Ияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Қияр (лат.Cucumis sativus)-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5м-дей.Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.

Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейде шоқпарбас тәрізді орналасқан.
Қияр – ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кг/м2, ал 50-60кг/м2 мүмкін өнімділік.

2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 ц/га) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде –қиярдың өнімділігі 2500 ц/га. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мың га жерде өсіреді.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін – 9-12 тәуліктік көк түйнегін – жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.

Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мг/л) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.

Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.

Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы – 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.

Аталық гүлдер ашылғаннан кейін аналық гүлдер пайда болады. Олар бүйірлік бірінші және екінші реттегі сабақтарда орналасады. Негізгі сабақты шеку (шырпу), бүйірлік өркендердің құрылуын тездетеді де, ерте өнім алуға ықпал жасайды, ал шырпылған өсімдіктердің жинақтылығы оларды бір алаңда көбірек орналастыруға мүмкіндік береді де, жалпы өнімді молайтады.

Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.

Жемістердің пішіні әртүрлі – шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады. Сұрпына байланысты түсі сүттей ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі – сұрпына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді, оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей ақтан күңгірт қоңырға дейін өзгереді, кейбір сұрыптарының тұқымдары торлы болады. Тұқымдары ұзынша эллипс пішінді, сәл сарғылттау. Мың тұқымының массасы 16-25 г.

Қияр – қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары – Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағ күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный -9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13оС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10оС өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде – 18-ден 20°С дейінгі жылылық. Мұндай температурада өскіндер 4-5°С тәулікте пайда болады, 5-6 тәуліктен кейін, аналық типтес сұрыптардың қолтығында алғашқы жапырақтар пайда болады, бірақ олар кешірек пайда болады, көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәулік өткен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сұрыптарда 9-12 тәулікте, орташа мерзімде пісетіндерде – 12-16 тәулікте көк түйнектері технологиялық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сұрыптарда қиярдың алғашқы жиналуы, өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.

Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.

Танапта, кейде булыжайлар мен жалдарда өсірілген қиярда, жиі түйнектің қабығының, кейде мәйегінің де ащы дәмі болады. Ащылық, түйнектің қабығындағы ақуыздық қосылыстардың өнімдерінің ыдырауынан пайда болған глюкозидтердің көп болуына байланысты. Бұл әдетте жапырақта ылғал мен қоректік заттардың (негізінен азоттың) жеткіліксіздігінде, жемістердің күн көзімен күшті жарақтанғанында (сирек егістерде), сондай-ақ жеміс байлануының соңында байқалады. Қиярдың ащылануы – тұқым қуалаушылық құбылыс және өсімдіктің сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты.

Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен жапырақ беті бар, ал оның тамырының негізгі бөлігі топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатында орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі болғанын тілейді, топырақтың ылғалдылығы 80-90% болуы керек. Ауаның оңтайлы салыстырмалы ылғалдылығы – 85-95%. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Бірақ ең дұрысы құнарландырылған, қарашіріндіге бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды жедел сіңіреді. Өсуінің алғашқы 2 аптасында азоттық қоректің мол болғанын, сосын гүлденгенше – азотты-фосфорлы, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғанын тілейді.[12]

КӨШЕТ– ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас өсімдік. Көшетті жылыжайда, парникте өсіріледі. Көшеттерді күзде немесе көктемде алу қажет. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м-ге жауып, жақсылап су себеді Шымтезек қарашірікті топырақта өсірген Көшеттің сапасы жақсы болады. Көшеттен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т.б.) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 – 1,5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. Көшет өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі шаруашылықтарында техникалық, дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады.‎ Қорғаулы жерлерде көшеттердi өсiру жəне дайындау оны өсiру тəртiптерiне байланысты болып келедi, ал егер осы тəртiптер сақталмаған жағдайда көшеттердiң сапасының нашарлауына, нəтижесінде ашық жəне қорғаулы жерлерде өсiмдiктiң өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне жəне түсiм шығынына əкеледi. Топырақты дайындау 25-27 см тереңдікте сүдігер жүргізеді. Бұдан соң – 10-12 см тереңдікте, тырмалаумен қатар қобысыту. Көктемде тек егіс тырмалауын ғана жасайды, негізінде екі рет. Қажеттілік болған кезде сонымен қатар алаңды түзету жүргізіледі. Көшетті өсіру.

Саттық өнімнің айтарлықтай жоғары өнімін алу үшін, будандарды көшет арқылы кассеталарда немесе текшелерде өсіру керек. Көшет 21-25 күндік болу керек. Субстратты дән егер алдында бірнеше күн бұрын дайындау керек. Дәндер 15°С топырақ температурасы кезінде көгеріп шыға бастайды. Олардың өсуіне оңтайлы температура 25-30°С болып табылады. Бірінші суаруды жүйелік фунгицид ерітіндісімен жүргізу керек.

Өсімдікті отырғызу және күтім үшін бұл ретте егудің кез келген сызбасын пайдалануға болады, мысалы: 240+40×100 см (отырғызудың ленталық әдісі) немесе 140×100 см (кеңқатарлы отырғызу әдісі). Көшетті дайындалған жерге қолдан немесе көшетотырғызушы машинаны пайдалану арқылы егеді.

Наши рекомендации