Ысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері

Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтеріне ақша қаражаттары, тауарлы-материалдық қорлары, дебиторлық қарыздары жатады.

Ақша қаражаттар шаруашылық субъектілердің айналым активтеріне кіреді. Ақша қаражаттарының нақтығын бақылау, оларды көбейтуді дұрыс пайдалану - бухгалтерлік есептің өте күрделі міндеті.

Ақша қаражаттары субъектінің кассадағы нақта ақашаларынан, банктегі есеп айырысу несесе басқа шоттарындағы ақша қаражаттарынан, шетелдік валюталардан, ақшалай құжаттардан құралады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау үшін әр субъектіде кассасы болуы тиіс. Ақша қаражаттарының қозғалысының міндеттеріне келесі сұрақтардың шешімі кіреді:

- кассалық операциялардың есебін ұйымдастыру;

- есеп айырысу бойынша операциялардың есебі;

- жолдағы ақшалардың есебі;

- кәсіпорынның ақша қаражаттарын қаржылық есеп беруде көрсету.

«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Касса –бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Кәсіпорындар өз есеп шоттарынан қолма қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын көрсетуге міндетті. Қолма –қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап теілген сомаға тапсырыс жолдайды.

Кассалық операцияларды құжаттақ рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылданған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді.

Ұйым кассасына қолма –қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңдеген де де, ақпаратты компютерде өңдегенде де қолданады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушысының қолына беріледі, ал ордер кассады қалады.

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе коррреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымы орындалуды жіне басқада қызмет түрлерін көрсетүді өэ міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім – шартты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметтің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басөада жағдайлар қарастыруы мүмкін.

Банкпен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен оның жекелеген құрымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменднгідей келтіріп отыр):

Клиенттің салық есебіне қойылғанның растайтын, салық қызметі органдары берген, белгілінген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртбіне бекітіліп, күәләндырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілерімен келісім шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға әз міндетіне алады.

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кетткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол ө-қаражаттарды шот иесіне хабарламайақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім шартта қарастырылғаны жөн. Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім шарттқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізү) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақш қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Тауарлы –материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процессінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген жіктемені, бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды.

Материалдар былайша жіктеледі:

· негізгі материалдар –шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық ненізін құрайды;

· көмекші материалдар- өндіоілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады.

Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша мынандай топтарға жіктелді:

· «Шикізаттар мен материалдар» -субъектіге тиесілі, өндіріс өнімінің негізін қүрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарына, өндірістік процесстерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысын есептейді.

· «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталатын бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары шотында – сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.

· «Отын» шоты – көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдарының нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.

· «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында – ыдыстардың барлық түрінің , сондай –ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, бтржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек жарақтар.

· « Қосақы бөлшектер» шоты – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай–ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған.

· «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалжықтары түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есеппен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.

· «Басқа жаққа өңделуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдарының қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шотардың дебетіне тікелей жатқызылады.

· «Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарына қолданылатын материалдарының құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай –ақ қорлардың бар –жоғы мен қозғалысы ескеріледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –дебиторлық борыштар деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

· Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;

· Тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

· Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

· Негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

· Ұйымның лауазымды адамдардың дебиторлық борышы;

· Басқадай дебиторлық борыштар;

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымдарға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептеледі. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелікету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Дебиторлық каоыздар - ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнын алап тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Дебиторлық қарыздардың пайда болған уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздереінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы стаылатын тауарлардың көлемін арттыру болып тбылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады.өз экономикасын нарықтық жолмен жүгізіп келе жатқан елдегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланылады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануындағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Наши рекомендации