Ы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесiнiң талаптары мен оларға ұсыныстар

1998 жылы сынақпен пайдалану жобасының ережесiне сәйкес пайдалану үшiн бұрғылау басталып және КазНИПИ нефть институтына Құмкөл кенiшiнде кен шығарудың технологиялық сызбасын техникалық тапсырма берiлдi.

Аймақтық ауа – райының күрделi жағдайын және құмкөл мұнайының өзiндiк ерекшелiгiне байланысты кен орнында кәсiпшiлiк iшiлiк мұнай жинау және дайындау жүйесiн пайдаланудың сенiмдi жағдайларын ұйымдастыруға ерекше талаптар ұсынылды.

Сызбада Құмкөл кенiшiндегi мұнайдың физикалық – химиялық қасиеттерi келтiрiлген

2.6-кесте-Құмкөл кен орны мұнайының қасиеттерi

Көрсеткiштер Параметрлер
t = 200 С кезiндегi тығыздық кг/ м3 817,3 – 822
Қатып қалу температурасы, 0 С +12 - + 14,3
Құрамы: Силикагельдiк және асфольтендiк қарамай Парафиндер, %   5,9 – 8,6 11,7 – 12,7

Мұнайды жинаудың технологиялық сызбасының негiзiне бiрқұбырлы сәулелi саңылаусыз тұйық жүйе алынған. Газдысұйықты қоспа ұңғыдан өлшеу қондырғысына жiберiледi. Өлшеу қондырғысында мұнай ағыны “Спутник” автоматтық қондырғысында өлшенедi және ПП – 0,63 типiндегi пеште қыздырылады.

Қыздырылғаннан кейiн газ мұнай ағыны топтық қондырғыға жiберiледi. Топтық қондырғыда 0,1 – 0,2 Мпа қысымымен бөлiнудiң бiрiншi сатысының жұмыс барысы iске асырылады.

Бөлiнуден кейiн мұнай, сораптармен қыздыру пешi арқылы сорып алынады, мұнда 500 - 600 С дейiн қыздырылады, мұнай есептеу торабында айдап шығарылатын мұнайдың көлемi өлшенiп, мұнайды жинақтау коллекторына келiп түседi.

Топтық қондырғының технологиялық сызбасы[4]

Топтық қондырғы (ТҚ) – скважиналар өнiмiн мұнай дайындау пунктiне дейiн жинау, өлшеу және тасымалдау, сонымен қатар сұйық пен газды бөлуге арналған.Скважиналарды ТҚ-ға қосу сәулелi сызбамен аймақтық бойынша кен шығару нысанына жататындығын ескерусiз iске асырылады. Топтық қондырғыда скважинаның дебитiн өлшеу, бөлiнудiң бiрiншi сатысы, мұнайды қыздыру және дайындық нысанына мұнаймен газды жеке құбыржелiсiмен жеке тасымалдау қарастырылған. Бөлiну барысы мұнайда ерiтiлген газ молекуласының араласу есебiнен жүргiзiледi.

2.2-сурет. Топтық қондырғының технологиялық сызбасы

ТҚ – дың есептi өнiмдiлiгi сұйық бойынша тәуiлiгiне 1500м3 , бөлiнген газдың өлшемi мұнайдың газ факторының мөлшерiмен анықталады. Газ факторы 2.7-кестеде келтiрiлген:

2.7-кесте-Кен орынды игеру кенiштерi бойынша газ факторы

Кен орында игеру кенiштерi Қабаттар Газ факторы, м3
I М – I М – I I
II Ю – I Ю – I I
III Ю – I I I
IV Ю – IV

Газ сұйықтық қоспасы (ГСҚ) пайдалану ұңғыларынан “Спутник” – АМ – 40 – 8 – 400 АГЗУ-ға түседi.

Әрбiр ұңғының өнiмi бiр құбыр желiсiмен ТҚ-ға, сонымен қатар апатты жағдай пайда болғанда ұңғыларды бiтеу үшiн жiберiледi.

“Спутник” – АМ – 40 – 8 – 400 АГЗУ-ды мынандай жолмен топтастыруға болады:

өлшеу әдiсi бойынша – көлемдi

өлшеулi басқаға ауыстыру құрылымы бойынша – ұңғылардың көп жолдық ауыстырғышымен

өлшеу тәртiбi бойынша – шоғырланған, итермелi өлшемге кезектесiп қосылатын, горизонтальдi цилиндрлi ыдыстан тұрады, 16 ыстық құбырлы қазан, 17 ирек түтiк, 19 рамалық негiзiне орналастырылған.

ПП – 0,4 және ПП – 0,63 жұмыс iстеу тәртiбi. Iлеспе мұнай газды, газды коллектор және кран арқылы өтiп орта қызындағы инсексионды шiлтiрге барады, онда ауамен араласып, тұтандырғыш алауынан тұтанатын газ – ауа қоспасын құрайды.

Мұнай эмульсиясы түтiкше 1 арқылы жылан түтiкшеге келедi, мұнда ол берiлген температураға дейiн қыздырылады. Қыздырылған мұнай эмульсиясы түтiкше 2 арқылы ПП – 0,4 немесе ПП – 063 жол бойындағы қыздырғышынан шығарылады.[5]

Арнайы бөлім

Наши рекомендации