Xviiiғ.соңы - xxiғ. басындағы философия

8.1 Карл Маркстің ілімі.

8.2 Неопозитивизм. Постпозитивизм.

8.3 Психоанализ ілімі (З.Фрейд және Э.Фромм)

8.4 Экзистенциализм (М. Хайдеггер, Жан-Поль Сартр, Карл Ясперс)

8.5 Структурализм (КЛеви-Стросс)

8.6 Герменевтика (Г.Гадамер)

8.7 Философиялық мистицизм ( Е.Блаватская)

Карл Маркс Генрих (нем. Karl Heinrich Marx; 1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:

1)өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;

2)ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;

3)ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;

4)әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;

5)Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбие мен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды.

Маркс дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары ықпал етті. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң ф-тінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде” редактор болды. 1843 Парижге кетіп, соц. қозғалыс өкілдерімен танысты. 1844 ж. Ф.Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне айналды. 1845 ж. Брюссельге көшіп келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты.

“Коммунистер одағы” халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі осы ұйымның “Коммунистік партияның манифесі” атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қаласында (Германия) Энгельс екеуі “Жаңа Рейн газетін” шығарды (М. бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.

Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.

Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

Ø алғашқы қауымдық,

Ø құл иеленушілік,

Ø феодалдық,

Ø капиталистік

Ø коммунистік формациялардан тұрады.

Неопозитивизм– XX ғасыр позитивизмінің субъективті-идеалистік жаңа ағымы.

Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды. Неопозитивизм Беркли және Юмнан басталған эмпиризм мен феноменализм дәстүріндегі позитивизмнің өзіндік эволюциялық даму кезеңі болып табылады.

Неопозитивизмнің ең ықпалды бағыты логикалық позитивизм болды. XX ғасырдың 30-жылдары Неопозитивизм көзқарасындағылардың жекелеген топтары айқындала түсті. Мәселен, Вена үйірмесінің логикалық позитивистердің (Карнап, Шлик, О.Нейрап т.б.), бер-линдік “Эмпирикалық философия қоғамының” логикалық позитивистерінің (Рейхенбах, Гемпель, т.б.), ағылшын аналитиктерінің прагматикалық бағыттағы америкалық өкілдерінің (Нагель, Маргенау, Бриджмен, т.б.) көзқарастары белгілі болды.

Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – “дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым — өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокртицизм, үшінші кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарыныңбасында неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады. Оның орнына “төртінші позитивизм” немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.

Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.

Постпозитивизм эмпирикалық пен теориялық білімдердің өзара қарым-қатынаста болатындығын айтады. Теорияның эмпирияға тигізер ықпалы зор екендігін нақтылайды. Фактіні тағайындау үшін теория қажет, сондықтанда фактілер белгілі бір анықталған кезеңде теорияға тәуелді одан қалды сонымен анықталады.

Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді. Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда, фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.

Постпозитивизм ғылыми білім мен философияның арасын бөліп-жарудан бас тартады. Ол философиялық ойлардың озықтығын мойындай отырып, олардың ғылымнан ешқашан тыс қалмайтынын айтады. Постпозитивизмнің кейбір өкілдері ғылым, философия мен миф араларындағы қандайда бір ерекшелікті көруден бас тартады.

Психоанализ ілімі — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.

1)Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.

2)Адамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.

3)Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.

4)Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.

5)Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.

6)Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).

Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.

Меннің үш құрамы

Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.

Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған ЛИБИДО (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.

Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.

Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.

Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.

Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.

Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

Экзистенциализм философиясы (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.

Экзистенциализм философиясында « шекаралық ахуал » деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол – өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, « өмірде болу » тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән – мағынасын ашуға тырысады.

Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол ұлы құрлық философиясы (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.

Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.

Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.

Структурализм (лат. structura — құрылым, байланыс, рет)– мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм – 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері – Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.

Құрылымдар адамның саналы және бейсаналы іс-әрекетінің нәтижесі, оларды зерттеуші ашуы керек, ал мәдени құбылыстардың ар жағында жатқан құрылымдар тіл, сөз болып кө-рініс береді. Структурализм “адам өлімінің тұжырымдамасы” деген атқа ие болды, өйткені ол адам жайлы, оның бостандығы туралы гуманистік көзқарастарды жоққа шығарды. Структурализм өкілдері бостандық – тек фикция, әрбір әлеуметтік және мәдени нәтиже жалпы құрылымдардан туған: тілден, ми құрылымынан, яғни негізін тірі және өлі табиғаттан табуға болатын құрылымдардан пайда болады деп білді.

Структурализм– XX-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.

Структурализм бағытының өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын.

К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды, некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.

Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге (текст) түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

Ганс Георг Гадамер (Hans-Georg Gadamer, 1900-2002) — неміс философы, Қазіргі заман батыс философиясында айырықша ықпалға ие ойшылдардың бірі, Мартин Хайдеггердің шәкірті, герменевтик.[1] Ол экзистенциализмге және Вильгельм Дильтей шығармашылығына сүйене отырып, кез келген белгісіз іс біздің сенімдерімізді қайта қарау болып табылады деп пайымдайды. Гадамердің ең басты шығармасы «Ақиқат және әдіс» (1960, Truth and Method, Wahrheit und Methode) болып, ол ХХ ғасырда көп зерттелген, философия мен мәдениеттің түрлі салаларына айырықша ықпал еткен кітаптардың бірі. Оның философиясының рухы мен өмір тәжірибесі мынадай бір мәселені айғақтайды: сұхбат және түсіну осыболмыстың мүмкін болған болмыс тәсілі.

Герменевтика (гр. germenututios) - мәтін мағынасын болмыстық қабатта түсіндіру сынағы, әлемді тіл арқылы игеру. Бұл ілімнің мақсаты- мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады. Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны Аристотель еңбегінің (об истолковании - түсіндірме туралы) атауынан-ақ көреміз. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған реформация кезеңінде (XVI) герменевтиканың рөлі арта түсті.

Герменевтиканың қазіргі замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф.Шлегель, Ф.Шлейермахер, бұл ілімді ары қарай дамытқан және зор әсер еткен ойшылар: Вильгельм Дильтей, Г.Зиммель, М. Шеллер, Г.Гадамер, М. Ландман.

XXғ. мен XXI ғ. басындағы әлемдегі саяси -әлеуметтік шындық, экономикадағы күрделі өзгерістерге бағынышты болды. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. Философияда ескі мәселелермен айналысумен қатар заманның талабына сай олрға жаңаша қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды. XIX аяғы мен XX ғасырдың басында көптеген философиялық бағыттарда "Нео" деген қосымша сөз жалғанады, ол ілімдерінің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес екенін, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді, классикалық философия үлгісінен айырмашылығына көңіл аударады.

Гадамер герменевтикасында "тіл дегеніміз түсінілетін болмыс" мағынасы айқындалды. Кез келген тануда алдын-ала "алғытүсінік" (Vor-verständnis) болу керек, соның арқасында әрі қарай бірдеңені тануға болады. Ал "алғытүсінік" болмаса, онда таным мүлде жоғалады. Бұл дәстүрдің, түсініктің қозғаушысы тіл болады, себебі оның ішінде жанама куәліктер, алғытүсініктер жатыр. Онсыз таным мүмкін емес. Тану тіл арқылы, оның ішіндегі алғытүсініктер арқылы болады. Субьект сырттағы жағдаймен тікелей араласпай, жанама куәліктерді пайдаланып, тілдің өзіндегі дұрыс таным жолына шығады. Түбінде бұл бағыт Декарттың метафизикасына қарсы шығып, субьектінің орнына тілдің өзін қояды.

Дәріс

Азақ философиясы

9.1 Анарыс баба ілімі

9.2 Орта ғасыр қазақ даласының ойшылдары

9.3 XVII- XVIII ғасырдағы қазақ философиясы

9.4 XIX ғ. II- жартысы ағартушылық қазақ философиясы

Анахарсис (Анарыс)

Анарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις «жарақаттанбайтын» ana(жоқ)+hvar (жара)»; б.з.б. 605—545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Прибыл во времена Солона в Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,

Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік болған.

Өмірдерек

Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.

Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты. Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.

Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.

Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты.

Соңғы демі үзілерде ол:

«Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныштың құрбаны болдым», — депті.

Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.

Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.

Анахарсистан қалған сөздер

• «Ашулы адам көмір секілді: не өртеп жібереді, не күйесін жағады»

• «Өлгендер көп пе, тірілер көп пе деген сұраққа: "Кемедегілерді қайсыған жатқызамыз" деп жауап берген екен. «

• «Адамның бойындағы әрі жақсы, әрі жаман нәрсе не деп сұрағанда: "Тіл" деп жауап берген».

Ортағасырлық философиялық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки және т.б. ғалымдыр қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Ожа Ахмет Яссауи.

(1094-1167 ж.ж)

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.

Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.

Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.

Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.

Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.

Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.

Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:

Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,

Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,

Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.

Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:

Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,

Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.

Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,

Кекірейген кердендерден қаштым міне.

«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.

Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.

Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.

Ахмет Жүгінеки

(ХІІ ғ.)

Еліміздің сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.

Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.

Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.

Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық және дөрекілік сияқты жағымсыз сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.

Оның бүгінгі таңда да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».

Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».

Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.

Наши рекомендации