Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы.

VII ғасырдың басында Түркістаннан Испанияға дейінгі ұлан-ғайыр территорияға араб шапқыншылық нәтижесінде «Араб халифаты» көп халықты мемлекет пайда болды. Бұл мемлекетте философия жақсы дамыған, көбінесе ежелгі грек философиялық ойлары қарастырылады. V –VII ғасырда схоластикамен қатар араб философиясы дамыды, бірақ оны батыс еуропалық схоластикамен салыстыруға болмайды.

Араб философиясы ислам дініне негізделген. Құран – ислам дініндегі қасиетті кітап. «Құран» араб тілінен аударғанда оқу деген мағынаны берді. Ал 114 сүреден тұрады. Сунна - Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянымен хадис жинақтары.

Араб мұсылман философиясының бағыттары шығыс перипатетизмі, қалам, суфизм.

Шығыс перипатетизмі – араб философиясындағы Аристотельдің идеяларын дамытушы бағыт.

Шығыстық перипатеттизм өкілдері - Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн - Сина, Ибн Рушд және т.б.

Әл Киндиді араб философы деп атаған, философияның ұлы өкілі. Әл Кинди 200-ден астам еңбек жазған, соның ішінде «Алғашқы философия», «Бес мән туралы кітап». Әл Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырды, оның ойынша философиямен айналысу үшін математиканы үйрену керек. Әл Киндидің философиясы Аристотельге негізделеді және оның еңбектерін аударып уағыздады.

Әбу Насыр Ибн Мұхамед Әл Фараби (870-950) философ, ғалым – энциклопедист, шығыс аристотелизмнің басты өкілі, Аритотельден кейінгі «екінші ұстаз» болып табылады. Багдад, Алеппо, Дамаск қалаларында өмір сүрді. Негізгі еңбектері «Ақыл мен түсінік», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыка туралы кітап», Ибн Сина(латын тіліндегі транскрипциясы - Авеценна) Абу Әли Хусеин ибн Абдаллах (980-1037) – философ, энциклопедист, дәрігер, ақын, математик. Ибн Синаның белгілі еңбектері «Айығу кітабі», «Аман қалу кітабы», «Білім кітабы», «Медицина туралы поэма» өлеңдерін жинақ кітабы және ең негізгі еңбегі «Медицина ғылым каноны» болып табылады. «Медицина ғылым каноны» кітабы латын тіліне аударылған, ХІІ ғасырдан бастап Еуропа елдеріне әйгілі болды. Соңғы оқулық болып табылып, еуропа медицина университетінде бес ғасыр бойы оқытылды. Ибн Синаның ойынша - дүние эманация жолымен пайда болады.

Ибн Рушд (лат. аудармасында – Аверроэс, Averroes) Әбіл Валид Мұхаммед Ибн Ахмед (1126-1198) – Кордов (Испания) қаласынан келген философ, ғалым, дәрігер, шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор атымен әйгілі болды. Көбіне оның шығармалары Аристотельдің еңбегін түсіндірумен шектеледі. Негізгі шығармасы «Терістеуді терістеу» деп аталады. «Дін мен философияның арасындағы салыстыралы байланысы жайлы пікірлер». Оның идеялары әйгілі аверроистердің еңбектірмен байланысты болды. Аверроэс философиясы Европа философиясына күшті ықпал етті. Ақиқат жалғыз, бірақ оған жетудің екі жолы бар: білім немесе ғылым жолы және сенім немесе діни жолы.

Калам – «спекулятивті теология» - араб-мұсылман философиясының бағыттарының бірі, ол ІХ ғ. басында қалыптасқан және силлогизм мен аналогияға арқа сүйеген араб - мұсылман философиясының бағыты, оның негізі діни беделге сүйену емес, философиялық қағидаға сүйену.

Суфизм – (араб тілінен аударғанда «жүн шаш») деген мағынаны білдіреді. Исламдағы мистикалық аскеттік бағыт. Алғашқы суфийлер VIIІғ. соңы- ІХ ғ. басында Ирак және Сирияда жүнек киінген аскеттер болып саналады. Олар байлыққа және кедейлікке талпынбайтын әлеуметтік активтіліктен аулақ болды. Олар Аллаға махаббатын мистикамен түсіндірді.

Суфизм бойынша алла барлығында – гүлде, күнде және т.б. және де барлық Аллада Суфизм материалдық тұрғыдан қарағанда денесінен айырылып, жанымен Аллаға бірігуге шақырды. Ол төрт қадамнан тұрады.

Шариғат – мұсылмандағы өмір сүру қағидасы. Тариқат – адамын моральдық –психологиялық жетілуі. Марифат – қоғамнан тыс өмір сүруде «Құдай әлем бірігуінде» деген ұғымды түсіну жолы. Хақиқат – Құдайға толықтай ену, өзінің меніңді құдайдан тану, тәндік қажеттілікті шектеу.

Арабмұсылман философиясы дегеніміз мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орта ғасырлар дәуіріндегі ілімдерінің жиынтығы.

Фәлсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени – тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдайлар: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш – Араб халифаты. Араб тілі осы империаның мемлекеттік тілі болатын.

1.Араб тілін меңгеру- білімділіктің әрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жағдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды.

2.Фәлсафа мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл, негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.

3.Фәлсафа антиктік философияны араб тілінде, мұсылмандық дүниетаным негізінде қайта жандандырған.

ХХ ғ. көрнекті ғалымы Б.Рассел, біріншіден, антик дәуіріндегі Платон мен Аристотельдің арасалмағы туралы. Платон Аристотельден әлдеқайда басым болған. Арабтар осы мәселеде философия тарихында өзгеше бастау жасады, олар Аристотельді бірінші орынға шығарған. Екіншіден, ұмыт болған антиктік философияны тірілтіп, аударып, онымен Еуропа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушылар, сөзсіз фәлсафашылар. Осындай істің нәтижесінде Еуропада грек, латын тілдері қайта жанданды, олар ғылым, білім, өнер, философия тілдеріне айналды. Үшіншіден, арабтар салған дәстүр немесе грек философиясын қайта жаңғырту XI ғ. Батыс Еуропа схоластикасына негіз болды. Бұл туралы кезінде И.Г.Гердер былай деп жазған: «Арабтар болмаса, Гербер де, Альберт Великий де, Роджер Бекон де, Луллия Раймунд та болмас еді. Олардың барлығы Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды». Схоластика деп танылған орта ғасырлық философия: мұсылмандық, иудейлік және христиандықболып бөлінеді. Төртіншіден, араб философтары Еуропалық Қайта өрлеу заманындағы интелектуалдық халге әсері айтарлықтай болған. Фәлсафа араб тілі негізінде ғана емес, ол саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін көрсетуге болады.

Бірінші кезең, Бағдат халифатына қатысты, ӘЛ-Кинди, «Таза ағайындар» еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи мәдени кеңістік.

Екінші кезең: Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі – Орта Азия мен Қазақстан аумағында ерекше түрде дамыған фәлсафа, оның өкілдері: әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хаям, әл-Ғазали. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең: Мұсылман Испаниясындағы Еуропалық фәлсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.

Әл Кинди (800 жылы туған) жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға – логика, екіншіге физика туралы кітаптар, үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында – сөз ұғымдар(категориялар), сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз – субстанция(зат). Сипат(атрибут) дегеніміз – акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын(кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану(обладание) және орын алу немесе орналасу.

«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:

1. Философияның мәні туралы. Ол шындықты танудағы адам қабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз – ақиқатты тану.

2. Нағыз биік әрі ізгілікті, әрі рухани философия, ол қандайда ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым.

3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар. 1.сезімдік таным, 2.ақылмен тану.

4. Егер нәрсенің өзі болмай, оның мәні болса, ол ештеңе де емес. Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды.

Ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз,қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой пікірлерін білдірген.

Әл Фараби– Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойщыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:

1. Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған.

2. Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған.Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген.

3. Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялықғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық – этика мен саясат.

4. Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар.

5. Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген, толық емес.

Ибн Сина (980 – 1037). Ол әлемге әйгілі ұлы емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған. Осы саладағы басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны». Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын(Шығыс перпатетиктерін) сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген. Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен бірге, субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема – Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.

Ибн Рушд (1126 – 1198). Ол жас шағынан бастап теология, заң білімі, араб әдебиетін меңгеріп, медицинаға ерекше ықыласын танытқан. Оның шығармаларының формалары: түсініктер және арнайы шығармалар. Ибн Рушдтың барлығы 38 шығармасы болған, оның 28-і араб тілінде, 36-сы көне еврей тілінде,34-ті латын тілінде сақталған. Мұның көбісі Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау. Ибн Рушд еңбектерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-әл-Ғазалиге қарсы жазылған «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактаты. Ибн Рушд фәлсафа мен дін туралы көптеген терең ойлар айтқан, оның «Әрбір пайғамбар-данышпан, ал әрбір данышпан-пайғамбар емес» деген қанатты сөзі бар. Алайда ғұлама діни ортодоксия өкілдерімен таласқа түспеген, себебі, оның ғылым үшін қажеті шамалы. Талас діни дүниетаныммен «шығыстық перипатетиктер» арасында болған. Сол замандағы, тіптен қазіргі күннің де басты проблемасы-дүниенің мәңгілігі немесе оның пайда болуы туралы. Ибн Рушд «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактатындағы пікір таласы әл-Ғазалидің әлемнің жаратылмағандығы туралы ұсынған төрт дәлелдемесіне Ибн Рушд өз дәлелдерін келтірген.

1. Егер әлем жаратылған болса, онда оның пайда болуын мүмкін еткен әлдененің болуы керек.

2. Ибн Рушд «дейінгі», «кейінгі» дегенге қарсы. Себебі, мәңгіліктің өлшемі жоқ, әлем болса, сол мәңгіліктен тыс емес.

3. Философтар әлемнің мәңгілігі мүмкін болса, оның болуы да мәңгілік дегенді негізге алады. Мұндай жағдайда оның мүмкін болмауы мүмкін емес.

4. Қандай болсын нәрсе-өзінің пайда болуына дейін мүмкіндігі бар мән немесе мүмкіндігі жоқ мән немесе қажетті мән.

Ибн Рущд өзінің қарсыласы әл-Ғазалиге қарсы келтірген дәлелдерін қорытындылай келіп, мынандай түйін жасайды: әлдебір нәрсенің басталуы болса, оның аяқталуы да болмақ, ал басталуы жоқ нәрсе шексіз болмақ.

Мұсылман философиясын шартты түрде мынадай бағыттарға бөлуге болады:1.”Таза ағайындар ”ілімі. Xғ.Мақсаты: исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту.

2.Шығыс перипатетизмі(фәлсафа) рационалдық көзқарасты ұстанушылар,Аристотель ізбасарлары: әл-Кинди, әл-Фараби,ибн-Сина,ибн-Рушд т.б.

3.Суфизм – исламдағы мистикалық бағыт:әл-Араби, әл-Газали,Ахмет Яссауи т.б.Негізгі мәселесі жеке адамның құдайды тануы. Ол эзотерикалық білім арқылы экстаз күйінде жүзеге асады.Суфизмде жетілген адам(инсан камил) идеясы дамытылады.

4.Калам (мутазилизм, мутакалим):әл-Ашари, матуриди т.б. Мутазилизм исламға сын қөзбен қараушылар, Құран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болған,рационализмге жақын. Мутакалим ислам беделін толық мойындаушылар, оны логикалық тәсілмен түсіндіруге ұмтылады.

Тестер:

1. Теоцентризм, креационизм, эсхатология, провиденциализм, - осы кезеңнің сипаттары:

А) Қайта өрлеу С) Антика

В) ОртағасырларD) Ағартушылық

2. "Оккам ұстарасы" принципі:

А) «Мәнді қажетсіз көбейтіп керек жоқ»

В) «Мен ойлаймын, демек өмір сүремін»

С) «Қабылдаймын, демек өмір сүремін»

D) «Мәнді қажетпен көбейту керек»

3. Патристика кезеңінің белгілі ойшылы:

А) Фома Аквинский С) Августин Аврелий

В) Уильям Оккам D) Пьер Абеляр

4. Құдайдын бар екеніне бес рационалды дәлел келтірген теолог, философ:

А) Фома АквинскийС) Августин Аврелий

В) Уильям Оккам D) Пьер Абеляр

5. Христиан дінің ақыл-ой арқылы қорғау, жақтау:

А) схоластика С) софистика

В) патристика D) апологетика

6. «Шіркеу әкелерінің» теологиялық ілімі:

А) схоластика С) софистика

В) патристика D) апологетика

7. «Универсалийлер», - деп осы түсініктерді белгілейді:

А) «заттарға дейінгі» жалпы жағдайлар С) жалпы түсініктер табиғаты

В) заттардан кейінгі» жалпы жағдайлар D) «заттардағы» жалпы түсініктер

8. Ақыр заман туралы ілім:

А) эсхатологияС) провиденциализм

В) креационизм D) ревеляционизм

9. Жаратылу туралы ілім:

А) эсхатологияС) провиденциализм

В) креационизм D) ревеляционизм

10. Көп құдайға табынушылық:

А) эсхатология С) провиденциализм

В) креационизм D) политеизм

11. Исламның мистикалық бағыты:

А) суфизмС) томизм

В) пантеизм D) калам

12. Араб-испан философы, шығыс перипатетизмінің өкілі:

А) аль-Фараби С) аль-Газали

В) ибн Рушд D) ибн Сина

13. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трататының авторы:

А) аль-ФарабиС) аль-Газали

В) ибн Рушд D) ибн Сина

14. Авиценна (ибн Сина) дүние осыдан пайда болды, – деп есептеген:

А) адамның әрекетінен С) Құдайдың ақыл-ойынан

В) Құдайдың ерігінен D) табиғаттың күштерінен

15. Аверроэсу (ибн Рушд) бойынша, материалды дүние:

А) мәңгі және кеңістікте шексіз С) Құдаймен жаратылған

В) мәңгі және уақытта шексіз D) мәңгі, бірақ кеңістікте шектеулі

16. «Екінші ұстаз»:

А) аль-Фараби С) аль-Газали

В) ибн Халдун D) ибн Сина

7. «Арабтар философы»:

А) ибн Рушд С) аль-Кинди

В) аль-Фараби D) ибн Сина

18. Суфизмнін белгілі өкілі:

А) аль-Фараби С) аль-Газали

В) Ахмет Яссауи D) ибн Сина

19. Суфизмдегі ақиқатты тану жолы:

А) рационалды С) догматикалық

В) эмпириялық D) мистикалық

20. Ибн Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы теориясы бойынша:

А) дүниеде екі ақиқат бар, екеуінде танып білуге болмайды

Наши рекомендации