Азақ даласына ислам дінінің келуі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Леуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Исламға дейінгі кезеңдегі Орта Азиядағы діндер.

Орындаған:Жапбар А

Тобы:202 «А» МПД

Абылдаған:Мырзалие Э

Шымкент 2016

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Ежелгі түріктердің діні

Көне түркілердің дүниетанымдық көзқарастары

Түркілердің сенім негіздері: Жер . Суға және Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығы

Ежелгі діни нанымдар сонымен қатар, шаманизм және пұтқа табынушылық

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жүздеген мың жылдар бойында адамдардың ойында ешбір діни нанымдар болмаған. Бұл дәуір тарихта "дінсіз дәуір" деген ат аталды. Алғашқы адамдар өздерінің күнделікті тіршілік жағдайымен ғана шұғылданып, табиғат құбылыстарына көңіл бөлмеген. Тек дамудың белгілі бір сатысында ғана, табиғат құбылыстарының сұрапыл, дүлей күштерінің алдындағы өздерінің әлсіздігін сезіне бастады. Міне осы кезден оларға алғашқы діни ұғымдар пайда болып, өріс алды. Ол діни ұғымдар фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм түрінде адамдардың тұрмыс тіршілігімен, күн көріс тәсілдерімен, дүние танымымен, мәдениет әдет-ғұрпымен, ой - өрісімен тығыз байланыста қалыптасты, дамыды, өзгерді, күрделенді. Бұл діндер ғылымда көп құдайлы діндер /политеизм/ деп аталынды. Сол сияқты қазіргі бір құдайлы діндер /монотеизм/Яһуди, Будда, Христиан, Ислам діндері алғашқы діни ұғымдар негізінде, таптық қоғам тұсында ғана қалыптасты.

Ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.


Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған.

Атап айтқанда:

- моңғол, қазақ, қырғыз тағы да өзге халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;

- ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;

- «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары; - Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы

– Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата);

Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.

Ежелгі түріктердің діні қазіргі уақытта кешенді түрде зерттелуде. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторный. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев сынды белгілі ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді.

Неміс ғалымы Г.Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ.Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Осылайша, жоғарыда аталған танымдық бастаулар байырғы түріктердің ұстанған діні, сол дәуірдің өзінде дін дәрежесіне көтерілгенін дәлелдейді.

Тәңірлік ұғымын кеңінен қарастырсақ. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім “Хакім Абай” кітабында: тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. “Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір – деген табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, –дейді. Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді.

«Тәңірлік» – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастырады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын ұғымның негізін құрайды”, –деп жазады С.Н. Ақатаев.

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.

Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, – делінеді.

Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев “таң” және “ер” сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын “таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, “ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір “Күн адам”, “Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.

Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, “Тәңірім, кешіре гөр”, –дейді.

Дуалистік дүниетанымды арқау еткен, ежелгі тәңірлік діннің бүкіл бүтін жүйесін қалыпқа келтіріп, оның уағыз ілімін жаңғырту, іргелі зерттеулер жүргізу түрік әлемін саралап сараптаушы ғалымдардың алдында тұрған жауапты да, абыройлы істің бірі. Байырғы түріктердің дүниетанымының негізі болған «тәңірлік» тағыда тереңдетіп зерттеуді күтіп тұрған тың салалардың бірі.

Түріктердің мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген келесі діни наным – шаманизм болды. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. “Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. …Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: “Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.

Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.

Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс салт) ертегілерінің де үлкен әсері болды. Бұл ертегілер өте ерте заманда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерде туған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекеттін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз-ертегілері осы ізде туған. Көшпенділердің аңыздарының бір ерекшелігі оның жалпы халықтық мазмұндылығында ақиқат болғандығы. Қазақ аңыздарында көшпелі елдің төл ерекшелігі, белгілері бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздар Қорқыт асқан күйші, қобызшы болғандығын айта келіп, табиғаттың дүлей күшіне қарсы күрескен, өліммен алысқан алып жанды танытады. Қорқыт халық ұғымынша, болашақты көре білетін, өлімді өнермен жеңуге ұмтылған алып философ, қобызшы. Жалпы айтар болсақ, көне шығыс пен түркі мәдениетінен нәр алған қазақ аңыз ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал серілер, ақын жыраулар шығармашылығы, халық даналығының қазақ философиясының қайнар көз, алғы бастауы болды деп айта аламыз.

Түріктердің мифологиясына тағы да бір деректі мысалдармен тоқталып өтейін. Көне түркілер өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. . Бұл аңыздарда хан қызы күн сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның руханилығын негіздеу болып табылады. Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырады.

Қазақтардың мифологиялық тарихи даму жолында генотиптік діни жүйелер басым болды. Бұл ұғымға Профессор Т.Ғабитов төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тән ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі –аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі. Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын көрініс тапқан.

Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталады. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшелінеді. Ғұндар жайлы былай делінген: «Шаньюй ертемен күнге табыну үшін, кешке қарай айға табыну үшін шығады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған, Монғолиядан айырмашылығы осында. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан көрінеді. Тіптен, көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жоқ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал оңтүстік-оң, солт-сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: «Ілгері-күншығыс, оңға-түстік, кейін-батыс, солға терістік». Бұл кеңістік орналасуының қатаң тәртібін бекітті.

Байырғы түріктердің дүниетанымының қалыптасуындағы географиялық орналасудың, өмір сүру шарттары мен уақытының, наным-сенімдерінің әсерлері қарастырыла келе олардың жазу-сызу өнеріндегі әсерінен сөз етілген болатын. Сөз соңында айтайын дегенім, түркі мәдениеті қазақ халқының ел, мемлекет болып қалыптасуына тікелей әсер еткен, біздің шыққан тегіміздің көшпенділер екенін көрсететін ең негізгі фактор болып табылады. Қазақтардың ата-тегі болып табылатын ежелгі түркі елінің мифологиясы мен дүниетанымын зерттеп білу, әрбір иманды қазақтың парызы деп санаймын. Жоғарыда талдап өткеніміздей, тарихтың толқынында сан-қилы өзгерістерге ұшырап келген түркі дүниетанымы, қазіргі кездегі қазақтармен қоса бүкіл түркі халықтарының рухани және мәдени негізі болып табылатыны анық.

Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. “Шаманизм” термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды. Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған зерттеушілер, оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса, ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп бағалайды.

Шаманизмді зерттеген еуропалық ғалымдар көп құнды пікірлер айтқанмен, ғылымдағы еуроцентристік көзқарас шеңберінде қалып қойды. Шаманизм олар үшін бөтен мәдениет туындысы болғандықтан, еуропалықтар оған экзотикалық құбылыс, архаикалық дүниетаным рудименті ретінде қарады, ал бұл шаманизмге әділ ғылыми баға беруді қиындатты.

Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалып­тастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәли­ханов болды. “Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. ...Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: “Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.

Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе шамандық тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. Барлық шамандар өз әулетінде, ата-бабаларының бірінде осындай қасиет болғандығын айтады. Осыны ескере отырып, біз шамандықты генотиптік сипаттағы діни жүйе деп санаймыз және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік: шаманизмде өлі табиғат ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың киелі иесі бар. Адам мен әлем тұтас.

азақ даласына ислам дінінің келуі

Ислам дінінің қазақтар арасында тарауы туралы мәселеге әр-түрлі пікірлер бар. Бұл мәселеге олар әрқайсысы өз позициясымен келгендігін аңғарамыз. Кейбір авторлар ислам дінін Қазақстанға араб басқыншыларымен келген деп санаса, екінші бір авторлар, қазақтар көшпелі халық болған, сондықтан ислам дінінің таралу дәрежесін зерттеу өте қиын еді. XVIII-XIX ғасырларда қазақтар арасында болған миссионерлер ислам дінінін қазақтар арасында шын жайын суреттей алмады дейді. Олар үшін ежелгі діни сенімдері - табиғатқа табыну ыңғайлырақ болды десе, академик В.В.Бартольд: "XIII ғасырдың басында Хорезмнің мұсылман басшыларына Сырдария мен Торғай облысындағы мұсылман емес қыпшақтармен соғысуға тура келді" - деп жазады. Дегенмен, ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында IX ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Бұл кезде араб басқыншылары Сырдария бойына жетіп, түркі тайпаларының малдарын барымталап, кейде бейбіт отырған ауылдардың адамдарын айдап әкетіп отырды, бірақ жерлерін жаулап алуға күштері жетпеді. Сырдария бойындағы қалалар арабтарға 840-845 жылдары ғана бағынып, ислам дінін қабылдады. Бірақ мұнан әрі Сарыарқа даласына ұмтылған кезде араб басқыншылары шегінуге мәжбүр болды. Себебі Иракта құлдар көтерілісі басталды, белгілі араб тарихшысы Ибн-Ал-Әсірдің /1160- 1233/ келтірген мәліметтері бойынша 961 жылы Сыр бойындағы түркілердің 200 мың шатыр /үйтүтін/ мұсылман дініне енген. Ал жайық бойын жайлап, ыстық көл маңын қыстап жүрген түркілер ислам дінін тек 1043 жылы ғана қабылдады. Есіл, Нұра, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойында мекендеген түркі тайпалары ХІХ-ХХ ғасырларға дейін ислам дінінен сырт қалды. Қазақ халқының ислам дінін кеш қабылдағандығын Ш.Уәлиханов та атап көрсеткен. "Бұған дейін қазақ арасында бақсылық, бәдік айту, тәңірге табыну, отпен аластау сияқты ежелгі тайпаларының діни жоралғыларының қалдықтары орын алып келді. Ислам дінінің ережелерінде олар жоқ. Қазақтардың жеті атаға жетпей құда болмайтындығы да ислам шариғатынан тыс, ол ежелгі түркілерден қалған ата- баба дәстүрі" - дейді.

ТӘҢІРЛІК ПЕН БАҚСЫЛЫҚ

Қай халықтың болмасын бүгінгісі өткен тарихымен астасып жатады. Өткенінен
Біздің мақсатымыз сол аталарымыз жасап беріп кеткен өнеге үлгілерін
Салт ұлттық ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен
Көптеген зерттеушілердің тұжырымдары бойынша түрік халықтарының жалпысына тән ерекше
Ал, көшпелілер болса мұндай күштеудің кез - келген түрлерінен
Сонымен бірге, көшпелі халықтардың қоғамдық даму сатылары да аса
Тәңірге, Жер, Суға табынудың пайда болуын адамда әуел бастан
Енді мәдени - рухани дәстүрлеріміздегі нақтыламақ болған бақсылық пен
Діни нанымдардың негізінде қалыптасқан ырымдар қай халықтың да мәдени
Қазақ өміріндегі магиялық - сиқырлық құбылыстар мен бал ашу
Сонымен қатар, ел арасында түсі суық сұсты адамдарды да
1. Қырық бір құмалақпен бал ашу, яғни төрт төрттен
2. Қырық бір құмалақты шашып ашу;

ОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы
Сонымен қатар көне заманда болмыстың қай кезеңі болмасын, адамдар
Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының
Зерттеу жұмысымда көптәңірлі нанымдар мен діндерді зерттегенде мән беретін
Көне дәуірлерде адам баласының өркениет деңгейі әлдеқайда төмен, көшпелі,
Ал, көне Египетте дін басшылары нақты бір құдайға құлшылық
Көне дәуірден бермен қарай еркек және әйел кейпінде қатар
Ежелгі Тәңірілік діні бізге өзінің антологиясымен - екі ұдай
Өзіндік өмір танымы, философиясы, рәсім - жоралары, өзіндік негіздемелері
Ұлы дала тұрғындары мұсылмандық тағылымдарға дейінгі кезеңдерде өз бетінше
Ұлттық мінез бен қазақы қасиет тұрғысында сөз еткенде біз
«Қазақ — діндар халық» десек, оған өзге түгілі өзіміздің жан күйзелері анық.

Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев “таң” және “ер” сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын “таң”, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, “ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір “Күн адам”, “Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.

Пайдаланған әдебиеттер:

Напина Дінтану негіздері (әдістемелік құрал) А - 2009 жыл 2. Х. Алтай «Хұтпалар» Ислам кітапханасы 2001 жыл 3. Ш. Тоқырқызы «Арыстанбабтан бастайық» А - 2006 жыл 4. М. Бұлытай «Ислам» Ақиқат журналы №4, М. Харт 2 «Мұхаммед» Ақиқат журналы №7, 2003 5. Н. Назарбаев - основатель Казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия

Наши рекомендации