ФИЛОСОФИЯ пәнінен ГЛОССАРИЙ

Абсолют –мәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымды білдіреді.

Абстрактілеу - (лат.abstractic) дерексіздік, бөліну, оқшаулану. Белгілі бір затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан өзара байланыстардан оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі.

Агностицизм- дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер;(Иммануил Кант)

Аверроизм - 13-16 ғ.ғ. Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық – 18-19 ғ.дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім арқылы қоғам негізн өзгеру.

Аксиоматика – логикалық дәлелдеу жолымен аксиома немесе постулаттан берілген теоряның басқа тұжырымдарын шығару;

Аксиология – құндылықтар жүйесі туралы ұғым.

Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығына сәйкестігі.

Апологетика (грек. Апологемай- қорғаймын, ақтаймын) -2-3ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

Болмыс -философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін білдіретін бейболмыстың екінші жағы.

Буддизм -Үндістанда (б.з.д. 5 ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік- Шығыс Азияда (3 ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни- философиялық ілім.

Бихевиоризм– прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.

Гностицизм- дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.

Герменевтикакез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі. Қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән.

Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философияның ең маңызды бөлімі.

Гуманизм адам мүддесі үшін жасалатын ізгіктердің топтамасы. Адамгершілікке баулу.

Дін –жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.

Философия –(грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық)- теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.

Диалектика– болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байлынысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.

Дедукция (лат.,шығару) – ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі;

Догматизм -қоршаған ортаны, дүниені әлдебір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау. Бұл метод ортағасырлық батысеуропалық философияға тән.

Диалектикалық материализм марксистік философияның негізі, ғылыми философиялық дүниетаным.

Дуализмтеңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.

Дүниетаным қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

Индукция(лат., нысанаға алу) – ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі;

Идеалистік сенсуализм - түйсіктермен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Идеализация (грек.,idea- түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау;

Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарама қарсы бағыт.

Имманентік сын - идеяларлы және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып сынау.

Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.

Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар

Кеңістік пен уақыт - бүкіл әлемнің, материя болмысының объективті өмір сүру формалары.

Классификация -белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара ішкі байланысты ашу және логикалық жағвнан негізделеді.

Концептуализм -схоластикалық философияның бір бағыты.

Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, Құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.

Логикалық позитивизм - XXғ. 20ж.ж. пайда болған неопозитивтік ағым.

Локаята - Үнді филоофиясындағы материалистік ілім.

Метафизика -диалектикаға қарама- қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.

Моделдеу (лат.,modulus- өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі;

Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.

Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.

Материализм- идеализмге қарама-қарсы филлософиялық бағыт.

Номинализм (лат. Nomo-атау, есім) - шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы.

Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.

Онтология - болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.

Прагматизм -абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Позитивизм -батыс философиядағы сценистік ұғым.

Персонализм - тұлғалық философия.

Рационализм –ақиқи. абсолюттік дәйекті білімді тек парасат. ақылмен ғана тануға болады дейтін философиялық әдіс пен бағыт. (“Бар нәрсегекүмәндануымыз мүмкін, ал күмәннің болуы ақыл, ойдың жемісі”).

Реализм -нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның “таза идеяларын” еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

Софистика –айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтысты жеңу мақсат етіледі. Ежелгі Грекияда кең таралған.

Сенсуализм сезімдік - таным философиясы.

Структурализм - философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.

Сана - ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.

Таным- адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтиік мәдени қатынасы.

Теология - дін туралы ғылым.

Табиғат философиясы - адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Утопия -Т.Мор мен Т.Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз ойлар.

Формализация - мазмұнды білімді таңбалық формализмде немесе формализацияланған тілде бейнелеу (Гильберт);

Феноменология - Э.Гуссерль негізін салған ғылымның шығу тегі туралы ілім.

Фальсификация - ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.

Футурология - болашақты болжау туралы ғылым.

Эклетика – жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын философиялық әдіс.

Эмпиризм - көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс пен бағыт. (

(“Тәжірибе мен сезімдік түйсікте болмаған нәрсе ойда да болмайды”).

Экзистенциализм (лат., ex(s)istentia-тіршілік) адамның ақиқи, ішкітұлғалық болмасы, субъект пен объекттің тікілей біртұтастығы, субъекттің өзінің “дүние-дегі - болмысын” бастан кешіруі.

Эмпиризм (грек., тәжіребе) - сезімдік тәжіребені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Наши рекомендации