Ысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін (талдауын) жетілдіру жолдары

Ұйымдағы қорлар материалдық ресурстардың құрамдас бөлігі бола отырып, сұраным мен ұсыныстың сәйкестігін, тауар ассортиментін қамтамасыз етуі керек. Ал өз алдында тауарлар ассортиментін қалыптастыратын қорлардың құралуы, сақталуы мен оларды басқаруына байланысты.Қорлар айналым процессін үзіліссіз қамтамасыз ету үшін қажет.

Қорлар топтамасын сатып алуды оңтайландыру (үйлесімділеу). Шикізаттар мен материалдарды, жартылай фабрикаттарды және тауарларды көп топтамасын сатып алу үлкен немесе көп қорларға және оларды сақтауға кеткен шығындарға әкеледі. Аз мөлшерде сатып алудың жалпы құны өсуі мүмкін, себебі ұйым қаражаттарын тапсырысты орналастыруға, сатып алынған тауарларды қабылдауға,шикізаттың әрбір топтамасын сатып алумен байланысты шоттардың жүруіне және басқа да әрекеттерге жұмсайды. Сондықтан партия көлемін және сатып алатын партия санын жоспарлау қажет, және мұнда қызмет көрсету барысында қорларды сатып алуға, сақтауға кеткен шығындар аз болуы керек.

Мысалы, ұйым келесі жылы 20000 кг шикізаттың белгілі бір түрін сатып алып қолдануы тиіс. Сатып алушы шикізатының франко – қойма бағасы 1 кг 10 теңгеден тұрады. Қорлардың өндірістік орташа жылдық құнында қаттап тастау бойынша шығындар – 20 % - ды, ал қызмет көрсетуде сатып алуға кеткен шығындар әр партия бойынша 1250 теңгені құрайды. Осы мәліметтер бойынша төменде кесте келтірілген, онда қаттап тастау және қызмет көрсету бойынша жыл сайынғы сатып алынатын партиялар санының және партияның әр түрлі мөлшеріне сәйкес көрсеткіштер келтірілген (Кесте – 10).

Кесте 10 – Сатып алынатын партиялардың оңтайлы көлемін анықтау

Көрсеткіштер Жылда сатып аланатын партиялар саны
Партиялар көлемі, кг.
Орташа жылдық қор, кг.
Қордың орташа жылдық құны, тг.
Сақтау шығындары, жылына тг.
Сатып алуда қызмет көрсету шығындары, жылына тг.
Қорлармен байланысты Шығындардың барлығы, жылына тг.
Ескерту – [29, 106 б.] әдебиет көзі негізінде жасалған

Кестеден көріп отырғанымыздай, ұйымда қаттап тастау және қызмет көрсету бойынша жыл сайынғы сатып алынатын партиялар саны азайды. Оған партиялар көлемінің, орташа жылдық қордың, қордың орташа жылдық құнының, сақтау шығындарының азаюы әсер етті.

Партиялар көлемі жыл басында 10000 кг.-ға, ал жыл аяғында 4000 кг.-ға азайды. Орташа жылдық қор жыл басында 5000 кг, ал жыл аяғында 2000 кг құрады. Қордың орташа жылдық құны жыл басында 50000 теңге болса, жыл аяғында 20000 теңгеге төмендеген. Керсінше, сатып алуда қызмет көрсету шығындары, жылдың басында жылына 2500 теңге болса, ол жыл аяғында 6250 теңгеге жоғарлаған. Бұл ұйымның жағдайына кері әсерін тигізеді. Жалпы ұйымның қорлармен байланысты шығындары, жылдың басында жылына 12500 теңге болса, ал жыл аяғында 10250 теңгеге азайған. Бұл ұйымның қорларға кеткен шығындарының азайғанын білдіреді,

Сатып алуды жоспарлауды есептеуде Вильсонның формуласын пайдалануға болады:

Р = Ö(2 × М × о / с × r), (21)

Мұнда, Р – партиялардың оңтайлы мөлшері;

М – табиғи түрде сатып алынатын тауарлардың жылдық көлемі;

о – партияларды есептеуде қызмет көрсетудегі сатып алуға кеткен шығындар;

с – тауар бірліктері бойынша сатып алушының франко – қойма бағасы;

r – өндірістік қорлардың орташа – жылдық құнының үлесіндегі қаттап тастауға кеткен шығындар.

Мысал түрінде қарастыру: Р = Ö(2 × 20000 × 1250 / 10 × 0,2) = 5000 кг.

Шығарылатын тауарлар серияларының оңтайлы мөлшері. Өнеркәсіптік кәсіпорында көбінесе әр түрлі тауарлардың өндірістік топтамасы жүргізіледі. Бұл өнімдер партиясының топтамаларының мөлшерін жоспарлауды қажет етеді. Егер тауарлардың кіші топтамаларын көп мөлшерде өндірсе, қаттап тастау бойынша шығындар минимумға әкеледі. Бірақ өндірісті дайындауға кеткен шығындар өте жоғары болады.

Мысал ретінде қарастырсақ, қорлардың дайын өнімдерін құруда жылдық шығындары және жыл бойынша өндірісті дайындауда әр түрлі топтамалардың саны келтірілген (Кесте – 11).

Кесте 11 – Топтамалардың оңтайлы мөлшерін анықтау

Көрсеткіштер Топтамалар саны
Топтамалар көлемі, бірлік.
Дайын өнімнің орташа жылдық құны, бірлік.
Қордың орташа жылдық құны, тг.
Өнімдерді қаттап тастау шығындары, жылына тг.
Өндірісті дайындауға кеткен шығындар, жылына тг.
Шығындардың барлығы, жылына тг.
Ескерту – [29, 222 б.] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

Жоғарыдағы кестеге сәйкес, ұйым шығарылатын тауарлардың біреуінен мүмкін максималды өндіріс көлемі жылына 36 мың бірлік, айына 3 мың бірлік: өткізу көлемінің жоспары жылына 9 мың бірлік, айына 750 дана. Ауыспалы шығындар 14,00 тг; әр түрлі топтамалар бойынша өндірісті дайындау шығындары 3000 тг., дайын өнімді қаттап тастау шығындары – 25 % орташа жылдық қордың бағасынан.

Кестені есептеу нәтижелерінен топтамалардың оңтайлы саны жылына екіні құрайды, сондықтан дайын өнімді қаттап тастау шығындар сомасы және топтамалардың осындай сандарында өндірісті дайындау минималды болады.

Тауарлық қорлар – бұл өндірістен саудаға түскен уақытынан бастап айналым саласында жүретін тауарлар массасы, басқаша айтқанда өндірістен тұтынушыға ауыстырылатын процесстердегі тауарлар деуге болады. Тауарлық қорлар тек құндық мөлшерде ғана емес, сонымен қатар тұтыну құнында да көрсетіледі. Тұтыну құнында олар әрдайым жаңарып отырады, ал құндық көрстекіштерде олар айналым саласында қатысады. Барлық тауарлар тұтыну құнымен көрсетілгенде әртүрлі болады да, ал құндық көрсеткіштерде біркелкі болады.

Тауарлық қорлардың мөлшері тауарайналымымен бірге сәйкес болуы керек. Үзіліссіз тауарайналымын қамтамасыз ету үшін барлық уақытта қажетті оптималды тауарлар қоры болуы керек. Өйткені олардың шамадан көп мөлшері ұйымның қаржылық жағдайын, ұдайы өндіріс процессін нашарлатып, тұтыну құны моралды және материалды ескіргендіктен жоғалуы мүмкін. Ал жетіспеушілігі тұрғандарды тауармен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп, тауарлардың ұсынысы төлемқабілетті сұраныстан қалып қояды.

Сондықтан тауарлық қорларды тиімді пайдалануын сипаттайтын негізгі көрсеткіш – тауар айналымы немесе тауардың айналуы уақыты анықталады.

Тауардың айналуы уақытын келесі формуламен есептеуге болады:

Зд = Nз × Д , (24)

Мұндағы: Зд - тауар айналымы, күн;

Nз – нақты мерзімге сомамен көрсетілген тауарлық қорлар, теңге (немесе кезең ішіндегі орташа тауарлық қорлар);

Д – кезеңдер күні;

Nр – кезең ішінде тауар айналымы.

Тауар айналымының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- жалпы көлемі, тауарлық тізіміне сәйкес қор жағдайын және олардың

оптималды мөлшерін бағалау;

- тауарлық қорлар мен тауар айналымының динамикасын оқу;

- тауарлық қорлар құрамы мен көлемін және тауар айналымына әсер

ететін факторларды және өзгерістерін қарастыру;

- осы аумақтағы сауда ұйымдарының жұмыстарындағы кемшіліктерді

анықтау.

Тауарлық қорларды талдау оларды дұрыс жіктеуден басталады. Тауарларды жіктеу жеке тауарлар топтары бойынша көлемі мен құрлымын қарастырады. Тауарлық қорларды талдау саудамен айналысатын ұйымдарына олардың оптималды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді

Наши рекомендации