Д.15. Қоғам және мәдениет: философиялық талдау негіздері.
1. Қоғам: ұғымы мен құрылымы.
2. Мәдениет философиялық мәселе ретінде.
Дәріс мақсаты:
Негізгі ұғымдар:
Мәдениет –құндылық, процессуалдық, пәнділік пен нәтиже түрінде анықталған адамзаттың (әлеуметтік) іс-әрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, әлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік және құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық және рухани мақсатты қызметін қамтиды.
Өркениет –қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі және ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нәтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы және еркіндік сәттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автонономды және рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.
Өркениет пен мәдениеттің бағыттырын ажырата білу қажет. Өркениет – құралды болса /нан, күш/, мәдениет – гуманды /адамгершілік пен ақылдың биіктігі/. Өркениетті - былжырақтық, ал мәдениетті – дүниеқорлық бұзады. Мәдениет – даңққа, өркениет – батырлыққа шақырады. Мәдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мәдениет рухани маңыздылығымен ұстемді, ал өркениет – материалдылығымен бағындырады. Мәдениет тұтқасы – рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы – ұйымдастыру болады.
Дәстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ -өзінің мағынасында дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезенге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бәріне ортақ дәстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі әлеуметтік-мәдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің реалдық фактілерін генерализациялау деген түсінік. Д.қ. экономикасына жаратынды өндіріс тәрізді. Заттық қатынас мүлдем жоқ, әлде азғантай әлеуметтік элитаның жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Әлеуметтік қатынастын құрылысының негізгі принципі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі әлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бәрінен ақшақталған әлде жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дәстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: әлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан әлде жан ұяның қолында жұмылады; жазбаша өнердің жоқтығы, әлде ол нақты жоғары шинеуніктер мен абыздардын артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды /орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Тайяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста – қытай тілі/. Сөйтіп мәдениетті ұрпақтарға трансляциялау /жеткізу/ вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі әлеуметтік институт – жан ұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда д.қ. деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» әлде «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады /Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч/.
Техногендік қоғам /батыс өркениеті/-XV-XVII ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары және осы бәрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі – Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мәдениет матрицасы үш кезеңен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті – техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмілік уақыты – 300 жыл. Өзінің ішкі мәнінде ол агрессивті және мәдениеттің сакраменталды дәстүрін жояды. Дамудың техногендік типі – табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі және адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы әлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам – орталық, активті іс-әрекетті жан, ол өзінің іс-әрекетің сыртқа бағыттайды. Жалпы мәдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.
Әлеуметтік философия объектісі қоғамды тану, яғни әлеуметтік ақиқатты тану.
Әлеуметтік философияны анықтау қиын, өйткені білімнің бұл саласы адам қызығушылығын, оның әлемді түсінуі және осы әлемдегі өзін түсінуімен байланысты.
Әлеуметтік философия өз бастауын Антика кезеңінен алады. Оның тууы Платон және Аристотель аттарымен байланысты. Олар қоғамды және олардың бөлек сфераларын философиялық тұрғыдан алғаш рет түсіндірді. Платон өзінің «Мемлекет» және «Заңдар» еңбегінде көне грек қоғамының логика-түсінушілік анализін жасайды, ал Аристотель «Саясат» атты еңбегінде - өз заманындағы әлеуметтік мәселелерін эмпирико-ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Ортағасырлық қоғам моделі - Құдай ерігін және дәстүрін білдіретін моральдық құрылым. Шығыста да (ислам) батыста да (христиан діні) шіркеу мемлекет ролін атқарады. Көрнекі құрал ретінде қазіргі замандағы итальян философы Умберто Эконың «Роза есімі» атты еңбегін алуға болады. Бұл еңбек қоғамның шіркеулік институттарының қол астында болғандығын нақты көрсетеді.
Әлеуметтік ойлар дамуының жаңа сатысы ретінде Қайта өрлеу дәуірін айтуға болады. Қоғамның жетілуінің дұрыс жолын іздеу утопиялық еңбектердің тууына әкелді. Оның бірі ретінде Томаззо Кампанелланың атақты «Күн қаласын» айтып кетуге болады. Утопия ақиқаттың көрінісі ретінде Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік ілімінде өз орнын алады.
Ағартушылық дәуірдің әлеуметтік ойлары Монтескье, Вольтер, Руссо, Гельвеций және т.б. аттарымен байланысты. Олардың еңбектерінде әлеуметтанудың ғылым ретіндегі теориялық базасы қаланған.
Француз ағатушыларының қоғамды анализдауы жаратылыстану ғылымдарына тән зерттеудің принциптері және тәсілдерін қолдануды жорамалдамады. Қоғамдық өмірді тануда жаратылыстану принциптерін қолданған алғашқысы Клод Анри де Сен-Симон (1768-1825) болды. Ол философ әлеуметтік ғылымға «утопиялық социализм» атымен енген концепцияның бастауында тұрды.
1817 және 1824 жылдар аралығында социологияның негізін салушы Огюст Конт СенөСимонның хатшысы болып істеді. 1822 жылы олар «Қоғамның қайта ұйымдасуына қажет ғылыми жұмыс жоспарын» құрастырды. Онда объективті зерттеулерге сүйенген, жаратылыс ғылымдарының тәсіліне сай құрастырылған қоғам туралы ғылым жасау керектігі жайында айтылады. Бастапқыда қоғам жайындағы жаңа ғылым «Әлеуметтік физика» деп аталады. Осылайша, әлеуметтану қоғамды зерттеудегі бұрынғы спекулятивті, таза абстрактілі тәсілді ғылымымен ауыстыруға ұмтылыс болды. Соңара, 1839 жылы Конт «Әлеуметтік физиканы» әлеуметтануға өзгертті, өйткені неміс статисті Кетле барлық әлеуметтік физиканы статистикалық зерттеуге әкеп тіреді. Ал Конттың түсінуінше әлеуметтану теориялық ғылым болу керек.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғ. басында әлеуметтанудағы орталық тұлға ретінде неміс социологы Макс Вебер (1864-1920 жж.) болып танылады. Макс Вебердің таным теориясындағы басты мәселесі: мәдениет жайындағы ғылымға жаратылыс ғылымдарға тән қаталдық пен жалпы мәнділікті қалай қамтамасыз етуге болады?
Қазіргі әлеуметтік философия қоғамның төрт негізгі мінездемесін береді: өзіндік әрекет, өз-өзін ұйымдастыру, өзін өзі дамыту, өзін өзі жетілдіру. Өзіндік іс-әрекет, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту тек қана қоғамға емес, сонымен қатар оның бөлек элементтеріне тән. Бірақ, жеткіліктілік тек жалпы қоғам ғана бола алады. Оған кіретін бірде бір жүйе жеткілікті болып табылмайды. Тек қана іс-әрекеттің барлық түрі әлеуметтік топтар, институттар (жанұя, білім, экономика, саясат және т.б.) қоғамды жеткілікті жүйе ретінде құрайды.
Қоғам әрдайым қозғалыс жағдайында болады. Дегенмен, сонымен қатар ол тұрақтылықтың анықталған ережесін қажет етеді. Басқаша айтсақ, диалектиканың дәлелдеуінше шамадан тыс мәнді сапалық өзгерістерге әкеледі, ал ол қоғам сияқты қиын иерархиялық жүйе үшін үлкен мәселе және оның өмір сүруіне қауіп әкеледі.
Мәдениетті жабық, автономды, тек өзін менгеретін жүйе деп айтуға болмайды, себебі, оның дамуы ішкі және сыртқы, мәдениеттану себептермен негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мәдениет пен ғылым аралығындығы қатынас туралы тақырып жалпы және шексіз, оның көп бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи және әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның қажеттіліктеріне әсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны тандау, мәдени даму жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы фунциясын атқару қызметі мүмкін тек негізгі бір себеп арқылы – ғылым мәдениеттін ең жетілген бөлігі болған сон, әлі бәріне жетпеген түрлермен байланысты.
Мәдениеттің ғылымға әсерін дәлелдейтін бір факт бар, әрбір мәдениет ғылымды жаратпайды, мысалы, майя мәдениеті. Ғылымның пайда болуына мәдениеттану негіздер қалыптасқанда қана, мәдениет адамзаттың басқа іс-әрекеттерінің нәтижелерімен қоса /мораль, өнер, дін, техника, экономика т.б./ өзіндік ойлау стильді, дүние бейнесін, танымның стандарттары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мәдениет әр-қашанда ғылымнан объектілердің адекватты /шындық, ақиқат / түрін, деңгейін талап етеді.
Осы нәтижесінде ғылым өзіне деген мәдениеттің әсерін сезеді, қоғамда қалыптасқан мәдени дәстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді. Мәдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де әсер ету мүмкін.
Мәдениет пен ғылым арасындағы қатынастын механизмі рельефтік түрде техногендік /батыс/ және дәстүрлі /шығыс/ өркениеттерді салыстырғанда айқын.
Батыс өркениеті – бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезенінде тауып 17-18 ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы әлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің аренасы, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық подходка негізгі акцент жасау.
Батыс мәдениетінің профессионалдық және басқа сфераларына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» және «Мен-еместі» нақты ажырату, тұлғаның индивидуалдылығына, уникалдылығына, қайталанбатындығына акцент жасау. Адам биоәлеуметтік жан, экономикалық және техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық денгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады.
Осының бәрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына әсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаналық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мәнгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепте жаңа теориялардын қажеттілігі – осылардын бәрі батыс ғылымның қазіргі негізгі нормалары.
Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен индивидуалдылықтың идеалы, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми және қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстын ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты және оның шешімінің бар екенің мойындамау деген.
Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постнеклассикалық деңгейіне әкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т.б.
Сөйтіп, батыс мәдениетінің ғылымының дамуы қоғамдақ сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса кележатқан, постғылыми. Жаһандау мәселелерге қарамастан техногендік мәдениеттің болашағы ғылыми-техникалық жаналықтармен байланысты.
Шығыс мәдениетінің дамуы – ол үнді-буддалық /б.д.д. 7-6 ғғ./, арабо-исламдық /7 ғ. б.д./, қытай-конфуцийшылдық /6 ғ. б.д.д./ дүниегекөзқарастар. Келесіде осы мәдениеттерге тәрізді қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша әлем түсінігіне келсек, табиғаты біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген организм, адам соның бір бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, оны құрастыратындардын бәрі бір деңгейде, әр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тәуелді, өзінің жағдайымен байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы, қытайда жетілген дао /табиғат синонимы/, алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі мен қазіргі жағдайында бар.
Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс көзқарасында әлем – ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мәдениетінде де табиғат пен мінез-құлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның бостандыққа жолы – жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру.
Өмір принціпінің бірі - әрекетсіздік /у-вей/, дегеніміз іс-әрекетті жоққа келтіру емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы және табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процесстердің жағдайын адам өзінің дүрыс емес істерімен бұзады. Сөйтіп, қытай философиясының бағыттарымен мектептері жалпы және ортақ рухани негізден – Дао мәденитін тамыр қылып алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мәнің, инь және ян ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштын, Әлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі.
Сөйтіп, шығыс ойлауында дәстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мән беріп, жана білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама-қарсы қою жоқ. Практикалық ғылым қалыптасқан Шығыста әлеммен бір болмысты болуды қалайды. Шығыс пен Батыс мәдениеттері өздерінің айырмашылықтарына қарамай бір-бірімен сұхбатқа тырысады. Осы жағдай ғылымға да қатысты. Осыған дәлел ғарыш, табиғи, әлуметтік процесстер туралы түсініктерінің нәтижелері. Шығыста ойлаудын ерекшелігі бірізгіліксіздік, ол жетілгендік пен сұхбаттылықтын көрсеткіші және шығармашылық хаостын аланынын себебі деген ой. Осы тұжырымға қазіргі ғылым өзінің классикалық емес және постнеклассикалық кезеңдерінде жетті. Мысалы, үнді философиясындағы адам организімінің түпкі мүмкіндіктері туралы білімдер қазіргі медицина мен биологияда жаңа түрде қарастырылып жатыр. Осы батыс рационализімі мен шығыс данышпандығының интеграциясы. 20 ғ. шығыс психомәдениеттерінің /даосизм, буддизм, дзен-буддизм/ медиативтік тәжірибелерін батыс ғылымы пайдаланады /интуитивтік әдісті құбылысты тануда қолданады/. Сөйтіп, үнді физик Б. Бозе, пакистан физигі А. Салам деген жаңа аттар туылды.
Қорыта айтқанда, 20 ғ. сонында – 21 ғ. басында адамзат өмірді сақтау стратегиясын тандауында шығыстың дәстүрлі нәтижелерімен, техногендік өркениеттің төнірегінде пайда болған құндылықпен, көзқарас мағыналарымен келісім түріне жетті. Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбат конструктивті және шексіз, солай, адамзат жаһандау мәселерінде шеше алу мүмкін дейміз.
Тестер:
1. Адамның іс-әрекетіне жеткілікті қатынастар мен байланыстардың жиынтығы:
А) тарих C) мемлекет
B) этнос D) қоғам
2. Капиталистік қатынастар дами бастаған кезде пайда болған адамдардың тарихи бірлестігі:
А) ұлтC) мемлекет
B) этнос D) қоғам
3. Еңбек теориясы бойынша адамның қалыптасуына әсер еткен факторлар:
А) биологиялық эволюция C) еңбек құралдары, сөйлеу, ойлау
B) Құдайдың пайымдауы D) мәдени факторлар
4. Тарихты материалистік тұрғыдан қарастыру теориясының авторы:
А) Мальтус C) Маркузе
B) МарксD) Маршалл
5. Әлеуметтік уақыт дегеніміз:
А) сана дамуының процесстеріC) тарихи оқиғалардың өнімділігі
B) қоршаған ортаның өзгеруі D) мәдени процесстер
6. Жер бетінде адамдардың саны көбеюінің зияндылығы туралы ең алғашқы ескерген ойшыл:
А) Мальтус C) Маркузе
B) Маркс D) Маршалл
7. Цивилизацияның алғашқы деңгейі:
А) алғашқы қаумдық қоғамы C) индустриализм
B) аграрлық цивилизацияD) постиндустрализм
8. Адамның іс-әрекетіндегі биологиялық факторларды абсолютизациялау:
А) персонализм C) социал-дарвинизм
B) конвенционализм D) постиндустрализм
9. Геополитикалық мағынада ұлттың құрамы: