Олданылған қайнар көздер тізімі.

ЖМ Директоры

З.ғ.к., доцент С.Г. Пен

_______________________

/қолы/

Ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

Пәннің атауы: коды SP «Салыстырмалы құқықтану»

Мамандығы: 5В030100-«Юриспруденция»

5В030200- «Халықаралық құқық»

Кредиттер саны: 2 кредит
Курс:
Контактілі сағаттар:
Бақылау нысаны: жазбаша емтихан
   
Оқытушы/лар туралы ақпарат: заңтану магистрі, Таңатарова Зухра Лесханқызы
Тел.: +7 (7172) 70-30-26
  Пререквизиттері:   - философия; - мемлекет және құқық теориясы; - конституциялық құқық;  
Постреквизиттері: - азаматтық құқық; - қылмыстық құқық; - отбасы құқығы; - әкімшілік құқық; - халықаралық құқық.

Астана 2016

Курстың академиялық саясаты

«Салыстырмалы құқықтану» пәні бойынша білімдер мен дағдыларды алу үшін, студенттер оқытушының тапсырмаларын уақытылы орындаулары қажет. Студенттер оқытушымен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуға міндетті. Пәнді оқып үйренуде студенттер заң терминологиясын еркін түрде пайдаланулары және пәннің негізгі институттарына құқықтық сипаттама бере алулары тиіс.

Тапсырмаларды орындауда, студенттер басқа студенттердің, ғалымдардың, практик заңгерлердің жұмыс нәтижелерін көшіруге, плагиаттықпен айналыспаулары тиіс.

Ұсынымдар: үй тапсырмаларын уақытылы және толық орындау, оқу үрдісіне белсенді қатысу, ұжымдық жұмысқа жәрдемдесу, өздерінің интеллектуалдық және ораторлық қабілеттерін дамыту, кітапханаға жиі бару, заң терминологиясы мен заңи ойлау қабілетіне ие болу. Оқытушылар мен курстастарына мейірімді болу.

Оқу пәнінің сипаттамасы

Қазіргі кезеңде салыстырмалы құқықтану ғылым ретінде құқық унификациясында, халықаралық және ұлттық құқықтың дамуында үлкен маңызға ие. Сондықтан «Салыстырмалы құқықтану» Құқық Жоғары мектебінің студенттеріне оқытылатын пән болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасында шетелдік және отандық ғылыми қайнар көздер, заңнамалар негізінде ұлттық құқықтық жүйелерді жіктеу және олардың негізінде құқықтық отбасыларды қалыптастыру мәселелері, салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде құрылуы мен дамуы қарастырылады.

«Салыстырмалы құқықтану» пәні «Мемлекет және құқық теориясы», «Шет елдерінің конституциялық құқығы» сияқты оқу пәндерімен үздіксіз байланыста.

Пәннің мақсаты – өмір сүріп жатқан әлемдік құқықтық жүйелермен, олардың қалыптасуы, дамуы, ерекшеліктерімен, өзара әрекеті мен өзара ықпалымен таныстыру.

Пәннің міндеті - салыстырмалы құқықтанудың пайда болу тарихы, түсінігі, пәні, әдістемесін, заңнаманың салыстырмалы құқықтық анализі, әртүрлі елдердің заңдары мен құқықтық жүйелерін оқытудан тұрады.

Пәнді оқып үйренудің жоспары

Тақырып атауы (сабақ өтетін апта мен сағат саны) Сабақтың өту нысаны Сабаққа дайындалу үшін тапсырмалар І. * - сабақ үстінде қолданылатын білім технологиясы ІІ. * - үй тапсырмасы Білімдерін бақылау және бағалау Дайындалу үшін ұсынылатын әдебиеттер
1. Салыстырмалы құқықтану пәніне кіріспе   1 апта 2 сағат   Пәннің ұйымдастырылуымен таныстыру, библиографиялық шолу жасау – 10 мин; Дәріс – 60 мин; Студенттермен жұмыс – 20 мин; Сабақты қорытындылау- 10 мин.   І. Әңгімелесу. Топтық диалог.   ІІ. «Салыстырмалы құқықтану» терминінің мазмұнына талдау жасаңыз. Салыстырмалы құқықтану туралы алғашқы көріністерді қалыптастыру үшін осы терминнің мәнін әртүрлі тілдерде талдап алу қажет. «Салыстырмалы құқықтану» терминінің әдебиеттерде қолданылуын қарастыру. Көпшілік ғалымдардың ойынша Салыстырмалы құқықтану деген атау біріншісіне қарағанда едәуір ауқымды және кешенді сипатқа ие сияқты. Сонымен қатар Салыстырмалы құқық деп атап, құқықтың жаңа бір түрін ойлап табудың да қажеті жоқ. Салыстырмалы құқықтану құқықтың бір түрі болуды емес сол әртүрлі құқық пен құқықтық жүйелерді салыстырып, зерттеуді мақсат етеді.   Пәннің мазмұнын ашыңыз. Салыстырмалы құқықтанумен қарастырылатын сұрақтар щеңберін анықтау. Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен өзіндік мәртебесін анықтау мәселесінде де ғалымдар арасында даудың бар екендігі шындық. Бір-біріне қарама-қайшы бұл көзқарастарды оқулықтардан қараңыздар. Осы жағдайларға қарамастан салыстырмалы құқықтанудың қазіргі даму кезеңіндегі табиғаты мен мәртебесін анықтауда, салыстырмалы құқықтану өзінің зерттеу пәні, әдісі, қолданылу аясы және заң ғылымдары жүйесінде өзіндік әлеуметтік міндеті бар, қалыптасқан, басқа гуманитарлық ғылымдардан өзіндік ерекшелігі бар, белгілі бір шекте дербес құқықтық ғылым және оқу пәні екенін дәлелдеңіз.   Салыстырмалы құқықтану пәні бойынша негізгі оқулықтарға шолу жасаңыз.   Эссе жазыңыз. Қазіргі кездегі салыстырмалы құқықтанудың маңызы   Сызба дайындаңыз. Салыстырмалы құқықтанудың обьектілері Салыстырмалы құқықтанудың мақсаттары Салыстырмалы құқықтанудың қағидалары   Глоссарий. Терминдерді сөздік дәптеріне жазып, оларға түсінік беріңіз.     1.Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 17-34 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 14-36 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 30-53 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 7-17 беттер.
2. Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі   2 апта 2 сағат Үй тапсырмаларының орындалуын қарап шығу – 5 мин; Өткен тақырыпты қайталау– 30 мин; Жаңа тақырыпты талқылау – 40 мин; Жаңа тақырыпты бекіту - 20 мин. Сабақты қорытындылау - 5 мин.   І. Топтық жұмыс. Кейс.   ІІ. Заң ғылымдарында салыстырмалы құқықтық әдістің маңызын көрсетіңіз. Әдіс ретінде қолданылу аясы, зерттеу мүмкіндіктері, мәселелерді зерттеуде үлесі, күтілетін нәтижелері, тиімділігі туралы жазыңыз. Мысал ретінде, заң ғылымының бір саласын (мемлекет және құқық теориясы, шет елдерінің мемлекет және құқық тарихы, ҚР мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық және т.б.) алып, салыстырмалы құқықтық әдістің қолданылуы бойынша талдау жасаңыз.   Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесіне сипаттама беріңіз. Салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің нәтижесінде біз құқықтық жүйелердің ортақ белгілерін және оларға тән ерекшеліктерін анықтай аламыз. Сондықтан салыстырмалы құқықтанудағы теориялық зерттеулерде салыстырмалы әдістемені қолданудың негізгі мақсаттарын ашып беріңіз. Салыстырмалы құқықтық зерттеулердің түрлеріне (диахрондық және синхрондық, ішкі және сыртқы, микро және макро салыстыру) талдау жасаңыз. Зерттеу обьектілеріне байланысты салыстырудың әртүрлі деңгейлерін анықтаңыз. Салыстырмалы құқықтық зерттеулерді жүргізу тәсілдерінің (нормативті және функционалдық) ерекшеліктерін көрсетіңіз.   Сызба дайындаңыз. Салыстырмалы құқықтық зерттеулердің түрлері   Глоссарий. Терминдерді сөздік дәптеріне жазып, оларға түсінік беріңіз.     1.Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 39-54 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 54-67 беттер.  
3. Салыстырмалы құқықтанудың тарихы   3 апта 2 сағат Үй тапсырмаларының орындалуын қарап шығу – 5 мин; Жаңа тақырыпты талқылау – 25 мин; Өтілген 1,2 тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 70 мин.   І. Студенттердің білімін жазбаша кешенді тапсырмалар қолдану арқылы бақылау және бағалау (эссе, сұрақ, тест) ІІ.   Эссе Салыстырмалы құқықтану идеяларының ежелгі және орта ғасырлардағы пайда болуы мен дамуы. Германиядағы салыстырмалы құқықтанудың тарихи-философиялық бағыты. Салыстырмалы құқықтанудың француздық мектебі. Ресейдегі салыстырмалы құқықтану. Англия мен АҚШ-тағы салыстырмалы құқықтану. ХХ ғасырдағы салыстырмалы құқықтану. Салыстырмалы құқықтанудың халықаралық және ұлттық орталықтары.   Кесте. Атаулы күндермен байланысты тарихи -хронологиялық кесте   Глоссарий. Терминдерді сөздік дәптеріне жазып, оларға түсінік беріңіз.     1, 2 тақырыптар бойынша білімдеріне 0-90 балл, ал үй тапсырмаларын дәптерге орындағаны үшін 10 баллға дейін қойылады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 55-95 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002.75-128 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996.2-30 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 18-28 беттер
4. Салыстырмалы құқықтанудың функциялары   4 апта 2 сағат Жаңа тақырыпты талқылау – 30 мин; Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 70 мин.   І. Топпен жұмыс жасау. Студенттер түрлі түсті фигуралар таңдап алып, нәтижесінде соған қарай топтасады. «Салыстырмалы құқықтанудың тарихы» және «салыстырмалы құқықтанудың функциялары» тақырыптары бойынша сұрақтарды өзара талқылап қорғайды.   ІІ. Эссе Салыстырмалы құқықтанудың теоретикалық-танымдық, тәжірибелік-қолданбалы және білім беру функциялары. Құқықтың халықаралық унификациясы.   Кесте   Глоссарий. Терминдерді сөздік дәптеріне жазып, оларға түсінік беріңіз.     3 және 4 тақырыптар бойынша білімдеріне 0-80 баллға дейін қойылады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 95-114 беттер.  
5. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың (мемлекет ішіндегі) салыстырмалы зерттелуі   5 апта 2 сағат Үй тапсырмаларының орындалуын қарап шығу және қайталау жүргізу – 25 мин; Өтілген 3,4,5 тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 75 мин І. Студенттердің тақырып бойынша қалған білімдерін ауызша тапсырма беру арқылы бағалау ІІ. Эссе. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы Еуропалық Одақ және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құрудың тарихи-құқықтық аспектілері Еуропалық құқықтың даму басымдықтары.   1-Практикалық тапсырма. ТМД қатысушы мемлекеттерінің (мысалы, міндетті түрде Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының «Білім туралы») Заңдарына анализ жасау.   3, 4 және 5 тақырыптар бойынша эссе орындағаны үшін 20 баллға дейін қойылады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 130-137 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 252-321, 359-373 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 67-111, 231-246 беттер. 4.Абайдiлдинов Е.М. Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). – Астана: ЕҰУ РББ, 2010.-300 б.  
6. Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің жіктелінуі     6 апта 2 сағат   Практикалық тапсырманы орындалуын бақылау мен бағалау - 70 мин.   Жаңа тақырыпт бойынша түсініктерді қалыптастыру – 30 мин.   І. ТМД қатысушы мемлекеттерінің заңдарына жасалынған салыстырмалы талдауды қорғау   ІІ.   Келесідей түсініктерге талдау жасаңыз: «семья правовых систем» (Р. Давид), «правовые круги» (К.-Х. Эберт, М. Рейнстайн), «форма правовых систем» (И. Сабо), «структурная общность» (С.С. Алексеев).   Құқықтық жүйелерді жіктеу критерийлерін және авторларын көрсете отырып, кесте түрінде орындау. «Типология» және «классификация» түсініктерінің және олардың негізгі құқықтық жүйелерді жүйелеудегі қолданылу шектерін анықтаңыз.     1-Практикалық тапсырманы орындап қорғағаны үшін 0-70 баллға дейін бағаланады.     1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 115-129 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 433-455 беттер. 3. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 18-28 беттер.
7. Романо-германдық құқықтық отбасының жалпы сипаттамасы   7 апта 2 сағат Өтілген 6 тақырып бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 70 мин.   Жаңа тақырыпт бойынша түсініктерді қалыптастыру – 30 мин.   І. Командалық жұмыс. Критерийлерді анықтап, оларды басшылыққа ала отырып негізгі құқықтық жүйелерді жіктеңіз. Жіктеудің себептерін атаңыз. Әлемнің құқықтық картасын дайындаңыздар.   ІІ.   2-Практикалық тапсырма. Правовые системы стран мира: Энциклопедический справочник. Аталған анырқтамалықты қолдана отырып романо-германдық құқықтық отбасыға жататын мемлекеттердің құқықтық жүйесіне (мемлекеттік құрылысы, құқықтық жүйесі, азаматтық құқық саласы, қылмыстық құқық саласы, сот жүйесі) толық ақпарат беріңіз.     6 тақырып бойыша тапсырманы сабақ үстінде топпен орындағаны үшін 30 баллға дейін бағаланады     2-практикалық тапсырма бойынша әр студентпен жеке Реферат түрінде орындалған жазбаша жұмысы үшін мазмұны бойынша - 70 балл, ал техникалық талаптарды сақтауына байланысты - 30 баллға дейін бағаланады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 154-177, 192-210 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 497-580 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996.112-119 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 29-110 беттер.
8. Латын Америка елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері   8 апта 2 сағат   Жаңа тақырыпт бойынша түсініктерді қалыптастыру – 30 мин.   І. 7 тақырып бойынша жалпы талқылау жүргізу, негізгі түсініктерді қалыптастыру, терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау.   ІІ. Романдық және германдық құқықтық топтарға жататын елдерді және құқық жүйесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кесте түрінде көрсету   .3-Практикалық тапсырма Екі елдің конституциялық құқық саласын зерттеу (мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы және Әзірбайжан Республикасы Конституциясының құрылымы, институттары, әр конституцияның І және ІІ бөлімдерінің нормаларын салыстыру)       1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 154-177, 192-210 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 497-580 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996.112-119 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 29-110 беттер.
9. Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері   9 апта 2 сағат     Жаңа тақырыпт бойынша түсініктерді қалыптастыру – 30 мин.     І. ТМД қатысушы мемлекеттердің конституциялық құқық саласы бойынша жүргізілген зерттеулер қорытындысын қорғау ІІ. Кесте Латын Америка және Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін кесте арқылы көрсету.     Глоссарий   3-практикалық тапсырманы топпен орындап, қорғағандары үшін 0-60 баллға дейін бағаланады.     1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 154-177, 192-210 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 497-580 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996.112-119 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 29-110 беттер.
10. Социалистік және постсоцалистік құқық 10 апта   2 сағат Жаңа тақырыпт бойынша түсініктерді қалыптастыру – 30 мин.   І. ТМД қатысушы мемлекеттердің конституциялық құқық саласы бойынша жүргізілген зерттеулер қорытындысын қорғау     ІІ. Кесте Кеңестік және посткеңестік құқықтық жүйелердің белгілері мен ерекшеліктерін кестені толтыру арқылы көрсету.   Глоссарий     1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 211-240 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 763-848 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 124-128 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 112-206 беттер.
11. Ағылшын-сакcондық құқықтық отбасы 11 апта 2 сағат Жаңа тақырыпты талқылау – 40 мин; Өтілген 7, 8, 9, 10 тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 60 мин. І. Студенттердің білімін жазбаша кешенді тапсырмалар қолдану арқылы бақылау және бағалау   ІІ. Дайындалуға арналған тақырыптар: Англияның құқықтық жүйесі 1. Ағылшын жалпы құқығының қалыптасуы 2. Англияның преценденттік құқығы 3. Ағылшын жалпы құқығының құрылымы, қайнар көздері 4. Ағылшын жалпы құқығына тән белгілер 5. Шотландияның құқықтық жүйесі   АҚШ құқықтық жүйесі 1. Американдық құқықтың қалыптасуы 2. АҚШ құқықтық жүйесінің түсінігі және негізгі категориялары 3. Американдық құқықтың қайнар көздері 4. Қазіргі кездегі американдық құқықтың ерекшеліктері 5. Американдық құқықтың қазіргі кездегі даму басымдықтары   Британ Қауымдастығы елдерінің құқықтық жүйелері 1. Ағылшын жалпы құқығының географиялық таралуы 2. Британ Қауымдастығы елдерінің ұлттық құқықтық жүйелерінің жіктелуі 3. Прецеденттік құқық және Британ Қауымдастығының құқықтық мұрасы 4. Канада, Австралия және Жаңа Зеландия құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері (қайнар көздері, сот жүйесі)   7,8,9,10 тақырыптар бойынша білімдеріне 0-40 баллға дейін қойылады     Студенттер алдын ала 3 топқа бөлініп, әр алынған тақырыпты сабақ үстінде талдау, талқылау, ақпарат алмасу арқылы жүргізеді. 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 242-291 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 620-719 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 120-123 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 207-290 беттер.
12. Англия мен АҚШ құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері   12 апта 2 сағат   Баяндама қорғау әр топқа 7 минуттан уақыт беріледі. Қалған уақыт сұрақ жауап және қорытындылау І. Топтық жұмыс. Дайындап келген ақпаратпен алмасу.Терминдермен жұмыс жасау. ІІ. Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Ағылшын-саксондық құқықтың негізгі қайнар көздері: түсінігі, түрлері. Прецедент. Ағылшын жалпы құқығының және американдық құқықтың қайнар көздері мен ерекшеліктерін бөліп кесте түрінде көрсету.   Глоссарий   11, 12 тақырыптар бойыша тапсырманы сабақ үстінде топпен орындағаны үшін 50 баллға дейін бағаланады     1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 242-291 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 620-719 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 120-123 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 207-290 беттер.
13. Діни және дәстүрлі құқықтық жүйелер Мұсылмандық құқықтық отбасының сипаттамасы   13 апта 2 сағат   Өтілген 11, 12 тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 60 мин.   Жаңа тақырыпты талқылау – 30 мин;   І. Студенттердің білімін жазбаша кешенді тапсырмалар қолдану арқылы бақылау және бағалау ІІ. Мұсылмандық құқықтық отбасы: түсінігі, негізгі қайнар көздері. Үнді құқығы ерекшеліктері және қазіргі кездегі жағдайы. Қиыр Шығыс елдерінің құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама. Африкандық құқықтық отбасы   Глоссарий 11, 12 тақырыптар бойыша тапсырманы жазбаша орындағаны үшін 50 баллға дейін бағаланады   1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 295-344 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 901-962 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 129-134 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 300-390 беттер.
14. Үнді құқығы Африкандық құқықтық отбасы 14 апта 2 cағат   Өтілген 13, 14, 15 тақырыптар бойынша білімдерін бақылау мен бағалау - 60 мин. І. Топтық жұмыс. Студенттердің білімін ауызша бағалау. ІІ. Қиыр Шығыс елдерінің құқықтық жүйелерінің (Қытай және Жапония) ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша салыстырмалы кесте.   Мұсылмандық елдердегі сот жүйесіне салыстырмалы кесте құру.   Иудейлік құқықтың негізгі қайнар көздеріне сипаттама (кесте түрінде).   Үнді құқығындағы Веда, Шастра, Парламент актілері және қазіргі кездегі Үндістанның әдеп-ғұрпы түсініктерінің арақатынасы.   Глоссарий   13, 14, 15 тақырыптар бойынша үй тапсырмаларын орындағаны үшін 20 баллға дейін қойылады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 295-344 беттер. 2. Марченко М.Н. Курс сравнительного правоведения. – М.: ООО «Городец-издат», 2002. 901-962 беттер. 3. Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. – М.: Издательство НОРМА, 1996. 129-134 беттер. 4. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А. Туманова. — М.: Междунар. отношения, 1999. 300-390 беттер.
15. Салыстырмалы құқықтану және аралас құқықтық жүйелер   15 апта 2 сағат Жаңа тақырыпты талқылау және өткен тақырыптарды қайталау   І. Студенттердің білімін жазбаша кешенді тапсырмалар қолдану бақылау және бағалау ІІ. Конспект Канаданың Квебек провинциясының және Американың Луизиана штатының құқықтық жүйелері. Израильдің құқықтық жүйесі. Аралас құқықтық жүйедегі елдердің құқығының қайнар көздері мен ерекшеліктерін кесте түрінде көрсету. Силлабуста берілген емтихан сұрақтарына дайындалу 13, 14, 15 тақырыптар бойынша білімдеріне 0-80 баллға дейін қойылады 1. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (основные правовые системы современности): Учебник / Под. ред. В.А. Туманова. – М.: Юристь, 2004. 345-359 беттер.  

Сабақ үрдісінде қолданылатын білім беру технологияларына сипаттама

Топтық жұмыс Сабақ барысында студенттер топтарға бөлінеді және әр топ пәннің тақырыптары бойынша ғылыми мақала мәтіндерін баяндау не талдау, пәннің проблемалы тақырыптарына арналған салыстырмалы құқықтық зерттеу жүргізу не талдау бойынша жеке тапсырма алады. Міндеті – топтың әрбір мүшесі белсенді атсалыса отырып, берілген материалды зерттеу және баяндау. Ал басқа топ мақала, проблемалы тақырып мазмұны не зерттеу нәтижелері туралы толық ақпарат алуы қажет.  
Жобалық технология Студенттерге жеке немесе ұжымдық тапсырма ретінде таңдап алынған тақырып бойынша салыстырмалы құқықтық зерттеу жүргізу ұсынылады. Осындай зерттеудің нәтижесі болып ғылыми мақала, презентация, ғылыми конференцияға қатысу арқылы, алдыға қойған мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және т.б. табылады.  
Өзіндік жұмыспен алдын ала танысу және дайындалу Студенттер аудиториялық сабақ өтілгенге дейін қажетті материалдарды оқып біліп, зерттеуге мүмкіндік беру үшін, практикалық тапсырмалар тематикасы, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі туралы студенттерге алдын ала ақпарат жеткізіледі  
Пәнаралық оқыту Осы курстың көптеген элементтері өтіліп қойған не жүргізіліп жатқан пәндермен немесе алдағы өтетін пәндермен қиылысады. Көпжақты және әртүрлі деңгейдегі білімдерді салыстырмалы құқықтану біріктіріп, әлемдік көзқарастағы юриспруденцияның негізін салады. Құқықтық ретттеу функциясын жүзеге асыратын кәсіби маман ретінде болашақ заңгерлердің құқықтық санасын қалыптастырады. Салыстырмалы құқықтану құқық және мемлекеттің жалпы теориясымен, мемлекет және құқық тарихымен, ҚР және шетелдерінің конституциялық құқығымен, халықаралық жария және жеке құқықпен және т.б. өте тығыз байланыста. Экономика, философия, социология, мәдениеттану және басқа да әлеуметтік ғылымдардың қорытындыларына сүйенеді. Оқыту барысында студенттерге пәнаралық пәндер бойынша нақты міндеттерді шешуде басқа пәндерде және практикада салыстырмалы құқықтық әдісті пайдалану туралы ақпарат беріледі.  
Ақпараттық технология Студенттерге ұсынылатын теориялық материалдардың бір бөлігі презентация түрінде рәсімделген, сондай ақ студенттерге де баяндама, реферат, салыстырмалы құқықтық зерттеу нәтижелері бойынша презентациямен рәсімдеу ұсынылады.

Тапсырмаларды орындаудың нұсқаулықтары

*Эссе «Салыстырмалы құқықтану» проблематикасы бойынша эссе проблеманың мәні туралы автордың пікірінен тұратын, еркін баяндалған шығармашылық жұмыс. Мұндай шығармашылық философиялық, тарихи биографиялық, публицистикалық, әдеби сыни, ғылыми сипатта болуы мүмкін. Эссе ауызша не жазбаша нысанда әзірленуі мүмкін. Жазбаша нысанда тақырыптың көлеміне, мазмұнына, өзектілігіне қарай 150 – 250 сөз көлемінде жазылады. Эссе тақырыбы оқытушымен ұсынылған тізімнен таңдап алынуы мүмкін немесе студентпен ғылыми қызығушылығы бойынша ұсынылуы мүмкін. Эссе мазмұнында бірінші кезекте автордың көзқарасы, ойы және сол тақырыпты сезінуі бағаланады. Жобамен эссе тақырыптары төменде берілген.  
Реферат Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет. Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.   Рефераттың жоспары мен құрылымы Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зерттеу қажет, тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады. Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек. (Жоспарды құрудың үлгісін А қосымшасынан қараңыз) Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі. Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек. Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады: - титулдық бет - мазмұны - кіріспе - негізгі бөлім - қорытынды - пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді. Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады. Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді. Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.   Рефератты рәсімдеу Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Реферат таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс. Рефераттың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны (төмендегі үлгіні қараңыз). Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және рефераттың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады. Үлгі Мазмұны Кіріспе 1. Тақырыптың атауы 1.1
Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
1.2

1.3

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бөлімдердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

олданылған қайнар көздер тізімі.

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, көрсетілуі тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

Рефератты бағалау критерийлері

Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздығы

Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білді

Қажетті қортындылар мен жалпыламаларды жасады

Материалдарды жоспарға сәйкес қисынды және рет ретімен жазды

Жұмысты әдеби тілмен дұрыс жазды және оны дұрыс рәсімдеді

Бақылау жұмысы Сабақ барысында білімдерді бекіту немесе бағалау мақсатында орындалады. Бақылау жұмысын жазу студенттермен пәннің оқу материалын игеру және тиісті құзыреттерді қалыптастыру деңгейін анрықтауға арналған. Бақылау жұмысы негізгі ережелер, терминдер, мәліметтер, нақты құқықтық есептер шығарудан немесе кешенді түрде қолданылған бағалау тапсырмаларынан тұруы мүмкін. Студентпен берілген жауаптар оның теориялық мен практикалық сұрақтарының шешімі бойынша білімін көрсетеді. Бақылау алдында студенттер оқулық бойынша сұрақтардың мазмұнымен мұқият танысуы қажет. Жауаптар толық, мән жайы баяндалған және сұрақтың мазмұны толық ашылуы тиіс.     *Өзіндік жұмыс Өзіндік жұмыстардың нысандары мен түрлері: негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу – ұсынылған әдебиет қайнар көздері бойынша материалдарды өз бетінше зерттеу; библиотекалық каталогпен жұмыс, қажетті әдебиеттерді жинақтау; сөздікпен, анықтамалықпен жұмыс жасау; Интернет желісінде қажетті ақпаратты іздеу; оқылған әдебиеттерге аннотация құрастыру; оқылған материалдарға пікіпрлер мен сын пікірлер беру; тақырып бойынша жарияланымдарға шолу жасау; терминологиялық сөздікті құрастыру және әзірлеу; хронологиялық кесте құру; библиография құрастыру; әртүрлі нысандағы ағымдағы және аралық бақылауға (тестілеу, бақылау жұмысы, емтихан) дайындық; үй тапсырмаларын орындау; практикалық тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жауап, есептер, тестілер, шығармашылық тапсырмаларды орындау). Әртүрлі елдердің құқықтық жүйелерінің негізгі ерекшеліктерін айқындауға арналған презентация дайындау, студенттің өзіндік жұмыстарының ішінде маңызды орны алады. Ерекшеліктеріне қарай студент әрдайым салыстырмалы анализ жасауға басымдық беру қажет. Презентациялар тақырыптары төменде берілген. Өзіндік жұмыс мақсатына, көлеміне, тақырыбына, күрделілігі бойынша деңгейіне, білім алушылардың біліктілік деңгейіне қарай жеке немесе топпен жүзеге асырылуы мүмкін. Орындалуын бақылау нысандары әртүрлі: оқытушымен қарап шығу және тексеру; орындалған тапсырманы топ арасында өзара тексеру; топта орындалған жұмыс нәтижелерін талқылау; ауызша сұрау алу өткізу; жеке әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізу; орындалған жұмыстар бойынша есептерді тыңдау.   Тест Тест – пәнді игеру барысында студенттің өзіндік жұмыстарын орындаудың сапасын тексеру үшін қолданылатын, тиісті құзыреттердің қалыптасын анықтау үшін және студенттердің теориялық білімінің деңгейін анықтау нысаны. Тест сұрақтардан және сұррақтарға мүмкін болатын қысқаша жауаптардан тұрады. Тест тапсырмалары әртүрлі құрылымда болуы мүмкін, соның ішінде: бір жауаппен немесе бірнеше дұрыс жауаптармен, салыстыру тапсырмасынан, немесе дұрыс кезектілікті анықтау тапсырмасынан тұруы мүмкін.   Терминологиялық сөздік Терминологиялық сөздікті орындау немесе жүргізу нысаны әртүрлі: студентер сабақтың басынан бастап терминологиялық дәптер жүргізіп, әр тақырып өтілген сайын сөздік қорын толықтырып, байытып отырады; сабақ барысында берілген немесе ұсынылған терминологиялық сөздіктерге түсінік беріп, оларды пайдалана отырып эссе жазу ұсынылуы мүмкін; микро топтарға бөлініп, әр топ кемінде 50 терминнен тұратын тақырып бойынша терминологиялық сөздік құрады, әр топтың мүшесі тиісті терминологияны білуі және рәсімдеуі қажет.   Кейс Кейс бұл проблемалы тапсырма, студентке осы проблеманы шешуге қажетті шынайы кәсіби бағытталған мән жайды ойдан өткізу. Кейс есеп қолданыстағы заңнама нормаларының негізінде шешіледі. Оны орындау мен тексеру уақыты оқытушымен белгіленеді.   Әңгімелесу Әңгімелесу оқытылып жатқан пәнмен және студенттің бөлім, тақырып, мәселе бойынша білімдерін анықтаумен байланысты, оқытушы мен студент арасындағы арнаулы әңгімелесу ретінде ұйымдастырылған бақылау құралы. Әңгімелесу жүргізу барысында студен оқытушымен тиісті проблематиканы диалог деңгейінде талқылау жүргізе алуы қажет.    

*Эссе, реферат және презентациялар тақырыптары:

1. Салыстырмалы құқықтанудың тарихы

2. Салыстырмалы құқықтанудың құқық теориясы және тарихымен, халықаралық құқықпен арақатынасы

3. Қазіргі кездегі құқықтық отбасыларды жіктеу мәселелері

4. Романо германдық құқықтық отбасының түсінігі мен құрылымы

5. Романо германдық құқықтық отбасының негізгі ерекшеліктері

6. Романо германдық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен жүйесі

7. Франция және Гермнияның құқықтық жүйелері (салыстырмалы құқықтық анализ)

8. Әлемнің құқықтық картасында Латын Америка елдерінің құқықтық жүйелерінің орны

9. Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің даму тарихы. Скандинавиялық құқықтың қайнар көздері

10. Англосаксондық құқықтық отбасының түсінігі және құрылымы, даму тарихы

11. Англосаксондық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және жүйесі

12. Сот прецеденті жалпы құқықтың қайнар көзі ретінде: түсінігі, тану және қолдану ережелері

13. Англия және АҚШ-да заң құқық қайнар көзі ретінде (салыстырмалы құқықтық анализ)

14.Қазіргі кездегі әлемде құқық: жаһандану басымдықтары

15.Мұсылмандық құқық және оның қазіргі кездегі жағдайы

16. Канондық құқық және оның қазіргі кездегі жағдайы

17. Еуропалық құқықтық кеңістіктің мәселелерін шешуде салыстырмалы құқықтанудың міндеттері

18. Романо-германдық, англо-саксондық және мұсылмандық құқықтық жүйелердегі 19. құқықтық әдеп-ғұрыптың ықпалына салыстырмалы-құқықтық талдау

19.Романо-германдық, англо-саксондық және мұсылмандық құқықтық жүйелердегі сот практикасының рөліне салыстырмалы-құқықтық талдау

20.Романо-германдық, англо-саксондық және мұсылмандық құқықтық жүйелердегі құқықтың қайнар көзі ретінде құқықтық доктринаның рөліне салыстырмалы-құқықтық талдау

21.Романо-германдық, англо-саксондық және мұсылмандық құқықтық жүйелердегі заңдардың маңызына салыстырмалы-құқықтық талдау

22. Жаһандану жағдайында салыстырмалы құқықтану

*Презентациялар тақырыптары:

1. Германияның құқықтық жүйесі

2. Францияның құқықтық жүйесі

3. Австрияның құқықтық жүйесі

4. Швейцарияның құқықтық жүйесі

5. Италияның құқықтық жүйесі

6. Нидерланды құқықтық жүйесі

7. Испанияның құқықтық жүйесі

8. Португалияның құқықтық жүйесі

9. Румынияның құқықтық жүйесі

10. Болгарияның құқықтық жүйесі

11. Чехияның құқықтық жүйесі

12. Венгрияның құқықтық жүйесі

13. Швецияның құқықтық жүйесі

14. Данияның құқықтық жүйесі

15. Финляндияның құқықтық жүйесі

16. Ұлыбританияның құқықтық жүйесі

17. АҚШ құқықтық жүйесі

18. Австралияның құқықтық жүйесі

19. Сауд Аравиясының құқықтық жүйесі

20. Иранның құқықтық жүйесі

21. Турцияның құқықтық жүйесі

22. Афганистанның құқықтық жүйесі

23. Пакистанның құқықтық жүйесі

24. Индонезияның құқықтық жүйесі.

25. Индияның құқықтық жүйесі

26. Израильдың құқықтық жүйесі.

27. ҚХР құқықтық жүйесі

28. Жапонияның құқықтық жүйесі

29. Украинаның құқықтық жүйесі

30. Өзбекістанның құқықтық жүйесі және т.б.

Емтиханға дайындалу үшін сұрақтар:

1. Салыстырмалы құқықтанудың пәні, ғылымы

2. Салыстырмалы-құқықтық зерттеудің әдіс-тәсілдері: диахрондық, синхрондық, ішкі салыстыру, сыртқы салыстыру, микросалыстыру, макросалыстыру.

3. Салыстырмалы құқықтанудың мәні, функциялары, қағидалары

4. Салыстырмалы құқықтанудың обьктілері мен мақсаттары

5. Қазіргі кезеңдердегі салыстырмалы құқықтанудың ғылым және пән ретінде маңызы

6. Салыстырмалы құқықтанудың Германиядағы тарихи-философиялық бағыты. Романистер мен германистер ағымы.

7. Салыстырмалы құқықтанудың француздық мектебі.

8. Ресейдегі салыстырмалы құқықтану.

9. Англия мен АҚШ-тағы салыстырмалы құқықтану.

10. Құқықтық жүйелердің жіктеліну мәселелері

11. Романо-германдық құқық жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, құрылысы.

12. Англияның преценденттік құқығы

13. Англо-саксондық құқық жүйесінің ерекшеліктері.

14. АҚШ пен Ағылшын құқықтарының айырмашылықтары.

15. Мұсылман құқығының құрылуы мен қалыптасуы. Мұсылман құқығы бойынша құқықтар: қылмыстық, неке және отбасы, меншік, міндеткерлік құқықтар

16. Мұсылман құқығындағы мектептер. Мұсылман құқығының қайнар көздері.

17. Социалистік құқықтың пайда болуы және қалыптасуы.

18. Латын Америка елдеріндегі құқық жүйесінің түсінігі.

19. Жапония құқық жүйесінің түсінігі және тарихы. Жапон мемлекетінің құқық ерекшелігі және дамуы.

20. Скандинавиялық мемлекеттердің құқығының қалыптасуына байланысты заңнамалық актілері. Скандинавиялық құқықтың жүйесі.

Наши рекомендации