқызуға болады. Академик А.Жұбановтың айтуынша, «Бұлбұл» күйі Құрманғазы мен Дәулеткерейдің кездесуі кезінде дүниеге келген. Бұл күйді алғаш рет нотаға түсірген А.Затаевич былай деп жазады: «Великолепный образчик большого народного искусства! Пьеса необычайной поэзии и картинности, с ее задумчивыми речитативами чисто восточного характера, возникающими на мягком, колеблющемся фоне ровных триолей вступления и интерлюдий! Какие вспышки темперамента! И какое упоение красотами южной ночи – «соловьиной» без пустого и внешнего звукоподражания! Вещь, насыщенная волнующим содержанием, точно сказка Шехерезады...».[11]
Осы кездегі ерекше күйлерінің бірі – «Салық өлген». Оны Дәулеткерей мезгілсіз қайтыс болған қайын інісі Салық Бабаджановтың рухына арнаған. Мұрағат деректерінесүйенсек, Салық өз заманындағы аса білімді, зиялы адамдардың бірі болған. Ол ұлы ғалым-ағартушы Шоқан Уәлиханов сияқты Орынбор кадет корпусын бітірген, хорунжи әскери атағы болған,ғылыми еңбектері үшін Ресей жағрафиялық қоғамының мүшелігіне қабылданған.Саяси-әлеуметтік көзқарасы жағынан ағартушы-демократ болған. Дәулеткерей інісін ерекше құрметтеп, оған үлкен үміт артқан, бірақ белгісіз жағдайлармен ол кенеттен қайтыс болады. «Салық өлген» - Даулеткерейдің ең қайғылы күйлерінің бірі.
Дәулеткерей шығармашылығының соңғы кезеңіндегі күйлер философиялық тақырыптарға арналған. «Топан», «Тартыс күй», «Жігер», «Шолтақ», «Көроғлы» сияқты шығармаларында мәңгілік өмір мен жалған дүние, өнер мен дарынды тұлғаның қоғамдағы рөлі туралы мәселелер көзғалады. Сондай күйлердің бірі - «Жігер» туралы атақты фольклор зерттеушісі А.Затаевич былай дейді: «Откуда только это название: «Жигер», т.е. Энергия? Если это и в самом деле – энергия, то не действенная и наступательная, а, если можно так выразиться, статическая, т.е. оказывающаяся в самом характере выражения мужественного и величаво скорбного раздумья и характеризуюшая скрытую мощь страждущей души».[12] Мақаласының соңында ол «Жігерді» П.Чайковскийдің Патетикалық симфониясының азалы 4-ші бөлімімен салыстырады. Кейін А.Затаевичтің бұл пікірі атақты қазақ композиторыҒ.Жұбанованың «Жігер» деп аталатын симфониясында жүзеге асқанай болды. Сөйтіп ұлы күйшінің музыкалық мұрасы кәзіргі замандағы симфония жанрында өз жалғасын тауып, ұлттық өнердің әрі қарай дамуына септігін тигізді.
Ос алқа
Бұл күй Дәулеткерейдің ең танымал шығармаларының бірі. Академик А.Жұбановтың пікірінше, күйдің бірыңғай ырғағымен жоғары-төмен «теңселіп» тұратын әуені қыздың жүрісі мен мойнындағы алқасының шайқалысын бейнелейді.
Күйдің төрт тактіден тұратын қысқа қарапайым бас буынынан кейін негізгі әуені басталады. Бұл тақырып әрі қарай ешқандай өзгеріссіз жоғарғы кварта биіктігінде қайталанады.
Келесі бөлім – күйдің шарықтау шегі. Бұл бөлім, Дәулеткерейдің басқа күйлеріндегідей, кіші сағаның шеңберінен аспайды. Күйдің соңында негізгі әуен алғашқы дыбыс биіктігінде толық түрінде қайталанады.
Расында да, «Қос алқаның» әсем әуені мен «теңселген» ырғағытыңдармандардың көз алдына сұлу қыздың нәзік жүрісін елестеткендей болады. Сондықтан болар, бұл күй кәзіргі кезде әр-түрлі билердің қойылымдарында қолданылып жүр.
Даша
Дәулеткерейдің шығармашылығында әйел бейнесіне арналған күйлер аз емес. Солардың бірі – «Құдаша». Бұл күй өзінің көңілді, ақ жарқын, әсем музыкасымен отан жұртшылығының ғана емес, шетел тыңдармандарының да сүйікті шығармасына айналды.
Күй дәстүрлі бас буынмен ашылады, кейін бұл бөлімшығарманың басынан аяғына дейін бірнеше рет қайталанып отырады.Орта буын бөлімінде жүретін әуені кең көлемді, ырғағы бірқалыпты, мазмұны жағынан көңілді, ойнақы болып келеді:
Келесі бөлім – саға, ол күйдің шарықтау шегі. Саға екі рет қайталанады, бірінші рет қысқартылған түрде берілсе, екінші рет толық түрінде жүргізіледі.
Төкпе күйлердің тұрақты бөлімдерінің бірі - «төрт перне». Дәстүр бойынша ол сағаға дейін жүруі керек. Бірақ Дәулеткерей бұл жолы олардың орындарын ауыстырып, сол арқылы ерекше композициялық құрылымға қол жеткізді.
Қыз Ақжелең
«Қыз Ақжелең»– әйелдер бейнесіне арналған шығармалардың ішіндегі ең жетік, жоғары кәсіби дәрежедегі күй. Ол өзінің әсем әуенімен, құрылымының мінсіздігімен тыңдармандардың сүйікті шығармасына айналды.
Күйдің құрылымындатөкпе күй дәстүріндегі барлық бөлімдер қамтылған. Қысқаша келген бас буыннан кейін орта буын бөлімінде күйдің негізгі әуені басталады. Бұл кең ауқымды әуен бірнеше бөлшектерден құралған, олардың әрқайсысы бас буыннан алынған тұрақты ырғақпен аяқталып отырады.
Келесі, «сиb-фа» биіктігінде жүретін бөлім – төрт перне. Оның негізгі міндеті – күйдің үрдісін жаңа дыбыстар кеңістігіне көтеру.
Шығарманың шарықтау бөлімі (сағасы) шағын, жинаңқы. Сағадан кейін жүретін қорытынды бөлімде күйдің негізгі әуені тағы бір рет қайталанады.
«Қыз Ақжелең» күйі, «Қос алқа» сияқты, әсем әуенімен бірге би ырғағымен де ерекшеленеді.Жалпы, би ырғағын Дәулеткерей шығармашылығыныңалғашқы кезеңінде туындағанкүйлерге тән ерекшелік деп айтуға болады.
Салық өлген
Бұл Дәулеткерейдің ең қайғылы, мұңлышығармасы. Күйдің жанрын жоқтау деп белгілеуге болады. Бірақ оның ғұрыптық Жоқтау әндерімен тікелей байланысы жоқ. «Салық өлген» - жоқтау жанрыныңаспаптық түрі. Күй жеке адамның қайғысымен бірге жалпы адамзатқа қатысты философиялық мәселелерді қозғайды.
Күйде кең ауқымды әуен жоқ. Оның музыкасы «Са-лық өл-ген» сөздерінің буын ырғақтарына сәйкес қысқа бөлшектерден құралған.Күйдің зарлы, мұңлы мазмұны бас буын бөлімінен-ақ байқала бастайды:
Күйдің бірімен бірі жалғасып жатқан бөлімдерін жеке ажыратып көрсету қиын. Төрт үлесті ырғақтан тұратын қысқа әуендер бір біріне тізбектеліп әр түрлі биіктіктерде еркін жүріп отырады.
Музыканың өрбуі бара-бара өзінің ең биік дәрежесіне жетеді. Бұл күйдің сағасы. Әдетте, күйлердің музыкалық мазмұнының шиеленісуі оның шарықтау шегіне сәйкес келеді. Бірақ «Салық өлгенде» бұндай сәйкестік байқалмайды. Күйдің ең қайғылы, зарлы жері сағадан кейін қайталанған орта буын бөлімінде орналасқан. Бұл жерде әуеннің саздық бояуыминормен«қоюланып», төмен қарай бағытталған фригиялық дыбыстар қатары арқылымузыканың зарлы үнін күшейте түседі:
Жалпы, «Салық өлген» күйі тыңдармандарға ауыр әсер қалдырады. Сондықтан болар, ол концерттік сахналарда, радио мен теледидарда аз орындалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дәулеткерейдің шығармашылығына жалпы сипаттама бер.
2. Күйшінің өмірбаяны.
3. Дәулеткерей шығармашылығының кезеңдері.
4. «Қос алқа», «Қыз Ақжелең», «Салық өлген» күйлеріне мінездеме бер.
5. Осы күйлерден үзінділер ойна.
Тақырып
Дина (1861-1955)
Ұлы Құрманғазының сүйікті шәкірті, атақты суырып-салма домбырашы, дарынды күйші-композитор Дина Нұрпейісованың есімі дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан домбыра өнерін біздің заманымызға жеткізген орындаушылардың бірі. Сондықтан Динаның шығармашылық жолын өткен мен бүгінді, домбыра музыкасының классикалық дәстүрі мен кәзіргі заманды байланыстыратын өтпелі кезең деуге болады. Бұл кезең көптеген тарихи-әлеуметтік оқиғаларғатолы болды, солардың ішіндегі асамаңыздылары – 1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалыс, Октябрь социалистік революциясы, Ұлы отан соғысы, соғыстан кейінгі мәдени-шаруашылық құрылыс.
Өзінің өнерлік жолын сүйікті ұстаздарының арасында бастаған Дина аталған оқиғалардың бәрін басынан өткізіп, домбыра өнерінің классикалық дәстүрін кәзіргі заман домбырашыларына қолма-қол ұстатты. Динаның орындауында Құрманғазы, Дәулеткерей т.б. күйшілердің шығармаларымен қоса, өзініңде күйлері үнтаспаларға жазылып алынды. Сол арқылы біз батыс Қазақстан домбыра өнерінің ең биік туындаларына қол жеткізе алдық.
Динаның өмірінде әр-түрлі қиыншылықтар көп болды. Бірақ соларға қарамастан ол өзінің «ескі досы»- домбырасын ешқашан тастаған емес. Өмірінің соңына дейін орындаушылық дәрежесін жетілдіріп, домбыра өнерінің қол жетпес биігіне жетті. Соның айғағы –Динаның халық арасында «домбыраның Жамбылы» атануы.