Білім бағасы жайлы ақпарат

Студенттердің білімін бағалаудағы негізгі белгілер:

- әртүрлі түрдегі есептерді шығару алгоритімін білу және осы білімдерді тәжірибелік есептерді шығаруда пайдалана алу;

- барлық түрдегі жұмыстардың орындалу кестесін сақтау;

- әртүрлі сабақ түрлерінен және СӨЖ-н сапалы конспекті жазу;

- жұмысты тапсыру мерзімі: уақытында тапсырылған жұмыс бағасы «өте жақсы» , максималды ұпай мөлшерімен бағаланады; уақытында тапсырылмаған жұмыс бағасы «қанағаттанарлық», шкалаға сәйкес төмен ұпай мөлшерімен бағаланады; бағалау ұпайы әрбір апта мерзімі үшін 7 %-ке кемиді, бірақ максималды 50 %-тен төмен емес. Жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыру керек, барлық тапсырмалардың ең соңғы тапсыру мерзімі- сессия емтихандарының бастталуына 3 күн қалғанда.

Қорытынды баға семестр бойына және емтиханда жинаған ұпай мөлшеріне тәуелді.

Бақылау түрі. Ағымдық бақылау: дәрістерге қатысу, дәріс конспектісімен жұмыс; тәжірибелік сабақтарда есептер шығаруға; зертханалық жұмысты орындау және қорғау; СӨЖ тапсырмасының жеке есептерін, сонымен қатар курстық жоба есептерін игеру; тақырып қорғау, өздік игеруге қойылған.

Аралық бақылау: семестрде 2 бақылау, өткен тақырыптардың барлық сұрақтары бойынша жауап алудан тұрады.

Қорытынды бақылау: жазбаша немесе пән бойынша тест түріндегі емтихан, билет бойынша немесе ЭЕМ-да жүргізіледі. Билетке барлық курс бойынша сұрақтар қосылған. Алынған «қанағаттанарлық» немесе «жақсы» бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға тиым салынады.

Баға қою саясаты: объективтілік (бағалау жүйесінің нақты эквиваленттері); айқындылық (мәліметтілік, ақпараттандырылулық); иілгіштік (әртүрлі бақылау түріні үйлесімділігі); жоғары дифференциациялану (жоғары ұпайлы бағалау шкаласы көмегімен).

Әр оқу қызметінің түрін бағалау ережелері және ағымдықты қоюдағы белгілер, аралық және қорытынды ұпайлар студенттер назарына уақытында жеткізіледі (семестр басында, сабақ басында, сыныптық бақылау немесе тестілеу алдында). Төменде кестеде білімді бағалау шкаласы келтіріген.

Студенттер білімін бағалаудың шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық эквиваленті   Баллдардың пайыздық өлшемі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттандырмайды

Пәнді оқып-үйрену үрдісіндегі бақылаудың бағалық баллдарының ауқымы және емтихан кезіндегі студенттердің білімінің бағасы төменде берілген (кестеге қараңыз).

Пән бойынша білімін бағалаудың сызбасы

Студенттің сабақ және жұмыс түрлері   Min/Max балл саны
I Ағымдық бақылау: 20/40
  - дәрістер 2,5/5
  - зертханалық сабақтар 5/10
  -семинар сабақтары 5/10
  - СӨЖ (аудиториядан тыс орындалатын өздік жұмыстар) 2,5/5
  -курстық жоба 5/10
II -аралық бақылау: 1-ші рубеждік бақылау 2-ші рубеждік бақылау   5/10 5/10
  барлығы: 10 / 20
III -қорытынды бақылау:   20/40
  Барлығы: 50/100

Емтиханда білімін бағалау сызбасы

Емтихан бағасы Балл бойынша бағасы ( %)
Ағымдық бақылау 30 - 60
Аралық бақылау
Қорытынды бақылау 20 - 40
Барлығы 50 - 100

Бекітемін:

“РЭТ” кафедрасының меңгерушісі

Мирманов А.Б.____________

“__”__________20__ж.

ББЖ пәнінен жұмыстарды орындаудың кестесі

    Атауы   Апта/Күні  
Ескерту    
Теориялық оқытулар АБ Теориялық оқытулар АБ ЕС  
Ағымдық бақылау:                                  
дәрістер х х х х х х х х х х х х х х х  
Зертханалық жұмыстар х х х х х х х х х х х х х х х  
Тәжірибелік жұмыстар х х х х х х х х х х х х х х х  
ӨЖ х х х х х х х х х х х х х х х  
Реферат               Р             Р  
Курстық жоба х х х х х х х х х х х х х х х  
Аралық бақылау               АҚ1             АҚ2  
Қортынды бақылау                               ҚБ

Ескерту: х – оқу сабақтарындағы ж/е СОӨЖ орындауын бақылау; 1АҚ – 1ші аралық бақылау; 2Ақ – 2ші аралық бақылау; Р – рефераттарды тапсыру; ҚБ – Қортынды бақылау (емтихан)

Құрастырған аға оқытушы Наурыз Қ.Ж.

Бағдарлама (Силлабус)

B071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Бағыты бойынша оқитын студенттер үшін

Байланыстың бағыттаушы жүйелері» пәні

Наурыз Қ.Ж.

_________________________________________________________________

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2013 ж.

010011, Астана қ., Жеңіс даңғ., 116.

Наши рекомендации