Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. 2 страница

жəне ғылыми ұжымдардың қызметінің психологиялық пен əлеуметтік факторлары қарастырылған.

Кунның пікірінше, ғылымның дамуы – ол екі кезеңнің бір-бірінауыстыру процесі – « нормалы ғылым» жəне «ғылыми революция». Екіншісі ғылымның тарихында біріншіге қарағанды аз кездеседі. Кунның концепциясыныңəлеуметтік-психологиялықаспекті – ол ғылыми ұжымның өкілдерімен нақты бір парадигманы ұстану, яғни, бұл оның ғылымның əлеуметтік құрылымында алатын орыны, ғалым ретінде қалыптасуындағы ұстанатын принциптері, мейірі мен эстетикалық себептері мен мəнері. Осы факторлар ғылыми ұжымның негізін құрастырады.

Кунның концепциясында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары. Парадигмаға келесі екі қасиеттер тəрізді: 1. ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады, 2. ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады. Парадигма – ол əр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге жəне оларды сараптауға бағытталған. Парадигма əлде «пəндік матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау» - ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмəнсіз жəне қайшысыз қолданатын пікірлер; 2. «парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы, «жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3. құңдылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер.

Осы компоненттердің барлығы ғылыми ұжымның барлық өкілдерімен білім алу кезеңінде қабылдану керек, олардың ролі кейін «нормалы ғылым» кезеңінде қызметінде үстемді жəне негізгіге айналады. «Нормалы ғылым» кезеңінде Кун фактілерді үш түрге бөледі: 1. Заттың мəнің ашуға арналған фактілер; зерттеу бұл кезде фактілерді анықтау мен кең жағдайларда белгілеуден тұрады; 2. үстемсіз, қызықты емес фактілер, бірақ парадигмалдық теорияны шығарғанда салыстыруға қажетті; 3. парадигмалды теорияны шығаруға үшін керекті эмпириялық жұмыс.

Бірақ осымен ғылыми қызмет шектелмейді. «Нормалы ғылымның» сол қабылданған парадигманың шеңберінде дамуы парадигманың өзінің күшімен байланысты, яғни, ол пайда болып жатқан ғылыми мəселелерді шешкенше дейін. «Нормалы ғылымның» бір кезеңінде парадигманың болжауымен бақылаудың нəтижелерінің арасында қайшы туады, аномалийлер шығады. Сол аномалийлердің саны көбейгенде ғылымның нормалы ағылымы тоқтап, дағдарыс туылады, осы жағдайды тек жаңа парадигмаға əкелетін жаңа ғылыми теориямен шешуге болады.

Кунның пікірінше, жаңа парадигманың роліне теорияны таңдау логикалық мəселеге жатпайды: «Шеңберге кіргісі келмеген адамды логика мен əлде ықтималды теориямен көндіруге мүмкін емес. Парадигма туралы пікірталаста екі лагерге лайықты ортақ логикалық шарттар мен құңдылықтар сонша жалпы емес. Саяси революциялардағыдай, парадигманы таңдау жағдайда сол қоғамның келісімінен жоғары ештеңе тұрмайды». «Ғылыми ұжым парадигманың ролін атқаруға тек ғылымның «нормалы» дамуын негіздейтін 121 теорияға береді. Ғалым үшін негізгі теорияны өзгерту, яғни, жаңа əлемге қадам жасау сияқты, ол жерде басқа объектілер, ұғымдық жүйелер, жаңа мəселелер мен мақсаттар: «парадигмалар нормалы ғылымның шеңберінде тіпті өзгермейді. Оның орнына нормалы ғылым аномалияны түсініп, дағдарысқа ұшырайды. Ал соңғысы ойлау əлде интерпретациямен шешілмейді, гештальтті қосумен сияқты күтпеген жəне құрылымсыз жағдай арқылы шешілу мүмкін. Сол жағдайдан кейін ғалымдардың көбісі «көзге жамылған еттен айырылғандай» əлде «нұрланған» жағдайға ұшырап басты қатырған шешімдердің компоненттерін қолданады, оны жаңа қырда көріп, тұңғыш шешімге ұмтылады». Сөйтіп, ғылыми революция парадигманың ауысу ретіндерационалды-логикалықталдауға бағынбайды, себебі, мəселенің мəні ғылыми ұжымның өзіндік сезімінде: ұжым басты қатырған шешімдерді шешуге арналған құралдары бар екендігі ма, əлде олай болмаса – ұжым оларды құрастырады.

Кунның ойынша, жаңа парадигма өзіне ескіні нақты оқиға түрінде кіргізеді деген пікір жалған. Кун парадигмалардың өлшемсіздігі туралы тезис ұсынды. Парадигманы өзгерткенде ғалымның бүкіл əлемі өзгереді, сөйтіп, ғылыми бақылаудың объективтік тілі жоқ. Ғалымның қабылдауы парадигманың əсеріне бағынады.

Т. Кунның ең үлкен жетістігі – ол ғылымның табиғаты мен прогресін ашуға жаңа подход тапты. К. Поппердің ғылымның дамуын тек логикалық ережелер арқылы шешуге болады деген пікірге қарағанда, Кун өзгеше осы мəселеге адамдық факторды оның шешіміне жаңа, əлеуметтік жəне психологиялық мотивтерді еңгізді.

32. И. Лакатостың қазіргі заманғы ғылыми білімнің өсу ерекшеліктері туралы ғылыми зертеу бағдарламалары концепциясын бағалаңыз.

Лакатош Имре Лакатос (1922-1974) - ағылшын ғылым тарихшысы, ғылыми білімнің дамуының заңдылыктарына бағытталған, ғылымның методологиясы жәнефилософиясындағы тарихи мектептің көшбасшыларының бірі. Өзінің зерттеулерінің мақсаты деп, білімнің өзгеру үрдісінің логика- нормативті қайта құрылуын және ғылыми теориялардың даму логикасын құру деп білген.

Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы.

Ғылымның тарихи өзгерісінің талдауында логикалық дəстүрді сақтауға ұмтылыс жасаған Имре Лакатос.

Попперден кейін Лакатос ғылыми рационалдылық теориясының негізі /əлде методологиялық концепцияның/ сыңшыл принцип болу керек. Бұл принцип əр ғылыми қызметтің универсалды принципі болады; бірақ реалды ғылым тарихына келсек радикалды жəне қатал фальсификация үстемді болмау керек. «Догматикалық» фальсификационизм» «евклиддік» рационалды ғылымы туралы арман сияқты. «Контр мысалдар» мен «аномалиялар» əр қашанда ғалымдарды өз теориясынан бет бұруға себеп емес; зерттеушінің рационалды əдетібір-нешестратегияны қамтиды, олардың ортақ мағынасы – бұл қозғалыс жаңа эмпириялық жетістіктерге үміт берсе ғана алға басады, сонда сөзде ақталады. И. Лакатос «сыңшыл рационализмнің» «теориялық рационалдылықты» түсінуі мен дамып жатқан ғылымның практикалық рационалдылығының арасында айырмашылық көріп, «сыңшыл рационализмді» реформалау қажет деген. Осының нəтижесінде «жөнделген фальсификацонизм» атты методологиялық концепция əлдеғылыми-зерттеубағдарламасының методологиясы. Осы теорияны ол «Фальсификация жəне ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» атты шығармасында жариялады.

Лакатостың айтуынша, Поппер көрсеткендей ғылымдабір-бірінауыстыратын теориялардың бауы емес, ғылыми зерттеу бағдарламалар, яғни нақты құрылымнан тұратын теориялық саптар. Əр зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы» бар. Керісінше эвристика modustollens-діқолдануға қарсы шығады. Оның орнында бар гипотезаларды дамыту əлде жаңа сол ядроны айналатын «қорғау белдігін» қалыптастыру үшін біз өзіміздің жасампаздығымызды жетілдіруіміз қажет. Тексерістен бірінші қорғау белдігі өту қажет; қатқан ядроны қорғап, ол бейімделу, түзетілуі əлде мүлдем ауысу қажет. Поппер тек теориялардың арасындағы күресті қарастырса, Лакатос «қорғау белдігін» құрайтын жоққа келтірілетін жəне бəсекестік теорияларды қана емес, сонымен қатар зерттеу бағдарламалардың арасындағы күреске назар 123 аударады. Сөйтіп, Лакатос ғылымның дамуын нақты ғылыми теорялардың кезектесуі емес, зерттеу бағдарламалардың шығуы, өмірі мен құлдырауы.

Бірақ, Лакатостың зерттеу бағдарламасыда неге бағдарламалар ауысады екендігін түсіндіре алмайды. Логика мен методология бұл жерде күшсіз, Кунға қарағанда ол бағдарламаның мазмұны логикалық тұрғыдан салыстырмалы, жəне ғалымға қандай бағдарламаны тандау қажет деген рационалды бағыт ұсынуға болады. Лакатостың пікірінше ұсталған пікірлердің ауысуы мен құлдырауы, яғни Кунның ұсынылған пікірінше, ғылыми революциялар «топтың психологиясымен» емес, екі бəсекестік бағдарламаларды салыстыру үшін Лакатос мəселелердің жылжу түсінігін ұсынды.

Зерттеу бағдарламасы прогрессивті болады, оның теориялық өсуі эмпириялықтан үстемді болса, яғни, ол жаңа фактілерді болжаса /«мəселенің прогрессивті жылжуы»/. Бағдарлама регрессивті, оның теориялық өсуі эмпириялықтан қалып қойса, яғни, кездейсоқты жаңалықтарға əлде конкуренцияда болған бағдарламамен ұсынылған фактілерге кешіктірілген түсініктеме берсе /«мəселенің прогрессивті жылжуы»/. Егер зерттеу бағдарлама прогрессивті түрде бəсекеске қарағанда көп түсіндірсе, онда оны «ысырып» жəне сол бəсекес бағдарлама ысырылады. Мəселенің «прогрессивті жылжуы» болғанда бағдарламаның қатал ядросын сақтау қажет. Ал «регрессивті жылжу» болсада зерттеу бағдарламадан бастартпау керек. Тоқталуға ұшырылған бағдарламаның дамуының ішкі ресурстарында негіз табуға мүмкін, сол арқылы ол өзі қалып қойған бағдарламадан озық болады. Шешуші эксперимент болып аталатын ештеңе жоқ, яғни, зерттеу бағдарламаны бұзатын себеп жоқ. Ғалым сезімге басылып өзінің экспериментін бағдарламаның бұзушысы деп санайды, бірақ басқа жеңілген лагерден біреу өзінің бағдарламасын шешуші экспериментті ұсынса жəне ол женушіге айналса, алғашқысы өзінің атағынан айырылады.

Сөйтіп, Лакатостың зерттеу бағдарлама атты концепциясынан біз түсінеміз, ғылыми революция сонша үстемді жəне маңызды емес, себебі, ғылымның дамуында ешқашан бір бағдарлама үстемді болмайды, өз арасында бəсекес теориялар, идеялар мен бағдарламар бар. Олардын ішінде біреуі бір кезде үстемді болса, басқасы – артқа шегінеді, ал үшіншісі – қайтадан қарастырылып жаңа құрылымға ие болады. Революциялар сонда ғылымның негізін сонша бұзбайды, ғалымдардың көбісі өз ісін жалғастырып, осы жағдайға аңғармайды. Əйгілі жəне қарапайым, эпохалды жылжу əлде жəй қозғалу – осы бағдармалардың бəрі методологиялық, «метағылыми» рефлексияда ретроспективті түрде болады. Лакатостың пікірінше, ғылымның дамуы əр логикалық-методологиялықконцепцияның «сынау тасы», оның қайсар төрешісі.

33.Махаббатты философиялық талдау пәні ретінде сипаттаңыз.

Философияның бір категориясы ретінде

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.

«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді[1].

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббатфилософиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалықләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

· Махаббат ол құмарлық;

· Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

· Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

· Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды[2]..

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар:

1. ата-ана мен бала арасындағы махаббат,

2. аналық махаббат,

3. әкелік махаббат,

4. ағалық махаббат,

5. өз өзіне деген махаббат,

6. құдайға деген махаббат және

7. жануарларға деген махаббат және т.с.с.

34. Адамның психоаналитикалық концепциясын баяндаңыз.

Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тыңқояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.

Психоанализдің басты ережелері

Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.

· АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.

· Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.

· Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.

· Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.

· Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).

Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.

Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

Психоанализде адам ӛміріндегі, адам мен мәдениет, қоғам арасындағы шиеленістің қалыптасуы барысындағы бейсаналықтың рӛлін анықтаумаңызды. Бұл салада адамның бойында психикалық ауытқу мен невроздарды туындататын, мәдениет тиым салған әуестікте мен қорқыныштар жасырылған. Психоанализдің негізін қалаушы З. Фрейдтің кӛзқарасы бойынша, бейсаналық ғылыми танымның пәні бола алады және болуы тиіс, яғни әрбір бейсаналықтың ӛзіндік мағынасы бар. Сондықтан, мәдениеттің психоаналитикалық концепциясы адам мен қоғам арасындағы шиеленістің терең себептерін, адамзат табиғатындағы шиеленістің пайда болу себептерін анықтауға бағыталған. Философия ғылымына қарағанда психоанализ мектебі адамды философиялық тұрғыдан талдауға аса мән береді. Психоанализ мәдениетінің философиясы адамның күнделікті ӛміріндегі нақты фактілерді, оның ӛмірлік бағытын бақылауды, адамзаттың ӛміріндегішиеленістер менқайғылы жайттар барысында философиялық рефлекцияны жүзеге асыруға талпынады.З.Фрейдтің психоанализі бір жағынан, адамның агрессивті және жанжал табиғатын ашуға бағытталған болса, екінші жағынан, оның бақыт табуға деген ынтасына бағытталған. Әр адам тумысынан бақытты болуға лайықты, алайда қоғамдағы ӛмір, мәдениеттің әсері адамның ӛмір сүру жағдайын ӛзгертеді, қоғамдағы алға қойылған мақсатының құрбаны етіп, жағдайдың құлына айналдырады. З.Фрейдтің және оның шәкірттерінің мәдени психоаналитикалық концепциясыбеделді мәдени-философиялық мектептердің бірі. Психоанализдің мәдениет философиясының астарында индивидтердің жеке ӛміріндегі жағдайларды талдау мен адам трагедиясының жасырынфилософиялық рефлекциясы жатыр. Адамның барлық ӛмірі адамның бақытқа деген ұмтылысы мен басқалардың бақыты үшін ӛзін құрбан ету, ішкі күйзелістермен ӛтеді. Психоанализ батыс еуропалық беделді мектептердің бірі болып табылады. Кӛптеген зияткерлер бұл мектепті Дарвин, Маркс, Эйнштейн аттарымен теңестіреді, ӛйткені олар адам мәнісін түсінуге ӛз үлестерін қосты.

35.Адамның қалыптасуы мен дамуындағы биологиялық пен әлеуметтік факторлардың арақатынасын анықтаңыз.

Адамның табиғатпен, қоғаммен, әлеммен байланысынан оның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік жақтары ашылады. Жақтары дегеніміз – қандай-ма болмасын нәрсенің немесе құбылыстың толық мәнін алу үшін өзінің байланысты объектілерін сипаттайтын шектеулі өлшемдері. Олар мазмұны жөнінен өзара тең болып келеді.

Биологиялық жағы – тәндік негізі бойынша барлық сүт қоректі хайуандарға ортақ қасиеттерді иемденеді. Организмдердің бәріне ортақ: қан айналым, зат алмасу, туу мен өлу және т.б процестер адамның бір жағынан биологиялық тіршілік иесі екендігін көрсетеді. Сондықтан адам эволюциядан оқшау әлеуметтік жан иесі ғана емес, сол табиғи ортаның заңды жалғасы болып табылады.

Ал психологиялық жағы – адамның психикасындағы өзге жануарлар психикасынан елеулі айырмашылықтар арқылы сипатталатын және онымен үндесетін психикалықтың, психофизиологиялықтың, саналылықтың тұтастануын білдіреді. Сана, мінез-құлық, сезімдер, ойлау, қиялдау, мақсатқа ұмтылушылық адам психикасының ерекшеліктерін құрап, психологиялық жағынан өзге хайуандардан ажырай бастады. Бұдан руханилық жағы ашылады.

Әлеуметтік жағы – биологиялық жақтың кейбір ұмтылыстары тежеліп, психикалық жақтың оңды, ілгерішіл жақтары дамытылып, адам – адамзат өкілі екендігін түйсінуден басталады. Ол қоғамдағы әлеуметтік үдерістердің барлығының белсенді-белсенді емес, ерікті-еріксіз субъектісіне айналады.

Адамдардың өмір салты мен салауатты өмірі бес әлеуметтік факторларға тәуелді деп қарастыруға болады:
- макроәлеуметтік фактор- нақты тарихи жағдайлар, мемлекттің мәдени

дәстүрлері деп қарастыруға болады;

-микроәлеуметтік фактор- жеке отбасының экономикалық жағдайы;

Наши рекомендации