Орта ғасыр философиясындағы номинализм мен реализм

Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм. Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған. Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом. Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында. Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады.Оның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың. Фома Аквинский католиктік философия – томистік бағыттың негізін қалады. Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес,тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот, ағылшын философы Уильям

Оккам.Пьер Абеляр реализм мен номинализмнің біржақты пікірлерін толықтыруға тырысты, сөйтіп өзіндік ерекшелігі бар концептуализм ілімін жасады. Абеляр Аристотельдің Платон идеялары туралы ойларын қайтадан жаңғыртты. Ойшылдың пікірінше, жалпы нақты заттардан тыс бола алмайды. Ол заттармен бірге, оның болмысымен біте қайнасқан. Адам ақылы оны заттан бөліп, сол арқылы заттың ішкі мәні мен мағынасын анықтайды, сөйтіп жалпы ұғымдарды тудырады. Жалпы ұғым адамның ақылында концепт ретінде өмір сүреді..

Араб философиясындағы орта ғасырдағы антикалық мұра О.ғ.Араб-мұс.ф-сы. философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды.

Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.

Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты.

Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі.

Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі.

Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген.

Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).

Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.

Көп жақты және әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара ұшырасып, тоғысуы нәтижесінде жоғары шығармашылық сапаға көтерілді.

Араб орта ғасырлық ойлау мәдениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондықтан да жалпы орта ғасырларға тән теологиялық сипаттағы құдай және оған адамның қатысы туралы мәселе әл-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд еңбектерінде жалпы мен жекенің, қоғам мен адамның, мәндік күштері мен қабілеттерінің адамның өзіне қатынасы туралы мәселе айналды.

2. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.

Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.

Ислам VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығыс мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Оның негізін қалаушы Мұхаммед Алланың жалғыз екенін уағыздап, соған ғана құлшылық етуге шақырады.

Адамзат баласы «Алланың жалғыз екенін мойындап, оның елшісі Мұхаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қабылдады, яғни мұсылман болды – деп санайды. Бұл Алламен келісім – шартқа келді дегенді білдіреді. Қасиетті кітап араб тіінде жазылған. Сондықтан ислам дініне сенушілер араб тілін үйренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.

Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.

Калам әлемнің атомистік құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан құралады. Бірақ оның пайда болуы құдайдың еркіне тәуелді. Құдай қаласа, заттар атомдардан түзіледі, қаламаса түзілмейді.

Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.

Адамдардың себеп, салдар деп жүргені түк емес, шын мәнінде, құдай олардың санасында сондай дағдыны туғызады. Әлем заттармен бірге ұдайы өзгеріп отырады, бірақ жеке заттардың өзінде жеке немесе жалпы ұдайы байланыс болуы мұмкін емес. Ол Құдайдың шектелмеген еркіне байланысты. Адам ешуақытта еркін бола алмайды. Ол құдайдың әмірін орындап отырады.

Шығыс орта ғасырындағы классикалық философиясы. Араб тілді философиядағы әмбебаптық, пантеиз,перепатетизм Шығыстағы Ортағасырлық мұсылмандық философия. Шығыс перипатетизмі. Араб ф.ы мұсылман дінің қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін шығыс халықтарыы ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі ф.қ ілімдерінің жиынтығы. Араб ф.ң п.б. мутализиттердің (оқшауланғандардың) қаламның рационалдық дін ілімінің ертедегі өкілдерінің қызметіне байл.ты олар адамның ерік жігернің бостандығы мен құдайдың ерекше белгілері тур.мәселелерді талқылаудан бастап діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІХғас.арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар ф.мен танысты. Олар Аристотельдің ф.на және оның нег.концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұнғыш рет енгізген ойшыл Аль Кинди шығыс перипатетизимнің шығыс атасы есептелді.

Араб мәд.араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне,дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар менегипеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің нег,де ежелгі шығыс мәд,мен антикалық мәд.ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты.Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәд.,рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклит, Архимед, және Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Хғас.да екінші орталық Периней түбегіңдегі Кордова қаласына ойыса бастап 16 ғасыр мәд.даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, щегіне жетті. Аристотилизм ығымының ықпалы ф.я саласында өте күшті болды. Сөйтің мұс.н перипатизмнің нег.қаланды. Ол нег.екі бағытқа бөлінген еді. 1.Аль Кинди, Аль Фараби және Ибн Синаның атымен байл.ты шығыстық аристотелизм. 2.Ибн Туфецль және Ибш Руштың атымен байл.ты испан аристотелизмі. Алғ.кезде арабтар аристоль ф.ның неоплатониктер бұрмаланған нұсқасымен танысқанды. Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып,зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы, антропоцентризм гуманизм және адамның тұлғалық проблемасы.Қайта өрлеу кезеңі ф.ң гуманистік сарында болуындакатоликтік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адам.ң еркіндік, бостандық тур.идеялары ықпал жасады. Жалпы алғ.да қайта өрлеу ф.сы нег.үш бағытта дамыды. 1) (Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи) адам.ң еркін, бостандығын өздерінің ф.қ ілімдерінің нег.өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәд.те гуманизм дег.бағытты дүниеге әкелсе,2) (Макиавелли, Томас Мор, Томазо Компанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрса, 3) (Коперник, Бруно, Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемдік п.б. ж.е оның құрылысы тур.іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құб.н өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.Қайта өрлеу дәу.ң ф.қ нег.ерекшеліктері.1)Антропоцентризм ж.е гуманизм адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқ.адам мәселесін алғ.қатарға қою.2)Шіркеу идеологиясына қарсы пікірдің қалыптасуы (діңді теріске шығару емес өздерің құдай мен адам арасындағы байл.ретінде санаған шіркеу қызмет.не қарсы шығу) 3)Кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымынабаса назар аудару.4) Әлемнің шексіздігі тур.анатомиялық жаңалық.ң ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес екендігі оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жаңалықтарды) түсіну.5)Тұлғаның алғ.қатарға қойылуы6)Әлеум.теңдік идеясының кеңтарлып белең алуы

Ғылыми революция және таным тәсілдері эмпиризм рационализм Жаңа дәуір деп аталатын қоғамдыққатынастар Европада 17-19ғасырларда қалыптасты. Бұның алдында Ренессанс философиясы ойлаудың жаңа жолдарын іздестіре бастаған еді. Ренессанс филосфиясы схоластика гегемондығына бет қайтару реакциясы болып еді. Қайта өрлеу дәуірі философтары негіздеген философиялық ілімдер “жаңа дәуірге” келіп ұласты. Қайта өрлеу мен жаңа дәуір философиясының арасында қатаң шекара қойып болмайды. Френсис Бэкон мен Рене Декарттың философиясы қалыптасып жатқанда, Европаның кей елдерінде Ренессанс толық аяқталып бітпеген.15-18ғ. өндірістік өркениет дамыды. Англия, Голландияда экономикалық даму процессі ұлғайды. Бұған Франция да ілесті. Нидерландия товарлары Испания арқылы тиімді рынокқа өткізіле бастады. Мануфактуралар дамыды. Өндірістің даму жаңа қатынастар тудырды. Осының салдарынан Испания мен Нидерландия арасында қайшылық туды. Бұның соңы 1609 жылы алғашқы буржуазиялық революцияға әкелді. Бұл құбылыс жаңа таптар қалыптасқанының айғағы болды. Демек қоғамда өзгерістер болып жатты. Ғылымға, техникаға сұраныс өсті. Экономикалық өмірдің талабы табиғатты танып білу, шынайы танымдық бағдарларды дамыту болып табылды.Жаңа дәуір философтарының алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру мәселесі қойылды. Яғни жаңа дәуір философиясы гносеологиялық бағытта болды (гносео- таным) Бұрын таным Бибилия цитаталарына негізделген еді. Схоластика бұрмалап өзгерткен Аристотель іліміне сүйенген бұрынғы философия ығыстырылды. Оның орнына тәжірибеге сүйенген философия келді. Эмпиризмге негізделген ғылми таным - жаңа дәуір философиясының негізі болды. Эмпиризм дегеніміз барлық білім тәжірибиеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Дегенмен, ағылшындық Френсис Бэкон соңғы Ренессанс философиясының аяқтаушы, жаңа дәуір философиясының бастаушысы болды.Жаңа дәуір философиясы сезімдік танымға көп зейін қоя бастады. Таным 2 жолмен болады: бірі- сезім мүшелері арқылы : 2-шісі ойлау, ақыл-ой арқылы. Сезімдік танымға деген бетбұрыс бізге Ренессанс кезеңінен таныс. Бұл құбылыс қыруар фактілік нәтижелер берді. Жаңа дәуір бұл кезеңдегі жаратылыстанудың калыптасуы жеке, изоляциядағы фактілерді зерттеу тенденциясымен ғана байланысты болмады, тұтастықты, белгілі бір жүйелерді зерттеумен де байланысты болды. Сонымен бірге философтар мен ғалымдардың алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру сұрағы қойылады. Жаңа философия гносеологиялық бағдары маңызды философия болып қалыптасты. Дегенмен сезімдік таным мен практикалық таным жаңа дәуір ғылымының философиясының бірден - бір қасиеті емес еді.Жүйелілікке деген талпыныс, танымның дифференциациялануының күшейуі теориялық ойлаудың да дамуына әкелді. Жаңа дәуір философиясы құбылыстар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын түсіндіруді ғана іздеумен шектелмей, жаңа ғылми фактілерге сүйеніп түзілген дүниенің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды. Байланыс пен өзара әсерді қарастыруға талпыну заңды түрде рацональды ізденуді қалыптастырады. 17-ғасыр – рацонализмның пайда болу және қалыптасуы ғасыры. Эмирикалық болсын, рациональдық болсын таным ғылымның тұтастық ретінде дамуына әкеледі. Бұл екеуі де жаңа дәуірде қалыптасқан философияның бағытына құба-құп келді. Эмпиризм және рационализм жаңа дәуір философиясының белгілері. Эмпиризм танымның нег.тәжірибеде деп есепт ейтін бағыт. Эмпиризмнің негізін Ф.Бэкон қалады, көрнекті өкілдері: Гоббс, Локк, Дьюм, рационализм (лат.зерде д.а. танымның нег.зерде д.тұжырымдайтын ф.қ бағыт) ал рационализмнің негізін Р.Декарт қалады, көрнекті өкілі:Спеноза,Лебниц.

Наши рекомендации