Азіргі заманғы нарықтардың әлеуметтік құрылымы
типтер | бәсекелестік | айырбас |
Еңбек нарығы | Көптеген сатушылар қолында билігі бар азғантай сатып алушыларға қарсы; Бәсекелестік жұмысшылар, кәсіподақ және заңдылық тарапынан құрылған ұйымдар арқылы реттеледі; сатушылар арасындағы иемділіктің жеткіліксіздігі бәсекелестікке көбіне жергілікті сипат береді. | Орталықсыздандырылған айырбас; жұмысшылар тарапынан құрылатын кәсіподақ ұйымдары мен әділдік нормалары себепті сауданың азғантай бөлігі. |
Капиталдар нарығы | Сатып алуышылар мен сатушылардың шектеулі саны, оның көпшілігі ұйымдар; жеке және кең түрде мемлекеттік реттеу; ұлттық және халықаралық кеңістікте бәсекелесу. | Төмен бағаларды іздеу механизмі нысанындағы орталықтандырылған айырбас; айырбастауды тоқтату рәсімі болады, тек қана ұлттық деңгейде; жеке меншік құқығы толығымен беріледі. |
Тұтынушы нарық | Ұйымдаспаған кішігірім сатушылар және ірі сатып алушылар; белгілі бір деңгейде мемлекеттік реттеу, ал басқа жағдайларда еркін бәсекелестік. | Белгіленген бағалар мен сауданың болмауы; орталықсыздандырылған, төмен бағаларды іздеуді білдіреді; меншік құқықғы толығымен беріледі. |
Өндірістік нарық | Сатып алушылар мен сатушылар саны аз және олардың бәрі ұйымдар болып табылады. | Айрбас келісімдер нысанына айлады және толығымен орталықсыздандарылған; меншік құқығы толығымен беріледі. |
Еңбек әлеуметтануы - XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы кейбір француз әлеуметтанушыларының еңбектерімен байланыстырылатын ұғым, олар индустрия өлеуметтануындағы зауытқа байланысты негізгі бағытты (негізінен ағылшын-саксондық) жаңа бір сын тезіне алды. Бұл әдебиетке К.Маркс бір жағынан жұмысты ұйыдастырудағы, технологиялардағы және өңдірістегі өзгерістер мен екінші жағынан жеке басты шеттету таптық жөне әлеуметтік-саяси қатынастар арасыңдағы байланысты табуға тырысқан байланыстар қалпына келтірілді. Ағымның негізгі өкілдері Жорж Фрэдман, Мишель Крозье, Пьер Навиль, Алан Турэн және Серж Малле, олардың еңбектерінің көпшілігі ағылшын тіліне аударылған. Малленің еңбектері жаңа жұмысшы табының дүниеге келгені туралы маңызды пікірталаска түрткі болды. Бірақ еңбек әлеуметтануында әдетте бола беретініндей, оның дәстүрлі ұстанымдар мен соқыр сенімдерге сыны техникалық және технологиялық детерминизммен шектелді. Олардың солшыл бағыттағы ағылшын зерттеулері мен ой ағымына ықпалын қазір біліктілік және білікті жұмысшылар санының қысқаруы, еңбек процесі, постфордизм және икемді жұмыспен қамту туралы кейініректегі айтыстармен тұмшаланды. Майкл Роуздың "Servants of Post-Industrial Power?" (1979) атты еңбегі осы ғылыми бағыттың тарихы мен теорияларын, жұмыстарын талдаудың ағылшын тілінде жазылған тамаша үлгісі болып табылады.
Еңбек әлеуметтануы – еңбекті адамның және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарты ретінде қарастырады. Еңбек, ең алдымен, адам мен табиғат арасында болатын процесс, онда адам өз әрекетімен табиғатпен екі ортадағы зат алмасуды реттеп, бақылап отырады. Ол адамдар мен қоғамның өмір сүруіне қажетті игіліктерді өндіруде біріккен және ұжымдық әрекет ретінде көрініс береді.
Еңбек нарығы әлеуметтануы жұмыспен қамту қатынасы проблемасын өзіндік теориялық базаға сүйене отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастары түрі ретінде анықталады.
Жұмыспен қамту қатынасы мынадай элементтерді қамтиды:
ü жұмыс пен жұмыс күшін іздеу;
ü жұмысшыларды жалдау және босату тәртібі;
ü еңбек мәні мен мазмұны;
ü кадрларды өндірістен тыс жерде және жұмыс орындарында оқытып дайындау және т.б.
П. Дерингер және М. Пиоренің жасаған келесі қадамы «екі жақты еңбек нарығы» тұжырымдамасы болды, бұл жерде нарық екі бөлікке бөлінеді: алғашқы және қосымша.
Алғашқы еңбек нарығында жұмыстар келесі белгілерімен сипатталады:
v тұрақты жұмыспен қамту және жұмысшының қалыпты жағдайы;
v жалақының жоғары деңгейі;
v айқын түрде анықталған кәсіби өсуі мен жылжуы үшін қызмет баспалдақтарының болуы;
v жұмысшылардың жоғары жіктелімін талап ететін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану;
v күшті және тиімді кәсіподақтардың болуы.
Қосымша еңбек нарығына мынадай белгілер тән:
v кадрлардың жоғары ағымдығы;
v жалақының төменгі деңгейі; іс жүзінде қызмет баспалдығымен жылжу жоқ;
v технология ескі және еңбекті көп талап етті;
v кәсіподақтар болмайды.