Негізгі құқық тарауының бүгінгі күні орындалуы

Енді III Негізгі құқық тарауына назар салып көріңіз: «Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласына тең болу.» Қазақстан Республикасының Конституциясынын II АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ бөлімінің 12-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.» Сонымен қатар, 14-бап бойынша:

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

«Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік» - міне, «Алаш партиясының бағдарламасы» көтеріп тұрған негізгі құқық мәселесі – осы. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының II АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ бөлімі бойынша 32-бапта былай делінеді:

Қазақстан республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Заң жүзінде жазылғанымен халықаралық жыл сайын дүние жүзі мемлкеттерінің Бұқаралық Ақпарат Құралдары еркіндігі индекстерін шығарушы «Шекасыз репортёрлер» ұйымының 2016 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстан 180 елдің 160-шы орнында. Бастапқы ондықты Финландия, Нидерланды, Норвегия, Дания, Жаңа Зеландия, Коста Рика, Швейцария, Швеция, Ирландия, Ямайка құрап, БАҚ еркіндігі бойынша көш бастап тұрса, АҚШ 41-ші, Қырғызстан 85-ші, Ресей 148-ші орындарда. Ал біз тек Әзербайжан, Өзбекстан, Судан, Қытай, Солтүстік Корея сияқты мемлекеттерден ғана алда тұрмыз. [8] Мемлекеттегі жемқорлық мөлшері, көрсетілген қысым, политикалық орта сияқы факторлар әсер ететін бұл факт Қазақстанға әлі де сөз бостандығына еркіндік беріп, журналистерге өз құқығын дұрыс пайдалана білу керектігін анықтайды. Кеңестік сананың қалдықтарымен күресіп, бір ауыз сөзге тоқтаған, артық сөйлемей, анық сөйлер қазақ болып қайта қалыптасуымыз керек.

«Үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табал-дырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.» Бүгінгі күніұстау — арнайы тәртіп заңдар мен ережелерде көзделеді. әкімшілік құқықта — әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы, әкімшілік құқық бұзған адамды қысқа мерзімге (3 сағаттан аспайтын) мәжбүрлеп оқшаулау.

қылмыстық істе — қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктенген адамға қолданылатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы.

Ұстау құқығын анықтау органы мен тергеуші тек бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолдануға болатын қылмысты жасады деп сезіктенген адамдарға ғана қатысты пайдалана алады. Прокурор сезікті адамға тиісті кепілдіктердің сақталуын, мұндай адамның заңда белгіленген тәртіп пен негіздемелер бойынша ғана ұсталуын қадағалайды. Кез келген ретте ұстаудың негіздемелерін, себептерін, күні мен сағатын, жылы мен айын, орнын, ұсталған адамның түсініктемесі мен толтырылған уақытын көрсете отырып, арнайы хаттама толтырылады. Анықтау органы мен тергеуші ұстаудың кез келген реті туралы заңда белгіленген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға тиіс, ал прокурор ұсталған адамды заңда белгіленген мерзім ішінде қамауға алу немесе босату туралы санкция беруі керек. Ұстау мерзімі әдетте 72 сағаттан аспауға тиіс. Ұсталушы адам өзінің не үшін сезіктелгенін білуге, ұстаудың құқыққа сыйымдылығын прокурордың тексеруін талап етуге, түсініктеме беруге, дәлелдемелер тапсыруға, қайтарым мәлімдеуге, қузаухат жазуға хақылы. Егер қылмыс жасауға сезіктілігі расталмаса немесе қамауға алу түрінде шара қолдану қажеттігі болмаса немесе ұстаудың заңмен белгіленген мерзімі өтіп кетсе, онда ұсталушы адам босатылады. [9]

«Кісі хатын ашқанға - айып, оқығанға жаза болу.»Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 10-бабы бойынша:

- Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы Жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады.

- Әркімнің жеке салымдары мен жинақтарының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарларының құпиялылығына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында осы құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.

Наши рекомендации