Тақырып. Мәдениет және өркениет.

  1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.
  2. Мәдениет адам дамуының өлшемі
  3. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтары, ерекшеліктері.

Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайданылады, сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс пқайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.

Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салалармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрініс,і олай болса оған рухани да материалдық та жетістіктер жатады.

Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі.

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан, мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.

Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орын түсінуге болады.

Мәдениет тарихи процестермен үштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек.

Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді.

Мәдениет қандай тұр алса да адамдық мазмұнда болады. Мәдениеттегі адам қызметі өзінің субъективті мазмұны мен анықталады. Мәдениеттің ерекшелігі сол – ол тек объективті шындық тұрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғандағ оның объективті мазмұнынан. Мәдениеттің материалдылығының өзі оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісімен объективтік қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады.

Кең мағынада алғанда, мәдериет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені, еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсібтік мамандығы бар адамдардың немесе кәсібтік одақтардың қызметі арқылы баянды болады бұл екі тұжырым да орынды.

Адам қызметінің қажетті шартты ретінде табиғатпен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі қасиетінің білдіре алады.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген.

Мәдениет субъектісі бола отырып адам әр дайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады.

Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек. Табиғаттағы бары молая түсіп, азды аялай білу адам мәдениенінің даму денгейін көрсетеді.

Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени – тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениетпен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды.

Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратының да айту қажет. Антагонистік қоғамдарда олар жолында қиын терең қайшылықтар болады.

Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісіде, объектісіде болып табылады.

Бұл екі ұғым бір – біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі тұрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние . Біріншісіне – үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр, діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады. Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемді алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б.

Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еккізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел.

Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде – сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар.

Дүниежүзілік мәдениеттің даму – мәдениетінің бәр сатыда екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелді болады

.Негізгі әдебиет: [1, 2, 7]

Қосымша әдебиет:[1,2,3,4]

Тақырып. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғам дамуының дүниетанымдық және әлеуметтік саяси аспектілері.

1. Азаматтық қоғам және демократия дамуының философиялық мәселелері

2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылдарындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани негіздері мен алғышарттары.

Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы тұр.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған.

Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады.

Қазақстан халқы Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қиындықтарға төтеп беріп, дұрыс даму жолын ұстану арқылы жеткен жетістіктерімізді атап көрсетіп, 2020 жылға дейінгі ел дамуының басты бағыт-бағдарын нықтап берген Жолдауын жария еткен күні, 28 қаңтар 2011 жылы Елордасы Астанада, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кеңесінде, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасадық. Жолдауда мен еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселесін ерекше атап өттім. Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Және де біздің алдымызда бұл жылды жоғары ұйымдастыру және идеологиялық деңгейге жеткізу міндеті тұр» – деп, Елбасы Тәуелсіздіктің биік тұғыры туралы өз пікірін түйіндеді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық.

Қазіргі уақытта ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Өткен жылы біз Кедендік одаққа кірдік.

Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.

Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.

Халқымыз ежелден заңға, тәртіпке аса мән бере білген. Бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты өте маңызды ереже-заңдары болғаны баршамызға аян.

Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып, ердің құнын, нардың пұлын екі-ақ ауыз сөзбен таразылаған би, шешендер елдің небір содыры мен тентегін тоқтатып, шекіскенді бітістіріп, араздасқанды татуластырған.

Демек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген халқымыз әділдік пен адалдықты әрқашан ту етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел болуға ұмтылған. Енді тәуелсіздігін алып, азат атанып, көк туын тік ұстаған Қазақ елінің өз Конституциясы, яғни Ата Заңы бар құқықтық мемлекет. Өркениетті қоғам құруды алдына мақсат еткен елдің Ата Заңы, заңды қорғайтын әділ соты, заңды құрметтейтін адал азаматы бар.

Бүгінде егемендігін алып, тәуелсіздігінің тұғырын беріктендіру бағытындағы Отанымызда тұратын әр азамат өзінің конституциялық құқығын білуге міндетті. Бүгінгі заман соны талап етеді. Яғни, құқығыңды білмесең, сан соғып, қор боласың.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабында «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды, конституциялық заңдылықтардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, бұл – Конституция адам құқықтарының кепілі екендігіне дәлел.

Ата Заңымызда адамның азаматтық, саяси, экономикалық құқықтары мен бостандықтарының негізі айқындалған. Конституцияның бірінші кезекте жеке адам, азамат мүддесін қорғауға бейімделуі – Қазақстан егемендігінің және оның тек құқықты мемлекет болуға ұмтылысының айғағы. Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің демократиялық қоғам құруына негіз қалап берді. Еліміз ішінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да Конституциямыздан бастау алады және заңдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағында «Әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар» деп көрсетілген. Мұның өзі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын кеңес заманындағыдай партия емес, басқа емес, осы іспен тікелей айналысатын арнайы орган – соттың ғана қорғауға құдіреті бар екендігін заң жүзінде белгілеген. Шын мәнінде, құқықтық-демократиялық қоғамда дәл осылай болуы тиіс. Яғни, адам құқығы мен бостандығы тек заң арқылы қорғалуы тиіс. Ұлы ойшыл Аристотель «Әлемді заң билеуі керек» деген екен. Ендеше, заң болған жерде әділдік, адалдық, тәртіп болады деген сөз.

Азат еліміздің Негізгі Заңының қабылданғанына биыл он алты жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығаюы, әлем таныған мемлекетке айналуы, жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткізген жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты.

«Конституция – елдегі қоғамдық күштердің шын мәніндегі арақатынасы» деп Фердинанд Лассаль осыдан 140 жыл бұрын айтқан екен. Осы бір қанатты сөздің ақиқатына дербес өмірге жолдама алған әр мемлекеттің көзі жеткені анық. Ендеше, еркін халықтың санасында мәңгі орнаған бостандық идеясының жүзеге аса бастауының негізі болып отырған Конституцияның Қазақ елі үшін орны бөлек. Демек, елдігіміздің айнасы – Ата Заңымыз жасай берсін!

20 жыл ішінде еліміздің сот билігі ел Тәуелсіздігінің басты бір тірегі болғаны сөзсіз. Сот билігі халықтың Конституциямыздағы, заңнамалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңды тұлғалар мен басқа да ұйымдардың жұмыстарында заң үстемдігін қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарды.

Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырудағы оң өзгерістер 1991 жылы 16 желтоқсанында қабылданған «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» заңнан бастау алды. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында, Қазақстан Республикасының демократиялық дамудың сара жолына түскендігін жариялаған аталмыш заң, еліміздегі мемлекет билігінің заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөлінуін заңдастырды.

Сот билігінде реформаның бастамасы егемен еліміздің 1993 жылғы ақпан айында тұңғыш Конституциясын қабылдаумен басталды. Ата Заң сот билігінің ұйымы мен қызметінің негізгі қағидаттарын бекітті.

Алайда, сот жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етті.

1994 жылы ақпан айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасы туралы» Қаулысы әділ сот жүйесін одан әрі жетілдіруді, сот реформаларының дәйектілікпен жүзеге асырылуын белгілеп берген маңызды құжат болды. Сот істерін қарауды 4 сатыда жүзеге асыру жобаланып, халық заседательдерінің институты таратылатын болды.

30 тамыз 1995 жылы қабылдаған жаңа Конституцияға сәйкес, судьяларды Президенттің тағайындауы және Жоғарғы Сот судьяларының Парламент Сенаты арқылы сайлауға енгізіліп, Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды, міндеттері жалпы құзырдағы соттарға беріліп, төрелік соттар жүйесі таратылды, судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі күшейтілді, олардың мәртебесі нығайтылды. Мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет судьялар тұрақты мерзімге тағайындала бастады.

25 желтоқсан 2000 жылы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануы ұлттық сот жүйесіндегі тарихи елеулі оқиға болды.

Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін жетілдіруде аталмыш заң, ғасыр жүгін арқалады десек, асыра айтқандық емес. Осы уақыт аралығында мамандандырылған соттар құрылды, үш сатылы сот жүйесі жұмыс істей бастады.Алқабилер институты енгізіліп, қамауға алу құзыры прокуратурадан соттарға берілді. Барлық деңгейдегі соттарда электрондық терминалдар мен бейнебайланыс жүйелері, басқа да ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері енгізілді. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бекітіліп, іске қосылды.«Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңы – судьяның тәуелсіздік кепілдіктерін, оның мәртебесіне сай материалдық мүмкіндігін құқықтық тұрғыдан бекітті.Сот реформасы барысында атқарылған жұмыстар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот жұмысы туралы ақпараттық ашықтығы мен айқындығына, қолжетімділігіне, сондай-ақ, Конституцияның және басқа да заңдардың, құқықтық нормативтік актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.Соның ішінде сот жүйесіндегі үлкен жетістік – қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттіктері Қазақстан азаматтарының қатысуымен жүргізілуі. Бұған 2006 жылы «Алқабилер туралы» заңының қабылданып, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі дәлел. Сондай-ақ, заң талабымен санкциялауды сотқа беріп, азаматты қамауға алу туралы мәселесі сот билігінде саралау халық көңілінен шығып, сотқа деген сенімін арттырды. Конституциялық нормалардың одан әрі дамуы Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасынан нақты көрініс тапты.

Елбасы 2010 жылдың 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің заңдарын ізгілендіруді мақсат етіп қойды. Соттар балама жаза түрлері мен бітімгершілік рәсімдерін қолдануға кірісті. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық соттардағы бұрын болып келген қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын сот алқалары таратылып, тиісінше апелляциялық және кассациялық сатылар өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, облыстық соттардағы қадағалау алқалары таратылды. Сөйтіп заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау ретімен тексеру жүргізуді Жоғарғы сот қана жүзеге асыратын болды, яғни, сот актілерін қадағалау тәртібімен қарау құзыреті Жоғарғы сотқа берілді. Бұл құрылымдық өзгерістер соттарда істерді тез және кәсіби жоғары деңгейде қарауға мүмкіндік беруіне бағытталып отыр. 2010 жылдың 18 тамызындағы «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында «Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай – ақ, жеке ашық айыптау қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге» тапсырма бергенін баршамыз жақсы білеміз. Жақында Елбасы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде «Медиация туралы» заңға қол қойды. Сөйтіп заңды ізгілендіру арқылы жаза қолданудың бас бостандығынан айырудан басқа балама түрлерін сот өндірісіне енгізуге мүмкіндік туды.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауында, қылмыстық заңды ізгілендіру арқылы еліміздің сот, құқық қорғау жүйесінің әлемдік стандарттар межесіне көтеру мақсат-міндеттері тұрғандығын айқындап берді.Қазіргі уақытта құқық қорғау және сот жүйесінің әрі қарай дамуы басты назарға алынды. Құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын тиімдірек қорғау, қылмыстарды жылдам және толық ашу, қылмыс жасаған тұлғаларды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, қылмысқа қарсы күрес қызметінің тиімділігін жоғарлату міндеті қойылып отыр.Ізгілендіру саясаты негізінде ең алдымен шағын және орта ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған азаматтарды, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары өкілдеріне қылмыстық жазаны тағайындауда жеңілдету қарастырылған. Қатаң қылмыстық саясат негізінен өте ауыр қылмыс жасаған кінәлілерге, қылмыстық іздестіруден жасырынушыларға, қылмыстық рецидивтерге қатысты жүргізілетін болады.Міне, осы шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін нығайту мен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Негізгі әдебиет: [5, 11, 12]

Қосымша әдебиет:[1,2,3,4,5]

Наши рекомендации