Тақырып. 18ғ.европаның ағартушылық философиясы

VIII ғасырдағы Францияның әлеуметтік-тарихи дамуы ешқандай ымырашылдыққа жол қалдырмаған алпауыттар мен буржуазияның шиеленіскен күрес жағдайында өтіп жатты. Франциядағы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан дайындау ісінде жалпы ағартушылық қозғалыстың маңызы ерекше болды. Олар алпауыттар билігіне, шіркеудің үстемдігіне қарсы табанды күрес жүргізді.

тақырып. 18ғ.европаның ағартушылық философиясы - student2.ru

тақырып. 18ғ.европаның ағартушылық философиясы - student2.ru

Француз ағартушылық қозғалысының көсемдерінің бірі Вальтер (1694-1778) буржуазиялық революцияның алғашқы жаршыларының қатарынан саналады. Вальтер — оның лақап аты. Ал шын және толық аты Франсуа Мари Аруэ. Ол Парижде туып - өскен. Жас шағыңда діни мектепте оқыған. Бірақ та схоластикалық ілімнің қасаңдығы әрі іш пыстырар шұбалаңқылығы оны ерте бастан-ақ жеріткен еді. Ол ақсүйек тұқымынан шыққан ерікті жастар ұйымына белсенді мүше болды. Бұл мүшелікке кіндік атасы Аббат де Шатонефтің арқасында қолы жеткен-ді. Өзінің шығармашылық қызметін Вольтер әдеби саладан бастаған еді. Өткір әжуа өлеңдері үшін ол қуғынға ұшырады, кейін Франциядан мүлдем аластатылды. Алғашқы кезде ол Англияда болып, Локктың, Ньютонның ілімдерімен танысты. Ағылшындардың мемлекеттік құрылымы оған өте-мөте ұнағандықтан осы тақырыпқа көптеген шығармалар жазды. Оның Англияда жүріп жазған шығармаларын, әсіресе философиялық хаттарын өртеу жөнінде Францияда үкім шығарылды. 1734 жылдан 1749 жылға дейін ол Францияда ғұмыр кешті. Өмірінің осы кезеңінде ол философиялық трагедиялық шығармаларын жазды. Олар лақап атпен жарыққа шықса да, Вольтер қуғын-сүргіннен құтыла алмады. Ақыры Фридрих ІІ - не шақыруымен Пруссиядан бір-ақ шыққан-ды. Кейіннен ол Швейцарияда тұрды.

Бұл кезде ол шіркеуге, алпауыттың қоғамға қарсы бағытталған шығармаларын жазды. 1778 жылдардың басында Вольтер Парижге қайта оралды. Буржуазиялық революцияның қарсаңында үшінші тап өкілдері оны құшақ жая қарсы алды. Өкінішке орай, сол жылы мамырдың 30-жүлдызында Вольтер дүние салды.

Вольтер - буржуазиялық революция қарсаңындағы алдыңғы қатарлы төңкерісшіл таптың өкілі. Ол - басыбайлыққа, пұшаймандыққа, алпауыттардың үрметіне, сот ұлықтарының парақорлығына қарсы жігерлі әрі ымырасыз күрес жүргізген адам. Алпауыттар үстемдігі - құдайдың ісі деп уағыздайтын шіркеуге қарсы Вольтер уыты әжуамен: "Мен оған сенер едім, егер де шаруа баласы шешесінен мойнындағы қамытымен бірге туғанын, алпауыттың баласы аяғындағы етіктің қоңырауымен (шпор) бірге туғанын көрсем - деген екен. Алпауыттардың, дін бастарының, тақаулардың дүниеқоңыз, зинақор, екіжүзді екендігін әшкерелеп, мемлекеттен оларға да халықпен бірдей салық салуды талап етеді. уссо 1712 жылы Женевада сағат жөндеуші ұстаның семьясында дүниеге келеді. Тұрмыстың ауыртпалығына шыдай алмаған 16 жасар жасөспірім Женевадан қашып кетеді. Тұрмыс қарекетімен біраз жыл ел аралап, музыкадан дәріс беруге мәжбүр болды, тіпті малайшылыққа да жалданған кездері болды. Осы кезеңдерде – ақ ол Декарттың, Лейбництің, Локктың және Вольтердің еңбектерімен мұқият таныса бастаған еді. Бірақ ол тек кітаптар оқумен ғана шектеліп қойған жоқ. Өзінің ел кезіп жүрген кездерінде халық бұқарасының ауыр тұрмысын тани жүрді. Руссоның үстем таптарға деген жеккөрініш сезімі осы кезден бастап қалыптасқан еді. Кейіннен Руссо Лион қаласына ауысып, аз уақыттан соң Парижден бір-ақ шығады. Ол ұлы француз материализмінің көрнекті өкілдері Дидромен, Гольбахпен танысады. Дидро оны "Энциклопедия" редакциясына кызметке алады. Осы кезеңде Руссоның шығармашылық қабілеті айқын көрінді. Ол өзінің негізгі еңбектері "Теңсіздіктің себептері туралы" (1754), "Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқтың қағидаларын" (1762) жазды. Оның "Эмиль немесе тәрбие туралы" деген еңбегі ресми үкім бойынша отқа өзгерді. Руссо бұдан кейін қуғын-сүргінге ұшырайды. Ол Швейцариядан, Германиядан да тұрақты қауіпсіз пана таба алмай, Юмның шақыруымен Англияға кетуге мәжбүр болады. Бірақ та онда жүйке ауруына шалдығып, өзінің соңғы елеулі еңбегі "Уағызды" аяқтау үшін Францияға қайтып келген-ді. Ол Вольтср өлген 1778 жылы қайтыс болады. 1791 жылы Янобиншілдер оны арулап Пантеонға Вольтермен қатар жерлейді. Алайда, ұлы ойшылдар өздерінің өлімінен кейін де үстем таптарға жеккөрінішті болғандығы сондай, 1814 Реставрация (қайтадан қалпына келтіру) жылы олардың мүрделерін алпауыттардың жандайшаптары жатқан жерінен қазып алып, белгісіз бір шұңқырға лақтырып жіберген-ді.

Руссоны толғандырған негізгі мәселе - теңсіздік және одан құтылудың жолдарын іздестіру мәселесі. Теңсіздіктің шығу себебі - байлық. Байлық - керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқтықтың көзі. Ал олар адамгершіліктің, мінез - құлықтың азғындауына әкеліп соғады, - дейді Руссо. Оның бұл пікірі Абайдың "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын, таласып босқа, жау болып досқа, қор болып құрып барасың", - деген ойымен тамаша үндесіп жатыр.

Руссо көне тәрбие ісіне, алпауыттар орнықтырған адамдардың тек сыртын жылтыратып, іштей мерездікке баулитын тәрбие ісіне қарсы шыққан еді. Ол азаматтыққа, гуманизмге баулитын тәрбие ісін көксеген еді. Ал енді теңсіздіктің шығу төркінін Руссоның қалай түсіндіретініне оралайық. Өзінің "Теңсіздіктің шығу себебі туралы" деген кітабында Руссо теңсіздіктің мәңгі әлеуметтік құбылыс еместігін, оның бір кездерде, алғашқы қауымдық құрылыста болмағандығын және де келешекте жойылу мүмкіндігін баса көрсеткен. Энгельс метафизикалық материализм шеңберінде диалектикалық ойлар тұжырымдалған екі шығарманы ерекше атап өткен болатын. Оның бірі - Дидроның "Ромео жиені", екіншісі - Руссоның "Теңсіздіктің шығу себептері туралы" еңбек. Теңсіздіктің пайда болуы жекеменшікпен байланысты. Алғашқы қауымдық адамдар жекеменшікті білмегендіктен адамгершілік тұрғысынан алғанда таза болды, олардың сезімдері де пәк еді, бірақ олар табиғат күштерінің алдында әлсіз болды. Жекеменшікке ұрынған, негізделген әлеуметтік теңсіздіктен басқа Руссо "табиғи" теңсіздікті де қарастырған. Мысалы, жас айырмашылықтарына, денсаулықтарына байланысты теңсіздік. Бұл теңсіздік еш уақытта жойылмайды. Ал әлеуметтік теңсіздіктен шығудың бірден-бір жолы - ерікті тайталас (конкуренция). Әрине, Руссоның көксеп отырғаны буржуазиялық демократиялық қоғамның ерікті тайталасқа негізделген өмір сүру тәсілі.

Руссоның мемлекетке көзқарасы да диалектикалық ауқымнан ауытқыған емес. Өндіріс құралдарының жетілуі жекеменшіктің шығу себебі болса, мемлекеттің шығу себебі - жекеменшік. Алайда, Руссо мемлекеттің мәнін идеалистік тұрғыдан түсінеді. Мемлекет - адамдардың өзара келісімі бойынша құрылған мекеме. Ол бейбітшілік пен әділеттілікті ту қылып ұстауы тиіс. Демек, Руссо мемлекеттің объективтік тарихи процестің жемісі екендігін пайымдай алған жоқ. Бірақ оның қоғамдық келісім туралы пікірлері келешек демократиялық қағидалардың негізі болды деп сеніммен айта аламыз.

XVIII ғасырдағы алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінде қоғамдық дамудың заңдылықтарын зерттеуге көп көңіл бөліне бастады. Бұл орайда Вольтер мен Руссоның көзқарастары ой түрткі рөлін атқарды. Алдыңғы қатарлы ойшылдар қоғамдық дамудың қозғаушы күштері туралы, болашақ реформалардың сипаты, қоғамды қайта құрудың тиімді жолдары туралы зерттеулерімен тікелей айналыса бастады. Сондай саяси ойшылдардың бірі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) Франциядағы саяси-әлеуметтік ғылымның дамуына үлкен алып,пал жасады. Оның негізгі еңбегі "Заңдар рухы" деп аталған. Граф де Монтескье оны жиырма жыл бойы жазған екен. Бұл еңбекте оның тарихи және социологиялық ілімі кеңінен таразыланған. Атап айтқанда, ол Еуропадағы қоғамдық және саяси мекемелердің даму тарихын зерттей отырып, болашақ реформалар жоспарын жасаған. Және оның кейбір ойлары Францияның Шеңберінен шығандап кеткендіктен, яғни алдыңғы қатарлы Еуропаның көптеген елдері үшін маңызы зор болғандықтан Монтескье оз заманында өте белгілі, атақты адамдардың бірі болған-ды.

Монтескье заңдарды табиғи және қоғамдық заңдар деп екіге бөледі. Табиғи заңдылықтар мәңгі өзгермейді, ал қоғамдық заңдар үздіксіз жетілдіріліп отыруы тиіс. Бұл орайда елдің мемлекеттік басқару түрі, қамтыған жері, діні, тұрмысы мен мінез-құлық ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Заңдардың осы аталмыш жағдайларға қатынасын Монтескье "заңдар рухы" деп атаған.

Өмірде кездесетін мемлекеттік басқарудың түрлерін Монтескье негізінен үшке - республикаға, монархияға жөне деспотияға шоғырландырады. Біріншісі, егер үкімет билігі халықта болса демократия деп аталады, егер халықтың бір бөлігіне ғана тиісті болса онда ол аристократия деп аталады. Монархия кезінде өкімет билігі бір адамның қолында болады, мемлекеттік басқару ісі монарх бекіткен заңдар негізінде жүзеге асырылып отырады. Ал деспот болатын болса, онда ешқандай заңсыз - ақ басқару ісі билеушінің толық құзырында болады. Басқарудың белгілі бір түрлерінің қалыптасу себептерің Монтескье ең алдымен елдердің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен байланыстырады. Ол солтүстік және оңтүстік халықтарын бір-біріне қарсы қояды. Ол алшақтық - ауа райының екі түрлі сипатында. Мысалы, солтүстік халықтары әрекетшіл, жаужүрек, шыдамды, еркіндік сүйгіш және ер мінезді болып келеді. Ал оңтүстік халықтары, керісінше, жалқау, еріншек, қорқақ, биязы, бағынуға дайын әрі бұзық мінезді болып келеді, - дейді Монтескье. Жерінің ыстық болуына байланысты адамдары марғау, керенау, ойлары шабан, іске жалқау болатындықтан, оларды құлдыққа шыбыртқы астында көндірген европалықтардың қаскөйлік әрекетін ақтағандай болады.

Монтескье мемлекеттік басқару ісінде халықтың жайлаған территориясын ескере отыру керек, - дейді. Мысалы, үлкен державалар үшін деспот, орта елдер үшін монархия, ал шағын елдер үшін демократия қолайлы дейді. Монтескье өкіметтің заң шығару, орындау және сот биліктеріне дербес бөлінуін жақтайды. Өзінің әлеуметтік-саяси ілімдерінің аңғырт әрі саяздығына қарамастан Монтескьеде алпауыттар билігінің мәңгі еместігін дәлелдеген алғашқы талпыныс болды. Ол Вольтер мен Руссоның кейбір пікірлерін жоққа да шығарды. Мысалы, ол Вольтер сияқты дінді қарапайым адасу деп түсінбейді, керісінше, оның белгілі бір пайдалы маңызын, ұйымдастырушылық рөлін дәріптейді. Бірақ та ол діни заңдарды азаматтық заңдардан бөліп алуды жақтайды, демек, ол шіркеуді мемлекеттен бөлуді жақтайды деген сөз. Бұл тұжырымның тарихи маңызы ерекше. Жалпы алғанда, Монтескьенің тарихи - социологиялық дүниетанымы идеалистік сипатта боды, ол қоғамдық дамудың шынайы қозғаушы күштерінің не екенін білмеді. Алайда, өз табының өкілі, өз дәуірінің перзенті ретінде буржуазиялық мақсат-мүдделерді ғылыми негізде сарапқа салып, олардың баяндылығын дәлелдеуге тырысқан еді. Оның тарихи-мәдени дамудағы алатын орны да осы әрекетіне байланысты. Маркс өзінің "Қасиетті әулет немесе сыншыл сынға сын" деген еңбегінде "XVIII ғасырдағы француз ағартушылығы мен француз материализмі сол кездегі саяси мекемелерге қарсы күрес қана емес, сонымен қатар XVII Француз ғасырдың метафизикасына да, атап айтқанда, материализмінің Декарттың, Мальбранштың, Спинозаның және екі бағыты Лейбництің метафизикасына қарсы соншалықты ашық күреседі", - деген еді. XVIII ғ. Францияда буржуазиялық саяси революцияның алғышарты философиялық революция болып табылады, - деген-ді Ф. Энгельс. XVIII ғасырдағы Франциялық қоғамдық дамуына дворяндар мен буржуазияның арасында жүріп жатқан бітіспес, ымырасыз күрес тән болды. Атақты француз "Энциклопедиясын" шығару барысында Гольбах пен Гельвецийдің қонақжайларында XVIII ғасырдың буржуазиялық, төңкерісшіл материалистік дүниетанымның негіздері қалыптасты. Бұл жөнінде Энгельс былай деген еді: "Сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек: ол өз заманындағы жаратылыстану ~ ғылыми білімдердің тайыздығына қарамастан түзу жолдан адасқан жоқ, Спинозадан бастап ұлы француз материалисттеріне дейін, ол дүниенің менің соның өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп орнығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды".

XVIII ғасырда жаратылыстану ғылымы аяғынан нық тұрған еді. Әсіресе астрономия, математика, механика салаларындағы қол жеткен табыс айтарлықтай болды. Әсіресе Ньютон ілімінде тұжырымдалған механикалық қағидалар барлық нақтылы ғылымдарға үстем болды да, олар механикалық материализмнің ықпалынан шыға алмады. XVIII ғасырдың материалистік философиясы жаратылыстану ғылымдарымен біте қайнасып дамыды. Алайда, жаратылыстану ғылымдарына тән болған механикалық қағидалар XVIII ғасырдағы француз материализмінің метафизикалық сипатта қалып қоюына ықпал етті.

Наши рекомендации