Ағартушылық дәуір философиясы мен идеясы

Ағартушылық философия европаның классикалық философиясының дамуының жаңа кезеңі болып табылады.

Ағартушылық идеяларының отаны Англия болды. XVII ғасырдың аяғында прогрессивті ағылшын буржуазиясының нығаюы мен ғылыми білімнің даму үрдістері ағартушылық идеяларының кеңінен қанат жаюына негіз болды. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тығыз байланыста болған ағылшын ағартушылары адамның еркіндігі мен ақыл ойының күшіне сенім артты.

Осы сарындағы философиялық идеялар Францияға тез жетіп, жан – жақты дамыған концепциялар пайда болды. Ағартушы – философтар қоғам мен адамның ғылым мен прогреске сүйене отырып жетілуін көкседі. Білімді кең көлемде таратып, адамдарды тәрбиелеу қажеттілігіне көңіл аударды. Адам табиғатынан ізгілікті, оның кемшіліктері қоғамның қайшылықтарынан туындайды. Сондықтан оны әрдайым тәрбиелеп, бағыттап отыру қажет.

Ағартушылық таза философиялық ілім емес, оның құрамында қалыптасып келе жатқан буржуазияның идеялық және саяси өзіндік санасының мұраттары да көрініс тапты.

Англияда, Францияда ағартушылық қайраткерлері ақыл – ойлы негізгі культке айналдырды. Феодалдық қоғамның қалдықтарын сынға алды, ғылыми – философиялық ойлаудың, көркемөнер шығармашылықтың адамдардың пікірі айту қабілетінің еркіндігін жақтады.

Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Жан Батист Д`Аламбер (1717-1783), Жюльен Ламетри (1709-1751), Клод Гельвеций (1715-1771), Поль Гольбах (1712-1789).

Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады.

Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты.

Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген.

Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше

көңіл аударған.

Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған.

Вольтердің замандасы және оған рухани жақын ойшыл Ш.Л.Монтескье (1689-1755). Деизмді жақтады. Тарихты адамдар жасайды деген қорытындыға келді. Қоғамның дамуына климат пен географиялық фактор әсер ететіндігін мойындады.

Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.

Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.

Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды.

Жеке меншік - теңсіздіктің бірінші себебі. Ал жеке меншіктің өзі адамдар қажеттілігінің қайшылығынан, бәсекелестік пен бақталастықтан туындайды. Қоғамның табиғи жағдайы бір – бірімен жауласқан топтар қатынасымен алмастырылады.

Меншіктік жіктелу – теңсіздіктің бірінші сатысы. Теңсіздіктің екінші сатысы – мемлекеттің қалыптасуы, билік иелері мен оған бағынушылар арасындағы теңсіздік.

Үшінші сатыдағы теңсіздік заңы үкіметтің деспотияға айналған уақытында пайда болады. Соңғы жағдайда, Руссоның пікірінше, барлық адамдар өзінің теңсіздігінде бірдей болады да, тиранға қарсы бас көтеруге құқық алады. 1789 жылғы Франциядағы революциялық қозғалыстың заңдылығын Руссо осындай ойлармен негіздейді.

Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды.

«Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады.

Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды.

Дени Дидро (1713-1784) ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясын жасауды ұсынды.

Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі18ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кантболды. Канттың өмірін сынға дейінгі кезең, сыннан кейінгі кезең деп екіге бөліп қарастырады. 1770 жылдардан кейін оның ”Практикалық ақылға сын”, “Таза ақылға сын” (1781ж.), “Пайымдау қабілетін сынау” атты еңбектері жарық көрді. И. Канттың өмірінің екінші кезеңінде гносеология жасалады. Субъекті және оның қызметі мәселесі Канттың таным теориясына қосқан үлесі болып табылады. Кант тәжірибені апостериорлық және априорлық деп екіге бөледі. Априори – тәжірибеден бұрын оған тәуелсіз алынған білім дегенді білдіреді. Априори әуелден-ақ санаға тән білім деп саналады. Апостериори тәжірибеден алынған білім деп саналады. Тәжірибені екіұшты пайымдау құбылыс пен мәнді қарама-қарсы қояды. Құбылыс сыртқы көрініс, мән іште, тереңде, көрінбейді. Мән мен құбылыты қарама-қарсы қою одан әрі жалғасып, мұның өзі міндетті түрде агностицизмге апарып соғады. Агностицизм - бұл танымды ішінара теріске шығаратын ілім. Кант агностицизм бағытын (өкілі) ұстанды.Кант дүниені “өзіндік зат” және”біздің зат” деп екіге бөледі. ”Өзііндік зат” - өздігінен, бііздің санамыздан тыс өмір сүретін мән. “Өзіндік заттың” мәнін танып білуге болмайды. ”Өзіндік заттардан” басқа құбылыстар дүниесі бар. Оны Кант табиғат дейді. Құбылыстар дүниесі адам санасынан тәуелсіз өздігінше өмір сүре алмайды. Құбылыстар дүнисінде заңдылық жоқ, - дейді Кант. Адам ғана таным барысында ретсіз дүниеде заңдылық жасап береді. Оған трансценденталды ақыл - парасат көмекке келеді. Трансценденталды деген сөз о дүниелік дегенді білдіреді, бұл - сана мен таным шегінен тыс нәрсені білдіретін термин. Осы тұста Канттың субъектіні активті феномен ретінде қарастырғанын байқаймыз. Кант “білім қалай түзіледі?” деген сұраққа жауап іздеді. Ол априоризм арқылы білімнің жекеліктен жалпылыққа өтуін шешпек болды. Біілімді негіздеу Канттың басты мақсаты еді. Кант білімнің калай түзілетінін ашып бере алмады.Себебі ол пайымдау және парасат арасын алшақтатып жіберді. Сондай-ақ априорлық формалардың өзі қайдан щығатынын да түсіндірмеді. Кант “өзіндік затты”, мәнді тануда творчестволық елестетуге орын береді. Мән жоғарғы ақыл арқылы танылады. Жоғарғы ақыл трансцендентті, ол эксперимент пен бақылаудан тәуелсіз жоғарғы білім мен сенімге негізделген. Өмірінің ақырына қарай Кант логика және педагогикамен айналысады.12 жалпы ұғымдар - категориялар түзді. Кант антиномиялар туралы пікір айтты. Антиномия - санадағы қарама-қарсылықтар. Өзінің таным қызметінде адам қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, өйткені ол сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты.

Алайда мораль заңдарын, императивті басшылыққа ала отырып адам ғибратқа ие болады. Кант “категориялық императив” ұғымының авторы: ”Адам мүддеге жетудің құралы емес, ол - мақсат болуы қажет”. Кант айтты “Адамның жолы болмауы моралдық сананың жетіспеушілігінен”.2. Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы.Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім - “болмыс”; 2-бөлімі - ”мән”; 3-ші бөлімі –“ұғым” деп аталады. Гегельдің айтуынша, логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Бұл еңбегінде Гегель диалектиканың үш жалпылық заңының негізгі категорияларын ашты. (Категория – бұл жалпы, универсальды, философиялық ұғым).Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары объективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді. Оның пікірінше табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ табиғат дамымайды, дамитын тек идея деген қате пікірде болды. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті, танымдағы практикалық тарихи қызмет. Ойдың өмір сүру шындығы - бұл тіл. “Материя—бұл ұғымның бір көрініісі”, - деп қарастырды Гегель

Классикалық неміс филос. Диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйеМаркстік философия. Диалектикалық материализмнің негізгі идеялары мен принциптері. Диалектиканың негізгі ұғымы – даму. Даму дегеніміз – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады.

Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.

Қайшылық – даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз – қарама – қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.

Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары.

Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стакан – ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат - сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория.

Марксизм – 1,5 ғасыр бойы адамзаттың тағдырларына әсер еткен философиялық, экономикалық және әлеуметтік саяси доктрина. Негізін қалаушылар–КарлМаркс,ФридрихЭнгельс. Маркс және Энгельс негізгі материалисттік диалектикадан құралған диалектикалық материализмді жасады. Энгельтің ойынша диалектикалық материализмнің пәні табиғаттың ең жалпы диалектикалық заңдарын, тарихты және тануды, соның ішінде және ең алдымен – ойлауды зерттеу болып табылады.
Материалисттік диалектика, диалектикалық – материалисттік дүниеге көзқарастың түйінін құрайды, зерттеу әдісін құрастырады. Диалектика – теория және әдіс. Дамудың жалпы теориясы, материалисттік диалектика басқа да кез келген ғылымдар сияқты, категориялар мен заңдардан, принциптер жүйесінен тұрады.
Объективтілік пен жалпылық принципі. Бұлш принцип философияның негізгі иәселелсін материалисттік тұрғыдан шешуіне, әлемнің материалдық бірлігіне және сананы, материя болмысының бейнеленуі ретінде түсінуіне байланысты.
Жан-жақтылық принципі. Метофизиканың ең негізгі жетіспеушілігі – заттар мен үдірісті қарастыруға бір жақтылық. Диалектика әрбір затты., құбылысты көптеген байланыстардың және қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Қажеттілік және мүмкіншілік тұрғысынан құбылысты бір сәтте қарастыратын сияқты, жан-жақтылық принципіне жеңіл желпі қарауға болмайды. Адамның білімдері әрқашан салыстырмалы, тұрақты дамитындығын естен шығармау керек.
Жан-жақтылық принцип салыстырмалы білімімізді абсолютқа, догмаға айналу әрекетінен сақтандырады.
Даму принципі. Бұл шын мәнінде, материалисттік диалектиканың негізгі принципі, өйткені оны даму туралы ғылым деп айтуға болады. Даму принципі диалектиканың басқа қалған принциптерін біріктіреді және синтезін жасайды.
Даму – бұл қозғалыс және өзгеріс, бірақ терминді анықтауда бұл сипаттамалар жеткіліксіз, оның себебі қозғалыстар және өзгерістер тек сандық жағынан көрініп сапалы өзгерістермен байланысты болмауы да мүмкін. Яғни, даму – бұл бағытталған қайталанбайтын жүйенің қайшылықтар арқылы туындаған сапалы өзгерістер. Соныдықтан философияда екі қарама-қайшы диалектика және метафизика әдістеінің бар болғандығынан және бар болатындығынан дамуды екі қарама-қарсы тұрғыда сипаттай беруге болады. Бірақ, айта келетін жай, даму дегеннің өзі жалпылама даму емес. Ол әрқашан да материалдық немесе идеялық нақтылы жүйелермен байланысты. Әлемнің әртүрлілігі, дамудың әртүрлілігінде бейнеленеді, олар түзу сызықты және ирек тектес, жылдамдатылған және баяулатылған және т.б. түрлерде болады. Үдірістің біркелкі «таза» күйді өту тек қана абстрактілі жағдайда болады.
Маркс және Энгельс философия трихында ең алғаш рет диалектикалық-материалисттік таным теориясын жасап шығарды. Энгельстің пікірі бойынша, егер сананы, ойлауды, таза натуралисттік, болмыс пен табиғатқа қарсы алдын-ала берілген жәй қарапайым тұрғыда қарастырсақ онда таңқаларлықтай түсініксіз тепе-теңдікті, таным мен болмыстың заңдылықтарының сәйкестігін көрген болар едік, дейді. Ал енді ойлау және сана дегеніміз не, олар қайдан алынады деп сауал қойсақ онда біз, ол – адам миының жемісі және адамның өзі – белгілі бір дамыған ортаның нәтижесі екендігін көреміз. Әрине осыған байланысты табиғат өнімдері, табиғаттың басқа байланыстарына қарама-қарсы болмайтындығы өзінен-өзі.түсінікті.Субъективті диалектика, өзіне тән түрлер арқылы объективті әлемнің диалектикасын бейнелейді. Бейнелеу механикалы емес, айна бейнесі тәрізді емес, ол танымның субъектісімен және танылушы объектінің өзара белсенді әрекеттестігі. ОРлар, шындықты танудың, диалектикалық қайшылықты үрдіс екендігіне сенеді.
Таным процесі диалектикалы, ақиқат – қатып қалған ақырғы қорытынды емес, ол толыссыз белгілі бір салыстырмалы ақиқаттан басқа салыстырмалы ақиқатқа, бірақ абсолютті ақиқаттың едәуір бөлшегін қамтитын ақиқатқа өтетін үдеріс.
Таным теориясының түбегейлі сұрағы ақиқаттың межесін негіздеу болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін марксизмнің негізін салушылар, қоғамдық тарихи практиканың концепциясын жасады. Олардың түсінуінше практика – қоғамдық адамның материалдық, сезімді азаттық, мақсаттылық қызметі. Оның мазмұны табиғи және әлеуметтік объектілерді өзгерту және игеру болып табылады. Практиканың негізгі түрлеріне материалдық игіліктердің өндірісін және еңбек құрал-саймандарын, әлеуметтік қарекетті жатқызады.
Марксшілдер практика құрылымынан адамның мақсаты және қарекеттерінің себептері туындайтын қажеттілікті ерекше бөліп қарайды. Өзінділік нақтылығымен практика, олардың пікірінше, ақиқаттың ең жоғарғы межесі болып табылады.
Адам табиғатқа әсер етеді және оны өзгерте отырып, өмір сүрудің жаңа жағдайын жасайды. Практикалық өзгерістердің барысында әр алуан қажеттіліктер туындайды. Соның ішінде техникалық, ал «олар ғылымдағы ондаған университеттерден көбірек алға жылжытады». Сайып келгенде, практика ақиқаттың межесі ғана емес, сонымен қатар оның қозғаушы күші және танымының мақсаты болып табылады.

Фейрбахтың философиялық іліміндегі нтропологиялық материализм мен гуманизм Л.Фейербах (1804-1872) - Фейербах (1804 – 1872ж). Фейербах 1823ж Гегельдер университетіне түсіп оқуын Берлин университетінде түсіп оқуын Берлин университетінде жалғастырды осы кезде ол Гегельдің лекцияларын таңдаған 1830ж Лаққап атпен “Өлім және мәңгілік” туралы ойларын жариялаған, мұнда ол Гегельдік философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығару Фейербахтың ойынша адамның мәні оның денелік жандық біртұтастығында тек теорияда ғана рухпен денінің бөлек қарастыруға болады. Ал шын мәнінде олар ажырамас бірлікте болады әрі рух ойлау денеге тәуелді қасиеттер сөйтіп Фейербах философияның негізгі мәселесін материалисік тұрғыдан шешеді. Табиғат пен адам міне жаңа философияны зерттейтін пәні дейді Фейербах.Людвиг Фейербах – класикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ философиясының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – срның тек көшірмесі, ал психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмдіқуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейер бах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әцелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады.

Бұқар жырау, шалкиіз, дулати және асан қайғының философиялық шығармалары мен көзқарастарыАқын-жыраулар философиясы: Жырау табиғаты, жыр, толғау; мемлекетшілдік сана, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі..Казак акын жырауларының дүниетанымы,фил.лык даналык ойлары тол философиямыздың калыптасуына рухани негіз болды. Олардың шыгармаларынан дәстүрлі философиялык тарихи сабактастык принциптерң айкын байкалады. Әсіресе ,казак поэзиясындагы философиялык багыттын негізін салушылардын бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлы шыгармашылыгы,философиялык ой кешу,жыр,толгау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынган тарихи әнгімеге караганда,ол БКО,Ногайлынын ұлы биі Мүсанын кызынан туыпты. Онын шығармасынын негізгі ерекшелігі ондагы фил.лык толғаныстын молдығы. Шалкиіздің фил.лык ойлары ұзак толғанып,өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жыраудың шалкар даналыктың,терең акыл иесі болғандығын көрсетеді. Белгілі ғалым әрі жазушы М.Мағауин оны новатор акын,казак поэзиясындағы фил.лык бағыт негізін салушы,киыннан келістіру,нактылык,ыкшамдылыкты онын поэзиясының ерекшелігі дейді. Казак акын жырауларының шыгармалары,негізінен,көшпелілер болмысы,ата коныс,адам,коғам,сол кездегі әлеуметтік жағдайларға,батырлык,көркемдік,адамгершілік өмір мәселесіне байланысты боп келеді. Шалкиіз дүниеде тұрақты,мәңгілік ештене жоқ,осы аз ғұмырды дүниедегі бар кызыкты тегіс көріп думандатып өткізу керек дейді. Жырау адамның бар кызығы мен қуанышы о дүниеде емес,мына өмірде деген. Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі Ақтамберді жырау. Шығармалары нақыл сөздерге,афоризмдік толғауларға толы,қазақ халқының тыныс тіршілігі,болмысы,ерекшелігі,сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан байқалады. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін ,ру,ата намысы емес,иісі қазақтың намысые қуады,елді бірлікке,ерлікке шақырады. Оның жырларында көшпелі қазақтың ой арманы,мақсыт мүддесі,олардың бар болмысы,ерекшелігі,дүниете өзіндік көзқарасы айқындалады. Бұқар жыраудың өмірін зерттеуші Мәшһүр Жүсіп оның сауып ішер малының,мінеп түсер малының болмағанын айтады. Бұқар мұрасынан бізге жеткені 1100 жол шамасында. Оның шығамаларында өзі өмір сүрген заман келбеті,тарихи оқиғалар бар күшімен көрсетілген,ол көрші елдермен,соның ішінде орыс халқымен достық қарым қатынастың қажеттігін айтады. Дүниеде мәңгі ешнәрсенің жоқ екендігін атап көрсетеді. Отаршылдық саясаттың күшеюі халықты ұлттық рухани мәдениетінен айырып,діннен ,бездіру қаупіде туды. Осынау ел басына күт туған сәтте елдің,жердің қамын ойлап дулат,Шортанбай,Мұрат ақындар азаттық пен еркіндеікті аңсап,орыстандыру саясатына тікелей қарсы шығып,халқына отты жырларымен ұран тастады. Дулат өз шығармаларында қайырымдалық пен зұлымдық,мырзалық пен сараңдық,білім мен надандық мәселесін талдап,негізгі арқау етті. Оның пайымдауынша өмір бостандық пен молшылыққа толы,рулар мен тайпа мен тайпа мүшелері тең құқылы еді. Ол патриархалдық,хандық заманды көкседі. Әлеуметтік теңсіздік,зорлық зомбылық,қанаушылық жаңа заман жеміс:бұл ата бабаның бұрыннан келе жатқан салт дәстүрін,шариғат заңын бұзғандығынан дейді ақын. Дулаттың әлеуметтік фил.сы жер,суды,елдің бірлігін сақтап қалу идеясы,басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Мұрат шығармаларындағы баста сарын жер мәселесі,ата қоныс,бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң зары ақынның бұл толғауларында да айқын көрінеді. Мұрат өз заманын адамгершілік жағынан азған,отбасы қатынастарынан бұзылған заманы дейді. Ол өз заманының бұзылуының,қайғы қасіреттің үйірілуінің себептерін іздеп,өз заманының күніне пайымдаулар жасады. Қысқаша ақын жыраулар ел басына күн туған тар заманда отты жырларымен ой тастап,өз үнін танытқандығымен,қазақ елінің жау жүрек,қайраткер ұлдары болғандығымен қымбат.

Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясындағы қалыптасуының рөлі Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы

– сопылық дәстүр.

Ислам аясында қалыптаса отырып, көне Үнді, Қытай, Грек, Рим, Сирия ойшылдарының үздік ойларын бойына сіңірген сопылық философиясының Қазақстан мен Орта Азия халықтарының «арасында кеңінен және табысты таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем сопылық идеяларды жергілікті салт-жырлармен үйлестіре дәріптеді Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімін пантеизммен және бақсылық жыры элементтерімен үйлестіре алуынан еді»3.

Қазақ даласында сопылық идеялары Шығыс поэзиясы, яғни Фирдоуси, Навои, Рудаки, Омар Хайям, Низами, Насими секілді ақындардың философиялық сипаттағы шығармалары арқылы тараған.

Сөйтіп, қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб – парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады. Олар көпжақты және көпмағыналы мәдени үрдістерді біріктіреді. Соның өне бойында мүлгіген көптеген маңызды және өміршең белгілер мен қасиеттерді бойына сіңіре отырып, қазақ халқы ерекше сарындағы, өміршең, оптимистік философиялық көзқарастарды дүниеге келтірді.

Қазақ кең де, ашық дала перзенті. Дала ұшы – қиыры жоқ, шетсіз, шексіз. Сан ғасырлар бойы сол өзін аялаған табиғатта өмір сүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді.

Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.

Киіз үй көне қазақтардың әлем, бүкіл дүниенің құрылымы туралы көзқарасын білдіреді. Киіз үй ғарыштың кішкене моделі.

Киіз үйдің дәл ортасында, шаңырақтың асында ошақ орналасқан. Ошақтың осылай орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз. От қажетті құбылыс, оған көне адамдар тағзым еткен. Жануарларды отпен аластап, тазартқан. От күннің символы.

Күн батып, кеш түскен соң ай мен жұлдыздар жер бетін жарық қылады.

Қазақ «аспанға европалықтың қалтасындағы сағатына қарағанындай қарайды»1. Өйткені, бұл өмір сүріп, тіршілік етудің бірден – бір қажеттілігі еді. Аспан денелерінің қозғалысы бойынша жыл, ай және тәуліктің малға жайлы мезгілдерін анықтай алған. Аспан шырақтарына «Жеті қарақшы», «Темір қазық», «Сүмбіле», «Шолпан», «Есекқырған» деп ат қойып, олардың қозғалыстарын бақылаған, календарь жасаған. Мысалы, Сүмбіле,Үркер жұлдыздарына сүйеніп, жыл мезгілдерін былайша анықтайды: «Үркерлі айдың бәрі қыс», «Сүмбіле туса су қатады», яғни күз түседі. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды». Түнгі уақытта жол жүруге тура келгенде «Темір қазыққа сүйеніп», барар бағытын анықтаған.

Наши рекомендации