Азақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ осы тарауда қолданыстағы статистикалық көрсеткіштер жүйесін, қолданыстағы мемлекеттік даму бағдарламаларын талдау және мониторингін, елдің шарттарында қолданылатын халықаралық тәжірибені ескере отырып,сондай-ақ, Қазақстан қоғамының даму басымдықтарын ескере отырып, жасалған Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасы өлшеудің өзекті индикаторларының жүйелендірілген тізбесін ұсынады.
Халықаралық әдістемелерде қолданылатын өмір сапасының факторлары және көрсеткіштері алдыңғы тарауда қарастырылды.
Олардың кейбірі объективтік мән-жайларға байланысты Қазақстандық шарттарда қолдануға келмейді, алайда Қазақстандық статистикалық жүйеге бейімделген бола отырып, көрсеткіштердің көпшілігі өмір сапасын анықтау үшін табысты қолданылуы мүмкін.
Өмір сапасының ұсынылатын көрсеткіштерінің тізбесінің анықтамасы халықаралық зерттеулермен ұқсастықтарға сүйене отырып және жалпы адам құндылықтарына негізделе отырып пайда болды, осының негізінде негіз ретінде Адамның даму әлеуеті индексінің төрт принципі алынды:
1. табысты және экономикалық өсуді арттыруға бағытталған тиімді қызмет нәтижесі ретінде өнімділік;
2. қабілеттерді іске асыруда және ізгіліктерді пайдалануда мүмкіндіктер теңдігі ретінде түсінілетін теңдік;
3. тек қана қазіргі емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтарға өркениет мүмкіндіктеріне қол жетамділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақтылық;
4. даму тек қана адамдардың мүдделерінде емес, сондай-ақ, олардың күш-жігерімен жүзеге асырылатындығын болжайтын мүмкіндіктерді кеңейту.
Өмір сапасын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында тамақтанумен, тұрғын үймен, киіммен қамтамасыз етілу деңгейі, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесі сияқты негіз қалаушы санаттар ұсынылады. Бірге алынған олар сапалы өмір эталонын аман-сау және ұзақ өмірді, кең және қолжетімді білім, дамыған инфрақұрылым, қаныққан қоғамдық және мәдени өмір және т.б. көрсетеді.
Ұсынылған көрсеткіштердің көпшілігі хабарланғандай бүгінде Қазақстанның министрліктері және ведомстволары есептейді және көрсеткіштер әртүрлі салаларда қолданылады. Бұл әртүрлі салаларда Қазақстанның дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің жеткілікті болуы себебінен жасалған, олардың оның азаматтарының өмір сапасын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай тәсіл арнайы көрсеткіштерді әзірлеу қажеттігі болмауына байланысты өмір сапасы индексін іс жүзінде есептеу міндетін оңайлатады.
Жіктеу мақсатында «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» қажеттіліктер иерархиясын анықтайтын және адамның барлық қажеттіліктерін маңыздылығы дәрежесі бойынша мынадай 5 санаттарға бөлетін Маслоудың «Уәждеме және жеке тұлға» [21] негіз қалаушы теориясына сүйенеді:
1. Физиологиялық: аштық, шөлдеу, жыныстық құштарлық және т.б.;
2. Қауіпсіздікке қажеттіліктер: ыңғайлылық, өмір шарттарының тұрақтылығы;
3. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыстар, қарым-қатынас, тәуелділік, өзгелер туралы ойлау және өзіне назар аудару, бірлескен қызмет;
4. Мәртебе: өзін-өзі құрметтеу, басқалар тарапынан құрмет, мойындау, табысқа және жоғары бағаға қол жеткізу, қыметтік өсу.
5. Рухани: таным, өзін-өзі өзектендіру, өз ойын білдіру, өзін-өзі сәйкестендіру,
Оңайлату мақсатында көрсеткіштерді қажеттіліктердің мынадай 3 тобына біріктіру ұсынылады:
1. Негізгі тән қажеттіліктері;
2. Рухани қажеттіліктер;
3. Әлеуметтік қажеттіліктер.
Өз кезегінде, «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ қажеттіліктердің негізгі топтарын негізгі көрсеткіштері 68 индикаторлармен өлшенетін 13 кіші топтарға бөлудіұсынады.
Индикаторлардың кіші топтары өмір сапасының көрсеткіштерін халықаралық жіктеумен сәйкес келеді және жалпы қазақстандық көрсеткіштердің қолданыстағы құрылымына сәйке келеді. Бұл ретте олар адамның даму дәрежесін сипаттайтын салалардың ең жоғары санын қамтиды.
Маңыздылығы бойынша бірінші «Денсаулық» санаты анықталды.Халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық даму және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдер және қызметтер жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің және т.б. маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығын жақсарту саласындағы қол жеткізуді көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау осы топта болды. Ана және нәрестелер өлімі көрсеткіштері сондай-ақ, осы топтың маңызды құрамдауыштары болып табылады. Қазақстандық нақты өмірді ескере отырып, топқа сондай-ақ, құрт ауыруы сияқты ауру бабы енгізілген, ол бойынша Қазақстан Әлемдегі алғашқы орындардың бірін алады.
Халықаралық тәжірибені бағалау кезінде адамдардың тамақтану сапасын анықтайтын көрсеткіштерді анықтау кезінде аштық проблемасы Қазақстан үшін өзекті болып табылмайтындығын ескеру керек, бірақ бұл ретте әлі де табыстар деңгейі әртүрлі халықтың энергияны тұтынудағы поляризациялау проблемаса бар. Сондай-ақ, энергияны тұтынудағы өңірлік саралану сақталады. Осыған байланысты қазақстандықтардың тамақтану сапасын бағалау үшін ҚРСА есептелетін «орташа халықтың жан басына тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы» көрсеткішін пайдалану ұсынылады (ккал/күніне). Бұдан өзге, перспективада тұтынылған тамақ өнімдерін де алынбаған микроэлементтер (жабық аштық) деңгейін өлшеу үшін тиісті көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу қажеттілігі бар, сондай-ақ, белгілі бір өнімдерді тұтыну тұрақтылығын бағалайтын көрсеткіштер болуы мүмкін.
Тұрғын үй шарттарынсипаттау кезінде халықаралық статистика ең алдымен тұрғын үй иесін бөліп көрсетеді. Осы мақсатта барлық тұрғын үй қоры жеке, жалдамалы және муниципальды болып бөлінеді. Ал атап айтқанда, тұрғын үй сапасын зерттеу кезінде қабаттар бойынша, қабырғалардың материалы бойынша, төбелердің биіктігі бойынша, оның коммуналдық-тұрмыстық жабдықтармен жабдықталу дәрежесі бойынша топтамалар пайдаланылады. Меншікті тұрғын үй үшін оған тиесілі жер учаскесінң көлемі көрсетіледі. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жалпылама сипаттау үшін белгіленген стандартқа жауап бермейтін тұрғын үйлерде тұратын халық саны және жалпы халық санындағы оның үлесі; бір тұрғынға келетін бөлмелер саны сияқты көрсеткіштер қолданылады. Бұл ретте батыс елдеріндегі тұрғын үймен қамтамасыз етілу стандарты бір тұрғынға бір бөлме оған қоса жалпы бір бөлмені болуы ұсынылады. Біздің зерттеу үшін 1 адамға келетін тұрғын үй ауданы/бөлмелер саны; тұрғын үйдің суық және ыстық сумен, кәрізбен, газбен қамтамасыз етілуі, пәтерледің орташа көлемі сияқты тұрғын үй сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады.
Халықтың ұзақ мерзімді пайдалануға арналған әртүрлі заттармен қамтамасыз етілуінекелер болсақ, онда халықаралық статистика орташа 100 отбасыларға, немесе халықтың 1000 адамына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттар санын есептейді. Халықтың азық-түліктік емес тауарларды тұтыну сипаттамасы халықтың жан басына осы тауарларды орташа жылдық тұтыну көрсеткіштерін анықтау жолымен жүргізіледі. Біздің жағдайда халықтың жан басына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған сатып алынатын тауарлар (автомобильдер, жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, компьютерлер және т.б.) санын өлшеу ұсынылады.
Халықтың ақылы қызметтерді сатып алуға шығындар үлесі– өсуі біздің көрсеткіштер жүйесінде теріс қабылдануға, ал төмендеуі тиісінше өмір сапасын жақсартуды сипаттауға тиіс көрсеткіш. Бұл қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер және көлік және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге алаңдаушылығы, ал осы екі бап ақылы қызметтерге барлық шығындардың шамамен 70%-ын құрайтындығымен, адамдардың өзінің өмірінің басқа да сапалық сипаттамаларын жасқарту мүмкіндігінің азаюына байланысты.
Халықаралық зерттеулерде көлікпен қамтамасыз етілу санаты және олармен байланысты қызметтер үлкен қалалардың көліктік қамтамасыз етілуін анықтауға елеулі дәрежеде шоғырланған. Бұл дамыған елдердегі халықтың үлкен тығыздығымен және қарбалас кезінде жұмыс орындарын және үйлерге барудың қиындығымен байланысты. Қазақстандық жағдайда өзгеше көрініс көрсетіледі: халықтың төмен тығыздығына байланысты, елдің барлық елді мекендерін тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етумен және жоғары салыстырмалы көлік шығындарымен байланысты қиындықтар бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында анықталған үш көрсеткіш таңдап алынды:
1. Елді мекендердің тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілу;
2. Соңғы өнім және қызмет құнындағы көлік құрамдауышы;
3. Жолаушылар айналымының өсуі.
Коммуникацияларқұралдарына келер болсақ, елдің интернетті пайдаланушылармен және ұялы телефондарды пайдаланушылармен толығуы қоғамның техникалық дамығандық дәрежесін сипаттайды.
Қоршағанортаның жай-күйіадамдар өмірінің сапалық сипаттамаларына тікелей әсер етеді. Сондықтанбұл көрсеткіштің салмағы үлгіде тиісті мәнге ие болуға тиіс. Ұсынылған көрсеткіштер қоқыс өңдеу үлесін сипаттайтын көрсеткішін қоспағанда қазіргі уақытта бар - бұл елдегі жаңа, бірақ үлкен перспективасы бар. Қазіргі заманғы энергетиканың маңызды үрдісі оның өндірісінің балама көздерінің дамуы болып табылады, сондықтан көрсеткіш тізбесіне балама көздерімен электр энергиясын өңдеу үлесін енгізуді ұсынамыз, өйткені үлесті ұлғайтуэкологиялық жағдайға тікелей әсер етеді.
Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасы – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі факторына айтарлықтай әсер етеді және қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғам «рухани байлығын» құра отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның дамуына және жалпы қалпына келтіру процесінің тиімділігінің өсуіне маңызды алғышартты білдіреді. Бұдан өзге оқу жылының саны және отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар жүргізетін оған кететін шығындар туралы деректер негізінде белгілі бір күнге жиналған білімдер әлеуетін анықтауға болады. Бұл толық шамада қоғамның мәдени деңгейінежатады – адамның рухани дамуы жоғары болған сайын оның өмір соншалықты сапалырақ және толыққанды болады. Сондықтан қоғамның рухани дамуының сапалық сипаттамаларын анықтау мақсатында білімділік дәрежесін және қоғамның мәдени дамуын анықтайтын көрсеткіштер ұсынылды.
Әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылуын сипаттаумақсатында бүгінде қолда бар көрсеткіштерді пайдаланумен қатар жаңа көрсеткіштерді әзірлеу ұсынылады.
Мәселен, еңбек шарттарын сипаттау үшін өндірісте зардап шеккен және өлімге әкеліп соққан өндірісте зардап шеккен адамдардың саны (жұмыс істейтін 10 000 адамға) сияқты көрсеткіштерді пайдалану болжанады.
Демалыс шарттарын бағаланатын кезеңде демалып жатқан қазақстандықтар санының екі сандық көрсеткіштері және Қазақстанның туристік тартымдылығын сипаттайтын бір жанама сандық көрсеткіші көмегімен бағалау жоспарланады.
АДИ мысалы бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілу дәрежесін статистикалық деректер негізінде есептік шамалар көмегімен өлшеу болжанады. Бұл цифрлар ел азаматтарының әлеуметтік қамтамасыз етілуінің орташа/ең жоғары/ең төмен көрсеткіштері арасындағы алшақтықты көрсетуге тиіс:
1. Зейнетақылар және еңбекақының орташа және ең төмен мөлшерлерінің арақатынасы;
2. Балаларға арналған жәрдемақылардың және олардың ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерлерінің арақатынасы;
3. Зейнетақылардың және ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерлерінің арақатынасы.
Қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайМағриб елдеріндегі және Жаңаөзен қ. соңғы оқиғалар тұрғысында биліктің және халықаралық ұйымдардың назарын барынша аудара бастады. Ақпараттық байланыстармен толыққан қазіргі заманғы әлемде қоғамдағы кез келген ауыртпалық жоғары жылдамдықпен таралады. Адамдардың өз өмірінің шарттарын объективті бағалау және оларды басқа да елдердегі, өңірлердегі шарттармен салыстыру мүмкіндігі бар. Сондықтан өмірдің қанағаттандырылмауы (100 мың тұрғындарға өзіне қол жұмсау санымен сипатталады); қоғамның агрессияшылығы (100 мың тұрғындарға кісі өлітіру санымен сипатталады); меншік проблемаларын шешудің сәйкессіздігі (100 мың тұрғындарға ұрлық, қарақшылық және тонау саны арқылы көрсетіледі); отбасылық қатынастардың тұрақсыздығы (1000 некеге ажырасулар саны) және т.б.. сияқты адам және қоғамдық қатынастардың жақтарын өлшеу маңызды. Барлығы бұл бөлімде 1-кестеде ұсынылған 11 индикаторларды пайдалану болжанады.
Өмір сапасының субъективтік индикаторлары.Субъективтік көрсеткіштерсіз өмір сапасының көрінісі толық және объективтік болмайды, ол халықтың субъективтік бағалауларынан қалысптасады. Мұндай тәсіл өмір сапасын әлеуметтану сауалнамалары негізінде анықтауды болжайды. Субъективтік индикаторларды пайдалану - халықтың өмір сапасының шынайы көрінісін алудың қажетті шарты.
Батыс мамандарының арасында субъективтік көзқарасы тұрғысынан өмір сапасының анықтамаларының бірінші әдістемелерінің бірі Л.В. Портер әзірлеген сауалнама болды, оның көмегімен өмір сүру қажеттіліктерінің, әлеуметтік қажеттіліктердің, эго-қажеттіліктер және өзін-өзі іске асыру қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау мүмкін болды. [23]
АҚШ әлеуметтанушылары жүргізген соңғы 20 жылдағы зерттеулер жеке тұлға мәртебесіндегі өмір сапасымен байланысты және жеке тұлғалардың құндылықтарын ашты. Жалпы жағдайда өмір сапасына қатысты мәртбелік индикаторлар мыналардан тұрады.
1. Табыс. Н. Акерман және Б. Палуччидің пікірі бойынша табыс өмір сапасын субъективтік және объективтік өлшеулермен оң байланысты. Сонымен бірге Р. Инглхарт және Дж. Рабьер табыс тек қана өмір сапасының субъективтік құрамдауышындағы өзгерістер бөлігін түсіндіреді деп есептейді. Екінші жағынан, табыспен қанағаттандырылуы дәрежесі және өмірдің стандарттары өмір сапасының субъективтік құрамдауышымен тығыз байланысты.
2. Жұмыстың сипаты. А. Кэмпбелл, П.Е. Конверс және В.Л. Роджерс көзқарасы тұрғысынан жұмыстың сипаты жалпы шамалы үлес береді. Орындаушылар және кәсібилер өмір сапасының субъективтік құрамдауышына ең жоғары бағаларды береді. «Ақ жағалылар» «көк жағаларда» бақыттырақ, бірақ осындай кәсібилерге-өндірушілерге, менеджерлерге, меншік иелеріне ұқсайтын беделді санаттардан шыққан адамдар субъективтік құрамдауыштарды бағалауды айтарлықтай ерекшеленбейді.
3. Білім. Осы мамандар білім өмір сапасымен тікелей байланысты емес екендігін айтады.
4. Жас. Дж. Бреннанның пікірі бойынша жас адамдар өмір сүру орнына қарамастан егде адамдарға қарағанда өмірге аз қанағаттанады. А. Кэмпбелл, А.Р. Херцог, В.Л. Роджерс және Дж. Вудворд есептегендей денсаулықтан басқа өмірдің барлық аспектілерімен қанағаттандырылу деңгейлері адам жасымен бірге өседі. А.С. Мичелостың пікірі бойынша қарт адамдардың өмір сапасын бағалауы тұрғын үй жағдайына және денсаулығына байланысты.
5. Пол. Тендер Б., В. Брайант және Д. Верофф ерлер және әйелдер өмір сапасы субъективтік құрамдауышын: бақытсыздықтар, мойындаудың жетіспеушілігі, қорғансыздық сезімдері, сенімділіктің жетіспеушілігі, тұрақсыздық және күйзелістерді өзін-өзі бағалау барысында бағалаудың сол негізгі санаттарын пайдаланатындығына сенімді.
6. Неке мәртебесі бақытты жалпы бағалаумен байланысты. Р. Инглхарттың және Дж. Рабьердің пікірі бойынша деректер некеде тұрған жеке тұлғалар халықтың өмірмен барынша қанағаттандырылған топтарына, ажырасқандар мейлінше аз қанағаттанғандарға жататындығын көрсетеді. Бұл ретте әйелдер ерлерге қарағанда некеге аз дәрежеде қанағаттанады. Білім некелік өмірдің қанағаттандырылу дәрежесін түсіреді.
7. Ұлт. Ф.М. Эндрюстің және Р. Инглхартың пікірі бойынша халықаралық зерттеулер әртүрлі елдерде өмірмен қанағаттандырылу дәрежелерін бағалауда көп ұқсастықты көрсетеді.
8. Тұрғылықты жер (қала-село). Р.М. Фернандес және Д.С. Кулик есептегендей қалалықтар орташа алғада ауыл тұрғындарына қарағанда өмірге аз қанағаттанады.
9. Денсаулық. А. Кэмпбеллесептегендей, денсаулық қарт адамдар және онымен проблемалары бар адамдар үшін маңызды.
10. Сыртқы келбет. Ол тартымды ретінде бағаланатын адамдардың өзінің өмірін және өзін-өзі сезінуін жоғары бағалайтындығы, бірақ өмірге аз қанағаттанатыны туралы тезисті алға тартады.
11. Әлеуметтік орта. Әлеуметтік ортаның мән елеулі, бірақ оны ұлғайту керек емес. Кемпбелл А., Конверс П. және Роджерс В. әлеуметтік орта аспалылары және өмірдің қанағаттандырылуы арасындағы барынша әлсіз байланыстарды анықтады, ал Ф.М. Эндрюс және С. Витни жастың, тендердің, табыс, білімнің және жұмыспен қамтылудың біріктірілген әсерлері тек қана өмірдің қанағаттандырылуының жалпы дәрежесінің өзгеру бөлігі үшін жауапты болатынын көрсетеді. Өмір сапасына қатысы бар жеке құндылықтар, мақсаттар және перспективалардың жеке қажеттіліктер, ішкі жағдай, материалдық және постматериалдық құндылықтар, сол немесе өзге діни қоғамдастықта мүшелігін сипаттайтындіни факторды қамтитыны дәлелденген. Психологиялық тәсілдер өмір сапасының көзі жеке қажеттіліктердің қанағаттандырылуы екенін көрсетеді.
ҚРСА 2013 жылы өмір сапасын анықтау мақсатында статистикалық бақылау бойынша нысанын енгізуді жоспарлап отыр. Сауалнамада ұсынылған мәселелер айтарлықтай бөлікте осы жұмыста қарастырылған қазақстандықтардың тіршілік қызметінің осы салаларын қамтиды. [30] Үлкен объективтілік мақсатында сауалнаманы меншікті материалдық әл-ауқаттың қанағаттандырылуы дәрежесімен, еңбек шарттарымен, демалыс шарттарымен, азаматтық еркіндіктер дәрежесімен, тек қана көлік емес сондай-ақ, байланыс және коммуникациялар құралдарының сапасымен анықталатын мәселелермен толықтыру ұсынылады. Меншікті қауіпсіздіктің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау кезінде «меншікті ауданмен» шектелмеу, елдімекен/ел деңгейіне дейін қауіпсіздіктің сезілу саласын кеңейту ұсынылады.
Осылайша, халықтың өмір сапасын кешенді бағалауған арналған барлық сипатталған жоғарыда ұсынылатын көрсеткіштер және индикаторлар төмендеі кестеде келтірілген.
Кесте. «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ ұсынатын ҚР халықтың өмір сапасының өлшеудің өзекті индикаторларының жүйелендірілген тізбесі