Толықтыру түсірістері

Толықтыру түсірістері теодолиттік жүрістердің пункттерінен жүргізіледі. Ол берілген тапсырмаға және қабылданған масштабқа байланысты планда «кескінделетін әрбір контурдың және ситуацияның барлык нүктелерінін орнын анықтайтын өлшеулерден тұрады.

Перпендикулярлар әдісі анықталатын нуктеден теодолиттік жүрістің қабырғасына тусірілген жергілікті жердегі перпендикулярдың үзындығын және жүрістің нүктесінен перпендикулярдың табанына дейінгі ара қашықтықты өлшеуден тұрады (61, а-сурет). Қысқа перпендикулярлар көз мөлшерімен, ал ұзындары — эккердің (62-сурет) көмегімен тұрғызылады. Эккер үш қырлы призма болып табылады, оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикулярларды түсіретін және көз алдына келтіретін айна қызметін атқарады.

Толықтыру түсірістері - student2.ru


Толықтыру түсірістері - student2.ru

Жармалар әдісі теодолиттік жүрістің қабырғаларына тірелетін сызықтардың жармаларын немесе тірек нүктелерінің жармасында орналасқан нуктелерді түсіруде қолданылады (61, г-сурет). Бұл әдіс кесінді сызықтардың шеткі нүктелерінің арасында көрінушілік болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдісі құрылыс салынған аймақтарды түсіруде кең қолданылады, әрі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдістерімен жиі ұштастырылады.

Бурыштьщ қиылыстыру әдісі, әдетте жетуі қиын нүктелерді тусіру үшін қолданылады (61, в-сурет). Нүктенің орны теодолиттік жүрістің нуктелерінен немесе қабырғаларында орналасқан нүктелерден өлшенілетін екі бұрышпен анықталады. Анықталатын нуктедегі бұрыштың шамасы 30°—150° аралығында болуы тиіс. Нүктенің кескінін салу транспортирмен жасалынады, олардың қиылысқан жері тиісті нүктенің орны болып табылалы.

Айналма жол әдісі таса жердегі маңызды объектілерді тусіру үшін, яғни негізгі теодолиттік жүрістің қабырғалары мен ұштарынан алыста орналасқандықтан жергілікті жердегі кедергілеріне байланысты түсіруге мүмкіндігі болмайтын жағдайда қолданылады.

Үзындық қиылыстыру әдісі кезінде нүктенің орны кабырғалары өлшенген үшбұрыштың төбесі арқылы анықталады. Нүктенің пландағы орнын табу үшін жергілікті жерде үшбұрыштың үш кабырғасының ұзындығын өлшеп, содан кейін планда олар арқылы үшбұрышты салу керек (61, б-сурет).

Полярлық координаталар әдісі теодолиттік жүрістен ашық жерде қашықтау орналаскан жергілікті заттарды және контурлардың сипатты нүктелерін түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс кезінде түсіріс тұрақты сызық арқылы жүргізіліп, оның бір шеті полюс ретінде қабылданады. Түсірілетін нүктенің орны екі ко-ординаталармен: тұрақты сызықтан берілген нүктенің бағытына дейінгі есептелетін горизонталь бұрышпен және полюстен осы нүктеге дейінгі ара қашықтықпен анықталады. Бұрыштарды полюсте орнатылған теодолитпен, ал ара қашықтықтарды өлшеуіш лентамен, рулеткамен және қашықтық өлшеуішпен өлшейді.

Жергілікті жердің контурларын, түсіріс нәтижелерін, кесінді сызықтардың ұзындықтарын өлшеу журналынан абриске енгізеді. Абрис схематикалық сызба болып табылады, бірақ ол жергілікті жердің контурларының өзара және тірек сызықтарының орналасу реттерін міндетті түрде сақтай отырып, анық әрі мұқият салынады. Абристегі жазулар қарапайым қарындашпен, контурлардың түзу учаскелері сызғышпен түсіріледі. Абристі салғанда ондағы орналасатын бедерлер мен жазулардың анық және қолайлы орналасуын қамтамасыз ететін масштаб таңдалуы тиіс.

Наши рекомендации