Негізгі және қосымша әдебиет тізімі. Жалпыміндетті модуль

СИЛЛАБУС

Жалпыміндетті модуль

Fil1102 Философия пәні бойынша

5В090200 Туризм мамандығының студенттеріне арналған

Астана

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі. Жалпыміндетті модуль - student2.ru Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Күні: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
Силлабус ЕҰУ С 5 беттен 2 бет

1.Адаева Гүлнар Аманбекқызы,филос. ғыл. канд., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті;

Байланыс телефоны:37-05-88(жұм.); [email protected]

Ғылыми қызығушылығы: Ғылым философиясы, қазақ философиясы, гендер философиясы

Ғылыми мектебі:ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты;

2.Философия . Код: Fil1102 Кредит саны-3.

3.Өткізілу орны мен уақыты:2 семестр; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.

4.Оқу пәнінің пререквизиттері –әлем мәдениетінің тарихы, Қазақстан тарихы, әлем тарихы (орта білім көлемінде),мәдениеттану. Постреквизит:әлеуметтану, саясаттану, ғылым тарихы және философиясы

5. Оқу пәнінің сипаттамасы 5.1 Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Адамзат мәдениеті мен рухани өмірінің өркениеттік дамуының бөлігі ретінде әлемдік философиялық ойдың даму тарихының негізгі кезеңдерін; философияның қазіргі тенденциялары мен оның ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.

5.2. Пәннің мақсаты: Жоғары білім беру жүйесінде философия курсы білімді гуманизациялау және гуманитаризациялауға бағытталған, сонымен бірге студенттерге өзінің өмірлік көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, осының нәтижесінде оның қоғамдық кәсіби қызметтерінің сәтті болуына көмек көрсету.

5.3.Пәннің міндеттері:

  • студенттің дүниеге теориялық көзқарасын қалыптастыру;
  • логикалық, жүйелі және сыншыл ойлау қабілеттерін дамыту ;
  • гуманитарлық ой-өрісін кеңейту;
  • ойлау мәдениетін концептуализациялайтын фундаменталдық философиялық заңдылықтар мен категорияларды игеру;

5.4. Пәннің мазмұны: Бұл курс философия тарихының үдерісін толық жүйе түрінде көрсетіп, оның ішіндегі әртүрлі философиялық бағыттарға назар аударып, сонымен бірге философияның теориялық мәселелерін зерттеу;5.5. Пәнді оқыту жоспары

Апта Тақырып атауы Оқуды ұйымдастыру түрі мен сағат саны СӨЖ тапсырмалары
Философия мәдениет феномені ретінде Дүниетаным ұғымы, тарихи типтері.Философия, мәселелер шеңбері. Философиялық білімнің құрылымы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ +6 с. СӨЖ Философия және мифология. Философия және дін(таңдау бойынша реферат жазу).
Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді философиясы. Ежелгі Қытай философиясы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ +6 с. СӨЖ Шығыс дүниетанымындағы адам (таңдау бойынша реферат жазу)
Антика философиясы. Натурфилософиялық кезең. Классикалық кезең.Эллиндік-римдік кезең. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6с. СӨЖ Философия генезисіне грек мифологиясының әсері(баяндама).Грек және рим мифологиясындағы құдайлар пантеоны (таблица жасау)
Ортағасырлар философиясы. Ортағасырлық христиан философиясы. Ортағасырлық мұсылман философиясы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ «Құран» және дүниенің исламдық моделі.«Ғылым және дін: келісім бе, қарсы тұру ма?» (пікірталас)
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Коперникандық төңкеріс. Әлеуметтік утопия. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Реформация философиясыАғартушылық философиясы. «Табиғат адам үшін ғибадатхана ма, әлде шеберхана ма?» (пікірталас)
Неміс классикалық философиясы. Канттың таным теориясы мен этикасы. Фихте, Шеллинг ілімдері.Гегельдің диалектикасы. Фейербахтың антропологиялық материализмі. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 3с. СОӨЖ+3 с. СӨЖ Неміс ағартушылығы. «Мен философияны қалай түсінемін?» тақырыбына эссе жазу
Марксизм философиясы. Диалектикалық материализмнің қалыптасуы. Тарихты материалистік түсіну. ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясы.Славянофильдер мен батысшылдар. Орыс діни философиясы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Кеңестік мәдениет контексіндегі маркстік философия. К.Маркс. «Капитал»(мәтінмен жұмыс)
Қазақ философиялық ой-толғауларының ерекшеліктері. Қазақ дәстүрлі дүниетанымы. Ортағасырлық түркі жазба ескеркіштеріндегі философиялық ізденістер. Ақын-жыраулық философиясы. Қазақ ағартушылығы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Қазақ философиясы мен мәдениеті бойынша зерттеулердің қалыптасуы(таңдау бойынша реферат жазу)
9,10 Қазіргі бейклассикалық батыс философиясы «Өмір» философиясы, психоанализ, неофрейдизм, экзизтенциализм, герменевтика О.Конт ілімі, эмпириокритицизм, неопозитивизм, постпозитивизм Феноменология, структурализм, неокантиандық, неотомизм, прагматизм, постмодернизм 4 с.- дәріс+2 с. семинар+ 12с.СӨЖ Жаңа философия мен Европа мәдениетінің дағдарысы. «Сұлулық дүниені құтқара ма?» (пікірталас)
Онтология: заңдары мен қағидаттары Болмыс және бейболмыс. Болмыс түрлері. Материя, уақыт, кеңістік,қозғалыс түсініктерінің қалыптасуы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Синергетика қазіргі даму теориясы ретінде. (таңдау бойынша реферат жазу)
Таным теориясы.-2с Таным деңгейлері. Ақиқат. Ғылыми таным ерекшеліктері.Философиялық әдістер. Диалектика теориясы. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 3с. СОӨЖ+3 с. СӨЖ Шаруашылық философиясының мәселелері. (таңдау бойынша реферат жазу)
Философиялық антропология мәселелері.-2с Адам табиғаты. Тұлға, өзіндік сана. Антропогенез мәселесі. Гендер. Ноосфера. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Адам болмысы-бейболмысы. Өлім феномені. «Суицид-ерлік пе, ақымақтық па?» (пікірталас)
Әлеуметтік философия..-2с Қоғам феномені. Қоғамдық болмыс және қоғамдық сана. Қоғам түрлері: ашық, жабық, бұхаралық,индустриалдық,постиндустрилдық,ақпараттық. Географиялық детерминизм. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Қазақстан қоғамы тарихи дилемма алдында. Қоғам және табиғат (таңдау бойынша реферат жазу)
Мәдениет философиясы -2с Мәдениет ұғымы. Мәдениет салалары.Мәдениет типологиясы мәселесі. Мәдениет және өркениет. 2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ Жаһандану жағдайындағы мәдениет (таңдау бойынша реферат жазу)

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

6.1. Негізгі әдебиет

1.Ғабитов Т. Философия. А.,2004.

2.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. А., 2006.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2004.

4.Мырзалы С. Философия. А., 2008

5.Сабитов С. Батыс Еуропа философиясының антологиясы. А., 2001. 6.Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. А;2006

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі. Жалпыміндетті модуль - student2.ru Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Күні: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
Силлабус ЕҰУ С 5 беттен 5 бет

6.2. Қосымша әдебиет

1.Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері.Философия тарихына шолу.А.,1999.

2. Мифология:құрылымы мен рәміздері. Құраст.:Наурызбаева З., Нұрпейісова Ш. А.,2005.

3.”Әлемдік философиялық мұра” 20 томдық.А.,2006-2007.

4. История русской философии. М. Высшая школа, 1991.

5.Қазақ даласының ойшылдары.1-4 кітап.А.,1995-2004.

Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының сапасын бақылау, 2 рет тест түрінде аралық бақылау, соңында тест түрінде компьютер арқылы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдық бақылау-20%

СӨЖ тапсырмаларын бақылау -20%

Аралық бақылау (2 рет тестілеу түрінде)-20%;

Ағымдық және аралық бақылау- 60%

Қорытынды бақылау -40 %

Наши рекомендации