Платон және Аристотель философиясындағы әлеуметтік мәселелер

Б.з.д. қV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі.

Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа ұшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана.

Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар – Платон мен Аристотель болды.

Платон (б.з.д. 427-347ж.( өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты Аристокл (platos – грек сөзі, -кең). Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен танысып өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды – ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.

Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның бәрін сұхбат (диалог) ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың негізгі кейіпкері – Сократ. Сонымен, Платон өзінің ойларын осы Сократ кейіпі арқылы жеткізеді.

Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның “Эйдос² (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние - ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі “Шынайы болмыста²- Эйдос әлемінде, “қол астындағы болмыстан² біз оны таба алмаймыз.

Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (chaos – түнғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз деген мағна береді) космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген Демиург. Ол идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды.

Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең ұлы философы, заманының ең дарынды, жан жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушы Александр Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.

Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина қаласында даңқы бүкіл Дүниеге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған, онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше “перипатос² дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдай әрі қарай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді.

Адамның орны тіршілік әлемінде – ерекше. Ол – ақыл-ойдың иесі. Сондықтан, оның жан-дүниесі, дене құрылымы да өзгеше. Ол тік жүреді, еңбек етіп, сөйлей алады т.с.с. Адам түйсіктері арқылы заттардың формасын қабылдай алады, барлық түйсіктер бір-бірімен байланысқа түсіп затты біртұтас құбылыс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Аристотель ізгіліктің екі түрін көрсетеді – біріншісі – дианоэтикалық, екіншісі – этикалық. Біріншіге жету үшін адам жақсы білім алып, оны өмірдегі тәжірибемен ұштастыруы керек. Этикалық құндылықтар әдет-ғұрып арқылы беріледі (ethos - әдет). Дианоэтикалық құндылықтарға ақыл-оймен жетсек, этикалық құндылықтарға – іс-әрекет, жүріс-тұрыс арқылы жетеміз. Батыл болу үшін батыл іс-әрекеттер жасау керек, әділетті болу үшін - әділеттілік жолымен жүру керек т.с.с.

Соңғы құндылық Аристотельді, әсіресе, қызықтырады. Оған бізде тоқтаңқырайық, өйткені, бүгінгі өтпелі заманда әділеттік деген сөзді біз тіпті ұмытып кеткен сияқтымыз, ал өткен кеңес заманында әділеттілікті саясатта адамдарды кедейліктің негізінде теңеуге әкеліп тіреген болатын.

Егер Платон жеке меншік жойылу керек,- деген болса, Аристотель, керісінше, оның қажеттігін көрсетеді. Жеке меншіктің көп пайдалығын айтпағанның өзінде-ақ, дейді ойшыл, бір нәрсенің иесі болу адамға түсінбейтін ләззат сезімін әкеледі. Сонымен қатар, байлықтың иесі мырза болып қарапайым халыққа, кем-тарларға көмектесіп, оларды қолдап отыруы қажет, басқа жағдайда қоғам тұрақтылығынан айырылып қалып, мемлекетке қауып төнуі мүмкін. Соңғы мәселеге көп көңіл бөліп, ойшыл ел тұрақты болуы үшін оның негізгі халқы орта дәрежеде өмір сүруі керектігін айтады. ХХ ғасырда әлеуметтік философияда бұл “орта таптың теориясына² айналды. Аристотельше ойласақ, бүгінгі таңдағы біздің қоғамның құрылымындағы орта топтың әлсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығының шеттен шығуы қоғамның тұрақтылығына теріс әсерін тигізіп жатыр.

Наши рекомендации