Xviiiғ.соңы - xxiғ. басындағы философия

Карл Маркстің ілімі - Фейербахтың гуманизмін әлеуметтік сараптаумен ұштастыру. Жаттану концепциясы. Еңбектің жаттануы - коғамдағы саяси, қүкықтық, экономикалық және адамгершіліктік жаттанудың негізі. Тарихты материалистік түрғыдан түсіну: материалдық өндіріс - жалпы қоғамның даму үрдісінің негізі. Қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы. Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары және материя козғалысының формалары туралы.

Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. Огюст Конт: философия - жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жалпы қорытындылаумен айналысатын синтетикалык ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның индуктивтік логикалык әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялык дүниеде эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы.

Позитивизмнің екінші кезеңі - махизмнің негізгі мәселелері. Эрнест Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі және субъективті идеализмі. Анри Пуанкаренің конвенционализмі. Неокантианттык-Канттың трансцеңденталдык идеализмі мен танушы ақыл-ойдың жаратылыстану және қоғамтанудағы рөлінің кайта өркендеуі. Неокантианттықтың Марбург және Баден мектептері.

Герменевтика - түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер: «түсінбеу - іргелі феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд Гуссерльдің феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер түсіну - әлеуметтік болмысты түйсінудің қажетті шарты екендігі туралы. «Өмір философиясының» қалыптасу алғышарттары. Артур Шопенгауэрдің пессимистік философиясы: әлем - ақыл-ойсыз ерік және соқыр күш. Фридрих Ницше христиандық құндылықтар туралы. Асқан адам туралы ілім. Анри Бергсон мәнге жетудегі интуицияның рөлі туралы.

Логикалық позитивизм, аналитикалық философия - позитивизмнің үшінші кезеңі. Вена философиялық үйірмесі: философия - табиғи және жасанды тілдерді сараптауға бағытталған қызмет түрі.

Постпозитивизм кез-келген ғылыми білімнің гипотетикалық сипаты туралы. Карл Поппер: ғылыми түжырымды демаркациялау және фальсификациялау принциптері. «Ашық коғамдағы ашық ғылым». Имре Локатостың ғылыми-ізденістік бағдарламалар концепциясы. Томас Кунның ғылыми революциялар теориясы. Марк Полани: түлғалық білім - ғылыми прогресс негізі.

Экзистенциализмнің қалыптасуының әлеуметтік-философиялык алғышарттары. Сьерен Къеркегор: адам - әлемдік эволюцияның мақсаты және мағынасы.

Мартин Хайдеггер адамның нағыз және нағыз емес болмысы туралы. Жан Поль Сартр: адам - еркіндікті немесе еркіндік еместі таңдаушы жоба. Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі.

Психоаналитикалық философия. Зигмунд Фрейдтің бейсаналы туралы ілімі. Карл Густав Юнг: үжымдык бейсаналы және сана архетиптері. Эрих Фромм адамның өмір сүруінің карама-қайшылықтығы туралы.

Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко «субъект - таным - дүние» жүйесінің элементтерінің аракатынасы мәселесін түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак Деррида: деконструкция - мәтінді зерттеу тәсілі.

Структурализм: объектілердің тұрақты логикалық құрылымдары мен байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялык ойлауды сараптауға назар аударуы. Жан Лакан: Фрейдтің психоанализін структуралистік кайта қарастыру.

Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалдық білім мен ақылды мақсат, прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс: білімнің акиқаттылығы оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен аныкталады. Джон Дьюидің радикалдык эмпиризм философиясы.

Философиялық мистицизм. Е.Блаватскаяның теософиялық мистицизмі. Рудольф Штайнердің антрософиясы. Карл Кастанеда танымының интуитивтік тәсілі.

Ресей тағдыры - орыс философиясының басты мәселесі. Орыс философиясының негізгі бағыттары. Орыс марксизмі. Қоғамдық-саяси қүрылымды өзгертуге практикалық бағытталғандық - Ресей материализмінің ерекшелігі. Г.В.Плеханов қоғамның өндірістік күштерінің дамуындағы географиялык ортаның анықтаушы рөлі туралы. В.И.Ленин пролетариаттың революциялық күрес тәжірибесі туралы. Философиядағы екі партия -материализм және идеализм принципі.

В.С.Соловьевтің соборлық философиясы және этикасы. Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийдің өмірмәндік және адамгершіліктік философиясы. С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, Н.О.Лосский, И.А.Ильиннің философиялық ілімдерінің ерекшеліктері.

Азак философиясы

Қазақ фольклорының философиялық мазмұны - қазақтардың сантүрлі өмірі мен тарихының бейнесі. Вербалдық қоғамның құндылықтар жүйесінің мызғымастығы. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, аңғал реализм және стихиялык материализм. Қазақтың батырлық және лирикалық эпосының көзқарастык маңызы. Қазақтардың тұтас халык ретінде бірігуі - ХҮ-ХУІІІ ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының «Жерүйық» идеясы - тәуелсіз қазақ хандығын кұрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар. Қазак жыраулары ойларының ХҮП-ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалык және әскери-саяси дағдарыс кезеңінде өзгеруі. Актамберді жырау мен Үмбетей жыраудың пайымдаулары - өмір мен елімнің, мәңгіліктің мәнін түсінуге бағытталған ақындық философия. Бұқар жыраудың этикалык философиясы. Шал ақынның шығармашылығындағы жақсылық пен жамандық дихотомиясы.

Қазакстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму ерекшеліктері. Махамбет Өтемісов шығармашылығындағы халықтық сананың және тәуелсіздік идеясының прогрессивтік элементтері. «Зар заман» дәуірінің акындары Дулат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың философиялык көзқарастары.

Қазак Ағартушылығы: калыптасуының коғамдық-саяси алғышарттары, европалық және орыс Ағартушылығынан өзгешеліктері. Шокан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. Абайдың философиялык «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай Қүнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жүлдызды шоғының қоғамдык-философиялык көзкарастарының ерекшеліктері. Сұлтанмахмүт Торайғыровтың философиялык көзқарасы. Әлихан Бокейхановтың саясат философиясы. Міржакып Дулатовтың тарих философиясы. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығындағы білім және тіл білімі философиясының сұрактары. Мұхтар Әуэзов философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен өлім мәселесі. Шәкәрім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау.

Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері: диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралык катынастардың, ғылыми атеизмнің, казақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының мәселелерін, әл-Фарабидің философиялық мұрасын зерттеу.

Посткеңестің кезеңдегі қазақстандык философия: қазақтың ұлттық философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының «актаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазакстанның жаңа даму жолдарын іздеу, дәстүрлі және қала мәдениетін философиялық пайымдау, фарабитану ренессансы.

Наши рекомендации