ШаруашылыҚ жӘне жалпы табиҒи-климаттыҚ сараптама

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу тікелей жер реформасын жүргізу мен және мемлекет нарықтық қатынасқа түсумен байланысты. Қазақстан Республикасында Жер заңында жер тиімді және рациональды пайдалануға және апарат әрекеттерін қорғауға көп мән беріледі. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызы артады. Жерге орналастыру қызметі органдары жерді ведомствалық басқарудың ішінде ерекше орын алады. Олар жер қорын жалпы басқарудың функциясын жүзеге асырады. Жерге орналастыруға жерді эконикалық, құқықтық және биологиялық қорғау жер пайдалану мен қорғауға күнделікті бақылау және бағалау табиғи ресурс ретінде, қайта өңделу жүктелген.

Жерге орналастырудың басты мақсаты, жерге орнатылған тәртіптерді ойдағыдай орындап ауыл шаруашылық бірлестіктерінде белгіленген тапсырманы орындауы, аз шығындар жұмсап, көп өнім алу. Уақыт пен өнімді жеткізу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін шешу.

Жерге орналастырудың негізгі мақсаты, шешімі әрбір алаптардың тиімді толық пайдалану, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру, машина, трактор алаңдарын тиімді пайдаланып уақыт пен ресурстарды үнемдеу. Жерге орналастыруда келесі мәселелер қарастырылады:

- Топырақты құнарландырып, оның құнарлылығын жоғарлату;

- Топырақты эрозиядан қорғау, жою;

- Жаңа дәнді дақылдың ландшафтын құрып, бұрынғыларын әрі қарай сақтап, еңбектің жағдайын жақсарту;

Қазіргі кезеңде облыс орталықтарында жобалау институттарының жергілікті бөлімдері жерге орналастыру экспедициялары жұмыс істейді және әрбір аудан орталықтарында жерге орналастыру қызметін атқаратын мамандар мекемесі қолға алған. Олардың негізгі қызметіне мына жұмыстар кіреді:

1. Бұрыннан жұмыс істеп жатқан және жаңадан құрылған кәсіпорынның

жерді иелену мәселесін дұрыс шешу, олардың шекарасын дұрыс белгілеп беру;

2. Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру мәсеселерін шешу мұндағы ауыспалы егістіктің, шабындық пен жайылымның ұтымды пайдалануын және олардың топырағының тозбауын бақылау;

3. Ауыл шаруашылық және басқа саланың мұқтажына жарамды жерлерді іздестіру;

4. Жерді бөліп беру;

5. Қалалар мен ауыл мекенінің шекарасын белгілеп, оны түзетіп отыру және тағы басқа.

Жер қашанда халықтың өмір сүруі, тіршілік негізі болуымен қатар, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы, әлеументтік – экономикалық дамудың аумақтық базисі болып табылады. Жер ресурстарының ерекшелігінен де, еліміздің мемлекеттік саясатында бұл басты мәселе болып қала бермек.

Қазақстан Республикасының жер қорының көлемі 272,5 млн. гектарды құрайды. Жер қорының 34% ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына және 43,9% арнайы жер қорына кіреді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы алқаптырының жағдайы бүгінде өте күрделі күйінде қалып отыр. Сондай-ақ әр түрлі топырақ және өсімдік қабатымен сипатталады. Тәуелсіздік жылдары қабылданған заңдарға сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптары жағдайының сапасына үш рет тексеру жүргізілді. [3]

Ең күрделі қиын міндет, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын құрғанда орман қорғау қасиеттер жүйесін жасау. Сондай жүйе топырақтарды су және жел эрозиясынан қорғау кешендік шаралар мәні болып табылады.

Алаптарды ұйымдастырудың негізгі талаптары:

- табиғи ұйымдардың негізгі талаптарын сақтау;

- эрозия процестерін тоқтату, ландшафтты жақсарту;

- мамандандыру саларын орналастыру;

- мал шаруашылығына мал азығын дайындау;

- минимум транспорттық шығандар және өнімді шығынсыз сақтау;

- минимум күрделі қаржыны жұмсау.

Жерге орналастыру жоғарыда аталған тапсырмаларды бір-бірінен ұзақтылығымен оларды құру әдістерімен ерекшеленетін түрлі жобалар, схемалар, болжамдарды құру жолымен шешіледі.

Қазақстан Республикасында барлық жерге орналастыру жұмыстары МҒӨО жүйесінде жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалау инститтутарымен жүргізіледі. Сондай-ақ стационарлы жерге орналастыру қызметімен жүргізіледі.

Жерге ораналастыру қызметі аудан, қала, облыстардың бас маманының басқаруымен жер ресурстарын басқару комитеті жүйесімен құрылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіреді. Бұл органдар біздің мемлекетімізде жер ресурстарын басқарудың негізгі органдары болып табылады.

Біздің республикамыздың табиғи және экономикалық аймақтары әр түрлі, бір – бірінен климаты арқылы ерекшеленеді. Әр түрлі табиғи – экономикалық аймақтарда жерді пайдалану бірдей емес. Жерге орналастыру жобалары мелиорация, орман шаруашылығы және тағы басқа облыстық, республикалық жер қорларын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану жер қорларының категориялары бойынша бөлгенде экономикалық қорғауға септігін тигізеді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі. Шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау ақылы негізде жүзеге асырылады.

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ САРАПТАМА

Наши рекомендации