Тақырып 8. Ғылым кәсіп ретінде. Ғылым идеалдары мен шарттары
Дәріс мақсаты:ғылымның кәсіп ретіндегі ерекшеліктерін анықтау, ғылыми қауымдастықтың идеалдары мен ережелерін, сонымен қатар, Қазақстандағы ғылымның даму алғышарттарын талдау.
Жоспар:
1. Ғылым кәсіп және қызметтің ерекше түрі ретінде.
2. Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
3. Қазақстан Республикасындағы ғылымның басымдық бағыттары.
Негізгі түсініктер:кәсіп, бейімділік, қызмет түрі, құндылықтар, ережелер, ғылыми этос, ғылым дамуындағы басымдылық.
Ғылым кәсіп және қызметтің ерекше түрі ретінде. Ғылым күрделі әлеуметтік институтқа ХІХ ғасырдың аяғында айналады, осы кезде ғалымдар жүйелі түрде өз еңбектері үшін жалақы ала бастайды. Ғылыми қызметтің экономикалық пайдасы бары анықталды. Ғылыми дискурсқа енді әрбір адам ене алмайды, ол үшін субъект бірнеше әлеуметтік қойылған талаптарға сай болуы қажет (жоғарғы білім, кандидаттық дәреже, жариялымдар ж.т.б.).
Ғылым өзіндік жеке этосын тудыра бастайды - ғылыми қауымдастықтың мүшесі болып қалу үшін әрбір жеке ғалым ережелер жиынтығын ұстануы қажет.
Макс Вебер өз "Ғылым бейімділік және кәсіп" атты мақаласында былай деген еді: "қазіргі таңда ғылымға кәсіп ретінде қарау ең біріншіден, ғылымның бұрын соңды болмаған мамандандырудың деңгейіне жетуі... жеке индивид ғылым аумағында қатаң мамандандырылған болған жағдайда ғана аяқталған істі бастай алады" (Вебер М. Избранные произведения. М., 1990. Б. 707-708).
Кәсіби ғалым арнайы білімді беруші болғандықтан негіздемеге және сенімді жауапқа жауапты болады. Кәсіп ретіндегі ғалым өз құзіреттілігінің шектерін сезінуі қажет; моральдық, этикалық, философиялық, діни талғамы және ғалым бағасы оның жеке жұмысы болып саналады және қазіргі таңда ғылымға енбейді.
Кәсіпке айналғаннан бастап ғылым әлем мен өмірдің сыртқы талаптарын иемдену техникасына айналды. Ол мына сұраққа жауап береді: нәтижесі максималды тиімді болатындай жасау керек, дегенмен толықтай адам мен әлем әрекетінің мағынасы қарастырылмайды.
Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.Этос - ұрпақтан ұрпаққа жететін ережелер мен құндылықтар жиынтығы және ғылым адамы үшін қажет болып табылады. Этос ғылымның әлеуметтік институт аумағындағы мүмкін болатын әрекетін көрсетеді. Ғылыми этос ғылыми қауымдастықтағы қатынастарды ұйымдастырумен байланысты, ол айқындайды, интеграцияланады, және ғылыми қауымдастықтың автономиясын қаматамасыз етеді.
Қоғам ғалымдардың ісіне араласа алмайды және араласпауы керек, бірақ, ғалымдар мораль, құдай ілімі, саясат ж.т.б. сұрақтарға араласа алмайды. Ғылыми қауымдастықтың мүшелері өз зерттеулерінің және олардың қорытындыларының ақиқатқа қатысты барабар нәтижесін жасайды. Осылайша, ғылыми этос алғашқы ғылыми қауымдастықтардан бастап жұмыс жасап келеді (ХVIIғ. басы).
Алғаш рет ғылыми этосты Роберт Мертон өзінің "Ғылымның нормативті құрылымы" (1942) атты еңбегінде сипаттап берген еді. Осыдан шыға ғылымның басты құндылығы ақақиат екенін ескере отырып ол ережелердің төмендегідей түрлерін ерекше атап көрсетті:
- әмбебаптылық - ғылыммен зерттеліп жатқан құбылыс барлық жерде бірдей болуда және ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығы жыныс, нәсіл, жасқа ж.т.б. қарамай бағалануы керек деген қағида;
- ұйымшылдық - ғылыми білім еркін түрде жалпының жетістігі болып табылады;
- қызықпаушылық - ғалым әрекетінің алғашқы стимулы ақиқатты риясыз іздеу болып табылады; мойындау, қаражат алу мақсат емес, салдар;
- ұйымдасқан скептицизм - әрбір ғалым өзі және оның әріптесі жасағанына жауапты болып саналады. Бір жағынан сыйластық қажет, дегенмен, сыни көзқарас та орын алуы керек.
Этоста ережелерді ұстану бағам механизмы бар. Ғылыми этоста басты позитивті санкция - әріптестерінің мойындауы, ал негативті - елемеушілік. Мертон бойынша: егер зерттеуші ережелерді ұстанса, онда ол нағыз ғалым.
Қазақстан Республикасы ғылымындағы басымдылық бағыттар. Ғылым дамуының басымдылық аумағындағы ғылыми зерттеулердің тақырыптар атауы:
1. Табиғи қорларды зерделі пайдалану, шикізатты өңдеу
қолданбалы ғылыми зерттеулер:
а) минералды-шикізат базасы мен су қорларын толтыру тәсілдері мен технологиясы;
- пайдалы қазбаларды игеру технологиясы;
- шикізат пен өнімдерді қайта өндіру технологиясы;
- жаңа материалдарды алу технологиясы;
- экология мен табиғатты зерделі пайдалану мәселелері;
- берілген ерекшеліктер жиынтығы бар көп қызметті материалдарды алудың теоретикалық негіздері.
в) іргелі ғылыми зерттеулер:
- көмірсу шикізатын қайта өндіру мен табиғатты тиімді пайдаланудың теоретикалық негіздері;
- шикізат пен өнімді өңдеу аумағында ғылыми зерттеулер;
- Қазақстанды қоршаған ортаның тиімді экологиялық жағдайын қамтамасыз ету және табиғатты рационалды пайдалану.
2. Энергетика және машинақұрастыру:
а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:
- қуаттың жаңаратын және альтернативті көзі және өнеркәсіптік пен тұрмыс қалдықтарын энергетикалық пайдалану;
- жылу және электроэнергетика және энерго тиімді технологиялар;
- ядерлы және сутектік энергетика;
- энергетикалық сектордың қоршаған ортаға ықпалы;
- энергетикалық және автомобильды машинақұрастыру;
- ауылшаруашылық және өндіріс машинақұрастыру;
- мұнай газдық машина жасау;
- таулы-кен және металлургиялық машина жасау;
- машина жасау, автоматизация және робототехника.
в) іргелі ғылыми зерттеулер:
- қуат және машина жасау аумағындағы іргелі ғылыми зерттеулер.
3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар:
а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:
- ақпараттық технологиялар;
- телекоммуникациялық жүйелер және технологиялар;
- интеллектуалды жүйелер және технологиялар;
- ақпараттық-техникалық кешендер және жүйелер;
- геоақпараттық жүйелер мен технологиялар;
- зияткерлік робототехникалық жүйелер;
- ғылым және білім беру үрдісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялар.
в) іргелі ғылыми зерттеулер:
- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аумағындағы іргелі ғылыми зерттеулер:
- технологиялық үрдістерді математикалық үлгілеудің теоретикалық негіздері.
4. Өмір туралы ғылым
а) қолданбалы ғылыми зерттеулер:
- қартаю мен адам өмірін ұзарту мәселелерін шешуге арналған жаңа технологиялар;
- тірі жүйелердің молекулярлы, биохимиялық, ағзалық негіздері;
- өсімдіктер мен жануарлардың тұрақталуы мен өнімділігін арттырудың ғылыми негіздері;
- медицина мен ауыл шаруашылығына қажет жаңа биопрепараттар;биомедицина-және гендік инженерияның дамуы.
в) іргелі ғылыми зерттеулер:
- химия мен биология аумағындағы іргелі зерттеулер.
5. Мемлекеттің зияткерлік әлеуеті:
а) әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық аумақтағы іргелі зерттеулер:
- экономиканың бәсекеге қабілетті өндірісінің дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын зерттеу;
- қазіргі жағдайдағы еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру аумағындағы зерттеулер;
- пәнаралық зерттеулер және әлеуметтік пен қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың актуалды мәселелері.
- табиғи-ғылыми аумақтағы іргелі зерттеулер:
- математика, механика, физика аумағындағы іргелі зерттеулер.
Тақырып 9. Әлемнің ғылыми бейнесі
Дәріс мақсаты:қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттарын анықтау.
Жоспар:
1. Әлемнің ғылыми бейнесі.
2. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи формалары.
3. Жаһандық эволюционизм - әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі ретінде.
Негізгі түсініктер:әлемнің ғылыми бейнесі, жаһандық эволюционизм, космологиядағы антропты принцип.
Әлемнің ғылыми бейнесі- ғылыми түсініктер мен принциптердің жинақтау және синтездеу нәтижесінде құрылған ақиқат заңдылықтары мен сипаттары туралы түсініктер жиынтығы.
Ғылым даму үрдісі барысында білімдер, идеялар және концепциялардың әрдайым жаңартуы жүріп жатыр, одан әрідегі түсініктер жаңа теориялардың жеке жағдайы болып қала берді. Әлемнің ғылыми бейнесі догма да абсолютті ақиқат та емес. Соынмен бірге, ғылыми түсініктер ақиқатқа жақын, өйткені олар дәлелденген дәйектерге және тұрақталған себепті-салдарлы байланыстар жиынтығынан құралған. Нәтижесінде ғылыми білім біздің әлемнің ерекшелігі жайында қорытындылар мен болжамдар айтуға мүмкіндік береді және адамзат өркениетінің дамуына үлесін қосады. Ғылыми концепциялар арасындағы қайшылықтар жаңа дәйектердің шығуымен және оларды басқа теориялардың болжамдарымен салыстыру арқылы жеңіске жетеді. Бұл даму - ғылыми тәсіл мәні.
Әлемнің ғылыми бейнесі әлем туралы пайғамбарлар авторитетіне, діни дәстүрлерге, қаисетті мәтіндер ж.т.б. секілді діни түсініктерден ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан, діни түсініктер ғылымилықтарға қарағанда соғұрлым консервативті және ол жаңа дәйектер шыға берген сайын өзгеріп отырады. Өз кезегінде әлемнің діни концепциялары өз заманының ғылыми көзқарастарына жақындау мақсатында өзгерулері мүмкін.
Әлемнің ғылыми бейнесі сонымен қатар, әлемнің күнделікті немесе көркем қабылдауына тән дүниетанымнан ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, өнер әлемнің көркем бейнесін өзінің субъективті (эмоционалды қабылдау) және объективті (ынтық емес) жетістіктер синтезінің негізінде құрайды, ал ғылым тек объективті қабылдауда шоғырланған және сыни ойлаудың көмегімен зерттеулер нәтижелерінің субъективтілігін алып тастайды.
Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.Әлем бейнесі жүйелі білім болғандықтан оның өзгерістерін ешбір бірегей ауқымды жаңалыққа теңеуге болмайды. Мәселе басты іргелі ғылымдардағы бір - бірімен байланысқан бірнеше жаңалықтар топтамасы жайлы сөз болып отыр. Бұл жаңалықтар зерттеу тәсілінің қайта құрылуымен бірге, сонымен қатар, ғылымилықтың өзіндегі ережелер мен идеалдардағы ауқымды өзгерістермен байланыса жүреді.
Осындай әлемнің ғылыми бейнесінің ауысуы, ғылыми революциялар үшеу, әдеттегідей оларды үш ғалымдардың атымен байланыстырады.
Аристотельдік (б.з.д. VI-IV) - бұл ғылыми революцияның негізінде ғылымның өзі пайда болды, ғылымның әлемді тану мен игерудің басқа формаларынан бөліну үрдісі басталды, ғылыми білімнің нақты ережелері мен бейнелері айқындалды. Соғұрлым толықтай бұл революция Аристотельдың еңбектерінде көрсетіледі. Ол формальды логиканың негізін салды, яғни дәлел туралы ілім, білімді жүйелендірудің басты құралы, категориалды түсіндіруші аппаратты жасады. Ол өзіндік ғылыми зерттеу ұйымдасуының канонын (сұрақ тарихы, мәселені қою, иа және жоққа қатысты айғақтар, негізделген шешімдер), табиғат және метафизиканы табиғат туралы ғылымдардын бөлді, білімнің өзін жіктеді.
Ньютондық ғылыми революция (XVI-XVIII ғғ.). Мәселенің шыққан жері әлемнің геоцентрлік үлгісінен гелиоцентрлік үлгісіне ауысу саналады. Бұл жаңалық Н.Коперник, Г.Галилей, И.Кеплер, Р.Декарт, И.Ньютон аттарымен байланысты. И.Ньютон олардың зерттеулерін қорытындылап әлемнің ғылыми бейнесін жалпы түрдегі базалық принциптерін құрастырды. Классикалық жаратылыстану доминанты болып механика шығады, ғылыми ізденіс аумағынан құндылықтар, әмбебаптылық, мақсатты болжау секілді түсініктер ысырылып тастады. Таным әрекетінде зерттеудің субъектісі мен объектісінің арасында нақты оппозиция байқалды. Осы өзгерістердің қорытындысы ретінде әлемнің механикалық бейнесі дүниеге келді, оның негізін эксперименталды математикалық жаратылыстану құрды.
Эйнштейндік революция (ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысуы). Ол бірнеше жаңалықтар топтамасына сүйенді (атомның күрделі құрылымын ашу, радиоактивтіліктің көрінісі, электромагнитты сәуленің дискретты сипаты ж.т.б.). Нәтижесінде әлемнің механикалық бейнесінің маңызды алғышарты - қарапайым күштердің көмегімен қозғалыстағы және өзгермейтін объектілер арқылы табиғаттың барлық құбылыстарын түсіндіруге болады деген сенім күмәнға әкеліп тіреді. Соңынан әлемнің жаңа бейнесінің негізінде жеке ғылымдарда революциялар болды: космологияда (тұрақты емес әлем концепциясы), биологияда (генетиканың дамуы) ж.т.б. Осылайша, ХХ ғасырдың бойында жаратылыстану өз бейнесін барлық қырларында да өзгеріске ұшыратты.
Жаһандық эволюционизм қазіргі әлемнің ғылымы бейнесі ретінде.Жаһандық эволюционизмның қазіргі әлемнің ғылымы бейнесі ретіндегі идеясы қазіргі таңда даму принципін іске асырудың бір түрі болды. Ол философиялық және жаратылыстану ғылыми білімінің ешқайсысына да қосылмай бір көзқараспен қарайды. Оған тән ерекше эволюциялық бейне нақты ғылымдар тіліннің идеясын сипаттайды, дегенмен, эволюциялық түсініктерді жинақтауда екеуінің де аумағынан асып шығады. Бұл жаһандық эволюцияонизм идеясын әлемнің ғылыми бейнесі деңгейіне көтеруге болатынын көрсетеді.
Осы идеяның мәнін интерпретациялауда келесі принципиалды сұрақ туындайды: табиғи ақиқаттың құрылымдық деңгейіне қатысты бола тұра қазіргі даму концепциясының нақты дәлелдеуін сипаттайтын эволюциялық үрдістің жалпы жүйелік заңдары бар ма?
Қойылған сұрақтың актуалдығы қазіргі ғылым үшін антропологиялық немесе антропты принципті талдауда көрініп тұрады.
Жаһандық эволюционизм мәселелерін талқылай отыра біз осы уақытқа дейін барлық жағдайларда да тек біздің әлемдегі үрдістермен шектелген едік. Бірақ, басқа да метагалактикалар немесе әлемдердің болуын жорамалдау жаһандық эволюционизм мәселелерін қою сұрағында ары қарай мүмкіндіктерді қызықты етеді. Егер біздің әлем - квазитұйықталған эволюцияланып отыратын жүйелер ішіндегі тек біреуі ғана болса, онда Метагалактика эволюциясы тек оның ішкі факторларымен анықталады деп айту қате болады. Біздің және басқа да әлемдердің ара қатынасмен келісілген сыртқы факторларды да есепке алу керек болады.