Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау тәртібі

Кедендік ереженің бузылғандығы туралы процестік жұмыстар (істер) кедендік комитеттің қабылдаған ережесіне сәйкес жүргізіліп, жазылады. Қылмыстық әрекет туралы мәселе ары кеткенде бес (5) күн аралығында шешілуі тиісті. Жауапты адамды (тұлғаларды) сұрау (тексеру) талаптары Қазақстан Республикасының Кедендік Ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ережеде көрсетілгендей жауапты тұлғалар өз істері бойынша көтерілген мәселеге уақытында келуге міндетті. Тергеуге байланысты тұлғалар арнайы шақыру қағаз арқылы қай күні, қай сағатта келетіндігі туралы хабарланып алынады, сонымен қатар жауапты адамдардың шақыру қағазына қол қоюы қажет. Нақты жауапты адамның үйінде болмаған жағдайында оның отбасы мүшелерінің бірінің қолы да заңды деп есептелінеді. Жауапты тұлға фонограмма, телеграмма арқылы да шақырылуы мүмкін. Он алты жасқа толмаған жауапты тұлғалардың шақырылуы олардың ата-анасына хабарланып жүргізілсе де болады. Кедендік ережені бұзған жауапты тұлғалар кейде жергілікті әкімшілік орындары арқылы да жүргізіледі.

Бүндай жағдайда жауапты тұлға кедендік комитет бастығының әкімшілік орнына хабарлауы бойынша жауапты тұлға үш (3) сағаттан он (10) тэулікке дейін ұсталынуы мүмкін. Жауапты тұлғаның үсталу мерзімі оның қылмысына байланысты болуы тиісті. Үш сағатқа дейінгі ұстау кедендік ережені бұзуға ұмтылғандығы туралы мәселені болдырмау бағытында жауапты тұлғаны ұстау жергілікті прокурорға жазбаша тұрде хабарлау жүрігізіліп, айыпты адамның қылмысы туралы прокурорға ең кемі 24 сағат аралығында хабарлануы міндетті. Жауапты адамның прокурордың санкциясы (шешімі) бойынша 10 (он) тэулікке ұстаудың мынадай тәртіптері бар:

1. Қазақстан Республикасы шекарасын жеке тұлғаның бүйымдар алып өтуге ниеті бар екені анықталғанда;

2. Тұлғаның (адамның) оны тексеру барысында кеден қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен жағдайында;

3. Тұлғаның тексеру барысында қашып кетуге әрекет жасауға ұмтылғандығы жағдайында;

4. Жауапты тұлға өзінің жеке тарихын жасыруға үмтылса. Әкімшілік ұстау бойынша міндетті тұрде хаттама толтырылады.

Әкімшілік ұстау бойынша жеке тұлғаның немесе оның адвокатының жоғарғы кедендік үйымға өтініш жасауға құқы бар. Әкімшілік ұстау бойынша қылмысты тұлғаның жауапқа тартудың жолдары Қазақстан Республикасы Кедендік ережелерде көрсетілген баптарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:

1. Бір қылмыстық іс бойынша әр тұлға жеке-жеке шақырылады;

2. Қылмысты адамды тексеру алдында кедендік қызметкер жауапты адамның жеке-жеке тарихын зерттеп алуға міндетті.

3. Қылмыстың ашылуына куэ болған тұлғаға әкімшілік жауапкершілік туралы ескертіледі. Қылмыскер тұлғаны зерттеу жүмысы оның осы мәселе бойынша өзін айыпты немесе айыпсыз екендігін анықтаудан басталады да айыпталушы адамнан көтерілген мәселе бойынша өзінің түсініктемесін алумен жалғастырылады. Осыдан кейін барып Қазақстан Республикасы кеден қызметкері айыпталушыға өзінің тиісті сұрақтарын беруге құқылы. Қойылған сұрақтар қылмыстық іс бойынша көтерілген хаттамада көрсетілуі тиіс. Айыпты деп саналған тұлға 5 күн мерзімінде өзінің барлық құжаттарын кеден органына өткізуге міндетті. Бұл құжаттар көшірме түрінде берілсе де болады, айыпкер өз құжаттарын бермеген жағдайда оны күштеуге де болады. Айыпкердің құжаттарын, мүліктерін транспорттарын алу тәртібі Қазақстан Республикасы Кеден ұйымының баптарына сай жүргізіледі.Осы бапқа сәйкес мына төмендегілер айыпты тұлғадан алуға жатады:

1. Кедендік ережені бұзуға себеп болған мүліктер мен транспорт түрлері;

2. Жасырын тұрде мүліктер (заттар) салып, алып өтуге арналған транспорт түрлері;

3. Кедендік ережені бұзған кездегі транспорттар;

4. Айыпты тұлғаның үсталған кездегі құжаттары;

5. Қазақстан Республикасының айыпты тұлғадағы қүнды қағаздары мен теңгелері. Мүліктерді немесе құжаттарды алу әрекеті түнгі кездері жүргізуге тиым салынады. Қазақстан Республикасы Кеден ұйымының ережелеріндегі баптарға сәйкес кедендік ережелерді бұзғаны үшін кеден бекетінің бастығы немесе орынбасары айыпкер мүліктерін мына төмендегі жағдайларда үстап қалуға қосымша мүмкіндіктері бар:

1. Кедендік ережелерді бірнеше мәрте бұзған тұлғаларды;

2. Айыпкер бүрыңғы қылмыстарын ескере отырылып жауапкершілікке тартылады:

3. Кедендік ережені бұзу — мемлекетке зиян келтіретіндігі ескерілуі тиісті. Айыпкердің мүліктерін қайтару мәселесі осы істі қозғаушы тұлғаның шешімі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, айыпкер адамның үй-мүлкін тәркілеуге жол берілмейді. Айыпкер тұлғаның іс-әрекетін зерттеу Қазақстан Республикасы Кедендік ережеге сәйкес жүргізіледі. Айыпты тұлғаның жеке меншігіндегі заттар қылмысқа қатысты болған жағдайда олардың да тәркіленуі мүмкін. Заттардың тәркіленуіне міндетті тұрде нақты себептер қажет. Қажетті жағдайда тәртіпті бұзушының кедендік ісін қарауға арнайы мамандар шақырылуы да мүмкін. Айыпты тұлғаның үй-мүлкін зерттеу алдында айыпкер осы мәселе жөнінде жазбаша тұрде таныстырылып, өз қолын қоюға міндетті. Тексеру, зерттеу барысында қылмысты іске қатысты деген заттар кедендік қызметкерлер тарапынан тәркіленуге жатады. Айыпкердің үй-мүлкін зерттеу барысында фото, киноға түсіру құралдары пайдалануы мүмкін. Айыпты тұлғаның үй-мүлкін зерттеу қорытындылары міндетті тұрде хаттамаға түсірілуі тиісті. Айыпты тұлғаның үй-мүлкін зерттеу барысында кедендік қызметкерлермен айыпкер түрған жер де тексеріледі. Дегенмен, жергілікті жерді тексеру екі жағдайда жүргізіледі.

1. Егер айыпкер тұлғаның барлық құжаттары Қазақстан Республикасы кеден қызметкерінің қолында болған жағдайда;

2. Кедендік ережені бұзушы тұлғаның өзінің келісімі бойынша; Айыпты тұлғаның үй-мүлкін зерттеу барысына куәгер мамандар қатыстырылуы қажет. Айыпкердің үй-мүлкін зерттеу барысында оның қылмысын айғақтайтын мәліметтер де қажет. Айыпталушы тұлғаның айыбын дәлелдеуші тұлға алдын-ала сүралып, айыпталушы тұлғаның заттары туралы одан түсініктер алынады, Бұл туралы да хаттама жазылады.

Кедендік ережені бұзу жөнінде осы мәселе бойынша (экспертиза) жүргізілуі де мүмкін. Бұл іс (экспертиза) кедендік үйымның арнаулы қаулысы арқылы осы істі жүргізушінің аты, қызметі көрсетіліп барып іске асуы керек. Эксперт жүргізуші жеке тұлғаның мамандығы, оның дәрежесі де көрсетілуі қажет. Экспертиза жүргізуші тұлға Қазақстан Республикасы Кедендік қызмет ережесіне сәйкес жауапқа тартылушы адамның (тұлғаның) қол қою мәнерін, жазу үлгісін, сонымен қатар заттардың табиғаты жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Бұл процестік әрекет жөнінде осы іске араласқан тұлғалардың аты көрсетіліп хаттама жазылады. Қылмыстық іс жөнінде экспертиза жүргізу туралы шешіммен айыпкер жағы өндірістік іс аяқталғаннан кейін танысуы да мүмкін. Айыпкер қосымша экспертизалық жұмыстар жүргізілуін талап етуге құқы бар. Бұл мәселе бойынша кедендік бекет басшылығының шешімі қабылданып, тек одан кейін ғана жүзеге арттырылады. Қылмыстық істі анықтауда қолданылған әрекеттердің нәтижесі оң көрсеткіш бермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Кедендік ұйымының ережесіне сәйкес жауапты тұлғаның қаржылық-шаруашылығын тексеру (ревизия) ұйымдастырылуы мүмкін. Тексеруге үйымдастырылған топ Қазақстан Республикасы Кеден ұйымының арнайы шешімі арқылы іске асырылады. Тексеру қорытындысы туралы мәліметтер айыпты адамға бес күн аралығында хабарлануы тиісті.

Тексеру барысы Қазақстан Республикасы Кеден ұйымының ережелеріне сай жүргізілуі қажет. Тексеру қорытындысы туралы хаттама толтыру міндетті деп саналады. Хаттамада мына төмендегі нәрселер көрсетілуі керек:

1. Тексеру объектісінің аты;

2. Тексеру объектісінің орны, уақыты;

3. Іс-әрекетке қатысқан адамдардың аты, тегі және айыпты адамның (тұлғаның) шет тілін меңгеруі туралы мәліметтер;

4.Қозғалған іс-әрекеттің мазмүны, оны жүргізу барысы туралы мәліметтер;

5. Тексеру қорытындысының нәтижесі.

Сонымен қатар, хаттамада тексеру барысында қолданылған түрлі техникалық түсіру құралдарының қолданылғаны жөнінде ақпарат болуы керек. Хаттамаға қылмысты істі үйымдастыруға байланысты фотографиялық, сызбалық мәліметтер де тіркелуі қажет. Жазылған хаттама тексеруге қатысқан тұлғаларға міндетті тұрде таныстырылып, хаттама жазушы адамның жеке қолы болуы міндетті деп саналады.

Айыпкерді тексеру хаттамасына мынадай қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Хаттамада сонымен бірге айыпты тұлғаның ауызша түсініктемелері де көрсетілуі қажет. Тексеру хаттамасында жасы он алтыдан асқан азаматтарға олардың әкімшілік жауапкершілігі туралы ескертіледі. Айыпты тулғаны сұрау арнайы маманның қатысуымен жүргізілген жағдайда Бұл тұлғаларға мәселенің жайы туралы ақпарат берілгені көрсетілуі тиісті. Сонымен қатар, хаттамада айыпты тұлғаның өзінің құқы жөнінде түсініктер берілгендігі туралы мәліметтер нақтылануы керек. Айыпкерді тексеру соңында ол толтырылған хаттаманың әр бетіне өзінің қолын қоюға міндетті. Айыпкер хаттамаға оны толтырушы қызметкермен қатар қол қояды.

Егер хаттама тілмаш арқылы толтырылса, онда оның әр бетіне және соңына аудармашының қолы да қойылуы қажет. Хаттама эзірлеу барысында мамандар қатысқан жағдайда көтерілген мәселе бойынша олардың пікірлері де көрсетілуі керек. Тексеру қорытындысы бойынша жасалынған хаттама айыпты адамның қолымен нақтылануы керек. Жасалынған хаттамаға айыпкердің және куәгердің қол қоюға ниеті болмаған жағдайлары да хаттамада көрсетілуі қажет;

Хаттаманың Қазақстан Республикасы Кедендік ұйымының ережесіне сәйкес көшірмесі айыпкердің қол қоюы арқылы оның өзіне тапсырылады.

Сонымен бірге, хаттама көшірмесі мынадай айыпты азаматтарға жіберілуі мүмкін:

1. Қылмысты адамнан заттарды, құжаттарды алу жағдайында;

2. Мүліктерге және транспорт құралдарына пайдаланбау туралы шешім шығарылғанда;

3. Қылмысты адамның мекен-жайына кедендік зерттеу жұмыстары нэтижесі бойынша.

д) Кедендік ережелердің бүзылуы туралы істерді жоғарғы үйымдарға жіберу тәртібі

Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы мәлімет осы үйымның басшылығына хабарланып, қылмыстық істің мән жайы көрсетіледі: бүндай жағдайда процестік іс-әрекеттің мынадай процестік мерзімдері сақталуы қажет:

1. Жеке тұлғаның ережені бұзғаны туралы мәлімет оған 15 күн көлемінде, ал мекемелерге 1 ай барысында хабарлануы керек;

2. Қылмысты істің аяқталуы туралы мәліметтер үш күн мерзімінде тиісті адамдарға жіберілуі міндетті.

Кедендік бақылау комитеті лауазымды адамдарының өз құзіретінің шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу бойынша тексерулер жүргізуі

Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган лауазымды адамдарының (бұдан әрі - Агенттіктің лауазымды адамдары) өз құзіретінің шегінде кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын, кеден және басқа да мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлықты және өзге де кұқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу бойынша тексерулер жүргізуі ережесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізушілік кодексі мен Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының аталған мәселелер бойынша өзге де заңнамаларына сәйкес эзірленді. Тексерулер жүргізудің мақсаты:

1) кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын анықтау, жолын кесу;

2) кеден және басқа да мемлекеттік органдары лауазымды адамдарынын тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлықты және өзге де құкык бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу.

Мүмкін болатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды көрсететін деректер тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады. Мұндай деректер статистикалық ақпаратты, кедендік декларацияларды және кеден мақсаттары үшін қажетті басқа да құжаттарды талдауды жүзеге асыру нәтижесінде алынуы, не дербес немесе құқық қорғац және басқа де мемлекеттік органдармен бірлесіп арнайы және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қазақстандық және шетелдік тұлғалардың, бүқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларында және өтініштерінде, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан, шет мемлекеттердің құзіретті органдарынан, халықаралық ұйымдардан келіп түскен материалдарда болуы мүмкін.

Тексеру кеден ісі мәселелері жөніндегі уэкілетті органның басшысы немесе оның орнындағы адам (бұдан әрі - Агенттік басшылығы) бүйрығының негізінде жүргізіледі.

Тексеру жүргізу үшін Агенттік басшылығы қол қойған, елтаңбалық мөрмен расталған, Агенттіктің Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі департаментінде Нұсқамалардың есебін жүргізу және тіркеу кітабында (2-қосымша) тіркелген және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Тіркеуші орган) тіркелген, белгіленген нысан бойынша Нүсқама (1-қосымша) ресімделеді.

Тексеруді Агенттік департаменттері мен басқармаларының лауазымды адамдары жүргізеді. Қажет болған жағдайда кеден ісі мәселелері жөніндегі уэкілетті органның басқа да құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүмылдырылуы мүмкін. Бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарының негізінде тексеру құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Тексеру жүргізу орны мен уақыты

Тексеру күндізгі, ал қүдық бұзушылықтар фактілерін уақтылы анықтау кідіріссіз іс-шаралар өткізуді қажет ететін жағдайда түнгі де уақытта, кедендік бақылау аймақтарында, кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары түрған жерлерде Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Тексеру жүргізудің ұзақтығын Агенттік басшылығы белгілейді, бірақ Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 59-тарауына сәйкес 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Тексеру жүргізудің нысандары мен тәртібі

Тексеру жүргізу үшін кедендік бақылаудың Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 57-тарауында көзделген нысандары мен тәртібі пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 70-тарауына сәйкес қызметтік қажеттілік жағдайларында Агенттік лауазымды адамдарының оқпен ататын қаруды, арнаулы техникалық құралдарды және қызметтік-іздестіру иттерін қолдануға құқығы бар.

Тексеру жолсыздықтардың алдын алу жөніндегі жедел шараларды қабылдау қажеттілігінен туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ жолсыздықтарды тікелей оларды жасау сэтінде анықтаған және дәлелдерді бекіту үшін қауірт іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау туралы нүсқама Тіркеуші органға келесі жүмыс күнінің ішінде беріледі.

Тексеру барысында қылмыс және құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдары қажет болған жағдайда одан әрі іс-жүргізушілік әрекеттер жүргізу үшін жақын жерде орналасқан кеден органына апарылады.

Тексеру нәтижесінде алынған ақпараттар құпия болып табылады және тек кеден мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

Агенттік лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі іс-әрекеттері оған қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаға заңсыз зиян келтірмеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі лауазымды адамдарының өз қү_зіретінің шегінде кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын, кеден және басқа да мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлықты және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу бойынша тексерулер жүргізуі ережесін бекіту туралы» бұйрығының жобасына анықтама-негіздеме.

Аталған Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі лауазымды адамдарының өз қүзіретінің шегінде кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын, кеден және басқа да мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлықты және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу бойынша тексерулер жүргізуі режесін бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес, өз қүзіретінің шегінде кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды, есірткі құралдарының және айналымнан алынған басқа да заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасын, сыбайлас жемқорлықты және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу мақсатында эзірленді.

Тексеру сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аталаған заңнама сақталмайды не толық көлемде сақталмайды деп тануға негіздер болған жағдайда жүргізіледі. Аталған бүйрықты қабылдау қаржылық шығындарға әкеп соқтырмайды.

Наши рекомендации