Ылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

· тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

· жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

40. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар

Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.

Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.

Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.

«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда - »меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады.

Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол — тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.

Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді.

41.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі

· Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

· Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүрістұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.

· Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері – бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

· Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақылармен немесе жәрдемақылармен қамтамасыз ету туралы нормалардан тұратын құқық.

· Әлеуметік қамсыздандыру бұл қағидаға тек еңбек пен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес,сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да(мысалы жетім балалар,мүгедектер,жұмыс істемеген азаматтардың да әлеуметттік зейнетақы алуға құқығы бар)зейнетақы алу құқығына ие болатынын көрініс табады.

· Сонымен қатар,жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес,соған қоса,егер заңдарда және халықаралы шарттарда өзгеше көзделмесе,ҚР аумағында тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ жететіндік көрініс табады.Әлеуметтік қамсындандырудың қол жететіндік қағидасы әлеуметтік қамсындандырудың жекелеген түрлерін тағайындау,беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан өз көрінісін табады..Әлеуметтік қамсындандырудың бүкіл жүйесі адамға әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейілінше жақындау үшін құралған

42.ҚР сайлау жүйесі және сайлау құқығы

· Сайлау, сайлау жүйесі және сайлау құқығы түсінігі.

·

· Сайлау референдуммен қатар халық билігін білдірудің фор­ма­сы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, консти­ту­цияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекі­ті­ле­ді. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады.

· Сайлау науқаны (өзіне сайлау округтерінің, учаскелерінің құрылуын, сайлаушылар тізімдерін жасау мен тексеруді, сайлау комиссияларын құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдын­дағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген бел­гілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйе­сін құрады.

· Әлем мемлекеттерінде 2 сайлау жүйесі: үйлесімді (пропор­цио­налды) және мажориторлы (нақты округте көпшілік дауыс алған партия өкілдері ғана сайланғандар қатарына енетін сайлау жүйесі) жүйе өмір сүреді.

· Мажоритарлық жүйе кезінде депутат тіпті округтегі сайлау­шылардың аз бөлігінің даусына ие болуы мүмкін: кімнің кан­ди­даты көп дауыс жинаса сол сайлаушылар ғана өкілдерге ие бола­ды.

· Пропорционалды жүйе кезінде барлық сайлаушылардың Парла­ментте өз өкілдері болады.

· Мажоритарлық жүйенің: абсолютті көпшілік және салыс­тыр­малы көпшілікке бөлінетін 2 ішкі түрі бар.

· Мажоритарлық жүйе кезінде, егер бірінші сол сияқты екінші турда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50%-дан көбі қатысса, абсолютті басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер сайлауға қатысқан сайлаушылардың 50%-дан артығы оны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі.

· Мажоритарлық жүйе кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлау­шылардың санына қатыссыз түрде, салыстырмалы басым көпші­лікпен сайлау өткен болып саналады; егер оны жақтап, сайлау­шы­лар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25%-дан астамы дауыс берсе, мұндай жағдайда, басқа үміткерлерге қарағанда сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып саналады.

· Қазақстанда абсолюттік басым көпшілікті мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады.

· Жоғарыда баяндалғандардан, қоғамдық қатынастарды рет­теу­ші, сайлауға әзірлік пен оны өткізу барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы – сайлау құқы сияқты конс­ти­туциялық дербес құқық институтын бөліп көрсетуге бола­ды.

·

· Сайлау құқығының негізгі қағидалары: 1. Жалпыға бірдей сайлау құқығы. 2. Тең сайлау құқығы 3. Төте сайлау 4. Жанама сайлау 5. Жасырын дауыс беру. 6. Еркін дауыс беру

·

43.Әкімшілік іс жүргізу

· Бір іс жүргізуде немесе бірнеше қылмыстарды жасағанында,қатысқандығына бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істер,сондай-ақ бұл қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жақсырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөніндегі істер біріртіруі мүмкін.Егер ол істі тергеу мен шешудің жан-жалдығана, тұтастығына әсер етпесе,қылмыстық,істерді бөлектеуге рұқсат етіледі.

· Істі бөлектеу қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде жүзеге асырылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.Өаулыға түпнұсқада немесе көшірмесінде бөлектенетін материалдардың тізбесі қоса берілуі тиіс.

· Сотта қылмыстық іс бойынша іс-жүргізу,егер айыптауісі бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендігіне,ҚР тысқары жерлерде іс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен ьолық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.

· Қылмыстықіс боайынша іс-жүргізу оны тоқтатуға негіз болған жағдайлар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.Әлгі жағдайлар жойылған соң анықтаушының,тергеушінің немесе соттың қаулысымен ол жаңыртылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі тоқтата тұру туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.

· ҚР әкәмшілік іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі,алқажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

· Әкімшілк іс жүргізу қатысушылар тараптар хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде онымен танысуға және айғақтардың хабарламалардың мұрақтар мен жауаптардың жіберілген бұрмалануын сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралыіске қатысты болған мән-жайларды мазмұндаудың толымсыздығын көрсетіп жазбаша ескертуін беруге құқылы.

44. Еңбек құқығы – құқық қайнар көзі ретінде

· Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].

· О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек құқығында – еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта – мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді [18].

· Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.

· ҚР Еңбек кодексі еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау қатынастарын ұжым аясында шектемейді. Онда еңбек құқығының зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастардың кең түсіндірмесі мазмұндалған.

· Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.

· Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.

· «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.

· Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.

· «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.

· Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында еңбекке төленетін ақы қызметкер еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық әдісі тән емес. Азаматтар материалдық қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды

45.ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі Прокуратура

· Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

· Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.
Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.

46.ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Наши рекомендации